400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шешімді табу

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика пәнінен сабақ беретін әріптестеріме пайдасы тиеді деймін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №37 ЖОМ КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Үдерістерді электронды кестелерде модельдеу

Сабақ тақырыбы: Шешімді табу

Күні: 1.03.2019 жыл

Мұғалімнің есімі: Убайдуллаев В.Х

Сынып: 9 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

9.3.1.2 қойылған есептің нәтижесін бағалау

Сабақ мақсаттары:

Электронды кестелерде шығарылған есептерді бағалау дағдысын қалыптастыру

Бағалау критерийлері:

Есептің нәтижесін шығарады

Шыққан нәтижені тексеріп, бағалауды қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

1. Білу және Түсіну

2. Қолдану

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Электронды кестелерде үдерістерді модельдеуді, есептерді шығаруды үйренеді

шығарылған есептердің нәтижесін бағалауды түсіндіреді

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Үдерісті модельдеу,

Динамикалық модельдер, Статикалық модельдер

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен фразалар:

Электронды кестеде үдерістерді модельдеу дегеніміз не?

Электронды кестелерде мәліметтер қоры қалай құрылады?

Электронды кестелерде есептер қалай шығарылады?

Талқылауға арналған сұрақтар:

Статикалық және динамикалық модельдер арасында қандай айырмашылықтар бар

Есептің нәтижесін бағалау дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту


Оқушыларға пәнді үйрету барысында патриоттық және азаматтық жауапкершілік туралы әңгімелесу.

Оқушыларды ынтымақтастыққа, бірін-бірі сыйлауға, сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыру

Оқушылар бірлесе жұмыс жасап, білім мен ғылымды біріктіру, өмір бойы білім алу керектігін түсінеді.


Пәнаралық байланыстар

Физика - заңдылықтар, физикалық формулалар, модельдер

Математика – есептеулер, сандар, формулалар

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Электронды кестеде үдерістердің моделін өңдеуді және зерттеуді біледі

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Басталуы



0-6 минут

  1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуын түгелдеу

  2. Психологиялық жағымды ахуал орнату

(оқушылар өз атының бас әріпіне байланысты бір – біріне жақсы тілек айтады)

  1. «Джигсо» топқа бөлу әдісін пайдаланып оқушыларды екі топқа бөлу (1.Динамикалық 2.Статикалық)

  2. «Қарлы боран» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді, жаңа сабаққа ой қозғауға баулиды

Оқушылар «Бес бармақ әдісі» арқылы бір – бірін бағалайды

  1. Қорытындылау және мұғалімнің түсіндірмесі:

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырады.

Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды.

Әр топ өзінің атына сәйкес динамикалық модель не статикалық модель не екендігін түсіндіреді.


Мұғалім оқушылардан «Қарлы боран» әдісінде қандай физикалық үдеріс көргендігін сұрап, тапсырмаға байланысты екендігін түсіндіреді






«Джигсо» әдісі арқылы топқа бөлу парақшалары





Ортасы


7-35 минут


«Миға шабуыл»

Төмендегі модельдердің қайсысы динамикалық, ал қайсысы статикалық болып табылады:

Химиялық қосылыстың формуласы, Ом заңының формуласы, химиялық реакция формуласы, бүкіл әлемдік тартылыс заңы, бірқалыпты тартылыс формулалары, Ньютонның екінші заңы. Неліктен?

Оқушылар «Джигсо» әдісін пайдаланып сұрақтарға жауап береді жаңа тақырыпты ашады. Бұл әдіс арқылы оқушылар ынтымақта бірлікте жұмыс жасайды, білгенін жолдастарымен бөліседі, тақырыпты ортаға салып талқылайды.


Тапсырма №1

«Көкжиекке бұрышпен түсірілген дененің қозғалысы» ақпараттық моделін құрыңдар

  1. Есептің қойылымы.

  • Есептің сипаттамасы «Допты алаңға лақтыру»

  • Модельдеудің мақсаты

Бастапқы жылдамдық пен тастау бұрышының оңтайлы мәндерін таңдау.

  • Есепті формализациялау

Негізгі жорамалдарды тұжырымдаймыз.

  1. Модель құру.

Ақпараттық модель.

Компьютерлік модель

Берілген ақпаратты электронды кестеге енгізу


Дескрипторлар

  • Есепті формализациялайды

  • Ақпараттық модель құрады (физикалық формулалар)

  • Ұяшықтарға ақпаратты енгізеді

  • Компьютерлік модель құрады (Формулалар)

  • Енгізген формулалардың есептеу нәтижесін шығарады

  • График түріндегі диаграмма шығарады


«Бірге ойлаймыз» әдісін қолданып қызығушылығы төмен оқушыларды ынталандыру мақсатында оқулықтан есептер беріледі

Тапсырма №2

Компьютерлік эксперимент

Модельді зерттеп және доптың объектіге дәл түсуін қамтамасыз ететін, берілген 0,1 градус дәлдікпен лақтыру бұрышының (мысалы, S=30м қашықтықта орналасқан, алаң ұзындығы l =1 м, =18м/с жылдамдықпен лақтыру кезінде) диапозонын анықтаңдар.


Сонымен, допты лақтырудың бұрышы 32,6-дан 34,9 градуске дейін болатын мәндер диапозоны бар екендігін анықтайды, мұнда 18 м/с жылдамдықта доптан 30 м қашықтықта 1 м ұзын алаңды соғуға болады.

Дескрипторлар

  • Ұяшықтарға мәндерді енгізеді

  • Берілген формуланы сәйкес ұяшыққа енгізеді

  • Ұяшық мәнін өзгертеді

  • Допты лақтырудың ең жоғарғы бұрышының мәнін анықтайды


Нәтижені талдау

Модель көкжиектегі бұрышқа түсірілген дененің қозғалысын зерттеуге берілген есепті шешуге мүмкіндік береді. Бастапқы жылдамдық пен тастау бұрышының оңтайлы мәндерін таңдауға көмектеседі.


«Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі арқылы практикалық жұмыс орындап, бітірген кезде қалай жасағаны жайлы түсінік береді

Тапсырма №3

«Көкжиекке бұрышпен түсірілген дененің қозғалысы» моделін зерттеңдер. «Дененің қозғалысы бастапқы жылдамдыққа тәуелді (түсіру бұрышы өзгермеген) эксперимент жүргізіңдер

Эксперимент нәтижелерінен тұжырымдарды кестеге жазыңдар

Бастапқы жылдамдық

Өрлеу биіктігі

Ұшу алшақтығы

5



10



15



20



Бастапқы жылдамдықты арттырғанда...

Өрлеу биіктігі...

Ұшу алшақтығы...


«Көкжиекке бұрышпен түсірілген дененің қозғалысы» моделін зерттеңдер. «Дененің қозғалысы бастапқы жылдамдыққа тәуелді» (қозғалыстың бастапқы жылдамдығы өзгермейді)

Есептеу нәтижелерін төмендегі кестеде келтіріңдер

Бұрыш

Өрлеу биіктігі

Ұшу алашақтығы













Қорытынды






Дескрипторлар

- түсіру бұрышы өзгермеген күйде өрлеу биіктігін анықтайды

- түсіру бұрышы өзгермеген күйде ұшу алашақтығын анықтайды

- қозғалыстың бастапқы жылдамдығы өзгермеген күйде өрлеу биіктігін анықтайды

- қозғалыстың бастапқы жылдамдығы өзгермеген күйде ұшу алашақтығын анықтайды




Аяқталуы

36-39 мин













Рефлексия





«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы сұрақтарға нақты, қысқыша жауап береді

  1. Модельдеудің нысаны не болуы мүмкін?

  2. Динамикалық модель нені сипаттайды?

  3. Статикалық модель нені сипаттайды?

  4. Динамикалық және статикалық модельдерге мысал келтіріңдер.

  5. Шығарылған есептердің нәтижесін қалай өзгертүге болады?


Төрт бұрыш әдісі арқылы кері байланыс беремін




Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет



Үйге тапсырма

Имитациялық модельдеу дегеніміз не?



Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген 1-тапсырмадан күтілетін нәтиже:

  1. Есептің моделін құру

  2. Есептің шешімін диаграмма түрінде көрсету

2- тапсырмадан күтілетін нәтиже:

  1. . Бастапқы жылдамдық пен тастау бұрышының оңтайлы мәндерін анықтау

3- тапсырмадан күтілетін нәтиже

  1. Эксперимент жүргізіп, нәтижесін бағалау


Сабақ барысындағы күрделі тапсырма беріледі

2. Салыстыру критерийлері


Бағалауды әр тапсырманың соңында көңіл күйді білдіретін «Смайлик» әдісі бойынша бағалап отырамын. Егер бала түсінбегенін білдірсе, нені түсінбегенін сұрап кетемін.

Кері байланысты «4 себеп» әдісі бойынша аламын.

  1. Мен түсіндім себебі......

  2. Маған қиындық тудырды себебі.....

  3. Мен тәжірибемде қолдана аламын себебі.....

  4. Менің ұсынысым.....

Сөйлемдерін аяқтау арқылы кері байланыс береді.

Көршісіне тілек айту арқылы психологиялық ахуал тудыру

Оқушылардың компьютер алдында отыру ережесін сақтауын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
735
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі