ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ МОТИВАЦИЯНЫҢ РӨЛІ (АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЫСАЛЫНДА)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ МОТИВАЦИЯНЫҢ РӨЛІ (АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЫСАЛЫНДА)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ағылшын тілін үйрену барысында мотивацияның рөлі мен оның негізгі түрлері қарастырылады. Сонымен қатар, мотивацияны қолдау және арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдерге де тоқталамыз. Мотивация, жалпылама түрде, жеке тұлғаны белгілі бір мақсатқа жетуге ынталандыратын ішкі немесе сыртқы күш ретінде анықталады. Тіл үйрену контексінде мотивация оқу процесінің сапасы мен жетістігіне тікелей әсер етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҒТАХР:16.01.45 ӘОЖ: 81-139

ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ МОТИВАЦИЯНЫҢ РӨЛІ (АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЫСАЛЫНДА)

Төребек Б.Ғ.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті,Қазақстан,Қарағанды.

Аңдатпа. Бұл мақалада ағылшын тілін үйрену барысында мотивацияның рөлі мен оның негізгі түрлері қарастырылады. Сонымен қатар, мотивацияны қолдау және арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдерге де тоқталамыз. Мотивация, жалпылама түрде, жеке тұлғаны белгілі бір мақсатқа жетуге ынталандыратын ішкі немесе сыртқы күш ретінде анықталады. Тіл үйрену контексінде мотивация оқу процесінің сапасы мен жетістігіне тікелей әсер етеді.

Кілт сөздер: оқу мотивациясы,ынта,ішкі және сыртқы мотивация,шетел тілі,ағылшын тілі,шетел тілін оқыту әдістемесі

THE ROLE OF MOTIVATION IN LEARNING A FOREIGN LANGUAGE (ENGLISH AS AN EXAMPLE)

Torebek B.G.

Karaganda University named after Academician E.A. Buketov, Karaganda, Kazakhstan.

Abstract. This article examines the role of motivation and its main types in learning English. In addition, we will focus on methods aimed at supporting and increasing motivation. Motivation is generally defined as an internal or external force that motivates an individual to achieve a specific goal. In the context of language learning, motivation directly affects the quality and success of the learning process.

Key words: learning motivation, enthusiasm, internal and external motivation, foreign language, English language, foreign language teaching methodology

Кіріспе. Бүгінгі жаһандану дәуірінде шетел тілін, әсіресе ағылшын тілін меңгеру өмірлік қажеттілікке айналды. Оқу мен жұмыс саласында ағылшын тілі маңызды байланыс құралы ретінде танылды, сондықтан көптеген адамдар оны үйренуге ұмтылады. Алайда, тіл үйрену процесі ұзақ әрі күрделі болуы мүмкін, сондықтан тұрақты мотивацияны сақтау өте маңызды.

Шет тілін үйренуде мотивация өте маңызды рөл ойнайды. Егер адам жақсы ынталы болса, онда оның тіл үйренуге деген ұмтылысы жоғары болады, бұл оның тілдік процесте мықты болуына мүмкіндік береді. Егер адамда шет тілін үйренуге жеткілікті ынта болмаса, олар тілді меңгеру үшін қажетті тәжірибе мен дағдыларды ала алмауы мүмкін. Бұл тілге деген қызығушылықтың жоғалуына, мотивацияның әлсіреуіне, прогрестің болмауына және болашақта шет тілін үйренуден бас тартуына әкелуі мүмкін.

Мақаланың мақсаты шетел тілін, әсіресе ағылшын тілін үйренудегі мотивацияның рөлін зерттеу және оның оқушылардың жетістіктеріне қалай әсер ететінін анықтау. Бұл зерттеу мотивацияның әртүрлі түрлерін, олардың тіл үйрену нәтижелеріне ықпалын талдап, тіл үйретуде мотивацияны арттыруға бағытталған әдістерді қарастыруды көздейді. Мақаланың түпкі мақсаты – тіл оқыту процесін тиімдірек жасау үшін мотивацияны басқару мен қолдау жолдарын анықтау.

Мотивация – адамның белгілі бір мақсатқа жетуге деген ынтасы мен жігері. Шетел тілін үйренуде мотивация маңызды фактор болып табылады, себебі ол оқушылардың тіл үйренуге қызығушылығын арттырады және оқу процесінде табысқа жетуге септігін тигізеді. Мотивация түрлері мен факторлары әртүрлі болуы мүмкін, және бұл олардың оқу нәтижелеріне әсер етеді. Мотивацияның тілді меңгеру процесіндегі маңызы өте зор. Жоғары деңгейдегі мотивация оқушының жаңа тілдік материалды қабылдау қабілетін арттырады және қиындықтарға қарамастан, табандылықпен алға жылжуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мотивация тілдік дағдыларды қалыптастыруға қажетті уақыт пен күш салуды жеңілдетеді. Ағылшын тілін үйренуде мотивацияны қолдауға арналған бірнеше әдістер бар, оның ішінде:

- Оқыту материалдарын қызықты және өмірге жақын ету.

- Қойылған мақсаттарды айқын, нақты, және қол жетімді етіп белгілеу.

- Оқушының жеке қызығушылықтары мен мақсаттарын ескере отырып, тапсырмаларды бейімдеу.Бұл әдістер оқушыларға тіл үйрену процесінен жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік беріп, олардың мотивациясын арттырады [1].

Мотивацияны ішкі және сыртқы мотивация, оң және теріс, жеке және топтық, тұрақты және тұрақсыз деп төрт түрге бөлуге болады:

Ішкі мотивация – бұл адамның өз-өзіне қызығушылығынан туындайтын мотивация түрі. Ішкі мотивациясы жоғары оқушылар шет тілін өз қызығушылықтары, білімдерін арттыру, мәдениетті түсіну үшін үйренеді.

Шет тілін үйренудегі рөлі: Ішкі мотивация тілді үйренуге деген тұрақты және шынайы ынтаны арттырады. Оқушы тілді өз қызығушылығы үшін, оны меңгеруден алатын қанағат сезімі үшін үйренеді. Бұл мотивацияның түрі оқу процесін ләззат алатын және өздігінен үздіксіз дамитын деңгейге жеткізеді.

Мысалы: Оқушы шет тілін оның мәдениетімен танысу, басқа елдердің әдебиетін оқу, шетелдік достарымен тілдесу үшін үйренеді. Оған бұл процесс өзі үшін қызықты.

Сыртқы мотивация – бұл сыртқы факторлар әсерінен туындайтын мотивация, мысалы, жақсы баға алу, жұмысқа орналасу мүмкіндігі, ата-аналардың қолдауы.

Шет тілін үйренудегі рөлі: Сыртқы мотивация оқушыны қысқа мерзімді нәтижелерге жетуге ынталандырады, бірақ ұзақ мерзімді мотивацияның орнын баса алмайды. Сыртқы мотивация оқу процесінің тиімділігін арттырып, оқу процесін бастауға көмекші бола алады, бірақ тұрақты әсер ету үшін ішкі мотивациямен үйлестірілгенде тиімдірек болады.

Мысалы: Оқушы жақсы баға алу, тесттен жоғары нәтиже көрсету немесе ата-анасының қолдауына ие болу үшін тіл үйренуге тырысады[2].

Оң мотивация - жеке жетістіктерге, прогреске, марапаттарға және жеке дамуға жету үшін ынталандырушы факторларға негізделеді. Бұл түрдегі мотивацияда оқушы тіл үйрену процесінен жағымды сезімдер алады және оның жетістіктері оң нәтиже ретінде көрінеді.

Шет тілін үйренудегі рөлі: Оң мотивация оқушының белсенділігін арттырады, оқу процесінде ынталандырады және тілді меңгеруден қанағат сезімін береді. Бұл түрдегі мотивация оқу процесін тұрақты және табысты етеді.

Мысалы: Оқушы жақсы баға алу, марапат немесе мақтау алу үшін тырысады, нәтижесінде оқу нәтижелері жақсарады.

Теріс мотивация - қорқыныш немесе жағымсыз салдарлардан қашу үшін жұмыс істейді. Бұл түрдегі мотивацияда адам сәтсіздіктен немесе жазадан қорқып әрекет етеді, яғни кері нәтижелерден сақтану үшін әрекет етеді.

Шет тілін үйренудегі рөлі: Теріс мотивация қысқа мерзімді нәтижелерге жетуге көмектесуі мүмкін, бірақ ұзақ уақытқа созылмайды. Көбінесе оқушылар тіл үйрену процесін ауыртпалық ретінде қабылдайды, сондықтан бұл мотивация тұрақсыз болуы мүмкін.

Мысалы: Оқушы нашар баға алмау үшін немесе ата-анасының ренішінен қашу үшін сабақты оқиды[3].

Жеке мотивация – адамның өз қызығушылығына, қажеттіліктеріне немесе мақсаттарына жетуіне бағытталған мотивация. Бұл жағдайда оқушының жеке ынтасы басты рөл атқарады, ол өз мақсаттарына жету үшін тіл үйренуге талпынады.

Шет тілін үйренудегі рөлі: Жеке мотивация оқушының оқу процесінде өзіндік бақылау және ынталандыру деңгейін арттырады. Бұл жағдайда оқушы өзіне-өзі жауапкершілік алады, бұл ұзақ мерзімді нәтижелерге әкеледі.

Мысалы: Оқушы өзінің мансабын дамыту немесе шетелге саяхаттау үшін ағылшын тілін үйренуге тырысады.

Топтық мотивация - оқушының топ немесе сынып ішінде бірге жұмыс істеуі арқылы ынталануы. Бұл жағдайда оқушылар бір-бірімен бәсекелеседі немесе бірлесіп жұмыс істейді, бұл мотивацияны арттырады.

Шет тілін үйренудегі рөлі: Топтық мотивация оқушылар арасында ынтымақтастық пен қолдауды нығайтады, сондай-ақ, бәсекелестікті күшейтеді. Бұл әсіресе топтық жобалар, жұппен немесе топпен жұмыс жасау кезінде тиімді.

Мысалы: Оқушылар топпен тіл үйрену жобасына қатысады немесе командалық ойындар арқылы жаңа сөздерді жаттайды[4].

Тұрақты мотивация - бұл ұзақ мерзімді, тұрақты мақсаттарға бағытталған және уақыт өткен сайын өзгермейтін мотивация түрі. Бұл мотивацияда адам нақты мақсатқа қол жеткізу үшін үздіксіз ынталанады және оған жету үшін тынымсыз жұмыс жасайды.

Тұрақты мотивация көбіне ішкі мотивацияға ұқсас, өйткені ол адамның ішкі қызығушылығынан немесе жеке мақсаттарына жетуден қуат алады. Оқушылар шет тілін үйренуде тұрақты мотивацияға ие болса, бұл ұзақ мерзімді нәтижеге әкеледі, өйткені олар өздері үшін маңызды мақсатқа қол жеткізуге ұмтылады.

Тұрақсыз мотивация - бұл қысқа мерзімді мақсаттарға немесе қызығушылықтардың уақытша өзгеруіне байланысты болатын мотивация түрі. Ол адамды қысқа уақытқа ынталандыруы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді ұмтылыстарға жету үшін тұрақты бола алмайды.

Тұрақсыз мотивация көбіне сыртқы мотивацияға ұқсас, өйткені ол сыртқы факторларға тәуелді болып, уақыт өте келе әлсіреуі мүмкін. Мысалы, бір сәттік марапат немесе қысқа мерзімді жетістікке жету үшін оқушы тілді оқып бастайды, бірақ сыртқы ынталандыру болмаса, ол оқуын жалғастыруда қиындық көруі мүмкін[5].



1 сурет. Мотивацияның түрлері [6]




Мотивация оқушылардың оқу нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Мотивациясы жоғары оқушылар шет тілін меңгеруде үздік жетістіктерге жетеді, өйткені олар оқу процесіне қызығушылықпен қатысады және қиындықтарға мойымайды. Ал мотивациясы төмен оқушыларда оқу процесіне деген қызығушылықтың төмен болуы, нәтижелерге кері әсер етуі мүмкін.

1 кесте. Мотивацияның түрлері,ерекшеліктері және шетел тілін үйренудегі рөлі [автормен құрастырылған]

Мотивация түрі

Ерекшеліктері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Шетел тілін үйренудегі рөлі

Ішкі мотивация

Қызығушылыққа негізделген

Тұрақты нәтиже

Үздіксіз қолдауды қажет етеді

Тұрақты және ұзақ мерзімді мотивация береді

Сыртқы мотивация

Сыртқы факторларға байланысты

Жылдам нәтиже

Қысқа мерзімді

Уақытша және мақсатқа жеткенде азаюы мүмкін

Оң мотивация

Жетістікке жетуге ұмтылуды қолдайды.

Оң факторлар арқылы жақсы нәтиже

Жетістікке жеткеннен кейін мотивация азаюы мүмкін.

Оқушы жетістікке жету үшін тілді үйренуге ынталы болады.

Теріс мотивация

Жағымсыз салдардан аулақ болу үшін тілді үйренуге бағыттайды.

Қысқа мерзімді нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ұзақ мерзімді ынта мен қызығушылықты төмендетуі мүмкін.

Тілді сынақтардан өтпеу немесе белгілі бір қиындықтардан аулақ болу үшін үйренеді, бірақ ұзақ мерзімді емес.

Жеке мотивация

Оқушының жеке қызығушылықтары мен мақсаттарына негізделеді.

Өзін-өзі дамыту мен жеке жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді

Басқалардың қолдауынсыз қиындықтармен жалғыз күресу қажет болуы мүмкін.

Тілді жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтары үшін үйренеді, бұл оны ұзақ уақыт бойы ынталандырады.

Топтық мотивация

Топ мүшелері арасындағы қолдау мен ортақ мақсаттарға негізделеді.

Топ ішінде қолдау мен ынталандыруды қамтамасыз етіп, топпен жұмыс істеуге ықпал етеді.

Жеке қажеттіліктер ескерілмеуі мүмкін, топтың әлсіз (немесе керісінше) мүшелеріне тәуелділік пайда болуы ықтимал.

Топпен бірге жұмыс істегенде тіл үйрену оңайырақ және қызықтырақ болады, топтық ынта пайда болады

Тұрақты мотивация

Ұзақ мерзімді мақсаттарды көздейді және уақыт өте келе тұрақты болып қалады.

Ұзақ уақыт бойы тілді меңгеруге мүмкіндік береді, оқушының тілдік дағдыларын тереңдетеді.

Нәтижелердің баяу көрінуі мүмкін, сондықтан шыдамдылықты қажет етеді.

Оқушы тілді өмір бойы үйреніп, жетілдіруге ынталы болады, болашақта да бұл мотивация сақталады.

Тұрақсыз мотивация

Қысқа мерзімді мақсаттарға бағытталған және уақыт өте келе әлсірейді.

Тез арада нәтиже қажет болған жағдайларда тиімді.

Кей жағдайларда оянып,қайта жабылып қалу ықтималдылығы жоғары

Тілді тезірек меңгеру қажет болғанда қолданылады


Қорытынды. Шетел тілін үйренуде мотивацияның рөлі өте маңызды, себебі ол оқушылардың оқыту процесіне деген қызығушылығын арттырып, олардың тиімді оқу нәтижелеріне қол жеткізуіне ықпал етеді. Мотивация тіл үйренудің бастапқы кезеңінен бастап, оның әрбір сатысында маңызды орын алады. Ішкі мотивация оқушының өз-өзіне сенімділігін арттырып, жеке қызығушылықтары арқылы тілді меңгеруіне мүмкіндік берсе, сыртқы мотивация оған жетістікке жетуге қосымша ынталандыру береді.

Сонымен қатар, мотивацияның тұрақты және тұрақсыз түрлерін де ескеру қажет. Тұрақты мотивация ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге ықпал етсе, тұрақсыз мотивация қысқа мерзімді тапсырмаларды орындауға қолдау көрсетеді. Бұл мотивация түрлері оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты түрлі жолдармен қалыптасуы мүмкін.

Шетел тілін үйренудегі мотивацияның тиімділігіне оқытушылардың әдістемесі де тікелей әсер етеді. Оқыту процесінде әртүрлі мотивациялық стратегияларды қолдану, оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, тиімді оқу ортасын қалыптастыру, оларды үздіксіз дамуға ынталандырады. Осылайша, мотивация тіл үйренудің маңызды қозғаушы күші ретінде оқу процесінің сапасын арттыруға, оқушылардың жеке жетістіктерін қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Dörnyei, Z. (2001). Motivational Strategies in the Language Classroom. Cambridge University Press.

2. Gardner, R. C., & Lambert, W. E. (1972). Attitudes and Motivation in Second Language Learning. Newbury House.

3. Deci, E. L., & Ryan, R. M. (1985). Intrinsic Motivation and Self-Determination in Human Behavior. Springer.

4. Noels, K. A., Clément, R., & Pelletier, L. G. (2001). Intrinsic, Extrinsic, and Integrative Orientations of French Canadian Learners of English. The Modern Language Journal, 85(2), 285-295.

5. Ushioda, E. (2008). Motivation and Good Language Learners. In Griffiths, C. (Ed.), Lessons from Good Language Learners (pp. 19-34). Cambridge University Press.

6. https://cf3.ppt-online.org/files3/slide/d/d1nVJWEyH87ohC9Av4zqTs3jeFb0lSYOk5riUR/slide-5.jpg

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2025
200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі