Щщ дыбысы мен әрпі.1 сынып әліппе

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Щщ дыбысы мен әрпі.1 сынып әліппе

Материал туралы қысқаша түсінік
Щщ дыбысы мен әрпі. 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Әліппе

Бөлім:

Әліппе кезеңі

Педагогтің аты-жөні:

Л.Бектасова

Күні:

11.12.2025ж

Сынып: 1

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

83 Щщ дыбысы және әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтиже

Сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт- дәстүрін құрметтей біледі; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен

байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды,

сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айтады, жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады

Құндылықтар

бірлік және ынтымақ

« Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді»


Сабақтың барысы

Сабақ-тың жоспар-ланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Сабақтың басы

6 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасады, түгендейді.

Сынып бөлмесінің тазалығына назар аударады.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Өткен сабақты қайталау мақсатында «Сөзбен сурет салу» әдісі қолданылады:

Мұғалім «Һ» дыбысы бар бір сөзді тақтаға жазады (мысалы: айдаһар).

Оқушылар сол сөзді еске түсіреді және сол сөзге қатысты қысқа сөйлем құрады.

Содан кейін әр оқушы өз сөзін немесе сөйлемін қағазға немесе тақтаға бейнелеу арқылы көрсетеді (сурет арқылы).

Барлық оқушылар өз шығармаларын көрсетіп, бір-бірінің жұмысына назар аударады.

Осылайша, оқушылар сөзді дұрыс айтуға, түсінуге және шығармашылықпен байланыстыруға дағдыланады.

құндылық

Ынтымақтастық, құрмет – оқушылар бір-бірін тыңдауға, сөзді дұрыс айтуға және сыйластық көрсетуге үйренеді.

Мұғаліммен амандасады,

Сынып бөлмесінің тазалығына назар аударады, өз орындарын реттейді.

Ынтымақтастық атмосферасына қатысады: бір-бірін тыңдайды, сыйластық көрсетеді.

Мұғалім тақтаға жазған «Һ» дыбысы бар сөзді қарайды Сол сөзге қатысты қысқа сөйлем құрады).

Қысқа сөйлемді суретке айналдырып көрсетеді немесе қағазға салады.

Өткен сабақтағы сөздер мен тақырыпты еске түсіреді.

Жаңа сабақтың тақырыбын болжайды, сабақты қызығушылықпен тыңдайды.

«Жақсы!»


«Жарайсың!»


«Тамаша!»


«Өте дұрыс айттың


Сабақтың ортасы

5 минут























Білу.

10 минут































5 минут
















10 минут
















5минут







Саралау тәсілі. Ресурстық тәсілді қолданамын.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру

III. Жаңа тақырып. – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Щ» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Щ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Щ» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.

«Суреттер сөйлейді» әдісі

1.Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:

Мұғалім оқулықтағы «Щ» әрпін көрсетіп, оның жазылу формасын түсіндіреді.

Дыбыстың ерекшелігін анық айтып, оқушыларға тыңдатады.

«Бұл — қатаң айтылатын дыбыс

Өтілетін жаңа дыбысы бар «щетка» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

«Щ» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

«Щ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

Ермексаздан «щ» әрпін жасау.

2-тапсырма .МТ:Мұғалім оқушыларға буындап және тұтас оқудың үлгісін көрсетеді.

«Балалар, сөздерді алдымен буындап, кейін тұтас оқимыз.»

Оқылым жұмысы

Оқулықтағы жұмбақты түсініп оқыту

Саралау тәсілі: әр түрлі қабілеттегі оқушыларды жұптастырамын. Бір-біріне қолдау көрсете отырып, ынтымақтаса тапсырманы орындайды. Сөйлеуге уақыт беріледі. Жұбын қолдау көрсетеді. Жұпқа біріге отырып тапсырманы ынтымақтастықта орындайды, құрмет көрсетуге дағдылана бастайды. Құндылықты тапсырма орындата отырып қалыптастырамын.

Тапсырма: Жұмбақты оқы және шешуін тап.

Тісті жусаң, тазартар,

Киімнің шаңын азайтар. Бөтенкені жаңартар,

Бұл не?


Топтық жұмыс 3-тапсырма.Саралау тәсілі: топтарға рөлдерге бөлу Топтарға қабілеті әр түрлі оқушыларды біріктіремін. ЖАДА қалыптастырады. (Бірлік және ынтымақ) Топтық жұмыс орындауда ынтымақта және жауапкершілікті жұмыс жасайды. Бірлескен жұмыс оқушыларда бір-бірін тыңдай білуге, құрметтеуге қалыптастырады. Топтар бір-біріне тиімді кері байланыс бергенде де ынтымақтастықты, құрмет көрсетуге дағдылана бастайды. Құндылық тапсырма орындай отырып қалыптасады.

Тапсырма : Орны ауыстырылған сөйлемдерден мәтін құрастыр жаз .

Біреуінің суы ащы.

Екіншісінің суы тұщы.

Біздің жақта екі көл бар.

Оны «тұщы көл» деп атайды.

Сондықтан оны «ащы көл» деп атайды.


Сергіту сәті

Щ дегенім тапшы,

Кітабыңді ашшы,

Бір-біріне қарсы,

Тұщы менен ащы.


ЕБҚ оқушы

Сөздерді буынға бөл.Бір сөзді таңдап, сөйлем құра.

Ащы, тұщы, плащ

Жазылым

  1. Оқулықтағы «щ» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Щ» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Щ» әрпін ауада жазып көрсету.

4.Мұғалім оқушыларға жазу дәптерлеріндегі үлгілерді пайдаланып, алдымен "Щ" әрпінің элементтерін, сосын әріптің өзін жолға сыйғызып жазуды тапсырады. Жеке оқушылардың жазуын бақылап, қажет болса көмек көрсетеді.


Жеке жұмыс.

Саралау тапсырмасы

Функц.сауаттылық.

  1. деңгей:Дыбыс сызбасында жасырынып тұрған сөзді тап.«Бұрыштың дәмі қандай болады?»

  2. деңгей:«Щ» дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта.

  3. деңгей:Ащы сөзімен сөйлем құра.

IV.Сабақты қорытындылау

"Сөзтан"у айдары

«Ащы мен тұщыны татқан білер»

Сөздің мағынасын мұғалмінң көмегімен талдау жасайды .түсінеді


Сабақ тақырыбын болжау және сабақ мақсатымен танысу.


Жаңа тақырыпты меңгеру:


Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрады.


Әңгімеден сөйлемді, сөйлемнен жаңа дыбысы бар сөзді бөліп алады.


Дыбыстық талдау жасайды («щ» дыбысын дауысты және дауыссызға ажыратады).


«Щ» әрпін көркем жазуды үйренеді.


Ермексаздан «щ» әрпін жасайды.





Оқылым жұмысы:


Сөздерді буындап және тұтас оқиды.


Жұмбақты оқып, оның шешімін табады.


Жұптық жұмыс кезінде бір-біріне қолдау көрсетеді, пікір алмасады.Жұптасып отырғанда бір-біріне жұмбақ мәтінін оқиды.


Бірінші оқушы жұмбақтағы жолдарды оқып береді, екінші оқушы тыңдайды.


Жұп бірігіп жұмбақтың шешімін ойлайды (мысалы: «щетка»).


Бір-біріне қолдау көрсетеді: егер біреу қатесең, екіншісі сыпайы түрде түзетеді.


Шешімін сыныпқа ортаға шығарады немесе дәптерге жазады.


Жұп бір-бірін мадақтап, ынтымақтастықты дамытады.



Орны ауыстырылған сөйлемдерден мәтін құрастырады.


Топтық жұмыс барысында бір-бірінің пікірін тыңдайды, құрмет көрсетеді.


Топқа тиімді кері байланыс береді.


Сергіту сәті:


Ойынға қатысады, сөздермен жаттығу жасайды.


ЕБҚ (жеке бақылау жұмысы):


Сөздерді буынға бөледі.


«Щ» дыбысы сөзде қай жерде екенін анықтайды.


Сөйлем құрады («Ащы» сөзімен сөйлем құрастырады).


Жазылым жұмысы:


«Щ» әрпін дәптерге үлгі бойынша жазады.


Жеке жазуын мұғалімнің көмегімен түзетеді.


Сабақты қорытындылау:


«Ащы мен тұщыны татқан білер» мақалын талқылайды.


Сөздің мағынасын түсінеді және талдайды.

Дескриптор:


Сюжетті суретке қарап әңгіме құрады.


Әңгімеден сөйлемді бөліп алады.


Сөйлемнен жаңа дыбысы бар сөзді бөліп, дыбыстық талдау жасайды.


«Щ» дыбысының айтылу ерекшелігін ажыратады.


«Щ» әрпін көркем жазып үйренеді.


Ермексаздан «щ» әрпін жасайды.





Дескриптор:


Сөздерді буындап оқиды, кейін тұтас оқиды.


Жұмбақты оқып, шешімін табады.


Жұптық жұмыс барысында бір-біріне қолдау көрсетеді және пікір алмасады.













Дескриптор:


Орны ауыстырылған сөйлемдерден мәтін құрастырады.


Топ ішінде бір-бірін тыңдайды және құрмет көрсетеді.


Топқа тиімді кері байланыс береді.


Бірлесіп жұмыс жасайды, жауапкершілікпен әрекет етеді.











Дескриптор:


«Щ» әрпін дәптерге үлгі бойынша жазады.


Жеке жазуын мұғалімнің көмегімен түзетеді.






Дескриптор:


«Ащы мен тұщыны татқан білер» мақалын талқылайды.


Сөздің мағынасын түсінеді және талдайды.






слайд түсіндер ме





тапсырма

























слайд түсіндер ме





тапсырма



























слайд түсіндер ме





тапсырма












слайд түсіндер ме





тапсырма





слайд түсіндер ме





тапсырма






Сабақтың соңы

5 минут






Кері байланыс

(оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу):

-Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?

- Қай тапсырманы өзіңе жеңіл деп санадың?

-Қай тапсырма қиын болды? Неге?

-Жұпта немесе топта жұмыс жасағанда бір-біріңе көмектестіңдер ме?

-Бір-біріңді тыңдадыңдар ма?

-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неліктен?

-Келесі сабақта нені үйренгің келеді?

Рефлексия жасайды.

Стикерлермен баға беру»

Әр оқушы өз жұмысын стикермен бағалайды:

Жасыл – жақсы түсіндім

Сары – кей жерлер түсініксіз болды

Қызыл – қиын болды

Мұғалімнің тиімді кері байланысы

стикер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2025
19
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі