400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сфераға жанама жазықтық 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімнің сабақты оқу мақсатына сай өткізіне көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Зәкірова А.Ә.


Сынып:11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Сфераға жанама жазықтық


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.9 - сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиетін білу;

Сабақтың мақсаты

Сфераның анықтамасын білу;

Шар және сфера ұғымдарын ажырата алу;

Сфераға жүргізілген жанаманың теңдеуін жазу.

Бағалау критерийі

Сфераға жанама жазықтықты орналастыра орналастыра алады;

Сфераға жүргізілген жанама жазықтықтың элементтерін таниды;

Сфераға жүргізілген жанаманың теңдеуін жазады.

Тілдік мақсаттар






Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • Жанама жазықтық;

  • Жанасу нүктесі;

  • Іштей сызылған көпжақ;

  • Сырттай сызылған көпжақ;

  • Жанаманың теңдеуі;

  • Көлбеу;

  • Сфераның жасаушасы.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- Егер жалғыз ғана ортақ нүктесі болса,онда…

- Жанасу нүктесіне жүргізілген жанама жазықтыққа перпендикуляр болса,онда...

- Көпжақтың барлық нүктелері сфера бойында орналасса, онда ...

- Көпжақтың барлық сфераны жанаса ,онда…

- Жанама теңдеуі деп...

Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларды ынтымақтастыққа, бірін-бірі құрметтеуге, еңбекқорлыққа, шығармашылыққа, өмір бойы білім алуға, жауапкершілікке,нақтылыққа,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, математикалық сауаттылық

Бастапқы білім


Шар және сфера ұғымы,сфераның теңдеуі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру. Сабаққа әзірлігіне назар аудару. Психологиялық ахуал туғызу.

Бүгінгі сабағымызды «Сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиеттерін білу» тақырыбына арнаймыз. Бәріңізге сәттілік тілеймін.

Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару мақсатында «Санамақ» әдісін пайдаланып 3 топқа біріктіремін:

« Шар»,«Сфера»,«Жазықтық» топтары.

Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар үй тапсырмасының жауабын интербелсенді тақтадан көру арқылы өзін-өзі бағалайды.Жіберілген қателерді тақтада талдаймыз,дәптерге жазады.

«Қайталау–оқу айнасы» .

« Сұрақтар қобдишасы » әдісі. Оқушылардың өтілген тақырыпты түсіну деңгейін тексеру мақсатында ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақтан алып жауап береді.

1.Айналу денелеріне ... фигуралар жатады.

2. Конус дегеніміз ...

3.Қиық конус дегеніміз ...

4 Сфера дегеніміз не?

5. Сфераның қандай элементтерін білесіңдер?

6. Сфераның теңдеуі қалай жазылады?

ҚБ: мадақтау/ жарайсыңдар, айналу денелерін біледі екенсіңдер! Осы білімді тереңдетеміз/



Сіздердің айтқандарыңызды қорытындылай келе, бүгінгі сабағымыз қалай өтетіндігіне мақсат қояйық.

Мақсатымыз: сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиетін білу.













Интербелсенді тақта











Кеспе қағаз

Сабақтың ортасы

10 мин





















9 мин



















10 мин


































Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты меңгерту мақсатында “YouTube” сайтынан

“ Сфераға жанама жазықтық” тақырыбында видеоролик көрсетемін.

Топтық жұмыс. « Идеялар тасқыны» әдісі.

Оқушылардың тақырыпты қалай түсінгенін анықтау үшін постер құру ұсынылады.Топтарға жазылған үлестірме қағаздарды таратып беремін. (Тақырыпты қорғау үшін кітапты пайдалануға рұқсат)

  1. Сфераға жүргізілген жанама жазықтық анықтамасы.

(« Шар» тобына)

  1. Сфераға жүргізілген жанаманың теңдеуін жазу.

(« Сфера» тобына)

3.Сфераға іштей сызылған көпжақ және сырттай сызылған көпжақ анықтамалары.

(« Жазықтық » тобына)

Әр топ өздеріне берілген тақырыпты қорғайды. Қажет жағдайда бейнесін салады , мысал келтіреді. Басқа топтың мүшелері баяндамашыларды « Басбармақпен » бағалайды.

Сергіту сәті.

Дене мүшелерінің көмегімен геометриялық фигураларды көрсету: (баспен,қолмен,аяқпен). Үлгіге қарап,өз бетінше.Мысалы, сфераға жанама жазықтықты бас пен қолдың көмегімен көрсетеді.


Жеке жұмыс: « Кім білгір?» әдісін қолдана отырып, оқулықпен жұмыс жүргізеді.Есепті толық, нақты шығарған оқушыны тақтаға шығарып, тапсырманың нақты жауабына қол жеткіземіз және талдап, түсінбеген оқушыларды тақырыппен толық таныс болуы үшін жан-жақты мәліметтермен таныстырамын.

№3.91 тапсырма. Центрі С нүктесі және радиусы R болатын сфераның теңдеуін жазыңдар. С(2;-1;-3),R=7 .

Дескриптор:

- есептің шартына сәйкес жанаманың теңдеуін азады ;

- жауабын жазады.



Жеке жұмысты «Көршіңмен сырлас» әдісі арқылы бағалау.Интербелсенді тақтадағы дұрыс жауап арқылы оқушылар дәптермен алмасу арқылы тексереді.

Жұппен жұмыс:« Жұппен оқып, жұппен мазмұндау » әдісі.

Оқушылар кітаптан №3.90 және №3.92 тапсырмаларды жұмыс дәптеріне жұптасып орындайды . Алғаш болып орындаған жұп тақтаға шығып есепті жазады және түсіндіреді.



№3.90 Диаметрі 16 м болатын сфераға жанама жазықтықта жататын нүктеден сфера центріне дейіегі қашықтық 10 м.Осы нүктеден жанасу нүктесіне дейінгі қашықтықты табыңдар.

Дескриптор:

- есептің шартына сәйкес сызбасын салады ;

- шартын құрады;

- Пифагор теоремасын пайдаланып есептейді;

- жауабын жазады.



№3.92. Сфераға көрсетілген нүктеде жүргізілген жанаманың теңдеуін жазыңдар:1) , A(1;-2;3). Алдымен көрсетілген нүкте сфераның бойында жататынын тексеріп алыңдар.

Шешуі: , A(1;-2;3) нүктесі сфераның бойында жататынын тексереміз,

14 .

Демек, көрсетілген нүкте сфераның бойында жататынын тексеріп алдық. Одан кейін сфераның теңдеуін жазамыз:

;

.

Жауабы: .

Дескриптор:

- көрсетілген нүкте сфераның бойында жататынын тексереді;

- жанаманың теңдеуін жазады;

- жауабын жазады.



Бағалау: Оқушылар дайын жауаппен өзін-өзі тексеріп, бағалайды.


Саралау:оқушылардың білімді игеруін қамтамасыз ету мақсатында қабілетті оқушылар жұптағы ерекше қолдауды қажет ететін оқушыларға көмектесе отырып, тапсарма нәтижесіне қол жеткізеді.

Тақтаға шыққан, сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.



https://youtu.be/PfntAJLh2PM

Ә.Н.Шыныбеков.,

Д.Ә.Шыныбеков.,

Р.Н.Жұмабаев.,

С.С.Меделханов.,

Геометрия

Алматы. Атамұра,

2020-192 бет



Плакаттар, маркер

Сабақтың соңы





3 мин







2 мин

Қорытынды:

« Бір сөйлеммен түйінде » әдісі. Оқушылар тақырыпты түйіндейтін бір ғана сөйлем жазады. Сөйлемді сыныптастары бағалайды және дәптерге көшіріп жазады.

Сабақты қортындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатамын. Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін, не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Рефлексия: Сабақ соңында « Бес саусақ » әдісі бойынша

балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?







Кеспе қағаз

Үй жұмысы

1 мин

№ 3.91есеп 122бет. Ереже жаттау.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеке жұмыс. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай олардың білім деңгейлерін арттыру мақсатында « Кім білгір?» тәсілін пайдаланамын. Оқушыларға қандай көмек керек екенін сұраймын және дұрыс бағыт-бағдар беремін.

Жұптық жұмыс. Оқушылардың қажетті білім, білік-дағдыларды игеруін қамтамасыз ету мақсатында қабілетті оқушылар жұптағы ерекше қолдауды қажет ететін оқушыларға көмектесе отырып, тапсырманың нәтижесіне қол жеткізеді.

«Мадақтау»

«Басбармақ»


Оқушылардың сабақта оқу құралдарын мұқият пайдалануға және сыныптың қауіпсіздік ережелерін сақтауына ескерту жасау.

Сыныпты топтық жұмысқа ыңғайлы жабдықтау.

Акт-ны дұрыс пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
2360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі