400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ МАҚАЛА Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады.Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді.Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл
әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде,
осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда.
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын
тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады.Ағылшын
тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді.Орта мектепте ағылшын тілін
оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер
енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология
бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады.Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын
тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде
жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен.
Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін
көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта
отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің
оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы
инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының
толығымен жаңаруына себепші болуда.Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз
ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік
пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың,
танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде
танылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде
интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды.[1.14]
Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен
оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары
жүйесін негіздеп,олардың педагогикалық,психологиялық шарттарын жасау арқылы
айқындалды.
-инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту-мақсатты түрде жобаланып
саналы түрде ұйымдастырылатындығы зерттеу барысында нақтыланады;
-ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің өзара
байланыса, араласа қолданылуы зерттеуде айқын көрінеді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Жалпы білім беретін орындарда ағылшын
тілін ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқытудың әдістемелік
тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық –мазмұндық болмысы мен технологиясы
туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі
ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады. Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы
білім беретін мектептерде шет тілін оқытуда оқушыларды коммуникативті оқыту
технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде
ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы
тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі
сабағында қолдануға болады.
Бірінші тараудың бірінші тарамшасында ағылшын тілін оқытудың құрылымдық
және мазмұндық негіздері сипатталады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап
есептелінеді, әрине осыншама уақыт ішінде оқыту әдістемесі де әр кезеңде тілдің әр
аспектісіне назар аудара отырып көптеген өзгеріске ұшырап отырды.
Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген екен:»Take care of the
first two stages and the rest will take care of itself». Бұл кездегі бағдарламада оқыту,түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен  жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма
қойылады.1961жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша
бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Ауызша сөйлеуде өз ойын айта алу және
ауызша хабарлама жасауға(монолог)және ағылшын тілінде әңгіме жүргізе
білуге(диалог)мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді.
Орта мектепте мынадай талаптар қойылды: ағылшын тілінде әңгімелесе білу;
сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу. Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексиканың көлемі азайды. Бағдарламада тілді  тәжірибелік білу жағына басты назар аударылды.[2.25]
Тіл — сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда
оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша
және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік
мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде
пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге
жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын  тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша  түрде жүзеге асады. Ауызша түрге:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1115
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі