400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жаңартылған білім мазмұны аясында жазылған, 5сыныпта Қазақстан тарихы сабағыда қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Круглоозерный ЖОББМ

5.3 А Сақтар

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мырзагалиева Ж.У.

Сынып: 5 А

Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы: Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары

Зерттеу сұрағы: Неліктен Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандары» деп аталады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді сипаттау;

5.1.2.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • Барлық оқушылар

Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандары» туралы әңгімелейді.

  • Басым көпшілігі

Шілікті және Бесшатыр патша қорғандарын талдайды.

  • Кейбірі

Шілікті және Бесшатыр қорғандарының «патша қорғандар» екенін дәлелдейді, сақ тайпаларының дүниетанымын талқылайды.


Бағалау критерийі

Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандарын» сипаттай алады .

Шілікті мен Бесшатыр «патша қорғандарын» салыстыра алады.

Сақ тайпаларының дүниетанымына баға береді.

Тілдік мақсаттар

  • Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттар:

Археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін және ежелгі адамдардың дүниетанымын талқылай отырып ойын ауызша еркін жеткізе алады (айтылым).

Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым).

Қорғандардың құрылысын тірек-сызба арқылы жазады (жазылым)

Өзге топтағы оқушылардың жұмысын тыңдайды (тыңдалым)

  • Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қорған, меңгір, лақат, дромос, әлеуметтік теңсіздік,

  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- «Патша қорғандар» деп не себепті айтылады?

- Жерлеу орны - ................. ағаштан құрастырылған күрделі құрылыс.

Обадағы жерасты ................жолының қабырғалары тастан қаланған.

- Обадағы жерасты ........... жолының қабырғалары тастан қаланған.

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пəнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы пәнімен пәнаралық байланыс ежелгі Египет пирамидаларын еске түсіру арқылы жүзеге асырылады.

Алдыңғы білім

Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(9 мин)

«Гүл сыйлау» тренингі

Шарты: Ең алдымен жүргізуші бастайды. Гүлді алып, “Мен сізге гүлді сыйлаймын” себебі сіз ..... қайырымды адамсыз.

Әр қатысушы гүлді алып жалғастыра жақсы әсер қалдыратын бір – бір қасиеттерін айтып шығу керек.

  • Топқа бөлу

Оқушылар «Қорған», «Қорым», «Оба» , «Патша» деген жазулары бар қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

  • Ой түрткі «Визуальды әдіс»

Мұғалім сөзі:

  1. Египет пирамидалары туралы не білесіздер?

  2. Перғауындар не үшін пирамидалар тұрғызған?

  3. Египет перғауындары қалай жерленген?


Египет пирамидалары



DrawObject2 DrawObject1

Пирамида пішіндес тас құрылымдар

Перғауындарды жерлеуге тұрғызылды


DrawObject3




Тұрмыстағы пайдаланған заттары бірге жетіледі.






Мұғалім сөзі: Ендеше, қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалар да билеушілеріне арнап қорғандар тұрғызып, жерлеген. Бүгінгі тақырыбымызда осы «патша қорғандары» туралы болмақ.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырылады.





«Қазақстан тарихы» 5 сынып оқулық













Интерактивті тақта, проектор


Суреттерге сілтеме:

https://www.google.ru/search





Сабақтың ортасы

30 минут

  • Топтық жұмыс

І, ІІ топ тапсырмасы

І, ІІ топ – Бесшатыр, Шілікті қорғандарының ерекшеліктерін кестеге салу

Кесте.


Шілікті патша қорғаны

Бесшатыр патша қорғаны

Археологиялвқ ескерткіш Қазақстанның қай аймағында орналасқан?



Археологиялық ескерткіш қай ғасырға жатады?



Археологиялық ескерткіш неше обадан тұрады?



Қорымдардан қандай заттар табылды?




Дескрипторлар:

  1. Тақырып мәтінімен танысады. 7 мин

  2. Әр топқа әртүрлі түсті стикер беріледі.

  3. Стикерлерге сипаттамаларын жазады.

  4. Тақтадағы кестеге жабыстырып, толтырады.

  5. Әр топтан 1 оқушы таныстырады.

  6. Ұқсастары алынып тасталады.


ІІІ топ тапсырмасы: Патша қорғандардың құрылысы

DrawObject4

Патша қорғандары құрылысы


DrawObject6 DrawObject5




Дескрипторлар:

  1. Берілген сұрақтың мәнін ашады.

  2. Тірек сызбамен түсіндіреді.


ІV топ тапсырмасы: Сақ тайпаларының дүниетанымы тақырыбында репортаж дайындау.

Критерийі:

1.Тақырыптың ашылуы, нақтылығы

2. Қызықты фактілердің келтірілуі

3. Белгілі бір деректерге сүйенуі

Дескрипторлар:

  1. Археологиялық олжалармен танысады.

  2. Археологиялық олжа негізінде сақ тайпаларының дүниетанымы туралы репортаж жасайды.


ҚБ: «Екі жұлдыз бір ұсыныс»


Сергіту сәті: “Поезд”

Шарты: Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрады. Ең алдымен 1,2 – ге саналып шығады. 1 – ші номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2 – ші номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.

Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поездың жүру дыбысы естіледі.4 мин

  • Графикалық диктант

  1. Жерлеу орны – лақат ағаштан

тұрғызылған күрделі құрылыс. (ия)

  1. Алып үйіндінің жан-жағы меңгір тастармен қоршалған. (ия)

  2. Шілікті жазығындағы обалар саны

31. (жоқ)

4. Шілікті патша қорғанынан патша билігінің белгісі болып табылатын алтын бесжұлдыз табылды.(ия)

5. Меңгір тастар 10 шақырым жерден әкелінді. (жоқ)

  1. Қорған құрылысына қажетті бөренелер Іле Алатауы сілемдерінен салмен әкелінді. (ия)

Дескрипторлар:

  1. Тақырыптағы негізі түсініктермен танысады.

  2. Қойылған сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап береді. Прямая со стрелкой 22 Прямая со стрелкой 21 Прямая соединительная линия 20 Прямая соединительная линия 19 Прямая соединительная линия 18 Прямая соединительная линия 16 Прямая соединительная линия 23












ҚБ: «Басбармақ»

  • Қосымша тапсырма:

«Синквейн» әдісі (бес жолды өлең стратегиясы)

Зат есім – 1 сөзден тұрады

Сын есім – 2 сөзден тұрады

Етістік – 3 сөзден тұрады

Сезімді білдіретін сөздер – 4 сөзден тұрады

Синоним – 1 сөзден тұрады.

Дискрипторлар:

  1. Берілген кілтті сөздермен жұмыс жасайды

  2. Берілген тапсырма бойынша жеке жұмыс орындайды.

  3. Жазған жұмыстарын оқиды.

ҚБ: өзара бағалау, «Қошемет»






Ежелгі Қазақстан.Балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна», 2002ж.



Стикерлер, түрлі-түсті маркерлер, флипчарттар.













Сабақтың соңы

6 минут

  • Шығу сәті

Рефлексия «Кеме»

  1. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя.

  2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, желкенді сары түске боя.

  3. Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса желкенді жасыл түске боя.

  4. Егер қаласаң, кемені де бояуына болады.











Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді Сіз оқушылардың жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларды сабақ барысында оқушыларды топтық жұмыстарға тарту арқылы жүзеге асады.

Аз қолдауды қажет ететін оқушылар топтық жұмыс кезінде жұмыс жасау қарқыны мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. Тапсырмаларды аз уақытта орындайды , уақытынан тез орындаса қосымша «Синквейн» тапсырмасы беріледі.



Сабақта оқушылар топтық жұмыс жасағанда «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен, «Басбармақ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау кезіндегі жұмыс барысында , қосымша тапсырманы орындаған кезде «Қошемет» арқылы оқушы жұмысы бағаланады.

АКТ сабақ барысында 3-4 минутқа пайдаланылады. Сабақтың ортасында оқушылар «Поезд» сергіту жаттығуын орындай орындайды. Сынып бөлмесінде қолайлы білім беру кеңістігін қалыптастырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі