400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шет елге шығудың тиімді жоля

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада шет елге шығудың тиімді жолдары көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алғашқы шет еліңізге жоспар

Көпшілік үшін шет елге саяхат қымбат, қиын көрінгенімен, шындығында олай емес. Саяхат - адам өміріне жаңа дем беріп, жаңа көзқарастарды ашатын керемет, маңызды дүние. Тың елдермен танысу, мәдениеттерін білу, өзге елдің дәстүрін зерттеу, әлемдегі әдемі жерлерді көру ерекше әсерін қалдырады.

Жаңа айта кеткенімдей, саяхат біз ойлайтындай қымбат, мүмкін емес дүние емес. Мен сіздерге алғашқы шет елге саяхатты қалай жоспарлау керек; қай елдер бірінші баруға дұрыс; шамамен қанша қаражат керек екен екенін көрсетемін.

Алдымен, саяхатты біз турсыз жүзеге асырсақ болады. Яғни өз жолымызбен, өз жоспарымызбен, себебі бұл әлдеқайда қызық болмақ.

Алғашқы шет елге саяхатқа ұсынылатын елдер: Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан. Неге? Себебі бұл елдерге тіл білу аса қажеттілік тудырмайды. Халықтың көп бөлігі орыс тілінде сөйлейді. Сонымен қатар, көп қаражат талап етпейді. Мысалы, Грузия мен Әзірбайжанға шамамен 200-300 мың теңге, Өзбекстан-Қырғызстанға 30-100 мың теңге, Түркияға 300 мың+ ақша кетеді. Бұл шығынға қонақ үй, авиабилеттер, маршрут, тамақ кіреді. Сондықтан сіздің алғашқы саяхатыңыз үшін бұл елдер тиімді шешім болмақ.

Бұл саяхат өз жолымызбен болғандықтан барлық жоспарды өзіміз құраймыз. Осы сәтте сізге мына чек лист көмек бере алады.

Саяхатқа чек лист:

Авиабилеттер алу

Қонақ үй броньдау

50-100$ қолма қол ақша

Кредиттік карталар

Ауа райына сәйкес киім

Аэропорттан қонақ үйге жету жолын қарастыру

Бару керек жерлер тізімі

Осы чек лист бойынша саяхатты жоспарлаймыз. Арзан авиабилеттерді “Aviasales” қосымшасынан н/е чартерлік билеттер сататын сайттар мен чаттардан таба аласыз. Қонақ үй броньдаудағы танымал әрі сенімді қосымша Booking.com”. Осылай сіз алғашқы саяхатыңызды жоспарлайсыз.

Енді, егер сізге бұл процесс қиындық тудырса арнайы тур-пакет сатып алуға болады. Арзан, қолжетімді тур-пакеттер іздесеңіз “ыстық тур” деген бөлімнен қарайсыз. Оны “ht.kz, kaztour деген секілді қосымшалардан таба аласыз. Мысалы, қазір “ht.kz” те “ыстық тур” бөлімінде 400 мың теңгеден басталатын турлар тұр. Соларды қарастыруға болады.

Саяхаттаймын деген адамға мүмкіндік көп. Бірден саяхаттауға қаражат жетпесе, аз аздан үздіксіз жинауға болады. Осылайша сіз жыл сайын бір елге саяхаттай аласыз. Тіпті кішкентайынан бастасаңыз да, саяхаттау сіздің келесі елге баруға деген шабытыңызды ашып, мотивация жасайтын болады. Ең бастысы - алғашқы қадам жасауға қорықпаңыз.

Саяхат сізді өсіреді, өмірге деген құштарлығыңызды арттырып, мына әлемге деген махаббатыңызды ашады. Сол үшін саяхаттауға ақшаларыңызды аямаңыздар, қорықпаңыздар. Саяхат-өзіңізге жасаған ең керемет инвестиция.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.10.2025
59
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі