жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шешім
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
«Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары Бекітемін
Бөлім: |
5-бөлім Отбасы және демографиялық өзгеріс |
Педагогтің аты-жөні: |
Айтыбасова.Г.А |
Күні: |
23.01.2025 жыл |
Сыныбы: 9 «Г» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Шешім |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
9.1.1.3-тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.4.4.2-салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану. |
Сабақтың мақсаты: |
Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра біледі; салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіріп қолдана алады. |
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылармен амандасу; - Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысымын тексеру. * Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! * Ұйымшыл боламыз десек 2 рет * Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Қызығушылықты ояту Өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру мақсатында оқушыларға интербелсенді тақтадан сұрақтар қойылады. « Learningapps» арқылы сұрақтарға жауап беріп пазл құрастырады.
|
Пазл сұрақтары мен жауаптары 1) Демография ұғымы - халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. - 2023 жылғы 14 қарашада еліміздің 20 миллионыншы адамдары дүниеге келді. - белгілі бір халықтың құрамы мен құрылымын, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. -халық санын анықтау үшін санақ жүргізіліп отырады. 2) Отбасылық құндылықтар - халқымыздың рухани байлығының бірі - Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі-отбасы - Ата-ана әр адамның асыл қазынасы әрі тірегі. -Қоғамның ең кішкентай бөлшегі әрі іргетасы. 3) Байланыс - бас екеу болмай, мал екеу болмайды. - жері – кең, халқы – аз. - саны өскен жұрттың сапасы да артады. - біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос. |
ҚБ: «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру
Кері байланыс Жетондар арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау.
|
Интербелсенді тақта https://learningapps.org/watch?v=p3aopimdj24 |
Жаңа сабаққа кіріспе
7
минут
|
Жаңа тақырыпты болжату Жарайсыздар, оқушылар, сұрақтарға барлығыңыз белсенді жауап бердіңіздер. Пазлда құрастырылған суретке қарап не айта аласыздар? Дұрыс айтасыздар, балалар! Өмірдің шынайы бағытын шешім қабылдау арқылы ғана анықтай аламыз. Шешім қабылдауға ар-ұят, өзге тұлғалардың пікірі, мемлекеттік ата заң, ата-ана әсер етеді. Бала өмір туралы көп нәрсені білмейтіндіктен, жауапкершілікті ата-ана көтереді. Өйткені олар біз үшін нағыз жанашыр жандар. Өздеріңіз қандай да бір шешім қабылдамас бұрын отбасыңызбен ақылдасасыз ба? Оқушылармен ой бөліскеннен кейін жаңа сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. Тілдік бағдар. Мұғалім түсіндірмесі. Кезектес салалас сөйлем — синтаксистік компоненттерінде баяндалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп іске асатындығын білдіретін кұрмалас сөйлем. Бұл атауды филология ғылымдарының докторы Сәрсен Аманжолов енгізген. Кезектес салалас сөйлемнің бір ерекшелігі тек жалғаулықтар арқылы байланысатынында.
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға өз жауаптарын ұсынады және жаңа сабақтың тақырыбын болжайды. Ықтимал жауаптары: Әр жеке тұлға өмірінде кездескен жағдайларға шешім қабылдай білуі және таңдау жасауы қажет. Бұл суреттен шешім шығару немесе таңдау жасау деген ой шығаруға болады.
Оқушылар өз жауаптарын айтады.
Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады және оқу мақсатымен танысады.
Дәптерге түртіп алады. Кезектес салалас сөйлемді жасауға қатысатын жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде. Мысалы: Кейде қабағы түксие қалады, кейде бет әлпеті күлім қағады. Оның отбасы туралы сөздер біресе көзіме жас үйірді, біресе жүрегіме жылу ұялатты. Жұмыс бабымен бірде отбасымен қауышады, бірде қоштасып іссапармен жолға шығады. |
ҚБ: «Тамаша!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру
Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі
|
Интербелсенді тақта
Қазақ тілі Алматы «Атамұра» 2019, жұмыс дәптері Кезектес салалас сөйлем —Уикипедия (wikipedia.org)
|
Сабақтың ортасы 18 минут
|
1-тапсырма. Тыңдалым. Интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаянда 1932-1933 жылдардағы жантүршігерлік ашаршылық куәгері Мекемтас Мырзахметұлының (филология ғылымдарының докторы, профессор) өміріндегі қасыретті оқиға бейнеленген. Бұл тарихи оқиғаны тақырыппен байланыстыра отырып ойларыңызды атыңыздар. -Ашаршылықтың халық демографиясына әсері болды ма? -Ұлт болашағын ойлаған ана әрекеті туралы не айта аласың? -Ана шешімімен келісесіз бе? -Егер сен болсаң қандай шешім қабылдар едің?
|
Бейнебаян бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар ойларын бүгінгі өмірмен байланыстыра отырап жауап береді. Жаугершілікті көп көріп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», ашаршылық сияқты толып жатқан тарихи кезеңдердің нәубеттерін бастан өткізген қазақ халқы үшін отбасын құру мен ұрпақ жалғастырудың мәні аса зор болған. Кез келген отбасы ұл баланың дүниеге келуін асыға күтеді. Өйткені қызды қонақ, ұлды ұрпақ жалғастырушы деп санайды. Осындай себептермен ана осы шешімге келді. Әйтпесе бауыр еті баласын қай безбүйрек жау қолына тастасын. |
Дескриптор: Жалпы – 4 балл. - тыңдалған мәтінді түсінеді -бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып ойын жүйелі жеткізеді
ҚБ:«Қошеметтеу»
арқылы ынталандыру
|
https://yandex.kz/video/preview/873951662905128360
|
Мәтінмен жұмыс Оқулықтағы 5-тапсырма. Суреттер бейнеленген қима қағаздарын таңдау арқылы үш топқа бөлініп топтық тапсырма орындайды. 3 топқа бөлініп отырған оқушыларға мәтін таратылып беріледі. І
топ Белгілеуші
ІІ
топ Баяндаушы
ІІІ
топ Байланыстырушы
|
Белгілеуші Мәтіндегі кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді және басқа да мағыналық түрлерін табады
Баяндаушы Мәтін мазмұнын баяндайды және мәтінге ат қояды
Байланыстырушы Өмірлік мәселемен байланыстырады, 2-3 сөйлем құрайды
Мәтіндегі кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді және басқа да мағыналық түрлерін барлық оқушылар дәптерлеріне жазады
|
Дескриптор: Жалпы – 6 балл. - мәтін мазмұнын түсінеді 2 балл -кезектес салалас құрмаластарды табады 2балл -ойын еркін жеткізе біледі 1 балл -топта белсенді қатысады 1 балл ҚБ: «Қолпаштау» арқылы ынталандыру
|
Үлестірмелі
қағаздар, суреттер, жұмыс дәптері
|
|
Сабақтың соңы Рефлексия 5 мин.
|
3 «Қ» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған білімдерін қорытындылау
Үйге тапсырма: 9-тапсырма |
Сабақ барысында алған құнды әрі қызықты ақпараттарын, қиындық туғызған тапсырма туралы өз ойын жазады, айтады. Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе арқылы оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
«Қолпаштау» арқылы ынталандыру
|
Кеспе қағаздары, интербелсенді тақта |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген