жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шилі өңіріндегі жел генераторы мен күн батареясының мүмкіндігін пайдалану
КІРІСПЕ
Жұмысымыздың негізі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы жел және күн энергиясы жайлы жалпы сипаттама. Оның ішінде Жел мен қүн энергиясы, олардың куатылығы мен орналастыру технлогиясы. Туған жерімізде табиғатты тиімді пайдаланау болып табылады, сонымен қатар аудан экономикасын көтеруе өз үлесін қоспақ.
Жел энергетикасы жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы.
Күн энергиясын қуатылғын әр түрлі амалдар арқылы электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жылу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б. пайдалану.
Жел жылдамдығы – желқондырғысының энергия өндіруіне әсер ететін маңызды өлшемі болып табылады. Желдің үлкен жылдамдығы ауа массасының ағынының көлемін үлкейтеді.
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ.
Жұмысымыздың екінші бөлімінде жалпы Наурызым ауданына қарасты Шилі ауылы жайлы айтылмақ. Жұмыс барысында аудан геогрфиялық орны жалы мәліметтер мен ауданға қарасты Шилі ауылының географиялық орны мен ең басты жел генераторы мен күн батареясы орналастыру болып табылады.
Жұмыс барысында ұсынып отырған қондырғының осындай артықшылықтарын анықтадық:
Алынатын энергия әлде қайда арзан.
Ротордың өлшемдерін үлкендетіп жасау арқылы қондырғының қуатын арттыруға болады.
Тұтынушыға жақын орналастыру арқылы энергия тасымалдау проблемасының жоқтығы.
Шу жоқ. Ландшафты бұзбайды. Энергияны алу тұрақты, себебі биікте үнемі жел оғады. Қондырғыны кез-келген жерге ауыстыруға болады.
І. Жел және күн туралы жалпы түсінік
1.1 Жел мен күн энергиясы
Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ энергия алады. Күн энергиясының 1-2 % -і жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи да және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге танымал. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық, Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әр қилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әр түрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Дания елінің климаттық жағдайын ескерер болсақ, фотоэлектрлік жүйемен қамтамасыз етілген энергия қыста - 18% , ал жазда - 100% берсе , ал жел станциясынан алынатын энергия қыста – 100%, жазда – 55% береді екен. Осындай үйлесімділікпен қарастырылған желқондырғысы мен фотоэлектрлік жүйеден тұратын желқондырғысын біріктіріп пайдаланған, әрине тиімдірек болады, жеке пайдаланғаннан гөрі. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады. Ендеше, осыларға жеке-жеке тоқталайық
Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Жетісу қақпасындағы желдің қуаты мол. Ол екі таудың ең тар жеріндегі (ені 10 — 12 км, ұзындығы 80 км) табиғи “аэродинамикалық құбыр” болып табылады. Қақпа Қазақстанның Балқаш — Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 — 7,8 м/с, ал жел электр станциялары 4 — 5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті жел қондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және, әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Күн энергетикасы - күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жылу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.) пайдалану. Күн қуаты - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, өлар: ультракүлгін, көрінетін жәнө инфрақызыл сәуле шығару аймағы.
1.2 Жел мен күн энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері
Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.
Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері
Бір де бір ғылым саласы, өндіріс, мамандық тек жағымды немесе тек қана жағымсыз факторлардан тұрмайды. Әдетте әр заттың жақсы-жаман тұстары болады. Ендеше, жел энергиясының плюс-минустарын қарастыра кетейік.
Артықшылықтары:
Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ;
Электр қуатын беруші компаниялардан дербестік қамтамасыз етілген;
Ластаушы қалдықтар жоқ;
Табиғи ресурстар үнемделеді;
Отын, электр қуатының шығындары қысқарады;
Атмосфералық жылулық балансқа әсер етпейді;
Табиғаттың оттек қорын сақтайды;
Желдің кинетикалық энергиясын электр қуатына тегін айналдырады.
Кемшіліктері:
Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады;
Үлкен аумақты қажет етеді;
Жел энергиясы Қазақстанда
Қазақстанның жел энергетикасын дамыту әлеуеті өте жоғары. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламсының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, еліміздің потенциалы мыңдаған МВт немесе жылына 1 триллион кВт-сағ көлемінде – бұл дүние жүзі бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Оның қуаттылығы Күн тұрақтысымен анықталатындығы белгілі. Күн тұрақтысы – күн сәулесіне перпендикуляр болатын, бірлік ауданнан бірлік уақыт ішінде өтетін күннің сәуле шығару ағыны. Бір астрономиялық бірлік қашықтығында (Жер орбитасында) күн тұрақтысы шамамен 1370 Вт/м²-қа тең. Жер атмосферасынан өткен кезде Күн сәулеленуі шамамен 370 Вт/м² энергияны жоғалтады. Осыдан Жерге тек 1000 Вт/м²-қа тең энергия ғана келіп түседі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады.
Қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Әлем бойынша электр энергиясын ең көп өңдіретін елдерге АҚШ, Қытай жатады. Бұл елдерде электр энергиясының өндірісі әлемдік өндірістің 20%-ын құрайды. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оның географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру желэнергетикалық құрылғыларды, Күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.
Күн сәулеленуінен электр энергиясы мен жылу алудың бірнеше әдістері бар.
Электр энергиясын фотоэлементтер көмегімен алу.
Күн энергиясын жылу машиналарының көмегі арқылы электр энергиясына айналдыру (Жылу машиналарының түрлері: поршеньдік немесе турбиналық бу машиналары. Стирлинг қозғалтқышы.).
Гелиотермальдық энергетика – Күн сәулелерін жұтатын беттің қызуы мен жылудың таралуы және қолданылуы.
Термоәуелік электр станциялары (Күн энергиясының турбогенератор арқылы бағытталып отыратын ауа ағыны энергиясына айналуы).
Күн аэростаттық электр станциялары (аэростат баллоны ішіндегі су буының аэростат бетіндегі күн сәулесі қызуы салдарынан генерациялануы).
Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Жеке ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0,5-0,55 В-қа тең және ол оның ауданына тәуелсіз (1 см² ауданға келетін қысқа тұйықталу тогының шамасы – 35-40 мА). Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты. Яғни күн сәулелері Күн батареясы бетіне перпендикуляр түскенде, ол ең үлкен мәніне жетеді. Қазіргі Күн батареяларының пайдалы әсер коэффициенті – 8-10%, олай болса 1 м² ауданға тең келетін қуат шамамен 130 Вт-қа тең. Температура жоғарылаған сайын (25ºС-тан жоғары) ФЭТ-тегі кернеудің төмендеуіне байланысты Күн батареясының пайдалы әсер коэффициенті кеміп, Күн батареяларының жиынтық қуаты ондаған, тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареяларының өлшемдері әр түрлі болады. Мысалы: микрокалькуляторда орнатылғандарынан бастап, ғимараттар шатырлары мен автокөліктер төбелеріне орнатылатындарына дейінгі өлшемдерде.
1.3 Жел мен күн энергиясын өндеу технологиясы
Жел қондырғыларда жел ағынының кинетикалық энергиясы генератор роторларының айналу процесі кезінде электр энергиясына айналады. Конструкциясы жағынан желқондырғылардың генераторлары электростанция -дағы отын жаққанда ток өндіретін генераторларға ұқсайды. XX ғасырдың басында Н.Е. Жуковский жел двигателі теориясының негізін қалады, осы теорияны негіздей отырып әлсіз желдің ырғағынан жұмыс істелетін жоғары өнімді жетілдірілген желагрегаттардың конструкциялары жасалынды, барлық елдің ғалымдары мен самолет жасаушы конструктор мамандары өз үлестерін қосты. Барлық жел двигателінің жұмыс істеу принципі біреу-ақ,онда желдің әсерінен қозғалатын желдоңғалағының қалақшаларының қозғалысы электр энергиясын өндіретін генераторының айналып тұратын білігіне беріледі. Желдоңғалағының диематрі үлкен болған сайын соққан желдің үлкен ағысын қамтиды және агрегат түрлеріне қарап неғұрлым үлкен энергия өндіреді. Жел двигателін екі топқа бөледі:
Қалақшалы жел двигателінің айналу жылдамдығы олардың қалақшалар санына кері пропорционал, сондықтан агрегаттың қалақшаларын үштен артық жасамайды. Горизонталь айналдыру осі бар екі немесе үш қалақшадан тұратын мұнараның басына бекітілген қондырғылар – желқондырғылардың ең көп тараған түрі болып табылады. Горизонталь айналдыру осі бар турбинаның роторының басқарушы білігі де көлденең орналасқан. Ал көп қалақшалардан тұратын горизонталь осі бар моделін монолиттік деп атайды. Бұл қондырғылар төменгі жылдамдықта жұмыс істейтіндіктен, су тарту насосында пайдаланады.
Желқондырғылары мынандай негізгі бөліктерден тұрады :
қалақшалардан,
ротордан ,
трансмиссия ( двигательдің механикалық энергиясын машинаға беруге арналған механизмдер жиыны ) ,
генератордан ,
бақылау жүйелері .
Ротор орталық білікпен жалғанған қалақшалардан тұрады. Орталық білік басқарушы білікке трансмиссия арқылы жалғанған. Трансмиссия – белдік арқылы кинетикалық энергияны генератордың басқарушы білігіне беріп, электр энергиясын өндіретін механизмдер жиыны.
Желқондырғының бақылау жүйелері алыстан компьютер арқылы басқарып және бақылап отырады. Бақылау жүйелері қандай да бір бұрышпен көлбеу орнаатылған және айнымалы, әр бағытта қозғалып тұрады. Сонымен қатар электрондық бақылау жүйелері жел жылдамдығы өзгерген кезде, өндірілген кернеу шамасының шамадан асып кетпеуін реттеп отырады.
Күн панельдері жалпы жиектемеге оралған фотоэлектрлі ұяшықтан тұрады. Олардың әрқайсысы күн батареяларында жиі қолданылатын кремний сияқты жартылай өткізгіш материалдан жасалған. Күн сәулесі жартылай өткізгішке түскен кезде ол ішінара оның энергиясын сіңіру арқылы қызады. Осылайша, энергия ағымы жартылай өткізгіштегі электрондарды босатады. Сөйтіп, электр өрісі бос электрондарды жіберетін фотоэлементке қосылып, оларды белгілі бір бағытта қозғалуға мәжбүр етеді. Дәл осы электрон ағындары электр тоғын қалыптастырады. Егер металл контактілерді фотоэлементтің жоғарғы және төменгі жағына бекітетін болсаңыз, алынған тоқты сымдар арқылы жіберіп, әртүрлі құрылғыларды басқару үшін пайдалануға болады. Ал тоқтың күші ұяшықтың кернеуімен бірге фотоэлемент өндіретін электр қуатының күшін анықтайды.
Кремнийлі жартылай өткізгіштер электрондарды босату процесін кремнийді мысалға алып қарастырайық. Кремний атомының үш қабықшасында 14 электрон бар. Алғашқы екі қабықша толығымен екі және сегіз электронмен толтырылған. Ал үшінші қабықшаның жартысы бос, онда тек 4 электрон болады. Осының арқасында кремний кристалдық формаға ие. Өйткені, кремний атомдары үшінші қабықшадағы бос орындарды толтыруға тырыса отырып, электрондарды көршілерімен «бөлісуге» тырысады. Дегенмен, кремний кристалы таза түрінде болса электрондарды нашар өткізеді. Себебі, оның барлық дерлік электрондары кристалды торда қозғалмай отырады. Сондықтан күн батареяларында таза кремнийді пайдаланбайды. Оның орнына азғантай қоспалары бар кристалдарды, яғни басқа заттардың атомдары енгізілген кремний қолданылады. Кремнийдің миллион атомында бір атом бар, мысалы, фосфор атомы. Фосфордың сыртқы қабығында бес электрон болады. Олардың төртеуі жақын тұрған кремний атомдарымен кристалдық байланыс қалыптастырады, бірақ бесінші электрон көрші атомдармен байланыссыз, кеңістікте қалады. Ал кремнийге күн сәулесі түскенде, оның электрондары оларды тиісті атомдардан үзіп алуға жететіндей қосымша энергия алады. Нәтижесінде, олардың орнында «тесіктер» қалады. Сөйтіп, босатылған электрондар электр тоғын тасымалдаушылар ретінде кристалды тормен жүреді. Осылайша, кезекті «тесікті» кездестірген сайын оны толтырып отырады. Алайда, таза кремнийде мұндай еркін электрондар кристалдық тордағы атомдардың күшті байланысы себебінен өте аз. Ал фосформен араласқан кремний бұл бөлек мәселе. Мұнда фосфор атомдарындағы байланыспаған электрондарды босату үшін энергияны әлдеқайда аз мөлшерде қолдану керек. Осы электрондардың басым бөлігі электр энергиясын өндіру үшін оны тиімді түрде жіберіп және пайдалануға болатын еркін тасымалдаушыларға айналады. Сонымен қатар, заттың химиялық және физикалық қасиеттерін жақсарту үшін жасалған қоспаларды қосу процесі қоспалау деп аталады. Фосфор атомдарымен қосылған кремний n типтегі (негатив) электронды жартылай өткізгіш болып табылады. Сонымен қатар кремний сыртқы қабығында тек үш электроны бар бормен қосылады. Нәтижесінде еркін оң зарядталған «тесіктер» пайда болатын p-типті (позитивв) жартылай өткізгіш шығады.
Күн батареясының құрылғысы N типті жартылай өткізгішті p-типті жартылай өткізгішпен жалғасаңыз не болады? Алғашқысында көптеген еркін электрондар қалыптасса, екіншісінде – көп тесіктер пайда болды. Электрондар тесіктерді мүмкіндігінше тез толтыруға тырысады, бірақ егер бұл орын алса, екі жартылай өткізгіш те электрлі түрде бейтарап болады. Оның орнына, еркін электрондар p-типті жартылай өткізгішке енген кезде, осы екі заттың қосылысқан аймағы қызып, өтуге қиын болатын кедергі қалыптастырады. Осылайша, p – n жартылай өткіштерінің өтетін шекарасында электр өрісі пайда болады. Күн сәулесінің әрбір фотонының энергиясы әдетте бір электронды босатуға жеткілікті. Яғни, ол тағы тір қосымша тесіктің қалыптасуына да жетеді. Егер бұл pn жартылай өтгізгіштері түйіскен жерде орын алса, онда электр өрісі n-жағына еркін электронды, ал p-жағына тесік жібереді. Осылайша, тепе-теңдік одан әрі бұзылады, ал егер сыртқы электр өрісі жүйесіне қолданса, еркін электрондар тесіктерді толтыру үшін электр тоғын қалыптастырып, p жартылай өткізгіш жаққа шығып кетеді. Өкінішке орай, кремний жарыққа өте жақсы тойтарыс береді, демек бұл фотонның маңызды бөлігі босқа кетеді деген сөз. Сондықтан, шығынды азайту үшін фотоэлементтер антибликативті жабынмен жабылады.
Бірақ, соңында күн батареясын жаңбыр мен желден қорғау үшін, оны әйнекпен жабу керек. Бірақ, заманауи күн батареяларынан келетін пайдалы әсер коэффициенті жоғары емес. Олардың көпшілігі өзіне түскен күн сәулесін 12-ден 18 ℅ дейін тиімді өңдейді. Ал үздік үлгілер 40 ℅ пайдалы әсер коэффициентіне өтті.
Күн энергиясын пайдаланудың өзіндік артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Соларға тоқталайық.
Артықшылықтары:
1) Күн энергиясы бәріне бірдей қолжетімді;
2) ол сарқылмайды;
3) қоршаған ортаға қауіпсіз;
Кемшіліктері:
1) ауа райы мен тәуліктің уақытына тәуелді;
2) Күн энергиясын алу үшін қолданылатын құрылғылардың қымбаттылығы;
3) оны шағылдыратын бетті периодты түрде тазалап отыру қажет;
4) электр станциясының жанында атмосфера ысып кетеді;
5) энергияны аккумуляциялау қажет.
Соған қарамастан Күн энергетикасына деген сұраныстар жыл сайын артып келеді. Әр елдің ғалымдары осы қосымша энергия түріне ерекше мән беріп, оны дамыту жолдарын қарастырумен айналысуда. Осыған орай Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрылғыларды пайдалану деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді.
ІІ. Наурызым ауданы, Шилі ауылында жел генераторы мени күн батареясын орнату
2.1 Наурызым ауданының физикалық географиялық орны
Наурызым ауданы — Қазақстанның Қостанай облысында орналасқан аудан. Әкімшілік орталығы — Қарамеңді ауылы. Облыстық орталық Қостанайға дейінгі арақашықтығы — 198 км.
Аудан аумағында ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміндегі №1102 нысан саналатын Наурызым қорығы орналасқан.
Қостанай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік аудан 1965 жылы құрылған. Жерінің аумағы — 18,3 мың км². Тұрғыны — 12,1 мың адам (2015). Құрамында 8 ауылдық округ, 12 ауыл бар. Орталығы — Қарамеңді ауылы. Наурызым ауданы Торғай Үстіртінің солтүстік жағында орналасқан. Жер бедері едәуір күрделі. Шығыс жағындағы Торғай Үстіртінің орталық бөлігі ауданды бойлық бағытта бөліп жатыр. Аудан жерінің оңтүстік жағында өзен аңғарларымен бөлінген, беттері негізінен тегіс Қызбелтау, Қарғалы таулары мен Қыземшек шоқысы орналасқан. Ең биік жері Қарғалы тауында (308 м). Жер қойнауында Панфилов қоңыр көмір кені, Шошқалы құм-қиыршықтас кені, отқа төзімді балшық, Шолақсай кен орны, Қарасу құм кендері бар. Наурызым ауданы жер беті суларына біршама бай. Өзендер жүйесі Үлкен Дәмді, Наурызым Қарасуы, Қаражылға, солтүстігінде Данабике өзендері мен олардың көптеген сай-салаларынан тұрады. Көлдерінің көпшілігі тұзды сулы. Наурызым ауданы құрғақ дала белдемінде орналасқан, климаты шұғыл континенттік. Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы — -18–-19°С. Өте суық қыста температура Ақсуат кені төңірегінде -46°С-қа дейін төмендеген. Жазы ыстық. Шілденің орташа температурасы — 22°С. Жаз тым ыстық жылдары ауа температурасы 40°С-қа дейін жетеді. Климаттың құрғақ болуына байланысты жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200–250 мм-ден аспайды. Оның 70–75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Желсіз тымық күндер аз. Соғатын желдердің жылдық орташа жылдамдығы 4,5–5 м/с шамасында. Жер қыртысы түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақтан тұрады. Торғай және Сыпсыңағаш қолаттарының табанында сортаң және шақатты қызғылт-қоңыр топырақ тараған. Ауданның солтүстігінде бетеге мен селеуі басым әр түрлі астық тұқымдас шөп өскен. Наурызым қорығы алқабында қарағайлы, қайыңды-қарағайлы орман, Торғай қолатының және Қаражылға мен Наурызым Қарасуы өзендерінің бойы бұйырғын аралас қара жусан мен көкпектен және әр түрлі шөп аралас бидайық пен қияқ шөптерден тұрады.
Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, саршұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, ормандарда тиін, тұяқтылардан елік, қабан, құстардан бүркіт, кезқұйрық, күйкентай, дуадақ, шіл, ақ және қара құрлар, өзен-көлдерде аққу, қаз, үйрек, тырна, қызғыш, жылқышы, т.б. мекендейді.
Наурызым ауданында халық сирек қоныстанған және түгелдей ауылдық жерде тұрады. Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы — шамамен 0,8 адам (2016). Халқының басым бөлігі — қазақтар (71,49%). Ірі елді мекендері: Қарамеңді (4,3 мың адам), Шолақсай (1,8), Буревестник (1,5), Раздольное (1,3). Науырызым ауданында негізінен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Мұнда ауыл шарушылығына жарамды жердің жалпы аумағы 1129,8 мың га, оның 187,0 мың га-сы — егістік, 53,7 мың га-сы — шабындық, 889,1 мың га-сы — жайылым. Ауданда 20 ғасырдың 90-жылдарының орта кезінде таратылған бұрынғы кеңшарлардың, т.б. шаруашылықтардың негізінде жаңа типтегі көптеген ауыл шарушылық бірлестіктері құрылды. Наурызым ауданы негізінен астық және мал өсірумен айналысады. 2003 жылы мұндағы егістіктің аумағы 170,1 мың га-ға жетті. Мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінен Науырызым ауданында жалпы білім беретін 22 мектеп, 1 мәдениет үйі, 9 клуб, 11 кітапхана, аудандық аурухана мен емхана, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 дәріхана жұмыс істейді.
2.2 Шилі ауылының шығу тарихы мен қалыптасуы
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды,- деп туған жерге деген ыстық сезім жырға қосқан болатын. Міне осындай туған жерге деген ыстық ықыласымызымыз ауылымыздың тарихы жайлы жазуға түрткі болды. Жалпы аудан мұрағатында Шилі ауылының аталуының шығу тарихына қатысты деректер жоқ болып шықты.
Наурызым ауданына қарасты Шилі ауылының жергілікті тұрғыны Асипов Бауыржан Қонарбайұлы берген мәліметтері бойынша Шилі ауылы обылыс орталығынан 220-шақырым жерде орналасқан. Ауыл тұрғынының айтуларынша ауылдың аталу себебі «Ши» деген қамысқа ұқсас өсімдік ауыл төңірегінде өте көп өскен. Шиді өріп үйді,қораны көтеріп үстінен балшықпен сылаған. Сондықтан да ауыл атауы Шилі аталған деседі.
Ауылда дәулетті бай кісілер өзінің рулас туыстарын жақындарын қасына жинаған, солай көп ауыл болған. Қасындағы ауылдармен қарым-қатнас жасап, қыз беріп, қыз аласып құда-жекжат болған.Осылай Шилі ауылы жиімбет руының мененіне айналған. Оның маңайында Құмжота деген жерде Сүгір руы мекендеген, Жарыкөл ауылында Көтібақ руының мекені болған .
«Атадан мал қалғанша тал қалсын» дегендей,ауылдың зәулі теректері, ақ қайындары, талдарға қарағанда көз сүйсіндіреді. Ал жерге қарасаң тоғай маңында өскен бүлдіргеннің көп түрін көресін әсіресе кіішентай қой бүлдіргендер, қаз жуа, дала бүлдіргендері көп кездеседі. Құмжота Жаркөлде кәдімгі бүлдіргендер сай маңында бұлақтарға жақын жерлерде өседі. Бұлақтар сан қырыққа жуық. Бұлақ демекші.... біздің ауыл бұлағымен танымал,суы тұщы, сапалы, сапалы «Tassay» суынан кем емес шипалы. Ауыл іргесінде Тасбұлақ деген үлкен бұлақ бар, басында үй салынған, маңайы долана қарағат , мойыл ағаштары өскен. Орта бұлақ ауылдан 3 шақырымдай жерде орналасқан. Бұдан басқа Аяқ бұлақ, Шиқұдық, Ыбырай бұлағы, Ақан бұлағы деген елді менен жерлер болған. Көзі ашылмаған қайнар бұлақтарды да кездестіруге болады. Бұлаққа келген қонақтар міндетті түрде бұлақ суын өздерімен бірге алын кетіп жатады. Көктемде жол бойы өскен қызғалдақтар бірнеше шақырымға созылып жатады. Шилі жерінің шөбі шүйгін малға жайлы,өрісі кең. Өзен мен көлдерде балықтардың бірнеше түрі бар. Көктем кезінде құс базары басталады. Наурызым қорығының көлдері ауылға жақын болғандықтан құстар күндіз ауыл егінінің ортасында жайылып, кеш түсе көлге қайтады. Олардың ішінде аққу, тырна, қоңыр қаз, қараша қаз, үйректің бірнеше түрі бар. Күзде аңшылар облысымыздың түпкір түпкірінен келеді, көрші Ақтөбе облысынан, тіпті Ресейден де аңшылар құс аулауға келіп жатады.
Шилі ауылының байырғы тұрғындарының айтуы бойынша, өткен ғасырдың 20-30 жылдары Шилі ауылының тұрғындары көп қиын қыстау кезенді бастарынан кешкен. 1930 жылдары Шилі,Құмжота, Жаркөл ауылдары өз алдарына жеке ұжымшар болып егін егіп, мал бағып кеңестік үкімет қойған жоспарларын орындаған.1937-1938 жылдардағы репрессия кезенінің азабын Шилі ауылының тұрғындары көрген. Ауылдың көптеген білімді оқыған көкірегі ояу көзі ашық колхоз басқармалары, ауыл мұғалімдерді «халық жауы» деген айыппен соттап, Сібірге жер аударған. Кері қайтіп оралғандар болған жоқ. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы басталған ауылдың кәмілеттік жасына толмаған ер азаматтарының бәрін әскер қатарына шақыртып майданға аттандырған. Ауылда қалған қарттар мен әйелдер, балалар «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұранмен аянбай еңбек еткен. Бір үйден кеткен ағайындылардан оралмағандар да бар.
1954-1958 жылдары тың игеру кеінде ауылдың өмрі өзгеріп, Ресей, Украина, Беларусия, Молдовиядан көптеген «тың игерушілері» келе бастаған. Содан 1961 жылы үш колхозды біріктіріп орталығы Шилі ауылы болды. Кейін Шилі ауылы «Первоя Семилетка» деген кеңестік шаруашылыққа айналды. Кеңшарда 500-жуық отбасынан тұратын үш бөлімшеге бөлінген. Кеңшарда 18-24 мың гектар егістік жер, 10 мың гектар шабындық тоғай бар аймақтың бір шеті Шолақсай ауылы, Қожа ауылы, Наурызым қорығы шектесіп жатқан.Орташа деңгейдегі кеңестік шаруашылық болып есептелген ауылдың шаруашлығында екімыңнан астам ірі қара мал, 28 мыңға жуық қой болған.Ауылдан жазғы балалар дем алатын пионер лагері ашылған.
Кеңестік шаруашылық құлдырап ел нарыққа көшер тұста, Шилі ауылы да әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешті. Пысықай «кәсіпкерлер» алаяқтық жасап, ауылдың шаруашылығын талан-таражға салған. Ауыл тұрғындарының көпшілігі жұмыссыз болғандықтан, күн көріс қамымен ауылдан көшіп кетті.
Жаңа ғасырдың басында Шилі ауылын «Иволга Холдинг» ЖШС-тігі қарауына алып егін егіп,ауылдың тірлігіне жан біте бастады. Бүгінде ауылда 130-жуық отбасы тұрады. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін наубайхана, шатхана, аралас тауарлар сататын дүкен бар. 2013 жылы «Қызғалдақ» балабақшасы ашылды. Сонымен қатар қазіргі таңда «Иволга Холдинг» серіктестігінің Шилі ауылында 1200 бас мүйізді ірі қара ұстайтын ферма ашты. Нарықтық экономиканың баспапқы тұсында ауылдың шабындық тоғайы көп жерлері Сарымойын, Әлекбай, Таңатбай, Кеңшарық, Жаркөл, Қарасу жерлері Науырзым қорыңына аударылды. Наурызым қорығы ЮНЕСКО тізіміне енгізген.
Шилі ауылынан шыққан белгілі азаматтарымыз бар. Олар есімі облысқа белгілі азаматтар: Әбенов Арман Тарғынұлы Шилі ауылында туын өскен. Шилі орта мектебін бітіріп, Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясын бітірген. Бүгінде Қостанай облыстық әкімшілігінде жұмыс істейді. Жаукие Айдар Кәкімбекұлы Шилі ауылында туып өскен қазіргі кезде ҚР Қарулы күштер саласындағы бас штабында әскери қызметте. Кирик Сергей Витальевич «Енесей» Краснояр агромаш холдингінің бас директоры. Исмуханбетов Әділбек Әбілқайырқлы «Қазақстан темір жолы» басқармасының төрағасының құқықтық мәселер жөніндегі орындасары. Сыздықов Рақымжан Сәкенұлы «Болашақ» бағдарламасымен Түркиядан оқу бітіріп, қазіргі кезде ішкі істер министрлігінде жұмыс істейді.
Шилі ауылының әлеуметтік-демографиялық келбетінің дамуына келсек, Еліміздің жаңдайы дұрысталып экономикасы дамып келе жатқан кезде, Шилі ауылы да бір шама көркейіп келеді. Жаңа жұмыс орындары ашылып жеке шаруа қожалықтары мал ұстап жағдайларын дұрыстап жатыр. Қазіргі кезде ауылда 1-орта мектеп, 25 орындық балабақша, кітапхана, қонақ үй, наубайхана және намазхана бар.
Шилі ауылының тумасы Асипов Дінмұхамбет Қонарбайұлы 2008 жылы әкім болып сайланды. Дінмұхамбет Қонарбайұлы осы уақытқа дейін қызметін аброймен атқарып келеді. Ауыл тұрғындары әкімнің қызметіне разы.
2011 жылы Ұлы Отан соғысынан қаза болғандарға арнап ескерткіш қойылған.
Жергілікті тұрғындар әулие деп таныған әжеміз Жолшарақызы Қоянаққа 2012 жылы ас беріп, ешкерткіші ашылды. Әжеміз ерекше қасиетті адам деседі.
2012 жылы Ұлы Отан соғысынан оралма,ан майдангерлерге арналған мәрмәр тастан ескерткіш қойыл
2.3 Жел генераторы мен күн батареяларын орналастыру
Наурызым ауданы Торғай Үстіртінің солтүстік жағында орналасқан. Жер бедері едәуір күрделі. Шығыс жағындағы Торғай Үстіртінің орталық бөлігі ауданды бойлық бағытта бөліп жатыр. Торғай үстіртінің батыс бөлінде торғар қолаты орналасқан. Қолат бойында біздің Шилі ауылы орналасқан. Торғай қолаты сайда орналасқандықтан, онда желсіз тымық күндер аз. Соғатын желдердің жылдық орташа жылдамдығы 4,5–5 м/с шамасында. Жел сайдан қырға көтерілетіндіктен біз осы қолат бойында жел генероторы мен күн батареясын орнатпақ ойымыз бар. Географилық жағынан бұл жер жел генераторына өте қолайлы , себебі жел сайдан қырға көтеріліп үнемі соғып тұрады. Жалпы жел энергиясы күн батареясы деген не?
Жел энергетикасы қондырғысы жел ағынының кинетикалық энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіретін техникалық құрылғылар жиынтығы.
Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен тұратын ток көзі.
Жобаны орналастыру орыны;
Онтүстігінде Наурызым қорығынан 5-6 км, солтүстігі Шилі ауылынан 4-5 км. Жел төменнен жоғарға соғады және осы жердегі тұрақты желдердің болуына байланысты, жел генераторын қыр баурайларына орнатып, күн батареяларын күнге қарсы қоямыз.
Зерттеуіміз бойынша орташа есеппен 365 күннің ішінде 300 күнде жел қарқынды соғып тұрады. Жел генераторынан электор тоқ жинайтын құрыл энергия аккумуляторына қойып, тоқты жинаймыз.
Ал жел болмаған күндері энергияны күн батареяларынан алуға болады.
Күннен энергия алатын батарея тоқты айнымалы ток алып, оны қолданбалы ток жинағыш құралға энергия аккумуляторына жібереді. Ол токты күнделікті тұрмыста тұтынуға болады.
Жұмыс барысында ұсынып отырған қондырғының осындай артықшылықтарын анықтадық:
Алынатын энергия әлд еқайда арзан.
Ротордың өлшемдерін үлкендетіп жасау арқылы қондырғының қуатын арттыруға болады.
Тұтынушыға жақын орналастыру арқылы энергия тасымалдау проблемасының жоқтығы.
Шу жоқ. Ландшафты бұзбайды. Энергияны алу тұрақты, себебі биікте үнемі жел оғады. Қондырғыны кез-келген жерге ауыстыруға болады.
Ел болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сенімен көз тастасақ біздің ауылымыз сәулетті асқан, дәулетті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. Осындай жерде туып өскеніме мақтан етемін.
Болашақта еліміз дамыған отыз ел қатарына кірмек. Кең байтақ жеріміздегі байлықты сақтап, табиғаттын берген сыйын және қоршаған ортаға әсер етпейтін қондырғы құралдар тиімді пайдалануымы керек. Елімізді көркейтіп, жерімізді гүлденділер жас ұрпақтарымыздың көп болса туған өлкеміз, еліміз тек биіктен көнеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорта келер айтпағымыз еліміз егемендік алып тәуелсіздік салтанат құрған заманда ауылымызды көркейіп гүнденеді деп сенеміз. Үкіметіміз ауылды көркейтуге, жұмыс орындарын ашуға көптеп көңіл бөліп келеді. Тек ауылым деп атқа мінер азаматтарымыз көп болса, ауылымыздың болашағы зор болуына сенемін.
Алдарыңыға ұсынған жобамыз, елміздің экономикасына азда болса өз үлесін қасады, себебі арзан тоқ қөзімен қатамасыз етпек. Сонымен қатар қоршаған ортаға зиян тигізбейді. Ауылымыздың жанынды осы жел генераторы мен күн батареясын орнатсақ, ол тек біздің ауылымызға ғана емес ауданымыздың экономикасына мен дамуына ісер етер еді.
Жұмыс барысында ұсынып отырған қондырғының осындай артықшылықтарын анықтадық:
Алынатын энергия әлд еқайда арзан.
Ротордың өлшемдерін үлкендетіп жасау арқылы қондырғының қуатын арттыруға болады.
Тұтынушыға жақын орналастыру арқылы энергия тасымалдау проблемасының жоқтығы.
Шу жоқ. Ландшафты бұзбайды. Энергияны алу тұрақты, себебі биікте үнемі жел оғады. Қондырғыны кез-келген жерге ауыстыруға болады.
Ел болашағы бүгінгі білімді ұрпақ қолында. Келешекке үлкен сенімен көз тастасақ біздің ауылымыз сәулетті асқан, дәулетті тасыған берекелі құт мекен болады деп сенемін. Осындай жерде туып өскеніме мақтан етемін.
Болашақта еліміз дамыған отыз ел қатарына кірмек. Кең байтақ жеріміздегі байлықты сақтап, табиғаттын берген сыйын және қоршаған ортаға әсер етпейтін қондырғы құралдар тиімді пайдалануымы керек. Елімізді көркейтіп, жерімізді гүлденділер жас ұрпақтарымыздың көп болса туған өлкеміз, еліміз тек биіктен көнеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Казахстанская электроэнергетическая ассоциация. Комитет по Возобновляемым Источникам Энергии windenergy.kz
Программа по развитию электроэнергетики Республики Казахстан на 2010 – 2014 годы.
Национальная Программа развития ветроэнергетики в Республике Казахстан до 2015г. с перспективой до 2024г.
Ғаламтор желісі https://kk.wikipedia
Жадраев У. «Күн энергиясын ауыл шаруашылығында, ғылымда және техникада пайдалану» Алматы, 1974.
Мақала: Күн батареясы. – “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясы. 5-том, 127-бет. Алматы, 2003 жыл.
Науырзым ауданының әкімі. Наурызым ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы. Тексерілді, 27 желтоқсан 2016.
Мынаған өту:a b 2015 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны. Қазақстан Республикасы Ұллтық Экономика Министрлігі Статистика Комитеті. Тексерілді, 11 сәуір 2016.
Қазақ энциклопедиясы, 7 том
2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Ғаламтор желісі https://kk.wikipedia.org/wiki
«Наурызым ауданы білім беру бөлімінің Шилі орта мектебі»
Мемлекеттік Мекемесі
Қонарбаева Дамира Бауржанқызы
9 сынып
Шилі өңіріндегі жел генераторы мен күн батареясының мүмкіндігін пайдалану
Бағыты: Өлкетану
Жетекшісі: Тулегенова Айгерим Бауржановна
Қараменді
2020 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................5
І. Жел және күн туралы жалпы түсінік
1.1 Жел мен күн энергиясы...................................................................................6
1.2 Жел мен күн энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері...........8
1.3 Жел мен күн энергиясыын өндеу технологиясы........................................11
ІІ. Наурызым ауданы, Шилі ауылында жел генераторы мени күн батареясын орнату
2.1 Наурызым ауданының физикалық географиялық орны..............................15
2.2 Шилі ауылының шығу тарихы мен қалыптасуы.........................................17
2.3 Жел генераторы мен күн батареяларын орналастыру.................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................23
Аннотация
Мақалада автор жел генераторы мен күн батареясын Қостанай облысының Наурызым ауданына қарасты Шилі ауылының оңтүстігіндегі торғай қолатында орнатпақ. Жобаның негізгі мақсаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалана отырып, еліміздің экономикасын артыру және ауыл азаматтарын жұмыспен қампу.
Аннотация
В статье автор акцентирует внимание на целесообразности применение ветреного генератора и солнечной батарей в селе Шили Наурзумског района, Костанайской области. Цель проекта – показать возможнасть использования природных ресурсов на развитие экономики открытия новых рабочих мест для жителей региона.
Annotation
In the article, the author focuses on the advisability of using a wind generator and solar panels in the village of Shili Naurzumskog district, Kostanai region. The aim of the project is to show the feasibility of using natural resources to develop the economy of creating new jobs for residents of the region..
Түйін сөздер: Ауыл, энергия көзі, жел генераторы, күн батареясы
Ключевые слова: аул, источник энергии, ветрогенератор, солночные батареи
Keywords:Village, energy source,wind generator, solar panels
Жел генераторы мен күн батареяларын орналастыру
Жобаның мақсаты: Энергияның негізі көздерімен қатар, қайта толығып отыратын жел генераторы мен күн батареяларын қолат бойында кеңірек қолдану.
Жұмыстың мақсатына сәйкес міндеті:
Энергияның негізгі көздерінің тиімділігін дәлелдеп айту
Жел генераторы мен күн батареясын қолат бойында орналасуының көрсету
Жобаның болжамы: Біздің елімізде жел энергетикасын дамытуға шамасы бар. Себебі біздің еліміздің климаты шұғыл континеті таулы аймақтарымен қатар жазық жерлер көп кездеседі. Физикалық – географиялық орнына байланысты Торғай үстіртінде орналасқан Торғай қолатыда жел генераторы мен күн батареясын орналастыру тиімді. Себебі; жел үнемі соғып тұрады, экологияға зиянсыз, шуы аз, арзан энергия көзі.
Жұмыстың өзектілігі: Жұмысымыздың басты өзектілігі, табиғаттың күшін пайдалана отырып және де табиғатқа зиян тигізбейтін тиімді әрі арзан энергия көзі. Ауылымыздың географиялық орнына байланысты, осы жобаны таңдадық. Ауылымыздың маңында орналасқан торғай қолатында жел генераторы мен күн батареясын орнату.
«Рухани жаңғыру» туған өлкеге тағзым аясында біз ауылымызың кешегі және бүгінгі тарихы жайлықысқаша айту. Ел тарихын білу әр қазақ баласының басты міндеті.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген