400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Си қырлы пiшiндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Кiрiктiрiлген сабақ бойынша кiшi топ оқу ic әрекеті сенсорикалык ұғымдарды таныту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Г.Н.Касимбаева

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс – әрекеті. Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер» Мақсаты: Физикалық дағдыларын дамыту бойынша құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға,өзара оң қарым-қатынас жасауға баулу. Коммуникативтік дағдыларын дамыту бойынша дидактикалық және дамытушы ойындарды,жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту. Танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту бойынша қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Командада жқмыс істеуге дағдыландыру. Шығармашылық дағдыларын дамыту бойынша балалардың шығармашылық дағдыларын зерттеу,іс-әрекетін дамыту.
Көрнекілік:
Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер, иллюстрациялы суреттер.
Әдіс - тәсілдер:
Сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, топтастыру, ойын
Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: - Балалар оқу кызметімізді шаттық шеңберінен бастайық. Арайлап таң атты,  Алтын шуақ таратты.  Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. - Балалар бүгін оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Мен сендермен «Пішіндер еліне» саяхатқа барсам деймін,менімен бірге барасыңар ма? -Ия Олай болса,орнымызды тұрып,көзімізді жұмып,айналамыз.
Ұйымдастыру - ізденушілік
Мінекей «Пішіндер еліне» келіп жеттік, қараңдаршы қандай керемет!!! - Балалар, пішіндермен танысайық.
Шеңбер:
Мен шеңбермін,шеңбермін, Осындаймын дөңгелек. Айналамын күн сайын, Барлығы үшін біз керек.
- Балалар,неліктен шеңбер деп аталады? Себебі, шеңберде бұрыш болмайды.
- Шеңбер пішініне ұқсас қандай заттарды білесіңдер?
Үшбұрыш: Мен үшбұрыш,үш жағым бар. Үй төбеден жасалған, Үй төбесіне қарасаң Мен ғой отырған. - Балалар үшбұрыштың қанша бұрышы бар екен ? Шаршы: Мен шаршымын, Төрт жағым бар. Төрт жағым бірдей, Кел ойнаймыз. Балалар шаршының неше бұрышы бар? Шаршыға ұқсайтын қандай заттарды білесіңдер? Балалар біз пішіндермен таныстық.Енді осы пішіндердің дайындаған тапсырмаларын топқа бөлініп орындайық.Олай болса,балалар мен сендерге әр түрлі пішіндер ұсынамын,ал сендер таңдайсыңдар. Кімге қандай пішін түседі,сол пішіндер орталығының тапсырмасын кедергілерден өткен соң орындаймыз. 1.Шаршы орталығы:Сурет бойынша көліктің жоғалған дөңгелегін орналастыру. 2.Шеңбер орталығы: пішіндер арқылы балапанның бейнесін жапсыру. 3. Үшбұрыш орталығы:адасқан пішіндерді өз орнына қою . Жарайсыңдар балалар!Олай болса бір сергіп алайық. Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық, Қолдан шеңбер құрайық. Дөңгелектей дөңгелеп, Шыр айналып тұрайық . Қолды аспанға созайық, Түзу болып тұрайық. Бір-біріне қосылып, Үшбұрышты құрайық.
Қорытынды: Біз қайда бардық? Қандай пішіндер туралы айттық ?
Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
Дөңгелекте бұрыш бола ма? Саяхат сендерге ұнады ма? Қандай тапсырмалар орындадық? Балаларды мадақтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.04.2023
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі