400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шешімді өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәні мұғаліміне көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 01.03.2019 ж

Мектеп:

64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп-гимназия

Сыныбы: 9

Мұғалімнің аты-жөні:

Рустемова Айнагуль Ортанкызы

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім


Үдерістерді электрондық кестеде модельдеу

Сабақтың тақырыбы

Шешімді өңдеу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.1 Интернет қызметтерін қолдана отырып, құжаттарды құру, өзгерту және қарастыруда бірлесе жұмыс істеу (мысалы, жұмыстарды веб-серверге жүктеу)



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Электрондық кестеде физикалық және биологиялық, экономикалық процестердің моделін құра алады;

Оқушылардың басым бөлігі: Электрондық кестеде физикалық және биологиялық, экономикалық процестерді және сол процестерге қатысты есептерді электронды кесте көмегімен модельдей отырып, шешу жолдарын практикалық түрде үйренеді;

Кейбір оқушылар: Бұлттық технологияларды қолдана отырып, құжаттармен бірлесіп жұмыс жасауды ұйымдастыра алады;

Бағалау критерийі

- электрондық кестеде физикалық және биологиялық, экономикалық процестердің моделін құруды біледі;

- процестерге қатысты есептерді электронды кесте көмегімен модельдеп, шешімдерін өңдей отырып, практикада қолдана алады;

- жасаған жұмыстарын жинақтап, интернет қызметтерін қолдана отырып, веб-серверге жүктей алады;



Тілдік мақсаттар


Оқушылар

Интернет қызметтерін электрондық кестеде процестердің моделін құруда және шешімдерін өңдеуде қолданады;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Процесті модельдеу – Моделирование процессов – Process Modeling

Динамикалық модельдер – Динамические модели - Dynamic models

Статикалық модельдер – Статические модели - Static models

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

- Модельдеудің нысаны не болуы мүмкін?

- Динамикалық модель нені сипаттайды?

- Статикалық модель нені сипаттайды?

Талқылауға арналған тармақтар:

- процестерді графика арқылы қалай бейнелейміз?

- Excel программасында қандай биологиялық процестердің моделін құруға болады?

- Excel программасында қандай физикалық процестердің моделін құруға болады?

- Электрондық кестеде физикалық процестердің моделін қалай құруға және шешімдерін өңдеуге болады?

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамына баулу

Тапсырмаларды орындау кезінде ынтымақтастыққа, өзара сыйластыққа баулу (жұптық, топтық жұмыстарда)

Пәнаралық байланыс

Физика – физикалық процестерді модельдеу

Биология – биологиялық процестерді модельдеу

Ағылшын – аталуы, жазылуы

Алдыңғы білім


Құжаттармен бірлескен жұмысты біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру

кезеңі


2 мин










Өткен материалды пысықтау


5 мин



  1. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, психологиялық ахуал орнату мақсатында «Гүлмен тілек» оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

«Гүлмен тілек» әдісі

Бұл әдістің мақсаты: Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Қолданылуы: Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1-топ: Динамикалық модель

2-топ: Статикалық модель

  1. Оқушылардың алдыңғы біліміне шолу жасау мақсатында «Кластер» әдісі бойынша өткен тақырыпты пысықтаймын. Бұл әдістің мақсаты: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.

Тиімділігі: Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

Қолданылуы: Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер).

Жалпы ойлануға 3 минут. Постер қорғауға әр топқа

1 минут уақыт беріледі. Барлығы 5 минут.

Компьютер программаларына тікелей қолжетімділік пен бұлттық қолжетімділікті салыстырып талдай отырып, әрбірінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптайды. Топтық жұмыс.

1-топ: Бұлтты технологияның артықшылықтары

2-топ: Бұлтты технологияның кемшіліктері








Гүлдің суреті салынған кеспе қағаздар















А4 форматтағы қағаздар

Плакаттар, қалам, маркерлер


Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ


5 мин



























Бейне көрсетілім

3 мин



1-тапсырма


5 мин













Сергіту сәті


2 мин





Тәжірибелік жұмыс


10 мин







  1. Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. «INSERT» әдісін пайдаланамын.

Бұл әдістің мақсаты: Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру.

Тиімділігі: Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.

Қолданылуы: Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: “V” - білемін;

+” - жаңалық;

-“ - білмеймін;

?” - білгім келеді;

Кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Ақпаратты қабылдай отырып, естіген ақпараттарынан білімдеріне білім қосылады.



  1. BilimLand сайтынан жаңа сабаққа байланысты бейне көрсетілім көрсетіледі





  1. Оқушыларға «Семантикалық карта» таратамын, ол жерде жаңа сабаққа байланысты сұрақтардың дұрыс нұсқасына « + » таңбасын қойып шығады. Тапсырма орындауға 4 минут, дұрыстығын тексеруге 1 минут. Барлығы 5 минут. Жеке жұмыс


Қолдану аймағы бойынша

Уақыт факторы бойынша

Білім саласы бойынша

Модельді көрсету тәсілі бойынша

Ақпараттық




+

Статикалық


+



Зертханалық

+




Физикалық



+


Материалдық




+

Ойын

+




Ғылыми-техникалық

+




Географиялық



+


Динамикалық


+



Вербальдық




+

Математикалық



+





  1. Сергіту сәті. «Сөзді жалғастыр».

Бұл әдістің мақсаты: Оқушыны жылдам ой қорытуға баулу

Тиімділігі: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

Қолданылуы: Ақпараттық технологияға байланысты бір терминді айтамын, оқушылар сол сөздің соңғы әріпінен келесі сөзді атайды.

Мысалы: АлгоритМонитор т.с.с


  1. Компьютермен жұмыс жасау

Оқушылар ОЖСБ-ға байланысты негізгі пәндер мен сол пәндерден ай сайын жинаған балл көрсеткіштерін кестеде модельдейді. Модельдеу үшін Excel электрондық кестесін пайдаланып, бұл ортада кестелік ақпарат пен математикалық модельдер үш саланы қамтитын кестеге біріктіріледі: бастапқы деректер, аралық есептер, нәтижелер.





Оқулық, дәптерлер


























Интерактивті тақта











Кесте сызылған парақшалар



























Компьютер, дәптер,

қалам

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау

5 мин

















Кері байланыс

3 мин






  1. Сабақты қорытындылауға «Фишбоун» әдісін қолданамын. Топтық жұмыс.

Бұл әдістің мақсаты: Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.

Тиімділігі: Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.

Қолданылуы: Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады.



  1. «Бес саусақ» әдісі.

Бұл әдістің мақсаты: Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.

Тиімділігі: Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Қолданылуы: Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең

құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым,

кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін қандай білім

мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған

ұнадыма? Неліктен?

5. «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?




Плакат немесе А4 форматтағы қағаздар, маркерлер, қалам














А4 форматтағы қағаздар,

қалам

Критерилер

Дескриптор

- электрондық кестеде физикалық және биологиялық, экономикалық процестердің моделін құруды біледі;

- процестерге қатысты есептерді электронды кесте көмегімен модельдеп, шешімдерін өңдей отырып, практикада қолдана алады;

- жасаған жұмыстарын жинақтап, интернет қызметтерін қолдана отырып, веб-серверге жүктей алады;

- Бұлтты технологияның артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі;

- Модельдерді қолдану аймағы, уақыт факторы, білім саласы бойынша ажырата алады;

- Динамикалық және статикалық модельдердің нені сипаттайтынын түсіндіріп айта алады;

- Электрондық кестеде модельдермен жұмыс жасай алады;

Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


  • Оқушыларға алдыңғы тақырып бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін

  • Қажет жағдайда қабілеті төмен оқушыларға дарынды оқушының көмек көрсетуі

Қабілеті жоғары оқушыларға тақырыпқа байланысты тест тапсырмаларын дайындаймын.




  • Топтық жұмыста атқарған жұмыстары бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі сыйлықтармен бағалау;

  • Жеке тапсырмаларда сұрақтарға берген жауаптары бойынша геометриялық фигуралар арқылы бағалау;



ЕТ кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру Компьютермен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1.

2.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі