Шет тілін оқытуда «case-study» әдісін қолдану
Аманғалиева Аңсағаным
БҚУ студенті
Білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына көмектесетін түрлі әдіс-тәсілдер бар. Мақалада солардың ішіндегі case-study әдісі қарастырылып, оның ағылшын тілін оқытудағы пайдалы және ұтымды жақтары сипатталатын болады.
Кілт сөздер: «кейс-стади», білім беру, әдіс, ағылшын тілін оқыту, сыни ойлау.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру жүйесі туралы «Әлемдегі жетекші мектептер балалардың креативтік потенциалын дамытумен айналысады, цифрлық технологиялар мен нақты ғылымдарды оқытады. Педагогтар оқыту әдістемесін ойын форматына ауыстырып, үнемі жаңа дағдылар ізденеді. Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім. Осы салаға қуатты күш беру маңызды болып отыр», -деген болатын.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі формаларының пайдалануы оқытудың әдіс–тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Бүгінде оқытудың ең танымал әдістерінің бірі кейс-стади әдісі болып табылады. Кейс-стади әдісі – нақты ситуациялық тапсырмаларды шешу арқылы оқытуға негізделген проблемалық жағдаяттарды белсенді талдау әдісі. Сыни тұрғыда ойлау – кейс-стади әдісін қолданудың негізгі шарттарының бірі. Сыни тұрғыда ойлау әртүрлі көзқарастарды, шешімдерді алға тартуға, тақырыпты әр қырынан қарастыруға көмектеседі және жағдайды шешу тәсілдерінің өзіндік әдісін табуды көздейді.
Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми – зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтежеге бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.
Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оқытудың түрлі формаларының пайдалануы оқытудың әдіс–тәсілдерінің жаңаруы, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Жалпы, «кейс-стади» (ағыл. «case» - оқиға, жағдаят) жағдайды талдау әдісі болып табылады. Алғаш рет кейс-әдісін Гарвард университетінің деканы, профессор Христофор Колумб Лэнгделл оқу процесінде қолданды. Лэнгделлдің көзқарасы дәстүрлі оқытудан (дәрістер, семинарлар) ерекшеленді және үлкен қарсылыққа тап болды. Осыған қарамастан, алғашқы үш жылда әдістің бірегейлігі мен тиімділігі тек Гарвард университетінде ғана емес, басқа да алты заң мектептерінде жоғары бағаланды.
«Кейс-стади» әдісі speaking дағдысын дамытып қана қоймай, listening дағдысына да үлес қосады. Сонымен қатар, ағылшын тілін үйренушінің жаттаған жаңа сөздерін тәжірибеде қолдануға өте керемет мүмкіндік. Т.И.Авдееваның айтуынша, бұл әдіс мультимедиялық технологияларды, бейнематериалдарды, презентацияларды белсенді пайдалануға негізделген. М.В. Куимова сабақта кейс-стади әдісін қолданудың келесі аспектілерін атап көрсетеді. Оқушылар сабаққа берілген тақырыпты талқылауға дайындалып келеді, ал сабақ алдында тақырып нақты және егжей-тегжейлі түсіндірілуі керек. Мұғалім объективті болуы тиіс, ешкімнің көзқарасын қабылдамай, тек оқушылар мен студенттерді пікірталасқа бағыттауы керек. Ғалымдар оқушылар мен студенттер оқу процесіне белсенді қатысқанда тиімдірек оқи алатынын алға тартады.
Н.В. Сорокинаның еңбектерінде кейстың мәселе емес екенін атап көрсетеді, өйткені мәселенің әдетте жалғыз дұрыс шешімі болады. Сипатталған жағдайға тап болған кезде студенттер әрекеттің бірнеше баламалы бағыттарының бірін таңдай алады және бұл баламалардың әрқайсысы логикалық дәлелдермен негізделуі мүмкін.
CASE-STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады:
-
Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
-
Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
-
Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
-
Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
-
Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін — өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.
-
Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді.
Сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушылар түрлі көзқарастарды алға тартады, әртүрлі шешімдерді іздейді, тақырыпты әр қырынан қарастырады, өзіндік шешімдер шығарады. Г.Б. Батырханова сыни тұрғыдан ойлау стереотиптерден бас тарта білу екенін айтады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ақпаратты жеткізуден шешімдер мен мағыналарды табуға баса назар аударуды талап етеді.
В.А. Овчаренко сыни тұрғыдан ойлауды меңгеру әр түрлі көзқарастар мен пайымдауларға күмән келтіре білуді, пікірталасқа түсуді, оның мәнін көре білуді, мәселелер мен оны шешудің балама жолдары, болжамдар мен жеке пікірлерден тексерілетін фактілерді ажырату, ұсыныстардың дұрыстығы мен өзектілігін бағалауды білдіреді деп жазады. T.В. Сапух көптеген оқушылар қателесуден қорқатындықтан, қабілеттерінің төмендігіне сенімді болғандықтан сыни ойлаудан қорқатынын атап өтеді.
Енді осы «кейс-стади» әдісін тәжірибе жүзінде қалай қолданамыз?
Case: National dish of Kazakhs – kurt
Aruzhan and Dana study at a university in the United States. They took with them the Kazakh national dish kurt. Aruzhan and Dana want to give kurt to their American friends and find out what they think.
Exercise 1. Getting acquainted
Қалыптасатын сыни ойлау дағдылары: мақсат қою, талдау және жалпылау
Description:
The teacher gives cards to students. Each student has a card
with a role. On this card there is the name of a person and some information about
him/her. They add more information about them – facts of biography, traits of
character etc. The student’s task is to get acquainted. Within their team they ask
each other questions and answer them. After they have finished they have some
time to speak with the other students in the group. After that the teacher asks
questions about all people in the group. The students should remember what they
have learned about these people and answer the questions. (15 minutes)
Explanation:
Read the information on your card. This is information about you. Some
people have names, some don’t. Those who don’t have a name of a character – you
are free to choose any name you want. You see the profession, some information
about your family, etc. Add more information about you – facts of biography, traits
of character. Talk to the other students in the team. Ask them questions and answer
their questions. Try to remember the information you hear.
Now talk to the other people in the group and ask questions about the
students from the other teams.
Answer my questions. (The teacher points at one of the students.) What’s his
name? How old is he? etc.
The students’ cards:
|
|
Name |
Age |
Information |
|
1 |
Aruzhan |
19 |
You are cheerful and kind girl who loves her friends |
|
2 |
Dana |
20 |
You know a lot of information about your country, culture and so on. And you don’t like it when someone says bad things about your country. |
|
3 |
|
19 |
You are an ordinary American teenager. Speak directly if you don’t like something. You don’t like the taste of kurt. |
|
4 |
|
21 |
You are a rich blogger. You always like to learn new things |
|
5 |
Samantha |
43 |
You are a teacher and you love your students. You always try to make the right choices. |
Exercise 2.
Қалыптасатын сыни тұрғыдан ойлау дағдылары: дәлел келтіре білу
Description:
Each student should be able to play the role assigned to them and share their thoughts with others. (15 minutes)
Explanation:
Let’s try to settle the conflict. Don’t forget about your roles.
Қорытынды. Оқушылар мен студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту үшін «кейс-стади» әдісі қолданылады. Осы жұмысты жазу барысында Америка Құрама Штаттарында жиі қолданылатын «кейс-стади» әдісін тереңірек зерттеп, аталған әдіске негізделген жаттығулар жинағын кітапша түрінде жинақтап әзірледім.
Кейс-стади әдісін зерттеу барысында көптеген ұтымды тұстарын байқадым. Бұл әдіс адамның ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, сабақ барысында көбінесе ескерілмей қалатын speaking дағдысын арттыруға керемет мүмкіндік екеніне көзім жетті. Сонымен қатар, оқушылардың немесе студенттердің күнделікті жаттап жүретін сөздерін диалог барысында қолдану, жаңа сөздердің мида жақсы сақталуына көмектеседі. Кейс-стади әдісі жағдайды топтық талдауға және оны шешу бойынша ұсыныстарға негізделгендіктен, артықшылығы - мәселеге және мұғалімнің іс-әрекетіне толықтай ену: оның жағдайды білуі және талқылауды ұйымдастыру.Бұл әдіс сондай-ақ студенттерге теориялық білімдерін практикаға көшіруге мүмкіндік береді. Іске кейстің өзі, оны орындау бойынша нұсқаулар, ақпараттық-дидактикалық материалдар, талқылауға арналған сұрақтар, сонымен қатар студенттерге арналған тапсырмалар кіреді.
Әдістемені қолданудың тиімділігі студенттер немесе оқушылардың жағдайды талдауға дайындық деңгейіне байланысты – бұл жеке дайындықтың бірінші кезеңінде болады. Келесі екі кезең сыныпта өткізіледі - бұл топтарда шағын талқылаулар, содан кейін - бүкіл топпен талқылау. Сондай-ақ, барлық қатысушылар арасында еркін пікір алмасуға және студенттер мен оқушыларды объективті бағалауға мүмкіндік беретін топтың көлемін ескеру маңызды. Бағалау кезінде топтық жұмысқа, жеке жұмысқа, соның ішінде анықталған мәселелердің түрлерін және кейс-стадилерде ұсынылған шешімдерді қоса алғанда, үлесті ескеру қажет.
Кейс-стади әдісі студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға, олардың ұйымдастырушылық және коммуникативті дағдыларын, топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Кейстерді талдау студенттерге нақты мәселелерді шешуге сенімділік береді. Студенттердің негізгі психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін талдай отырып, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруда оқушылар мен студенттердің жас ерекшеліктерін ескеру маңызды деген қорытындыға келуге болады. Бұл жастың негізгі белгілері - тұрақты зейін, дамыған қиял, өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбиелеуге ұмтылу, рефлексия, құрдастарымен тығыз тұлғааралық қарым-қатынас процесінде ерекше мінез-құлық стилі. Оқыту әдістерін таңдауда оқушылардың ерекшеліктерін ескеру қажет екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан да, менің ойымша, кейс-стади әдісі құрбыларымен пікірталасқа түсуге, қиялды пайдалануға, зейінді жаттықтыруға, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тиімді интерактивті әдістердің бірі болып табылады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шет тілін оқытуда case-study әдісін қолдану

шағым қалдыра аласыз