400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шет елден келген қандастарымыздың тіліндегі диалект сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған тақырып бойынша оқушының ғылыми жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Отырар ауданы

Жамбыл атындағы мектеп-лицейі







Ғылыми жұмыс



Шет елден келген қандастарымыздың тіліндегі диалект сөздер







Орындаған: Әміржанқызы Ақбота

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің

9 «Ә» сынып оқушысы



Жетекшісі: Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің

Қазақ тілі және әдебиет пәнәнің мұғалімі

Жақсыбекова Айжан









Отырар ауданы-2020 жыл

ҒЫЛЫМИ ЖОБА КҮНДЕЛІГІ

 

№

Мақсаты

Уақыты

Жұмыс орны

1.

25.02.2020 ж ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау


Аудандық кітапхана

2.

11.03.2020 ж. Қазақ тіл біліміндегі диалектология саласы бойынша шет елден келген қандастарымыздың тіліндегі диалект сөздерді зерттеуді бастадым

Жиналған материалдарды іріктеу.

Мектеп кітапханасы

3.

25.03.2020 ж. Жұмыс жоспарын жетекшімен бірге талдап, нақтыладым.Ғылыми жобанның нақтылы жоспарын құрдым.

Талдау және жүйелеу әдістері

Интернет көздері

4.

10.04.2020. ж. Жобаға қажетті дерек көздерді таңдадым.Тілдік ерешелеіктерді іріктеп диалекті сөздерді зерттедім.

Талдау және жүйелеу әдістері

Интернет көздері

5.

15.05.2020 ж. Ғылыми жобаның бірінші тарауын жазуға кірістім. Іріктелген материалдар бойынша диалект сөздердің мағынасын ашуға кірістім.

Жиналған материалдарды іріктеу.

Интернет көздері

6.

12.06.2020 ж Ғаламтор бойынша шет елден келген қазақтардың тіліндегі ерекшеліктерді анықтадым.

Ізденіс

Интернет көздері

7.

21.08.2020.ж. Ғылыми жобаның негізгі тарауларын жазуға кірістім.

Талдау және жүйелеу әдістері

Интернет көздері

8.

28.08.2020 ж. Жазға демалысымда зерттеу жұмысымды толықтырып, тың материалдар жинадым.

Ізденіс

Интернет көздері

9.

04.09.2020 ж. Жетекшіме зерттеу жұмысымды тексертіп,айтқан ескертулері бойынша түзетулер жүргіздім..

Талқылау

Интернет көздері

10.

9.09.2020 ж. Диалект сөздіктердің тұрмыстық қолданыстағы түрлерге қарай бөлінуін зерттеуге кірістім.


Интернет көздері

11.

10.09.2020ж Фанетикалық өзгеріске ұшыраған диалект сөздерді анықтадым.

Талдау және жүйелеу әдістері

Интернет көздері

12.

11.09.2020 ж Жобамды басынан бастап пысықтап шықтым.

Талдау

Интернет көздері



Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің

9 «Ә» сынып оқушысы

Әміржанқызы Ақботаның ғылыми жұмысына






Пікір


Әміржанқызы Ақбота өзінің ғылыми жұмысында шет елден келген қандастарымыздың жергілікті жерлердегі диалектінің түрліше қолданылу аясын кеңейте отырып, жергілікті ерекшеліктегі сөздер мен сөз тіркестерінің көркем әдебиеттегі таралу ауқымын қарастырған.

Ізденуші Әміржанқызы Ақбота Оңтүстік өңіріндегі диалект сөздермен салыстыра отырып, қандастармыздың сөздік қорын байытуды мақсат етіп, қызықтыра зерттеген. Сонымен бірге, диалект сөздерді тұрмыстық қолданыстағы түрлеріне қарай мал шаруашылығына, егін шаруашылығына және күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер деп үш топқа бөліп, асқан шеберлікпен қарастыра білген. Олардың дыбыстық ерекшеліктерін ғылыми жұмыстың алтын қазығы етіп алған.

Жұмыс нәтижесі мәйекті және мағыналы, сөздерді диалект ретінде қолданылу ауызекі сөйлеу тілінің көркемдік мәнін аша білген.

Диалектизм сөздер - тіл қазынасын байытуға қажетті сөздік құрал екенін дәлелдей түскен.

Әміржанқызы Ақботаның жұмысына оң баға бере отырып, диалектология саласына қосар үлесінің қомақты екеніне сенімім мол.




Баймыш Лаура Құрманәліқызы

Мардан Сапарбаев институтының

филология ғылымдарының кандидаты













Аннотация

Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 9 «Ә» сынып оқушысы Әміржанқызы Ақбота,ғылыми жұмысты жазу барысында, шет елден келген қандастарымыздың тіліндегі диалект сөздерді әр өңірдің тұрмыс тіршілігін негізге ала отырып жазған.  Жазу барысында алдына мақсат қоя білген, көкейтесті тақырып жалпы толық  қамтылған. Өз жұмысын жазу барысында, Оңтүстік өңірінің кей аудандарына саяхат жасап, жергілікті тұрғындармен, шет елден келген қандастарымызбен тілдескен.

Әр өңірдің тұрмыс тіршілігіндегі диалект сөздерден мәлімет бере отырып, сөздерді әр салаға бөліп қарастырған.    Сонымен  қатар  дыбыстық өзгеріске ұшыраған диалект сөздерді де талдаған.

Ізденушінің көптеген теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, мектептегі өз тәжірибесін пайдаланғаны көрініп тұр. Жұмыста авторлық талдау және пікір қорыту жеткілікті. Жұмыс ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар деңгейінде жазылған.


Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Жақсыбекова Айжан























Аннотация

Амиржановна Акбота, ученица 9 класса школы-лицея имени Жамбыла, в своей научной работе написала диалектические слова на языке наших соотечественников из-за рубежа, исходя из жизненных сфер каждого региона. Во время написания она достигла поставленной цели, тема полностью освещена. Во время работы она побывала в некоторых районах южного региона, общаясь с местными жителями и иностранцами.

Диалектические слова в повседневной жизни региона был разделен на разные сферы. Она также анализировала диалектические слова, которые подвергались звуковым изменениям.

Видно, что соискатель использовала теоретические, научно-методические литературы и свой школьный опыт. В научной работе достаточно авторский анализ и научный вывод. Работа написана на уровне требования научной работы.



Учитель казахского языка и литературы

Жаксыбекова Айжан

























Abstract

Amirzhanovna Akbota, a student of the 9th grade of the Zhambyl Lyceum school, in her scientific work wrote dialectical words in the language of our compatriots from abroad, based on the life spheres of each region. At the time of writing, she reached the goal, the topic is fully covered. While working, she visited some parts of the southern region, communicating with local people and foreigners.

Dialectical words in the daily life of the region was divided into different spheres. She also analyzed the dialectical words that were subject to sound changes.

It can be seen that the applicant used theoretical, scientific and methodological literature and his school experience. In the scientific work is enough the author's analysis and scientific conclusion. The work is written at the level of the requirements of scientific work.





Тeacher of Kazakh language and literature

Zhaksybekova Aizhan
























Жұмыстың тақырыбы: Шет елден келген қандастарымыздың тіліндегі

диалект сөздер


Мақсаты: А) Шет елден келген қандастарымыздың

тіліндегі жергілікті жерлердегі диалектінің

түрліше қолданылу аясын кеңейту.

Б) Жергілікті ерекшеліктегі сөздер мен сөз

тіркестерінің көркем әдебиеттегі таралу

ауқымын қарастыру.




































МАЗМҰНЫ



  1.  ДИАЛЕКТОЛОГИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1. Қазақ диалектологиясының зерттелуі....................................................8

2. ШЕТ ЕЛДЕН КЕЛГЕН ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ТІЛІНДЕГІ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР

2.1. Қандастарымыздың тіліндегі диалект сөздердің қолданылу аясы............9

2.2. Диалектілік сөздіктердің тұрмыстық қолданыстағы түрлерге қарай бөлінуі.....................................................................................................................10

2.3. Фонетикалық өзгеріске ұшыраған диалект сөздер................................14

3. ҚОРЫТЫНДЫ

3.1.Бөтен сөзбен бұлғанса сөз арасы..............................................................15


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................16

 

 

 

 

 


























    1. Қазақ диалектологиясының зерттелуі

Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы – диалектология (диалектос – сөйлеу, сөйленіс, логос – ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі сөйленістер мен диалектілерді зерттейді. Диалект, сөйленіс деп халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Олар жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақтық, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

Сөйленіс (говор) – жергілікті диалектілердің белгілі бір шағын аймақтарын қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін. Оның қанша аймаққа таралуы сөйленістердің қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері – бірыңғай сөйленістер ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішінен оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана тән неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып, бірнеше сөйленіс енуі мүмкін. Жергілікті ерекшеліктердің таралу шегіне қарай кейбір тілдерде сөйленіс өз ішінде бірнеше ұсақ сөйленістерге бөлінеді. Негізгі диалектілік ерекшеліктері бірыңғай болып келген сөйленістердің жиынтығы бұрынғы орыс әдебиетінде, туркологтердің еңбектерінде наречие деп аталған.

Шынында, диалект, сөйленіс, наречие деген терминдер бірінен-бірі сонша алыс ұғымдар емес. Бәріне де жергілікті тіл ерекшеліктері негіз болады.

Зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай диалектология – сипаттама (описательная) диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның міндеті – тілдегі диалектілер мен сөйленістердің дыбыстық, грамматикалық және лексикалық құрылысын сипаттау, сол жайында жүйелі түсінік беру. Тарихи диалектологияның міндеті – тілдегі диалектілер мен сөйленістердің, диалектілік ерекшеліктердің пайда болу сырын, тарихын зерттеу. Мұның өзі халық я ұлт тілдерінің ру тілінен тайпа тіліне, тайпа тілінен халық тіліне, халық тілінен ұлт тіліне ауысып отырудағы даму жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Диалектологияның бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты.

Жергілікті халық тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді зерттеу жұмысының әрі теориялық, әрі практикалық маңызы зор. Өйткені ауызекі тілімізде кездесе бермейтін сан алуан фонетикалық, грамматикалық, лексикалық құбылыстар кездейсоқ болмай, белгілі тарихи жағдайда халықтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауынан пайда болған. Сондықтан диалектілік ерекшеліктерді жүйелі түрде жан-жақты зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор.

Қай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби сөздермен қатар түрлі өмірде түрліше айтылып өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері көптеп ұшырасады. Мұндай сөз қолданыс жергілікті ерекшеліктер /диалектизмдер/ деп аталады. Оны тіл білімінің арнаулы саласы диалектология дыбыстық, мағыналық тұрғыдан жан-жақты зерттейді.

Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан – ғайыр аумақты жайлаған халқымыздың тілі бір тұтас, монолитті екенін барша саяхатшылар мен зерттеушілер ХVІІ ғасырлардан бері көңіл аударып, айрықша атап көрсетті. Көптеген түріктанушы /мәселен, В.В.Радлов/ барша туыстас түркі тілдерін біртұтас тіл санап, оның бүгінгі жеке-жеке отау құрып отырған ұлт –ұлыстарын бір тілдің әр түрлі диалектісі ретінде қарастырған болатын. Бүгінгі орныққан түсінік бойынша қазақ тілінің бірегейлігі ең алдымен қала, қорған салып оңашаланбауына көшпелі тұрмыс кешкенінен және жеті атаға дейін қан араластырмай алыстан қыз алысу дәстүрінен делінеді. Біздің бұларға қос тіліміздің диалектілік ерекшеліктерге айқын жіктелмеуінің тарихи себебі де болса керек.

Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктерді кең көлемде зерттеу ісі өткен ғасырдың екінші жартысынан өріс алды.

Қазақ диалектологиясы ғылымын сөз еткенде осы саланың бастау- көзінде тұрған профессор Сәрсен Аманжолов пен Жұмат Досқараевтың, академик Нығмет Сауранбаевтың есімдері ерекше аталады. С.Аманжоловтың іргелі зерттеу еңбегі /1959/, Жұмат Досқараевтың монографиясы мен сөздігі /1955/ тіл тарихи мен қазақ диалектологиясы саласында ашылмаған аралдардың көптігін көрсетіп берді. Сол жылдарда ғылым жолына түскен жас зерттеушілер Шора Сарыбаев, Ғабдолла Қалиев, Сапарғали Омарбеков, Әбілбек Нұрмағамбетов, Жамалбек Болатов, Оқас Нақысбеков, Тұрар Айдаровтар осы салаға бар ғұмырларын арнап іргелі еңбектер жазды. Докторлық диссертацияларын қорғады, жаңа буын шәкірт дайындады.

2.1. Қандастарымыздың тіліндегі диалект сөздердің қолданылу аясы

Қазақстан тәуелсіздігін ала салып, ең алдымен қолға алынған мәселелердің бірі шет елдердегі қазақты елге әкелу болды.

1991 жылдың басында әуелі “Қайт, қазақ Отаныңа!” деп Қазақстанның зиялы қауымы бас көтерсе, ел Президенті Н.Назарбаев “Алыстағы ағайындарға ақ тілек” атты әйгілі хатын жариялады.

Қазақ көшін жандандыру мақсатында Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы құрылды. Алғашқы  Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 1992 жылғы 28 қырқүйек пен 3 қазан аралығында Алматы қаласында өтті.  Осы құрылтайда сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев: “…Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз” – деп, «Бар қазақ - бір қазақ» деген сарындағы жалынды сөз айтты.

Айта кетер болсақ, қазақ көші-қонына, Қазақстан тәуелсіздігіне санаулы күндер қалғанда 1991 жылы 18 қарашада қабылданған болатын.

Осы тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынған «Тілтаным» секциясы бойынша алғашқы кезекте ІІІ томдық диалектологиялық сөздік дайындап шығару жоспарланды.

2005 жылы «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» деген атпен ІІІ том бір кітап аясына біріктіріліп, академик Ш.Сарыбаевтың басқаруымен жарық көрді. Құрастырушы –авторлары: Ғ.Қалиев Ә.Нұрмағанбетов, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, А.Иманбаев, Қ.Айтазин, Ф.Әлиев, Ж.Бисембаева, Ф.Сағындықова, К.Құрманәлиев,

А. Үдербаев, М.Есімболова, Т.Исаева 22 мың сөз бен сөз тіркесін қамтыған бұл сөздікке еліміздің барлық өңіріне тән диалектілік ерекшеліктермен бірге Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясындағы сонымен қатар алыс шетелдер Монғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран елдерінде қоныстанған қандастарымыздың тілі бойынша қолда бар материалдар енгізілді.

Қорыта келгенде, Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі, сонымен бірге қазақ жұрты тараған басқа мемлекет территориясындағы бір аудан не бір облыс көлемінде ғана айтылған, көпшілікке беймәлім, бірақ тіл қазынасын байытуға қажетті сөздерді жарыққа шығарып, әдеби тілге енгізу арқылы көпшілік қауымның игілігіне айналдыруда бұл сөздіктің пайдасы мол.

Сөзтізбеде берілген жер ерекшеліктерінің, ландшафт, өсімдік пен жануар, ауру түрлерінің және т.б халықтық атаулары тіл мамандарына ғана емес жаратылыстану ғылымдарының мамандарына да, сонымен бірге ақын-жазушылар мен публицистерге, тарихшы-этнографтар мен өнертанушыларға да қызықты дерек бола алады. Сондай-ақ сөздікті жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқушылары мен тіл үйренушілерге көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

Осы бағытта мен Шәуілдір, Арыс, Шымкент қаласына келген қандастарымызбен пікірлесіп тіліндегі диалектілерді зерттедім.


2.2. Диалектілік сөздіктердің тұрмыстық қолданыстағы түрлерге қарай бөлінуі

Оңтүстік өңіріндегі диалект сөздер

Аққұман –шәй демдейтін шәйнек.

Бесақа –тармақты айыр.

Керсен – нан илейтін табақ.

Ірге басар-күйеу ұрын келгенде жеңгелеріне беретін сыйлығы.

/Шымкент, Арыс, Шәуілдір/ /777 бет/

Шаққыш-қант шағатын құрал. Шақпақ1 деп те қолданылады. /Шымкент,Түркістан/

Шайла- /Шымкент,Түркістан/ талдан қырқып, төбесін иіп барып жасаған үйшік. /689 бет/

Теппе- малдың қыстайғы қиынан жасалатын тезек. /Шымкент,Арыс, Шәуілдір/

/635 бет/.

Бақса – Лайдан тұрғызылған дуал.

Текше-ыдыс аяқ қою үшін үйдің ішкі қабырғасынан жасалатын орын/ /Шымкент, Сайрам/.

Сыр күріш- сүтке салып пісірген күріш, күріш ботқа. /Шымкент, Шәуілдір, Арыс/ /608 бет/

Сыпа1-сыпайы /шиелі, Арал/. Өзің бір сыпа бала екенсің.

Сыпа2-Үйдің сыртқы төбесі. Сыпадан тамшы ағып тұр. /Шымкент,Мақтарал/.

Сыпа 3- Балшықтан биіктеу етіп жасалған орын, сәкі, тапшан.

Сыпа4-/Маңғыстау/ ырыс. Сарқытта сыпа да бар, сарқытта шыпа да бар. /608 бет/

Сыпа5- мола, бейіт, қабір. /Қызылорда, Қармақшы/.

Мыс:Сол жерде сыпа қып салған молалар көп.

Сүйретпе1-аяқ киім, үйге киетін тәпішке. /Шымкент, Арыс/

Сүйретпе2-сабан тасығыш. /Талдықорған/.

Сүйретпе3-тырма /Орал/

Сүйретпе4- қымыз құятын етріден істелген үлкен ыдыс. /Көкшетау, Ертіс/ /598 бет/

Собық1-жүгерінің дәнді басы /Шымкент,Шәуілдір, Арыс/

Собық2-домалақша келген күмістен жасалған сырғаның бір түрі. /Түркіменстан/.

Сарамандау-кемшілікті жою. /Шымкент,Шәуілдір, Арыс / /574 бет/

Сүңгіру1 – (Шымкент, Арыс) құстың үйректің бір түрі.

Сұңғыт – (Шымкент, Арыс, Түркістан) сүмырай, сұмпай.

Спан- үйдің төбесі.

Жише -жеңге

Мұра тарту- көмекке шақыру /Шымкент,Арыс/

Қаусау1-ыдыстың бос тұруы. Шелектер сусыз қаусап тұр. /озб/

Қаусату2-сындыру. /Шымкент,Шәуілдір, Арыс/ .438 бет/.

Қауашақ1-мақтаның сыртқы қабығы. /Шәуілдір, Арыс/

Қауашақ2-сүзгі. /Алматы, Балқаш/.

Мыс: Түбектен балықты қауашақпен тастаймыз.

Көрпеше-адам астына жаятын ұзынша келген кішірек көрпе. /Шымкент,Шәуілдір, Арыс/

Көрпеше-бірінші сортты ақ ұн. /Қызылорда/ /368 бет/

Жылытпа-кешеден қалған ас. /Шымкент,Шәуілдір, Арыс /

Жегене1-сирету, жекелеу /Шымкент,Шәуілдір/

Жегене2-жалғыз, жалқы /Қызылорда, Арал/

Жегене3- егіз. /Арыс/.

Екше-кимешек. /Шымкент,Мақтарал/.

Дарбаза1-ұятсыз, арсыз /Шығыс Қазақстан/.

Дарбаза2-қақпа. /Шымкент,Түркістан/ /213 бет/

Ботана-лайлы. Арыстың суы ботана боп ағып жатыр./Шымкент/.

Бесақа- тармақты айыр. /Шымкент,Түркістан/

Балшық1-лай. /Шымкент,Шәуілдір, Арыс /

Балшық2- әк, ақтас /Қостанай/

Бағдарлаушы-дем беруші. /Шымкент,Шәуілдір/ /133 бет/

Әуелім-әуелі. /Шымкент,Шәуілдір/

Әке1-қарағым, шырағым. /Жамбыл,Семей/ /110 бет/

Әке2-аға /Ташкент/ /Әкесінің ағасы/

Әке3- әке. /Шымкент,Шәуілдір/.

Әлбектке тұру-сәл тәуір болу. /Шымкент,Шәуілдір/

Әйтегі ұстау- ұстамасы ұстау /Шымкент,Шәуілдір, Арыс/

Енапат-/Шәуілдір, Арыс / мол, көп, орасан.

Тағара - (Өзб. Ташк,; Ауғ.; Иран) кір жуатын ыдыс.

Сірне1 – (Көкш. Сем.;)сүйек-саяқ, малдың ішек-қарыны

Сірне2-(Жамб. Алматы) кір, былғаныш.

Сірне3 –шұжық.

Сірне4 –(Шымк.; Түркіс.) ірімшіктің сарысуынан жасалған тағам.

Сірне5-(Талд.) жас төлдің етінен жасалған қуырдақ.

Сірне6 –(МХР) шандыр.


Егін шаруашылығына байланысты сөздер

Шыртылдақ1-үлкен ала қауын түрі. /Шымкент,Түркістан/.

Шыртылдақ2-аязда қатып тұрған, қорытқан сарымай. /Қостанай, Жезқазған/ /757 бет/.

Шағалдақ-жүгеріні үгіткеннен қалған отқа жағатын ағашы. /Шымкент,Түркістан/ /688 бет/.

Сүру1-жер жырту. /Шымкент,Мақтарал/ /602 бет/

Сүру2-ығыстыру, тықсыру. /Жамбыл/.

Сүру3-қуу. /Орынбор/

Сүру4-уқалау. /Алматы,Шымкент/.

Құлан арық-егіс даласына кететін арықшалар. /Шымкент,Шәуілдір/ /470 бет/.

Қарық1- егін арасындағы кішкене арық. / Шәуілдір/.

Қарық2-мақтаның қатар аралығы /қарақ/

Қарық3-жиналған шөпке мал түспеу үшін не өртенбеу үшін айналасынан қазылған ор./Қызылорда. Арал/ /428 бет/.

Қарау1-сараң, өз басын ғана ойлайтын адам. /Семей/

Қарау2-беттеу /Ташкент/

Қарау3-адал емес. /Арал, Қызылорда/ /423 бет/

Қарау4-/Шымкент,Шәуілдір/-қара- етістік.

Ауқат1-жұмыс, іс /Алматы/ /91 бет/

Ауқат2- тіршілік /Жамбыл, Қордай/

Ауқат3- тамақ, ас. /Арыс, Шәуілдір/


Мал шаруашылығына байланысты сөздер:

Кепей-уақытынан бұрын туған қозының көктемдегі кезі /341 бет/

Естек – есек /Шымкент,Түркістан, Мақтарал/ /246 бет/

Бұзырық-түйенің пірі /185 бет/ /Шымкент,Түркістан/.


2.3. Фонетикалық өзгеріске ұшыраған диалект сөздер

Қазақ тіліндегі диалектілік ерешеліктерді әр тұрғыдан топтауға болады. Мысалы, олар тарихи тұрғыдан, түп төркіні жағынан бірнеше топқа бөлінеді. Таралу аумағы, құрылысы жағынан немесе ерте не кеш пайда болу жағынан да диалектизмдерді топ-топқа бөліп жіктеуге болады.

  1. Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер әдетте кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, сөздердің жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейдір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты болады. Мысалы: полат (болат), пысқан тамақ (піскен тамақ), құлдану (қолдану), іләжі (лажы), маңлай (маңдай), чақыру (шақыру), дұмалау (домалау), үйдің егесі (үйдің иесі), құмған (құман) т.б.

  2. Грамматикалық ерекшеліктер. Бұл топқа жататын ерекшеліктер, әсіресе, сөздердің формаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, біздің аймақта бұйрық райдың барғын, келгін тұлғалары кездеседі. Батыс аймақтарда жіктік жалғайдың –сыңыз, -сіңіз (барасыңыз-барасыз, келесіңіз-келесіз) сияқты тұлғалары кездеседі. Біздің аймақта әдеби тілдегі барғым келеді, барғым келмейді сияқты қалау рай тұлғаларымен қатар барғым бар, барғым жоқ, ұйықтағым бар, ұйықтағым жоқ сияқты формалар бар.

  3. Лексикалық ерекшеліктер. Қазақ говорларында бұл ең мол, жиі кездесетін ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер әдетте бір нәрсенің атауы не оның сын, сапа-қимылының әр жерде әр түрлі аталуымен байланысты болады. Мысалы, шелекпен су әкелетін иін ағашты республикамыздың түкпір-түкпірінде 7-8 түрлі атайды: иін ағаш // су ағаш // әкпіш // әпкіш // күйенде // күйенте // құрамыс // мойын ағаш т.б. Мысалды төмендегі сөздермен жалғастыруға болады: жар (үйдің қабырғасы), ашық-машық (топса), таға (нағашы), қоңсы (көрші), аданас (туысқан), аша (айыр), көпек (төбет ит), буызы (ұрпақ), қорпы // қүрпі (кебек), әсел (бал), мұштау (жұдырықтау) т.б. Семантикалық сипаттағы ерекшеліктер әдетте белгілі бір сөздің әр жерде әртүрлі мағынада жұмсалуымен байланысьы болады. Мысалы, леген // ләгөн сөзі біздің аймақта «ет салатын табақ» мағынасында жұмсалса, солтүстік аймақтарда «шылапшын» (ор.тазик) мағынасында жұмсалады. Ал Орал облысының батыс жақ аудандарында бұл сөз самауырдың астына қоятын поднос мағынасын білдіреді. Сол сияқты тіліміздегі аққала, там, әжептәуір, әке сөздері барлық жерде бірдей мағынада қолданылмайды.

Ташкент қазақтары тілінің ерекшеліктерін зерттегенде, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктермен қатар фонетика саласында едәуіл материал жиналды.

Зерттеліп отырған говордағы дыбыстық айырмашылықтардың ең бастысы дыбыс алмасулары. Сол сияқты дауысты, дауыссыз дыбыстардың белгілі бір сөздерде түсірілуі /аферезис, синкопо/, кейбір дыбыстардың қосылуы, орын алмасуы /эпентеза, метатеза/ тәрізді ерекшеліктер.

Зерттеліп отырған говордағы дыбыстық ерекшеліктер қазақ тілі говорларымен және түркі тілдерінің материалдарымен салыстырылады. Кірме сөдердегі фонетикалық ерекшеліктер әдеби тілмен және басқа тілдер материалдармен салыстырылады.

Говордың фонетикалық жүйесіндегі кездесетін диалектілік ерекшеліктер дауысты, дауыссыз дыбыстардағы ерекшеліктер тұрғысынан қаралып, мына төмендегі тақырыптарға бөлінеді:

  1. Дауысты дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер:

А) Дауыстылардың алмасуы.

  1. Дауыссыз дыбыстарға байланысты фонетикалық ерекшеліктер:

А/ Дауыссыздардың алмасуы

Ә/ Дауыссыз дыбыстарға байланысты басқа құбылыстар.

Көптеген диалект сөздерде дыбыстық алмасулар жиі кездеседі.


Беймарал-беймалал р-л

Айлану-айналу л-н

Ісмер-іскер м-к

Торпақ-топырақ р-п

Дұшман-дұшпан м-п

Жарамазан-жарапазан м-п

Мышық-мысық ш-с

Сұрпа-сорпа ұ-о

Себіз-сәбіз е-ә

Індемеу-үндемеу і-ү

Ылай-лай ы-л

Іру-еру і-е

Арза-арыз з-ы

Ешек-есек ш-с

Аузаш-ауызашар з-ш

Қауақ-қабақ у-б

Пал-бал п-б

Егелік-иелік е-и


3.1.Бөтен сөзбен бұлғанса сөз арасы

«Диалектизм» деген атауды түсінуде, оған анықтама беруде ғылыми әдебиетте бірізділік жоқ. Диалектизм болу үшін екі шарт болу керек екен: 1/ әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір аймақтарға, диалектіге тән сөз болу керек;

2/ диалектизмнің өзінің таралу шегі болуы керек. Мұндай шарт, өлшем -талапты негізге алмасақ, онда диалектизмдерді кітаби лексикадан, тосын сөздерден ажырата алмай қалу қаупі туады.

Жергілікті тілдік ерекшеліктер несімен қымбат? Біріншіден, олар-көненің көзі. Екіншіден, сол сарқыншақтар лингвистикалық қана мәнділік емес, олар- сан ғасырлық мәдени, тарихи, географиялық қарым-қатынастың белгісі.

Үшіншіден, диалектизмдер-кәсіби сөздердің, этнографиялық, мифологиялық және т.б ұғым- түсініктердің қоймасы.

Қорыта айтқанда, тіліміздегі диалектілер-тарихи категория. Ондағы ерекшеліктер заман өткен сайын бір қатары әдеби тілге өтіп, жалпыхалықтық сипат алады, ал бірқатарының әдеби тілде баламасы болмағандықтан бірте- бірте ұмытылып, қолданыстан шығып қалып отырған. Олар аға буын өкілдерінің арасында немесе ертеректе жазба нұсқаларда ғана сақталып қалуы мүмкін, сақталып қалған ерекшеліктерді жастардың білмеуі де, қолданбауы да мүмкін.

Сөйлемде синоним сөздер көп қолданылса, сөздің мәнері ашыла түседі. Алайда әдеби тіл сөз арасында түсініксіздеу, қиындау сөздерді яғни диалект сөзді қолдануға шақырады. Осыған байланысты біз синоним сөздер мен диалектіні ажырата білуіміз керек.

Диалектологиялық зерттеудің мектеп ұстаздары мен оқушыларна беретін практикалық жәрдемі күшті.

Ұстаздарымыз оқушылардың ауызекі тілі мен жазу тілін мұқият қдағалап отыруды міндет деп санаса нұр үстіне нұр болар еді.

Оқушы тілінде кездесетін диалект сөздерді дер кезінде байқап, оны әдеби тіл нормасымен ауыстыруға жәрдемдесіп отырса, ана тілінің тазалығы үшін үлес қосқан болар еді.

Диалек сөздерді білудің мақсаты – осындай ала-құлықты жинап, зерттеп қана қоймай, ондай сөздердің дұрыс-бұрыстығынан хабар беріп отыру.









Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы»

А. 1989. 12 бет

  1. Е.Қалиев. О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев «Қазақ диалектологиясы»

А. 1967

  1. «Диалектологиялық сөздік» А 2007.

  2. Т.Айдаров «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» А.1975.

  3. Ә.Нұрмағанбетов «Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні»А.1985

  4. С.Аманжолов. «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» А., «Санат» 2001г.

  5. М.Балақаев, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов «Қазақ әдеби тілінің тарихы» А., 1981ж. 12-54 бет.

  6. Қазақ тілінің энциклопедиясы А., 1997ж.




















21


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 желтоқсан
991
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі