400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шифрлау 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге, әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ақпаратты ұсыну

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білм беретін мектебі

Күні:25.05.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мамбетова Айнагүл Амангелдіқызы

Сынып: 6

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы




Ақпаратты шифрлау


Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1- мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау

Сабақтың мақсаты

Көпшілігі ASCII коды аркылы кодтай алады.

Барлығы мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау

Кейбір мәтіндік ақпаратты шифрлаудың әртүрлі әдістерін біледі.

Бағалау критерийі

- Мәтіндік ақпаратты кодтай алады

- Мәтіндік ақпаратты кодтан шығара біледі

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Шифрлау – Шифрование – Encryption

Криптография – Крипторграфия – Cryptography

Кілт – Ключ – Key

ASCII коды

Морзе әліппесі

Диологтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  • Мәтіндік ақпарат –

  • Шифрлау мен шифрдан шығару –

  • Криптография –

Құндылықтарға баулу


Ақпаратты шифрлауді, мәтіндік ақпаратты кодтауды Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Пән аралық байланыс

Ежелгі Дүниежүзі тарихы (Ежелгі заманда шифрлауды құпияжазба есебінде пайдаланған)

Математика (сандарды біріктіру)

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ақпаратты тасымалдау













Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. «Сағаттың тілі» бойымен білім алушалар бір-бірімен амандасады өздерін еркін ұстауға қалыптастыру.

«12» ге келгенде «Қолмен»

«15» ге келгенде «Иықпен»

«18» ге келгенде «Мұрнын қысады»

«21» ге келгенде «Құшақтасып» амандасады.

«Сиқырлы қорапша» әдісін пайдаланып қорапшаға жасырылған шифрлау, криптография, кілт, сөздері арқылы жұпқа біріктіремін, де үй тапсырмасын пысықтаймын.

  1. Ақпаратты күнделікті өмірде ақпаратты қабылдаушысың ба, әлде берушісің ба?

  2. Ақпаратты тасымалдау үдерістері?

  3. Ақпарат арналарын атаңыз?

Shape1

2



Shape3 Shape2

3

1


Сабақтың ортасы


«Миға шабуыл» әдісі.

Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша, шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті

Жаңа тақырып. Бейнежазба көрсетіледі.

Проблемалық сұрақтар:

  1. Не түсіндіңіздер?

  2. Сан түріндегі ақпаратты кодтау дегеніміз не?

  3. Мәтіндік ақпаратты кодтау дегеніміз не?

  4. Графикалық ақпаратты кодтау дегеніміз не?

  5. Дыбыстық ақпаратты кодтау дегеніміз не?



«Штрих код» бағдараламасы арқылы сұрақтар жасыру:

1. Шифрлау не үшін қажет?

2. Мәтіндік ақпаратты шифрлау дегеніміз не және ол не үшін қажет?

3. Криптография не туралы ғылым ?

4. Кілт қандай ақпарат?

Дискриптор:

Барлық оқушылар шифрлауды біледі

ASCII коды аркылы кодтай алады.

Мәтіндік ақпаратты кодтайды және кодтан шығара алады.

Тапсырма 1.

«Сұраққа жетіп ал» әдісі

Мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Нұсқау: Жаңа тақырыптың мазмұны оқиды, оқылған мәтіннің мазмұнына жеке-жеке әр деңгейлі сұрақтар қояды.

Дескриптор:

1. Шифрлау не екенін біледі.

2. ASCII кодын ажыратады.

3. Мәтіндік ақпараты кодтайды

Тапсырма 2.

Жұптық жұмыс

« Морзе әліппесін» пайдаланып, келесі сөздерді кодтаңдар:

  1. 6 – сынып

  2. Компьютер

  3. Информатика

  4. Кабинет

  5. Алма

  6. 2006

  7. 2018

Дескриптор:

  • Морзе әліппесін пайдаланып сөздерді кодтай алады.

  • Оқушылар бір – біріне кодтауды түсіндіре біледі.

Саралау тапсырмалары:

Мақсаты: сыныптағы әртүрлі деңгейлі оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

А деңгейі: ASCII кодының стандарт бөлігінің кестесінен үзіндіні көрсет

В деңгейі: Информатика байланысты анаграмма шешіңдер. Кодтау тәсілін анықтаңдар. Шифрланғаннан кейін қандай сөздердің артық екендігін анықтаңдар.

  1. НОФЕЛТЕ, ММЕДО, ДАЖ, РНИТПЕР

  2. НОКБТОЛ, АПРАТҚА, ТНІУІРТ, СИКД

  3. РИТОНОМ, СЕСПОЦРОР, ТОРЛЯКУКАЛЬ, АБУМ

  4. ЛАЙФ, НОТА, ЛЕФШ

  5. МЕТРАРИФОМ, АТЕПРЕНАҚТ, АКЭРН



С деңгейі: Сөзжұмбақты шешіңдер.

Тапсырма 3.

Жеке жұмыс: «Өзіңді тексер» әдісі

Дескриптор:

  • Word мәтіндік редакторын іске қосып сандарды кодтай алады

https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/7-cynyp/lesson/aqparatty-kodtau-zholdary

























http://expert.atamura.kz/kz/books/349#page/35

Мұхаметжанова С.Т., Тен А.С., Қадырбек Ө















http://armanpv.kz/?book=67

Г.И.Салғараева, Г.Б.Илиясова, А.С.Маханова


Сабақтың соңы

Кері байланыс: «Мадақтау әдісі»

Мақсаты: Сабақтың қалай өткендігі туралы мағлұмат ала отырып, оқушының бір-бірін мадақтау арқылы ықпал ету.

Нұсқау: Өтілген сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, стикер арқылы «Медальға» апарып жапсырады.

Мен білдім...................

Мен үйрендім..............

Маған ұнады...............

Мен қиналдым.............

Менің көңіл күйім..........

Үйге тапсырма: Өз отбасынадағы жандардың аттарын «Морзе алфавиті» арқылы кодтап келеді.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылардың

деңгейіне

байланысты

компьютерде

орындайтын

А,В,С

деңгейіндегі

тапсырмалар.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.

Житондар жинау арқылы бағаланады

«Мадақтау» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерініңтармақтары


Сабақ бойынша рефлексия



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі