Б.Н.Азимбаева
“№ 32 Жалпы орта білім беретін мектебі” КММ
Қазақстан, Семей қаласы, conference.int2024@gmail.com
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОРТА БУЫН ОҚУШЫЛАРЫНА ЕРТЕГІ ОҚЫТУ- ДАНАЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ.
Негізінен көптеген оқырмандар қай елдің ертігін оқыса да, өз халқының ертегісін оқығандай әсер алатыны анық. Яғни, қай тілде ертегі оқысақ та, өмірде болатын және болмайтын нәрселердің араласып отыруы бар. Бір қарағанда кіші-гірім әңгіме сияқты көрінгенімен, шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімділік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Кейде өмірде қиын тиетін сәттер кездеседі. Осындай кезеңдерде не істерімізді білмей, қатты толғандыратын мәселені ойлап, іштей ізденіс үстінде жүреміз. Әр сұрақтың жауабын іздеп жүргенде, ертегілердің негізгі мотивтері есімізге түседі. Әрбір қиындықтың артынан міндетті түрде жеңілдігі болатына сенеміз. Сол сәтте, ертегілер көмекке келуі мүмкін. [1]
Осы зерттеудің өзектілігі-ағылшын тілін меңгеруде оқу бағдарламасы бойынша берілген “Рахаттанушылықпен оқу” ағылшынша “Reading for plesuare” тарауында берілген ертегілер үзіндісін оқытудан бастау алды. Оқу бағдарламасында тәрбиелік мағынасы зор, әлемдік деңгейде танымал болған ертегілердің топтамалары жинақталған, құндылыққа толы тараудың оқушыларына берері мол.Мәтіндерді оқу барысында оқушыларда кездесетін тілдік тосқауылды жоюға ықпал ететін және шет тілінен шеберліктерін, іскерліктерін арттыратын дағдылар да қарастырылады. Мысалы: reading and speaking, listening and writing. Қазақ тілінде айтсам: Оқылым мен айтылым, тыңдалым мен жазылым. Оқу стандартындағы талаптар бойынша жүйелеген тарау және тәрбиенің мазмұнын арттыруға бағытталған.Осы тарауды меңгере отырып, шет тілінен өздігінен оқуға ынталанып, тілге деген құрметі мен сүйіспеншілігі артады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында енгізілген тарау.
Мысалы «Robin Hood» Робин Гуд атты ағылшын ертегісіндегі «Robin Hood is a hero to the people. He is cleaver, honest and loyal to the real king. He is also a brilliant archer», деген жолдарға назар аударайық. Бұл ертегіде Робин Гудтың басынан кешкен хикаясын оқып, кейіпкердің ерлігі жайлы белуге болады. Арам пиғылды адамдардың өз мақсатына жету үшін кінәсіз жандарды жазалауы және көптеген заңсыз әрекеттер мен әділетсіз шешімдер туралы баяндалады. Өзін-өзі лайықты көрсетіп, ерлік танытқан Гобин Губ, халықтың ықыласына бөленіп, Гринудтың қожайыны болып тағайындалуымен аяқталады. Бұл жерден шыққан қорытынды, халыққа адал қызмет ететін, нағыз қолбасшы бола білетін, ержүрек батыр азаматтың ерлігі қашанда жоғары бағаланатыны. Тек біртуар батыр ерлер ғана, туған елінің қамын ойлайтын, өзгелерге үлгі болатын тұлға екендігін аңғаруға болады.[2]
Ал «Escape to Narnia» Нарния еліне қашу ертегісіндегі мистикаға толы жануарлар әлеміне саяхат жасап, шытырман оқиғаның куәсі боласыз. Мысалы: «One of Aslan’s loyal followers is Reepicheep, the talking mouse. He may look small, furry and cute but he is brave knight who can fight very well with sword», деген жолдарға назар аударайық. Аслан, өте ақылды, әрі жомарт жолбарыс. Асланның сенімді серігі Рипичип атты сұр тышқан. Рипичип сөйлей алады, дене бітімі кішкене болғанымен, келбеті тартымды, өте мықты деп суреттелген. Себебі қылыштасуды меңгерген, әрі жылдам қимылдай алады. Шайқаста жауыздарға қарсы күреске түсіп, жауларын жеңіп, соңында нағыз батырға айналады. Аслан үлкен құрметке ие болып, Нарния елінің патшасы атанады. Ертегіні оқыған оқушылар бас кейіпкер жайлы көп білген сайын, кейіпкерлердің әрекеттерін жан-жақты талқылап, қиял- ғажайып әлеміне бойлап, өз бағасын беріп, сыни көзқарастарын қалыптастырады. [2]
Ертегідегі келесі қарап шығуды қажет ететін тағы бір қасиет - ол ізгі сезім тәрбиесі. Мысалы: «Cinderella» Күлше қыз ертегісінде өгей ананың қатыгездігін көріп өскен жетім қыздың тағдыры оқыманды ешқашан бей-жай қалдырмайды. «She was a kind, gentle, and a beautiful child with the most radiant smile. Cinderella had a heart full of love, but unfortunately, fate hadn’t been kind to Cinderella», деген жолдарға назар аударайық. Ішкі нәзік жан дүниесімен күресе жүріп, барлық сынақтардан сүрінбей өтіп, әлсізбін демей, қиындықтарға мойынсынбай, түбінде үлкен бақытқа кенелген ақылды қыздың тағдыры әр адам баласын ойландырады.
Сол себепті осы ертегіні оқыған оқушы жағымды кейпкерлерді өздерінің туыстарындай сезініп, іштей аяушылық сезімі оянады. Өздеріне жақын жандарды қадірлеуді үйреніп, қамқоршылыққа жақын болады. [3]
«The wonderful Wizard of Oz» Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы атты ертегісінде Дороти есімді жетім қыздың басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Жетім қыздың үйін құйын көтеріп кетеді. Кейін жолында кездескен қиыншылықтарға мойымай, өз еліне қайта оралуды армандайды. Үлкен арманына жету үшін Оз әлемінің сиқыршысынан көмек сұрап, жолға шығады. «The girl in red took them into a big room.The Good Witch Glinda was waiting for them on her throne. She was young and beautiful. She was dressed in white and she had red hair and blue eyes. She smiled kindly at Dorothy. What can I do for you, my dear? she said», деген жолдарға назар аударайық. Дороти сиқыршының адал ниетті екендігін көреді.Сиқыршыға барар жолда сенімді достар табады. Әр досының жақсы қасиеттерін байқайды. Сиқыршы барлығына көмектесіп, Доротидің арманын орындайды. Ұлы іске даналық қажет екендігін және әр нәрседен қорықа бермей батылдықты шыңдау керектігін түсінеді. Қиын сәттерде аяушылық танытып, жүрек жылулығын көрсете білу керектігін ұғынады. [3]
«Peter Pen» Питер Пэн ертегісінде ешқашан есейгісі келмеген, бала кейпінде қалғысы келген Питер атты ұлмен танысамыз. Ата-анасына айтпай, Нэверлэндтегі Кенсингтон бағына қашып кетіп, балалық шақтың қызығымен жүргісі келген Питер Пэн басынан кешкен оқиғаларымен оқырманды қызықтырып, әркімді сөзсіз еліктіреді. Бір үйдің балаларымен достасып, Нэверлэндке ұшып кетіп, сол жерде үй тұрғызып, қарақшылармен күресіп, Капитан Хукпен шайқасады. Ер жүрек, епті Питер Пэн барлық тосқауылдарды жеңіп, өзімен ұшқан балаларды отбасымен қайта қауыштырады. Ал Питер Пэн Дарлингтер отбасымен қоштасып, Нэверлэндке ұшып оралады. Бұл ертегіден достарға деген адалдықты, батылдықты байқауға болады. «Peter is entranced by Wendy and tells her that he had run away the day he was born because he heard his parents talking about all the things he would do when he was man, he went to live with the fairies so that he would never grow up», деген жолдарға назар аударайық. Ең негізгі идеясы ата-ананың тілін алып, ешқашан рұқсатсыз ешбір өрескел іс-әрекетке баруға болмайтындығын аңғарамыз.[3]
«Harry Potter» Гарри Поттердің оқиғасын оқуышылар бірнеше мәрте оқыған болса да, тағы да оқудан жалықпайды. Бұл оқиғаның сюжетін, ертегісін тіпті мультфильм түріндегі нұсқалары бар. Гарри Поттер жайлы білмейтін оқушы жоқ шығар. Көбіне оқушыларға қатты ұнаған жері ағайынды жігіттердің ажалдан сый алуы, аспандағы шайқас және сыйқыр әлемінің кереметтері. Басты кейіпкерлердің сыйпатталуына назар аударайық. Lord Voldemort (aggressive-he is unkind and violent). Волдеморт әміршісі (ашушаң-ол сондай зұлым және қатызер), деп суреттеледі. Harry Potter (brave-he dosen’t show fear in difficult situation). Гарри Поттер жайлы (батыл-ол қорқынышын ешқашан көрсетпейді), деп баяндалады. Оқулықта берілген үзінді бойынша кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттеріне шолу жасалып, мазмұнына талдау жасалынады және қосымша тапсырмалар беріледі. [4]
«Snow White» Ақшақар және жеті ергежейлі ертегісі де оқушыларға мәлім. Себебі бала кездерінен теледидардан көріп өсті. Негізгі сюжетін де біледі. Осы ертегіде көңілі ақ, жүрегі таза Ақшақардың өгей анасы-патшайымнан көрген қорлығы жайлы баяндалады. Басты кейіпкерлердің сыйпатталуына назар аударайық. Snow White (sensitive-she gets hurt easily). Ақшақар (сезімтал-өте нәзік жанды), деп суреттеледі. The Queen (arrogant-she thinks she is better than everyone else). Өгей анасы-патшайым жайлы (тәкәппар-ол өзін бәрінен сулумын деп ойлайды), деген жолдары бар. Оқулықта бойынша кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін тізбектеп, оқиғаның жалпы мазмұнын баяндап және шағын жазылым жұмыстарын жасайды.[4]
«Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы» атты ертегі кейіпкерлеріне пікір айтқан сиқыршының сөзін мен Абай атамыздың 17-ші сөзіндегі пайымдаулармен байланыстыра отырып қарастыруды жөн көрдім. Кемеңгер ойшыл Ақыл, Қайрат, Жүрекке ғылым сөзімен тоқтау айтпай ма?! [5] Осы тоқтау сөздің үлгісін ағылшын ертегісінде кездестірдім. Төмендегі 1-сызбада ғалымның сөздерінің қысқаша сипаттамасын орналастырдым. [6]
Сызба 1
|
Ғалымның айтқан сөздері: |
Ей, ақыл,сенің айтқандарыңның бәрі рас. Жаралған екі дүниенің жайын да сен білесін. Бірақ жақсының,жаманның іздегенін тауып беріп жүресін,содан аулақ бол,депті. |
Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бәрі рас. Бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол,жақсылық пен жамандықты тең ұста, депті. |
Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім.Бірақ сонда билеуші,әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің бір кісідей болсаң, ала болмасаң депті. Жүрек, қалпыңды таза сақта! |
-
сызбада сиқыршының Тұлыб, арыстан және темір адамға айтқан сөздернің сипаттамасын орналастырдым.
Сызба 2
|
Сиқыршының айтқан сөздері: |
Тұлыб, сен Дороти есінен танып жатқанда оның жағдайын ойлап, жанын құтқарып, амал еттің. Егер миың болмаса осындай әрекет етер ме едің? Бұл қасиетіңді ақылдылықтың белгісі деп білемін. |
Арыстан, сен биік асудан қорықпай өтіп едің.Барлық достарыңды арқалап өттің. Егер қайрат-жігерің болмаса биік асудан қалай өтер едің?.Бұл батылдықтың белгісі деп білемін. |
Темір адам, сен Доротидің жағдайын көріп жылап жіберіп едің. Егер жүрегін болмаса осылай жаның ашып, жүрегін елжірер ме еді? Аяушылық сезімін оянғанын байқадым. Бұл жүрек тазалығының белгісі деп білемін. |
Қорыта айтқанада, ертегілердегі ескі өмірдің ескірмейтін даналығы мол демекпін. Шағын көлемді ертегілерде қаншама даналық жатыр?! Кейіпкерлер-оқушыларды ізгілікке, мейірім мен ынтымаққа, еңбексүйгіштікке, адамға қажет барлық құндылықтарға баулиды.
Өз тілінде оқыған ертегі кейіпкерлерін ағылшын елінің ертегі кейіпкерлерімен салыстыра оқыса, кез келген оқушы ұланғайыр рухани азық алатынына сенемін.
Бүгінгі таңда халықтар мен мәдениетті жалғастырып, барша шәкірттің рухани игілігіне айналған осындай ертегілерді оқу арқылы, оқушылар елдік тәрбиенің ұқсастығын көріп, ұлттық құндылықтарын құрметтейді деп ойлаймын.
“Fairy tales are more than true: not because
they tell us that dragons exist, but because
they tell us that dragons can be beaten.”
― G.K.Chesteron
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Интернер ресурс:Ертегі оқуға ынтаны арттырады – Учительская плюс (uchitelskaya.kz)
-
“Excel” by Virginia Evans, Jenny Dooley, Bob Obee 5 Grade, p 78-90
-
“Excel” by Virginia Evans, Jenny Dooley, Bob Obee 6 Grade, p 77-80
-
“Excel” by Virginia Evans, Jenny Dooley, Bob Obee 7 Grade, p 53-60
-
Интернер ресурс:Оз әлемінің таңғажайып сиқыршысы — Уикипедия (wikipedia.org)
-
Абай. Қара сөздері.Алматы Өнер баспасы, 2015-32б
-
G.K.Chesteron, writer. Neil Gaiman CORALINE, Москва Издательство АСТ 2002-6б
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз