400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

симфониялық оркестр

Материал туралы қысқаша түсінік
домбра аспабы туралы мәлімет өте тамаша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Музыка

Сыныбы: 4

Уақыты: 23.11.2017ж

Мұғалім: Абуғалиева Ж.С.

Сабақ 12

Сабақтың тақырыбы

Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптар

Мақсаты

Симфониялық оркестрдегі ішекті – ыспалы аспаптар туралы түсінік беру,Мұса Байжанұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы шағын мағлұмат беру.

Симфониялық музыкаларды түсініп тыңдауға баулу,халық композиторларының бай мұраларын қадір тұтуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу

Көрнекілігі

Музыка оқулығының әдістемесі

Топқа бөлу

Скрипка,Виолончель, Контрабас аспаптарының суреттері

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау, ән айту арқылы пысықтайды.

«Ыстық орындық» әдісі


1 топ Скрипка

1.Симфониялық оркестрдің негізін қандай аспаптар құрайды?

2.Симфония дегеніміз не?

2 топ Виолончель

1.Дыбыс бояуы қалай аталады.

2.Еуропада скрипка аспабы қандай атаққа ие болды?

3 топ Контрабас

1.Скрипканың көне түрлері қалай аталады?

2.Диапазон дегеніміз не?

Дауыс жаттықтыру

Мағынаны тану

 


Симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар.
Симфониялық оркестрде көптеген аспатардың ішінде скрипка жетекші орын алады. Басқа ешбір аспап дыбыс бояуымен техникалық шеберлігімен скрипкаға жете алмайды Оның дыбысы оркестрге сызылта шыққан әсем үн береді. Сондықтан ол Еуропада «Музыка ханшайымы» атағына ие болды. Скрипканың шығу тарихы Еуропада Х ғасырдан басталады.
Ал бүгінгі түрі ХVI – XVII – ғасырларда Италия мен Францияда пайда болған. Скрипканың көне түрлері қазіргі скрипкаға мүлдем ұқсамайды. Олар жуан мойынды, қысқа келген, қампиған қарынды бір – біріне өте ұқсас. Ол аспаптарды фидель және ребек деп атаған.



Скрипка мен қатар ішекті – ыспалы аспаптар тобын құрайтын - альт, виолончель және контрабас аспаптары.



Бұл аспаптар симфониялық оркестр үшін ойлап табылған. Себебі , олар дыбыс кеңістігін мейлінше толтыру үшін қажет.Дыбыс бояуы (тембр) жағынан альт скрипкаға жете алмайды. Оның дыбысы қысыңқы, көмескі реңді болып шығады. Ансамбль немесе оркестр құрамында басқа аспаптармен дыбысы жақсы үйлесім табады. 
Контрабас аспабы
тек қана оркестрде қолдалынады. Ол өзінің қою және төменгі дыбысымен оркестрдегі барлық аспаптар сүйенетін тірек іспетті. 
Ал виолончель дыбысының өзіне тән ерекше бояуы бар. Оның қоңыр да қою дыбысы Европа музыкасындағы қайғы мен мұң, аңсау мен күйініш сезімдерін жеткізе алады. Аспаптардың дыбыс биіктігі аспаптың өлшемі мен оған тағылған ішектердің ұзындығына байланысты. Неғұрлым аспап үлкейген сайын, соғұрлым дыбысының биіктігі төмендей түседі. Дыбысы ең жоғарғы аспап – скрипка болса, ең төменгі - контрабас аспабы. 
Орындау кезінде скрипка мен альтты иыққа бұғақпен тіреу арқылы көлденең ұстап ойнайды



Скрипка



виолончель мен контрабасты жерге тік тіреп ойнайды



Виолончель






Контрабас

Бұл аспаптардың ең қарқынды дамыған шағы - XVIII ғасыр. Сонымен, скрипка тектес Еуропаның қазіргі ішекті – ыспалы аспаптары – альт, виолончель және контрабас оркестр үшін құрылып бүгін де оның негізі болып табылады.
Музыка тыңдайық!
Виолончель аспабында Сен – Санстың «Аққу» шығармасы.

Үш топқа тапсырма

1топ Скрипка

Аспаптың құрылысын табу

2 топ Виолончель

Канвертке ішекті ыспалы аспаптарды салу

3топ Конрабас

Контрабас аспабының суретін салу

Топтар бір- бірін «Бармақ әдісімен» бағалайды

Ән орындау! Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін үйрету.


Ой толғаныс

« Қар лақтыру» әдіс"

Қорытындылау.

1.Скрипка аспабы қай елде қай ғасырда пайда болған?
2.Скрипка тектес қандай ішекті - ыспалы аспаптарды білесіңдер?
3.Альт, виолончель, және контрабас аспаптары не үшін қажет болды?
4.Бұл аспаптардың дыбыс бояуының ерекшелігі неде?
5.Аспаптардың дыбыс биіктігі тікелей неге байланысты? 
6.Аспаптарды қалай ұстап орындайды? 
7.Бұл аспаптар қай ғасырда қарқынды дамыды?
.

Бағалау


Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. «Ақ сиса» әнін жаттау

Күнделіктеріне жазады



Оқу ісі меңгерушісі





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1227
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі