"Сезім мүшелері" ҰОҚ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сезім мүшелері" ҰОҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі балабақша тәрбиешілері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Бостандық ауданы

МКҚК «№92 бөбекжай – балабақшасы»




















«Сезім мүшелері»

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті










Тәрбиеші: Даулбаева К.М















Алматы 2023ж

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Топ: ересек топ «Ботақан»

Білім саласы: Әлеумет

Бөлімі: Мінез – құлық ережелері

Тақырыбы: «Сезім мүшелері»

Мақсаты:

Сезім мүшелерінің қызметтірін түсіндіру арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Тапсырмаларды орындай отырып тақырыпты меңгеруге жағдай жасау.

Тапсырмадағы кейіпкердің зұлымдығын байқай білуге және жан жануарларға қиянат жасамауға тәрбиелеу.

Алдын ала жасалған жұмыстар: сезім мүшелері жайында әңгімелесу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, 4к технологиясы

Көрнекілі: жануарлар мүсіні, слайд, сезім мүшелерінің суреттері


Күтілетін нәтиже:

Сезім мүшелерінің қызметін түсінеді және оларға ұқыпты қарау жолдарын меңгереді.

Зұлымдықты жақсылық жасау арқылы жеңе білуге және жан жануарларға қамқорлықпен қарауды үйренеді.



Қызмет сатысы

Педагтың іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Шаттық шеңбер (қимыл-қозғалыс биі)

Кіріспе: Сезім мүшелері туралы мәліметтер беру: Слайдқа шолу жасау.

Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:

көру мүшесі - көз,

есту мүшесі - құлақ,

дәм сезу мүшесі - тіл,

иіс сезу мүшесі - мұрын,

сипап сезу мүшесі - тері жатады.


Picture 5


Шаттық шеңберде көңілдері көтеріледі.

Шаттық шеңбері

Қуанамын күлемін,

Жылы менің жүрегім

Достарыма үнемі

Риза болып жүремін!


Мотивациялық қызықтырушы-лық:


Балалар бүгін біздер «Морок» деген баланың қиянат жасаған жануарларына көмектесуіміз керек. Бұл бала өзінің үйіндегі жануарлары: үй қоянын, көгершінін, тиінін және тауығын зұлым сиқыр арқылы бәрін бір денеге біріктіріп жіберіпті. Осыны біз өз қалпына келтіру үшін бірнеше тапсырмаларды орындаймыз.

.

Мен қазір көңілді әуен қоямын, сендер тапсырмаларды орындауға мұқият дайындалыңдар.


Мұғалім жануарлардың бейнесін әр тапсырманы орындаған сайын тиісті орындарына іледі.
















Зұлымдықпен жасалған жануардың бейнесін көреді. Жануарларға қиын болғанына көз жеткізеді.








Балалар таңдалған суреттер





Топқа бөлінетін қағаз күн бейнесінде болады. Қағаздың артында қоянның, көгершін, тауық, тиіннің суреттеріне сәйкес топтарға бөлініп отырады.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік:

1-тапсырма. «Бұл ненің дыбысы?» әдісі

4К моделі – Сыни ойлау әдісін қолданайық. (Естіген дыбысты ажырат, өз сөзіңмен түсіндіру, өмірмен байланыстыру). Бұл тапсырманы орындасақ «Қоян» өз қалпына келеді.

Интерактивті тақтадан түрлі дыбыстарды мұғалім естіртеді.

Тапысырма: Балаларға тындалым беріледі.

- Балалар сендер не естідіңдер?

- Бұл дыбыстарды қандай сезім мүшесі арқылы сездіңдер?

- Құлағымызды қалай күтіп баптаймыз?

- Балалар бұл тапсырманы дұрыс орындау арқылы қоянды өз кейпіне келтірдік.


Өте жақсы тапсырманы орындадыңдар енді қоянның басын денесіне жалғастырып өз бейнесіне келтіреміз.

2-тапсырма:

Тапсырма: «Көргенімізді сипаттайық» әдісі. 4К моделі - Коммуникация әдісін қолданайық.

Балалар қазір бәріміз көздерімізді жұмайық. Мен сендердің қолдарыңа заттар беремін.

-Ал, не көріп тұрсыңдар?

-Онда көзімізді ашайық, не екенін көрдіңдер ме?

-Бұл заттарды қандай сезім мүшесі арқылы көрдік?

-Балалар бұл тапсырманы дұрыс орындау арқылы көгершінді өз кейпіне келтірдік.

-Балалар слайдқа назар аударайық. Мен сендерге көру қабілетін жақсарту үшін не істеу керектігі туралы айтамын.


Өте жақсы тапсырманы орындадыңдар енді көгершіннің денесін жалғастырып өз бейнесіне келтіреміз.

Сергіту сәті

«Телефон» ойыны.





Балалар мұқият зер салып тыңдайды.

-Әр түрлі дыбыстар естігенін айтады

-Құлақ арқылы естідік

-Құлақты таза ұстап, артық шұқылауға болмайды

-Балалар қуанады










Балалар көздерін жұмып заттарды көріп тқұрғанын немесе көрмей тұрғанын айтады.


-Көздерін ашып, қолдарындағы заттарды атайды.

-Көз арқылы заттарды сипаттайды.



Балалар қолдарын шапалақтайды.


-Балалар слайдтан көзге пайдалы және зиян заттарды көреді.


Музыка әуенімен балалар қимылмен келтіре отырып, ойынды ойнап шығады.



-кәмпит, пияз, тұз, лимон

Тәтті, салқын, ащы, қышқыл


-Тіл арқылы




3-тапсырма:


Тапсырма: «Дәмін білесің бе?» әдісі. 4К моделі – Креативті ойлау әдісін қолданайық(Өмірмен байланыстыр).

Балалар алдымызда тұрған суреттерге назар аударайық.

-Ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?

-Олардың дәмдері қандай?


Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын:


Үнемі ауызда бұлтыңдай,

Бірақ жұтылмайды.


- Балалар бұл тапсырманы дұрыс орындау арқылы тауықты өз кейпіне келтірдік.


4-тапсырма: «Ненің иісі?» әдісі

-Балалар не сездіңдер?

-Бұл ненің иісі екен?

-Бұл иісті не арқылы сездік?

-Балалар бұл тапсырманы дұрыс орындау арқылы тиінді өз кейпіне келтірдік.













Тіл





-Балалар көздерін жұмып, заттарды иіскеп, оның не екенін айтады. Мысалы: әтір, алма, гүл

- Мұрын арқылы иісті сезуге болатынын анықтайды

Рефлексивті - түзетушілік

5-тапсырма. «Қолмен ұстап, заттың не екенін тап»

Мақсаты: балалар көзімізді жұмамыз, мен сендерге берген затты қолымызбен сипап сезу арқылы анықтаймыз.

- Балалар қолымызбен ұстау арқылы не сездік?

-Көзімізді ашып көрейік бұл қандай зат болды екен?

- Балалар бұл затты біз не арқылы сездік?


- Балалар бұл тапсырманы дұрыс орындау арқылы тиінді өз кейпіне келтірдік.



-кітап, қалам, телефон

-жұмсақ, дөңгелек, тікенек, тайғанақ




Балалар көздерін ашып көреді.



-Қолымызбен ұстау арқылы





Балалар бүгінгі сабағымызды бекіту үшін тағы бір ойынды ойнайық. «Суреттерді тиісті орнына орналастыр» әдісі. 4К моделі – Коллаборация әдісін қолданайық.


Мен қазір сіздердің әрқайсыларыңызға суреттер беремін. Сол суреттерді тақтадағы тиісті Сезім мүшелерінің қасына апарып орналастырасыздар.

Тақтада: Тіл, құлақ, мұрын,көздің суреттері ілініп тұрады.


Қорытынды.

-Бүгінгі оқу қызметінде не үйрендік?

-Мороктың жануарларға жасаған зұлымдығын жануарларды өз денесіне келтіру арқылы мейірімділікпен жеңдік.


Тиісті тапсырмаларды орындайды,тақтаға апарып орналастырады.











- Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері туралы маңызды ақпарат алдық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2024
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі