ШЕТЕЛ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕ БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Күзенбаева Нұрдана
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 3 курс студенті
Бұл мақалада шет тілін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану тәсілдері жан – жақты баяндалған. Ағылшын тілін өскелең ұрпақ бойына дарыту мақсатында тиімді жолдар қарастырылып, тұлғаның бойындағы белсенділік қабілеттерін ашу барысы талданады. Ұстаздың ұшқырлығы мен біліктілігінің маңыздылығы айқындалып, шәкірт тәрбиелеу ісінің артықшылықтары сөз етілген.
Білім беру барысы аса мол жауапкершілікті талап етеді. Кез – келген педагог ұлт ұландарының ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын тұлғаларды дайындайтығын ескерсек, оқу үрдісінде мүлт кетпеген абзал. Олай болса, әдіс – тәсілдердің әркелкілігі, оның тиімді жолдарын тауып, жүзеге асыру аса үлкен маңызға ие. Әсіресе, шет тілін меңгерту барысында жан – жақты тәжірибеге сүйенген артық етпейді. Себебі, ағылшын тілі әлемдік аренада үлкен беделге ие. Оның қолданылу аясы күн сайын кеңіп, мол мүмкіндіктерге жол ашуда.
Қазіргі заман талаптарының бірі мемлекеттік және халықаралық тілдерді жетік меңгеру болып табылады. Сол себепті мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерде ағылшын тілі пәнінен педагог кадрлар даярлау қажеттілігі туып отыр.
Қай сала болмасын шет тілімен өзара әрекеттесіп, өз қажеттілігін айқын аңғартады. Ағылшын тілін тек қарым – қатынас орнатуға ғана қажет деген түсініктен арылуымыз қажет. Өндіріс ошағы болсын, технологиялық прогресс болсын, әлеуметтік қажеттіліктер болсын, ағылшын тілімен тығыз байланысты. Сондықтан, ел тұрғынарына тіл білу ешқашан артық етпейді. Ал, білім беру ошақтарында оны терең игерту қоғам талабына қабілетті тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.
Оқу кешенінің мақсаты – оқушыны қазіргі заманғы әдістемелер арқылы еркін сөйлеуге үйрету, қатынас жасау тәсілі арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамында орынды қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру.
Шет тілін оқыту арқылы өнегелік, эстетикалық жағынан жан – жақты дамыған, саяси – идеялық жағынан сенімді, еңбексүйгіш азамат тәрбиелеп, бүкіл оқыту үрдісінде қатынастық бағыт бере отырып, оның жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру.
Оқушы шет тілін оқу арқылы шет тілінің білім дағдыларын, іскерліктерін, қабілеттерін саналы жетік меңгеруге жұмсайды. Шет тілін оқи отырып, оның басқа тілдерден өзара айырмашылығын салыстырып, сөйлеу дағдылары, мәдениеті, ой – еңбегін оқытумен қатар теориялық әрі тәжірибелік міндеттерін білген жөн. Қай тілдің болмасын механизімін үйрену үшін сол тілдің жүйесі қалай құрылғанын, оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек екенін білу қажет.
Осы орайда шет тілін оқытуда белсенді әдістерді дамыту барысы өзінің өзектілігін байқатуда. Оқытудың белсенді әдістері – бұл оқушылардың оқу материалын өз бетімен меңгеру процесінде белсенді ойлы және практикалық әрекетке түрткі болатын оқу – танымдық әрекетті белендіру тәсілдері.
Оқытудың белсенді әдісі – бұл болашақ тұлғалардың кәсіби құзіретін қалыптастыра отырып, сыни, креативті ойлауды дамыту, өз бетімен проблемаларды көру және оны шешу, оқытушымен және оқушылармен кейбір іскерлік байланыстарды орнатуға жағдай жасаушы нақты педагогикалық құрал. Бұл құрал қазіргі заманғы оқытушыға оған мемлекет және қоғам алдына қойылған міндеттерді оңтайлы шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуші – білім алушыға типтік оқу бағдарламасы және жұмыс оқу жоспарына сәйкес тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оны өмірлік маңызды жұмыс дағдыларының ақпаратымен жабдықтауға , қоршаған ортамен дұрыс, өзара байланыс жасай білуге және өз жұмысының нәтижесін көрсете білуге үйрететін құрал.
Шет тілін оқытуда белсенді әдісті қолдану оқу үрдісіндегі кәсіптік құзіреттерді дамыту мен қалыптастырудың өте нәтижелі және маңызды құралы болып табылады, сөйтіп, материалды терең және жақсы меңгеруге, кәсіптік жіне негізгі құзіреттерді дамытуға мүмкіндік береді, мұғалімнің кәсібіне деген тұрақты қызығушылығын қалыптастырады, педагогикалық шешімдерді қабылдауда, кәсібінің маңызды дамуына, ақпаратты қолдануға қабілеттері дамиды.
Оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін енгізу – оқытудың ақпараттық – түсіндіру әдістерін белсенділікке, білімділіктен әрекеттілікке, құзіреттілік әдіске ауысуды қамтамасыз ететін, оларды теориялық білімнен практикалық қажеттілікке біріктіруге мүмкіндік беретін жаңа жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауды жетілдіру шарттарының бірі. Оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін таңдау мәлімделген мемлекеттік білім беру стандартының құзыретімен реттелуі қажет. [1, 3 б.]
Ағылшын тілін меңгерту педагогикалық процесте жүзеге асады. Осы орайда оқушының шығармашылығы мен ептілігін дамыту үшін сабақ үрдісінде компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желіні, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану білім сапасын көтеруге мүмкіндік туындайды. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның бірі – ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану білім сапасын арттырудың тиімді жолы болып отыр.
Белсенділік қағидаты ұғынып түсіну принципімен тығыз байланысты. Ағылшын тілін үйрену үшін әрбір оқушының белсенділігін көтеруде бұл принциптің алатын орны зор. Бұл принцип бойынша оқу процесіне әрбір оқушы бар ынтасымен, қызығушылықпен белсенді қатысуы тиіс.
Шет тілін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану барысында:
-
Елестету белсенділігі – үлгі бойынша тапсырмаларды орындауда білімді түсіну және қолдану, білімді жаңғырту.
-
Интерпретенция белсенділігі – ақпаратты талдау, жинақтау және өзгертілген жағдайларда білімді қолдану.
-
Шығармашылық белсенділігі – мәселелерді шығармашылық түрде шешу, стандарттық емес тапсырмаларды шешуде білімді қолдану.
Ағылшын тіліндегі дағдыларды қалыптастырып, оқушылардың бойында біліктілікті арттыру барысында бірқатар негізгі ережелерге мән бергеніміз абзал:
Ауызша әдіс – бұл көбіне жаңа сабақты пысықтауда, өткенді қайталап, енді ғана меңгерген сөздерді жаттау барысында көптеп пайдаланылады;
Көрнекі әдіс – ұстаздың шеберлігі мен ұтқырлығына байланысты оқу материалынының мазмұнын түрлі көрнекіліктер арқылы дамыту барысын көздейді;
Практикалық әдіс – бұл игерген мәліметтерді пысықтау үшін, іскерлік пен дағдының бір мезгілде көрініс тауып, оқушылардың білім деңгейін саралау барысының айқын көрінісі;
Ойын әдісі – оқушылардың қызығушылығын барынша арттыруға негізделген, түрлі ойын түрлерін қамтып, сөйлеу дағдысын жетілдіру барысында жүйелі жүргізілуі қажет үрдіс.
Сонымен қатар оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі ойын ұйымдастыру, сұрақ –жауап, суретке қарап мәтін құрау, таратпа қағаздары арқылы топқа бөліп, өз – ара тілдік байланысты арттыру секілді тәсілдерді қолданып, пәнаралық байланысты негізге ала отыра, оқушылардың тілдік қорын молайтуға болады.
Мұғалім оқушыларға шет тілін үйрету үшін өзі: шет тілін жетік білуі, педагогика мен психологияны жақсы меңгеруі, оқыту әдістері мен техникасын жан – жақты игеру, сонымен қатар сабақ барысында тиімді қолдана білу қажет.
Мұғалімге қойылатын басты талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушының оқу материалының дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдастыруы тиіс. [2, 11 б.]
Осы тұста айта кетуім керек, мен қазіргі таңда білімімді толықтырып, болашақ маман ретінде бұл қасиеттерді тұла бойға сіңіріп, шет тілін еркін меңгере отыра, педагогикалық шеберлік дағдыларын үйренудемін.
Әр оқушының танымдық қабілетін арттырып, белсенділігін дамыту барысында бірнеше қағидаларға мән бергеніміз жөн. Ең алдымен оқу үрдісіне деген қатысушыларды қызықтыра алу. Әр баламен жекелей жұмыс жасай отыра, пікірлеріне құлақ түріп, өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік беріп, ешкімді назардан тыс қалдырмау қажет. Көбіне, оқу үздіктері суырылып алға шығып, үлгерімі орташа және төмен оқушылар тасада қала береді. Олар өз бойындағы жасырынған белсенділікті аса көп байқата бермейді. Дегенмен, адам дамуы үздіксіз жүргізілетін үрдіс.
Адамның белсенділігінің дамуы – өмірінің барлық мезгілінде, барлық кезеңінде шешуші фактор болып табылатындығын айтады. Ғалымдар таным белсенділігін дамыту проблемаларын түрлі географиялық дереккөздер арқылы әртүрлі негізде көрсетеді. [3]. Сондықтан, шет тілі маманы барынша әр баланың жүрегіне жол тауып, өздеріне деген сенімділік пен белсенділігі жоғары тұлғаларды арттыруға кәсіби құзіреттілігін бағыттағаны жөн.
Баланың өзіндік белсенділігі – бұл ерекше сонымен бірге бала психикасының барлық саласында: танымдық, эмоционалдық, ерік – жігерлік, тұлғалық әртүрлі сипатта көрінетін белсенділіктің әмбебап түрі. Білім алушының өзіндік белсенділігі оның ішкі жағдайын толықтай анықтайды. Бала бұл жағдайда өз қызметінің иесі, мақсат қоюшы, оған жету жолын және тәсілін іздеуші толыққанды тұлға ретінде қалыптасады. Белсенділіктің бұл түрі бала шығармашылығының негізінде жатыр. Өзіндік белсенділік ересектермен өзара байланысқа негізделген. [4, 52 б.]
Оқу үрдісінің жемісті болуы осы өзара байланысты дұрыс ұйымдастыра білу мен жүзеге асырудың нәтижесі. Әрине, қазақта «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», деген тамаша сөз бар. Шет тілін еркін меңгерту барысында да жетекші маманның өз кәсібіне деген сүйіспеншілігінің жоғары болуы, шәкірт тәрбиелеу ісіне ұқыпты қарап, кемлдеңген келешекке алаңдауы шарт. Өз саласына сеніммен қарап, әдіс - тәсілдердің оңтайлы тұстарын оқу барысында орынымен қолдана алатын, өз ортасында сыйлы жандар – белсенділігі жоғары шәкірт тәрбиелей алатыны сөзсіз.
Жалпы, шет тілін оқытуда белсенді оқыту әдісін жүзеге асыру барысы көбіне жекелей және топтық жұмыс түрін ұйымдастыра отыра жүргізуге арналғандықтан, ұстаздың шеберлігі аса үлкен маңызға ие. Мұғалім әр баланың бейімі мен қарым – қабілетін ескеріп, қызығушылықтарына мән беріп, топты теңдей бөлуге тырысуы қажет. Бұл жерде жауапкершіліктің басым бөлігі оқушыларға түсетіндіктен, мұғалім тек сырттан бақылаушы, ал тапсырманы толығымен орындайтын топ мүшелері болғандықтан, үлгерімі жоғары балалардың бір топта жиналып қалмауын да қадағалаған жөн. Себебі, екі топта да үлгерімі жоғары оқушылар болса, өз қатарындағы өзге қатысушыларға өз көмек қолын созып, сабақты тереңінен түсіндіріп, тапсырманың шешу жолын көрсетеді. Көбіне, ұстаз алдында ашылып сөйлей алмайтын, білсе де білімін жариялауға қысылатын тұлғалар қатары да кездесетіндігін айта кеткен жөн. Ал, өз қатарлас, құрбысымен тең дәрежеде сөйлесетіндіктен, ұялмай бар білгенін айтып, дұрыс болса өзіне деген сенімділігі жоғарылайтыны олардың пәнге деген қызығушылығының артуына түрткі болып, алдағы уақытта бар білгенін еш уайымсыз жеткізуіне негіз болмақ.
Жалпы, белсенді оқыту әдісінің ең басым бағыттары диалог арқылы үйрену немесе үйрету екенін алға тартатын болсақ, ұстаздың сөз саптауы мен сабақты жүйелі ұйымдастыра алуы аса маңызды. Сабаққа қатысатын әрбір жан өз ойын, тұжырымдамасын, пікірін алға тартып, дәлелдеулері тиіс. Қоғамда қанша тұлға болса, соншалықты әр адамның өзіндік ойы, көзқарасы бар екендігін ұмытпағанымыз дұрыс. Осы тұста жалпылама көзқарастан арылып, әрбір жеке жанның пікіріне құлақ түруге үйреніп, пікірімен санасуға үйренеміз. Бұл топтағы әр жанның өзіне деген жауапкершілік сезімінің артуына негіз болып, өзіндік көзқарасына берік болуға үндейді. Келешекте әр адам жеке тұлғаға айналып, қызметке кірісетін кезде бұл дағды өте көп көмектеседі. Қандай да бір шешім шығару қажеттілігі, жаңалық ашуға деген талпынысы, ғылымға өзгеріс енгізуі, өз жұмысына деген сенімділік қазірден бастап қалыптасуы қажет. Қазақтың маңдайына біткен текті ұл, Мағжан Жұмабаевтың өзі «Мен жастарға сенемін!», - деп ұрандап кеткен кезде, біз де олардың сағын сындырмауға тырысып, барынша ұтымды әдіс – тәсілдер арқылы саналарын оятуға күш салып, жауапкершіліктің маңыздылығын дәріптеп, ғылымның ғаламатын жеткілікті дәрежеде жеткізе білуіміз қажет. Шет тілінде сөйлеу дағдыларын, қарым – қатынастың еркін өрбуін дамыту аса үлкен рөл атқарады. Сондықтан, диалогтық пікір алмасу белсенділікті арттырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл барлық оқушыны қамтып, сөйлеу тілінің жалпылама дамуына әсер етеді.
Бүгінгі біздің шәкірттеріміз ертеңгі күні ел тізгіндеп, елдің елдігін одан әрі асқақтатуға күш жұмылдырып, еңбек ететіні жасырын емес. Білімі мен біліктілігі сыналатын тұста, қазір біздің қолданатын әдіс – тәсілдеріміз көрініс тауып, өзінің өзектілігін тайқатады. Сол себепті сапалы білім беру барысында мүлт кетпегеніміз абзал. Білгір ұстаздар мен білімді шәкірттер болашақтың жарқын айнасы. Бірі – маңдай терімен маңызды шараның басы – қасынан табылып, шәкірттерін шыңдап жатса, екіншісі бойға біліктілікті жинап, алға қарай арманмен алысқа көз жүгіртіп, мемлекеттің мерейін үстем етуге ниетті. Ұстаз бен шәкірттің белсенді іс – әрекетінің арқасында ағылшын тілін еркін меңгерген тұлғалар қатары артып, тегеурінді ұл – қыздарымыз Тәуелсіз еліміздің тұғырын одан әрі биіктете бермек.
Сол себепті, мен ұстаздық саланы таңдап, алдағы уақытта оқушылардың шет тілін еркін меңгеруі үшін бар жанымды салып еңбек ететін боламын. Қазіргі таңда көптеген әдіс – тәсілдерді кәсіптік практикадан өту барысында жүзеге асырып, зерттеу жүргізуді жөн деп санаймын.
Шет тілі – ел дамуына өз септігін тигізетін, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырып, қоғамның кез – келген саласында қолданылатын әмбебап құрал. Ол барлық тұлғаға қажет. Сол себепті, ағылшын пәнін игерту барысында барынша ұтымды әдіс – тәсілдерді басшылыққа алып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру барысында бар мүмкіндікті пайдаланғанымыз жөн. Біліммен қаруланған қоғам – өз аяғынан нық тұрып, алға қарай сенімді қадамдар жасап, ел әлеуетін арттырып, әрқашан биіктерді бағындыра бермек. Олай болса, білімді ұрпағымыз көп болсын!
Әдебиеттер:
-
Педагогикалық пәндерді оқытудағы белсенді және интерактивті әдістер, Имжарова З.У., Ақтөбе 2015 г.
-
Шет тілін оқыту әдістемесі, Амандықова Г., Мұхтарова Ш., Баймұқанова Б., Астана 2010 г.
-
Ибраева М.К. Танымдық белсенділік – философиялық, психологиялық, педагогикалық мәселе // Абай атынлағы ҚазҰУ. ХАБАРШЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы. – Алматы, 2016. - №2 (50). – Б. 315 – 319.
-
Балалардың танымдық белсенділігін ерте жастан дамыту, Абдигапбарова У.М.,Ибраева М.К. Алматы 2019 г.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз