жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шет тілдік білім берудегі лингвомәдени бағыттың рөлі
Шетел тілдері:Екі шет тілі мамандығының магистранты Оңласбек А.Е.
ф.ғ.д. профессор Аяпова Т.Т,
Абай атындагыКазУПУ
Алматы қ., Қазақстан
Шет тілдік білім берудегі лингвомәдени бағыттың рөлі
Түйіндеме
Соңғы жылдары шет тілдерін оқыту бағыттары өзгеріп келеді. Шет тілін оның мәдениеті арқылы оқыту лингвомәдени бағыттың негізі болып табылады. Лингвомәдени тәсіл шетел тілін оқытудың қазіргі заманғы талаптарына сай келеді және болашақ мамандарға мәдени білімнің жиынтығымен бірге тілдік білім мен коммуникативті дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы қазіргі білім беру парадигмасында белсенді жүзеге асырылуда. Бұл мақалада шет тілін оқыту процесінде лингвомәдени бағыттың маңызы, оның негізінде лингвомәдени құзіреттіліктікті қалыптастыру өзектілігі қарастырылады.
Кілт сөздер: лингвомәдениеттану, лингвомәдени бағыт, құзіреттілік, тұлға-мәдениет, тұлға, мәдениет пен тілдің байланысы.
Магистр иностранных языков; два иностранных языка Оңласбек А.Е.
Доктор наук, профессор Аяпова Т.Т. ,
КазНПУ им. Абая
Алматы, Казахстан
Роль лингвокультурологического подхода в иноязычном образовании
Аннотация
За последние годы подходы к преподаванию иностранных языков меняются. Преподавание иностранного языка через его культуру является основой лингвокультурной ориентации. Лингвокультурологический подход отражает современным требованиям преподавания иностранных языков и позволяет будущим специалистам приобретать сочетание культурных знаний, языковых и коммуникативных навыков. Идея взаимодействия языка и культуры активно реализуется в современной образовательной парадигме. В данной статье рассматривается важность лингвокультурного подхода в процессе изучения иностранного языка, актуальность формирования лингвокультурных компетенций на его основе.
Ключевые слова: лингвокультурология, лингвокультурологическая компетенция, лингвокультурологический подход, личность, иноязычное образование, взаимосвязь языка и культуры.
MA student of the faculty of Foreign Languages;two foreign language Onglasbek A.E.
Doctor of Sciences, ProfessorAyapova T.T.
KazNPU named after Abay
Almaty, Kazakhstan
The role of the linguo-cultural approach in foreign language education
Abstract
In recent years, approaches to teaching foreign languages have been changed. Teaching a foreign language through its culture is the basis of linguistic and cultural orientation. The linguo-cultural approach reflects the modern requirements of teaching foreign languages and allows future specialists to acquire a combination of cultural knowledge, language and communication skills.The idea of language and culture interaction is actively implemented in the modern educational paradigm. This article considers the importance of the linguo-cultural approach in the process of studying a foreign language, the relevance of the formation of linguocultural competencies on its basis.
Keywords: linguoculturology, linguo-cultural competence, linguo-cultural approach, personality, foreign language education, the relationship of language and culture.
Кіріспе бөлімі. Қазір әрбір мемлекетте күрт өсіп келе жатқан мәдени, экономикалық жағдайларға байланысты қазіргі әлеуметтік-мәдени процестердің сипаттамасы, гуманитаризация және білім беру процесіне қызығушылық тудырады және тұлғаның дамуындағы тіл мен мәдениеттің қосарлы рөлі сияқты мәселелер сөзсіз өзекті болуда. Қазіргі уақытта лингводидактикада шет тілі мен ұлттық мәдениетті кешенді оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, студенттердің тілдік және мәдени сауаттылығын қамтамасыз ететін пәндердің рөлі артып келеді. Болашақ шет тілі мамандарын дайындауда тілді мәдениет арқылы үйрету маңыздылығын көрсетіп келеді. Болашақ маманның бойына коммуникативтік құзіреттіліктікпен қатар шет тілдерін оқыту процесінде тілдік-мәдени құзыреттілік маңызды рөл атқарады, оның қалыптасуы туған ел мен зерттелетін тілдің мәдениеті арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды түсінуді талап етеді. Бұған тілдерді оқытуда лингвомәдени бағыттың іске асырылуы дәлел бола алады, ол адам, тіл және мәдениеттің құндылықтар жүйесі ретінде объективті байланысын ашады және жалпы мәдени құндылықтарды игеру, мемлекеттік тілде көрініс табатын басқа лингвистикалық мәдениеттің нормаларын, дәстүрлері мен шығармашылық мұраларын түсіну арқылы оқушының жеке басын дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда лингвомәдени құзіреттілікті игеру лингвомәдени бағыт негізінде жүзеге асырылатынын айта кету керек. Жалпы, лингвомәдениеттау дегеніміз не? Лингвомәдени бағытқа тоқталмас бұрын, біз осы лингвомәдениеттану терминіне тоқталғанымыз жөн.
Отандық және шетелдік әдістемелерде, әсіресе Кенжебеков Б.Т, Маслова В Ю.Е.ПрохоровЕ.М. Верещагин, В.Г. Костомаров, В.В. Воробьев, Ф.С. Кебекова, В.П. Конецкая, Д.Г. Мальцева, В.В. Сафонова, П.В. Сысоев; Г.Д. Томахин P. Еңбектерінде лингвомәдени бағыт, лингвомәдени құзіреттілікке ерекше мән беріледі.
Талдау. Лингвомәдениеттану - бұл « тіл мен мәдениетті синтездейтін түрдегі күрделі ғылыми сала, оның қызмет етуіндегі мәдениет пен тілдің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін зерттейтін және жүйелік әдістерді қолдана отырып, олардың тілдік және тілден тыс мәдени мазмұнын біртұтастықты құрамдас бөлік ретінде көрсетіп, қазіргі заманғы басымдықтар мен мәдениетке бағдарланған нормалар мен жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі. Лингвомәдениеттану - бұл тіл білімі мен мәдениеттанудың тоғысында пайда болған және тілде көрініс табатын халық мәдениетінің пайда болуын зерттейтін ғылым.[1] Лингвомәдениеттанудың міндеті - тіл мен мәдениеттің дискурсында синхронды әрекет ететін тілдік бірліктерді тұтас сипаттау. Лингвокультурология семантикасы орыс немесе басқа ұлттық мәдениетті тілде бейнелейтін тілдің белгілі бір бөліктерін анықтау және ұсынумен айналысады. Қазіргі тіл білімінің кезек күттірмейтін міндеті - әлемнің топонимикалық бейнесін қалыптастыру .Лингвокультурологияны лингвистикалық және әдіснамалық мақсаттарда пайдалану тілді оқыту саласында жаңа мүмкіндіктер ұсынады, «тұлға-мәдениет» феноменін қалыптастыруға, қазіргі білім беру процесінің қажеттіліктерін барынша арттыруға мүмкіндік береді. Осы лингвомәдениеттану ғылымының арқасында қазіргі уақытта лингвомәдени бағыт және лингвомәдени құзіреттілік терминдеріне аза назар аударылып келеді. В. А. Маслованың пікірі бойынша лингвомәдениеттанудың мақсаты - мәдениеттің тіл ұғымдарын қалыптастыруға қалай қатысатындығын немесе шын мәнінде ана тілдерінің мәдени және тілдік құзіреттілігі бар-жоғын анықтау.
А.Вежбицкая: «Каждый язык национально специфичен. При этом в языке отражаются не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей» [2]., айтқандай, әрбір тілдің өз мәдениеті, оған тән ерекшеліктері бар.
Тіл мен мәдениетті зерттеудің қажеттілігі тілдің әр ұлттық мәдениеттің маңызды және ерекше құрамдас бөлігі болып табылатындығымен түсіндіріледі, ал әр түрлі ұлттардың мәдениеттерінің арасындағы айырмашылықтар, яғни дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, өмір ерекшеліктері тілінде айқын көрінеді. Тіл мен мәдениеттің көп ортақ жақтары бар: олар адамның дүниетанымын көрсететін және бір-бірімен диалогта болатын сана формаларын білдіреді; тіл мен мәдениеттің субъектісі - бұл жеке тұлға және қоғам, адам немесе қоғам. «Тіл мен мәдениет» мәселесі қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар Е.Жанпейісов. Р.Сыздықов, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, Т.Жанұзақов, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Қ.Рысбергенова, т.б. еңбектерінде сөз болған.
Лингвомәдени бағытын жүргізудегінегізгі проблемалары, сондай-ақ байланысты мәселелер - мәдени ұғымдарды бейнелеу тәсілдерін жіктеу және принциптерін анықтау; лингвистикалық және мәдени сипаттамалардың әдіснамалық негізделуі; сәйкестендіру әдістерінің және тіл мен мәдениетті бейнелеу құралдарының сипаттамасы.
Екінші тілдік тұлғаны қалыптастырудың сәтті құралдарының бірі - бұл шет тілі мен мәдениетін бірлесіп оқыту, тек мазмұн арқылы ғана емес, студенттер қатысатын бірқатар динамикалық процестер арқылы жүзеге асырылады. Бұл факт «екінші тілдік тұлға» терминін қолдану қажеттілігін түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда оқыту практикасы лингвомәдени аспектке бағытталуы керек. Лингвомәдени бағыт - белгілі бір этникалық мәдениеттің лингвистикалық тұлғаның менталитетін көрсететін, мәдениет пен тіл бірліктерінің жиынтығын танып, жүйелі түрде қарастырады. Лингвомәдени құзіреттілік терминін алғаш рет енгізген Ю.Е. Прохоров болатын, ол тұлғаның лингвомәдени құзіреттілігі сол үйреніп жатқан тілдің мәдениетімен, мәдениеттің мынадай параметрлерімен: құндылық, түсінік, принцип, сәйкес келуі деп түсіндіреді. В.И. Телия и Е.А. Дортман сияқты зерттеушілердің айтуынша, лингвомәдени құзіреттілікті тіл үйренушілердің мәдени-ұлттық менталитетін, әлемнің лингвистикалық көрінісінің ұлттық ерекшелігін, лингвистикалық белгілердің мәдени семантикасында көрсетілген лингвистикалық бірліктер мағынасының ұлттық-мәдени компонентін түсіну қабілеті ретінде анықтайды. [3.]. Телия , лингвомәдени бағытты қазіргі тілді үйренудегі сол тілдің ұлттық-мәдени ерекшелігі мен белгілерін көрсететін , тілдің мәдениетпен өзара байланысын зерттейтін бағыт деп көрсетеді. [4].
1998 жылы Крамш тіл мен мәдениетті бір-бірімен қалай байланыстырудың үш жолын анықтайды. 1) тіл мәдени құндылықты сөздермен, фактілермен және идеялармен бейнелейді, сонымен бірге олардың көзқарастарын да көрсетеді; 2) тілде адамдар өз тәжірибелеріне қарым-қатынас арқылы мән беретін мәдени шындықты; 3) тіл мәдени шындықты білдіреді; адамдар өздерінің тілдерін өздерінің әлеуметтік болмысының нышаны ретінде көреді. [4].
Лингвомәдени бағыт – тілде бейнеленетін және тіл арқылы көрінетін ұлттық-мәдени құндылықтарды, ұлттық-мәдени ерекшеліктердің қолданылатын жүйесін зерттей отырып, екінші тілдік тұлғаны қалыптастыруға көмектесетін бағыттардың бірі. Лингвомәдени бағыт шетел тілін оқытудың қазіргі заманғы талаптарына сай келеді және студенттерге мәдени білімнің жиынтығымен бірге тілдік білім мен коммуникативті дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Осы тәсіл аясында мәдениет зерттеу объектісіне айналады және тіл ақпарат алудың қосымша құралы ретінде қолданылады. Басқа елдің мәдениетін игеру коммуникативті кедергілерді жеңуге, басқа халықтардың көзқарастары мен сенімдеріне шыдамды болуға, мәдениаралық қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени нормалары мен негіздерін анық түсінуге көмектеседі. Лингвомәдени тәсіл - мәдениеттілік құзіреттілікті қалыптастыруды, яғни мәдениет пен білімнің белгілі бір коммуникативті жағдайда қолдану мүмкіндігі туралы білім мен дағдылардың жүйесін құруды қамтиды.
Лингвомәдени бағыт лингвомәдени құзіреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді , бұл мәдениет пен білімнің белгілі бір коммуникативтік жағдайда қолдану қабілеті мен білімінің жүйесі. Бұл құзіреттілік, әдетте, ақпаратты сақтап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өткізіп қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір тарихи дәуірдің мұрасын сақтайды және ұлттық мәдениет пен менталитеттің өмір сүру формасы болып табылатын мәтін негізінде қалыптасады. Айта кету керек, лингвомәдени құзіреттілік - бұл шет тілдерін коммуникативтік құзіреттіліктің негізгі компоненттерінің бірі, оны қалыптастыру қазіргі кезеңдегі шет тілдерін оқытудың басты мақсаты болып табылады. Осы саланың зерттеуші-ғалымдары шет тілін оқытудың қорытынды деңгейіне жету көбінесе лингвомәдени құзіреттіліктің қалыптасу деңгейімен анықталатынын айтады. Гете И.Ф айтқандай: «Кто не знает иностранного языка, тот ничего не знает о своем собственном», яғни менің ойымша, шетел тілін үйреніп жатқан адам өзінің мәдениетін біліп, бағалай біліп қана қоймай, сонымен бірге сол меңгеріп жатқан мәдениеттің өзіне тән
ерекшеліктерін құрметтеп, «мәдениеттер диалогында» мәдениетаралық байланыс орната алуы керек. Лингвомәдени құзіреттілік тек сөйлеу дағдыларын меңгеру ғана емес, сонымен қатар, мәдениеттер арасындағы сәтті қарым-қатынас пен «мәдениеттер диалогын» жүзеге асыру мақсатында зерттелетін тілдің заңдылықтарын, әдет-ғұрыптарын, мәдени дәстүрлерін, оқылатын тілдің менталитетін білуді қамтиды. Лингвомәдени құзіреттілік астарында тіл үйренушінің шет тілін үйрену кезіндегі тиімді байланыс орнату арқылы «мәдениетаралық диалог» негізінде, шет тілдік мәдениеттің әлеуметтік-мәдени орта қалыптастыру, сол мәдениетте қабылданған қағидаттар мен сөйлеу этикаларын өз бойына сіңіре алуы көрсетіледі. Қазіргі лингвомәдениеттанудың пәні лингвистикалық белгілердің мәдени семантикасын зерттеу болып табылады, «тіл және мәдениеттің» әрекеттесуінен пайда болады, өйткені әрбір тілдік тұлға бір уақытта мәдени тұлға болып табылады.
Қорытынды. Шет тілін оқытуда лингвомәдени бағыт студенттерге ағылшын тілін тек байланыс құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар шетелдік мәдениетті үйрену құралы ретінде де қабылдауға мүмкіндік береді. Лингвомәдени бағыттағы мәтіндерді, оның ішінде халықтық-қолданбалы өнердегі көрнекілікпен бірге оқу тілді меңгеру процесінің тиімділігіне ықпал етеді. Оқулықтардағы берілген әрбір мәтіннен лингвомәдени бағыттын ерекшелігін байқауға болады,мысалы, ұлттық құндылықтар, қарттар мен жастардың өмірі, мейрамдары, ұлттық тағамдары, киім кию ерекшеліктері, өмір- салттарын анық көруге болады. Сонымен қатар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер студенттердің тілдік түйсігін дамытады, тілдік ұғымдармен ойлау дағдысын қалыптастырады. Олардың үйренушілердің ана тіліндегі баламалары бар, оларды салыстыру типологиялық сипаттағы құрылымдық айырмашылықтарды ғана емес, сонымен қатар ана тілдерінің бейнелік ойлауының терең сұрақтарына да назар аударады. Шет тілдік білім беру процесіне қойылған жаңа талаптарға байланысты, алған қойған мақсатымыз «шет тілдік мәдениетті меңгерген, мәдениетаралық байланысқа түсе алатын екінші тілдік тұлғаны қалыптастыру» болып табылады. Мұндай білім беру процесінде өзге ұлттың мәдени ерекшелігін сақтап қана қоймай, сонымен қатар басқа мәдениеттер өкілдерінің құндылықтарын түсінетін және қабылдай алатын тұлға қалыптасады ...
Осы мақалада ұсынылған шет тілін оқытудағы лингвомәдени бағыт әдіснамалық жүйенің барлық компоненттерін анықтайды. Шет тілін оқытудың мақсаты - тұлғаның бойындп екінші тілдік тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы мәдениетаралық байланысты сәтті жүзеге асыра алатын маман дайындау. Ал шетел тілін оқытуда лингвомәдени бағытты қолдану мамандарға өз ұлтының мәдени құбылысын шетелдік мәдениеттердің көрінісінде түсіндіруге мүмкіндік береді, бұл маманның дүниетанымын қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Маслова, В.А. Лингвокультурология: Учеб. пособие для студ. высш.учеб, заведений. — М.: Издательский центр «Академия», 2001. — 208с
2. Вежбицкая А. Язык, Культура. Познание, - Москва: Международные отношения, 1996. -240 с.
3 . Дортман С.Р. Обучение лингвокультурологической компетенции учащихся средних профессиональных образовательных учреждений Текст.: дис. . канд. пед. наук / С.Р..Дортман. Пятигорск, 2012. 180с.
4. Телия В. Н. Основные постулаты лингвокультурологии [45; 16].
5. Claire Kramsch H.G.Widdowson. Language and Culture.- OUP Oxford, 1998 г.-12 p.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген