400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Симметрия әлемінде" атты тақырыбында ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы









Зерттеу жұмысы тақырыбы: «Симметрия әлемінде»

Бағыты: математика және информатика

Секция:







Орындаған: Темірбек Аружан



Жетекшісі: Ашимова Ж.Б.











Мамай батыр ауылы, 2018 ж.



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

1. Симметрия туралы түсінік

1.1 Табиғаттағы симметрия

1.2 Көркем өнердегі симметрия

1.3 Архитектурадағы симметрия

2. Менң зерттеу жұмысым

2.1 Сауалнама сұрақтары, нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Қосымша



























Кіріспе

Қазақ ою – өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды және тұрмыстық заттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою – өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Осы зерттеу жұмысты біз өрнек пен математиканың қатынасының өте тереңде, өрнек пен математика сабақтасып жатқанын көрсете алғым келеді. Өйткені математика - ақиқатты, нақтылықты, турашылдықты, шындықты жақтайтын ғылым.

Жобаның өзектілігі: Қазақтың ұлттық ою -өрнектің  элементтердің  жасалуын, түрленуін геометриялық дәлелдермен көрсету және өрнек пен математика сабақтасып жатқанына көз жеткізу.

Зерттеу нысаны: Ғылыми зерттеудің нысаны ретінде қазақ ұлттық ою – өрнектерін зерделеу.


Зерттеудің мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің математикалық мәнін ашу.

Зерттеудің болжамы: Қазақ ою-өрнегінің математикалық элементтерін өлшемдестіріп, нақты математикалық, геометриялық дәлелдермен жүйелі көрсету.

Зерттеудің әдістемесі: Ізденушілік жұмыстары, мәліметтер жинақтау, салыстыру, талдау, сауалнама жұмыстары.


Зерттеу құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.











Аңдатпа

Бұл жоба күнделікті өмірімізде, айналамызды жиі кездесетін симметриялық заттар туралы түсінік бере отырып, оның қыр-сырын тануға арналған.

Айналамыздағы денелердің өзара ұқсас, үйлесімді орналасуын симметрия деп атайды. «Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді. Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және құрылыста, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады.



Аннотация

Этот проект, в нашей повседневной жизни симметричные предметы, часто встречающиеся вокруг нас, давая понятие о его тонкости для признания. Аналогичные взаимодействия тел вокруг нас, называют гармоничное расположение симметрии. «Симметрия» греческого слова «гармония» означает, расположенных в определенной последовательности. Понятие симметрии тесно связано с многовековой историей творчества человека. Симметрии важную роль в математике и физике, химии и биологии, технике и в строительстве, в музыке и поэзии.



Annotation

This project, in our daily lives, is symmetrical subjects often found around us, giving the notion of its subtlety for recognition. A similar interaction of bodies around us, is called the harmonious arrangement of symmetry. "Symmetry "of the Greek word" harmony " means arranged in a certain sequence. The notion of symmetry is closely related to the centuries-old history of human creativity. Symmetries play an important role in mathematics and physics, chemistry and biology, engineering and construction, music and poetry.







  1. Симметрия туралы түсінік

”Симметрия адамзаттың сан ғасырлар бойы сәндікті

жетілдіру үшін ашуға әрекет еткен ұсынысы болып келеді”.

Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Табиғатта, техникада және тұрмыста кейбір денелердің өзара ұқсас, үйлесімді орналасуын симметрия деп атайды. «Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия. Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады. Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады, ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады. Тік төртбұрыш, квадрат, шеңбер – осьтік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың екі симметрия осі бар, квадраттың төрт симметрия осі бар. Шеңбердің кез келген диаметрі арқылы өтетін түзу оның симметрия осі болады. Сондықтан шеңбердің симметрия осьтері шексіз көп. Бұрыш – осьтік симметриялы фигура. Бұрыштың симметрия осі бойындағы бұрыштың төбесінен басталатын сәулені биссектриса деп атайды. Бұрыштың биссектрисасы оны градустық өлшемтері тең екі бұрышқа бөледі.Симметрияның екінші түрі – нүктеге қатысты симметрия.О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп аталады. О нүктесі фигураның симметрия центрі деп аталады. Тік төртбұрыш, шеңбер, кесінді – центрлік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді диагональ деп аталады. Тік төртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі – оның симметрия центрі. Шеңбердің симметрия центрі – шеңбердің центрі болатын О нүктесі. Кесіндіні тең екі бөлікке бөлетін О нүктесі – оның симметрия центрі. Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне катысты симметриялы нүктелердің координаталары қарама-қарсы сандар болады.

 





1.1 Табиғаттағы симметрия.


Мысалы: конустық симметрия барлық ағаштарда анық байқалады . Ағаш тамырымен ылғалды және құнарлы заттарды жерден яғни астынан алады да, қалған өмірге қажетті функциялардың барлығын жоғарыдан алады.

Ағаштың тұлғасы оның тік симметрия өсі болып саналады. Симметрияны жапырақтардан, гүлдерден, бұтақтардан, өнімдерден ашық көруге болады. Көбінесе гүлдердің симметриясы бұрылысты симметрия мен айналы шағылысу симметриясы екеуі қатар болады.


1.2 Көркем өнердегі симметрия


Қазақтың ұлтық ою-өрнектері өзінің әсемдігімен көз тартады. Ою-өрнектедің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы. Сонымен қатар қазақ қыздарының әшекей бұйымдары да басқаларға қарағанда симметрия жағынан айқын көрінеді. оған мысал ретінде шашқа тағатын шолпы, білезік, белдік пен белбау сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары сандықтың бетіндегі оюлардың барлығы симметриялы.


    1. Архитектурадағы симметрия.

Сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған.





  1. Менің зерттеу жұмысым

Зерттеу нысанына қазақтың ою – өрнектерін алдым. Әдетте ою-өрнектің өзі математика десе біреулерге ғажайып жұмбақ секілді көрінуі мүмкін. Бұл расында жұмбақ емес, қайта біз түсінуге, білуге тиісті ғылым. Әлемдегі жан-жануар, адамзат түгелдей бір-бірімен мүлде ұқсамайтын келбетпен жаратылған. Адам болсын, әлде жан-жануар болсын, олардың әлпетіне зер сала қарасаңыз, барлығы да бір өстің бойында өз тепе-теңдігін сақтап тұрғандығын көресіз. Қарапайым мысал айтайын, сізге қарап тұрған құлынды суретке тартып, өзіңе қарап тұрған сол суреттің төбесінің дәл ортасынан бір нүкте, иегінің дәл ортасынан бір нүкте белгілеп екі нүктені  тұтастырсыңыз, бір түзу келіп шығады. Сол түзуді бойлатып суретті бүктейтін болсаңыз - екі көзі, екі құлағы, мұрнының екі танауы және аузының екі езуі, әрқайсысы бірінің үстіне бірі дәл келіп  беттесе кетеді. Міне, бұл түзу  математикалық өлшемдегі өсі деп аталады. Біз, бұдан математика мен суреттің ішкі байланысының өте  тереңде екенін байқаймыз. Ал, қазақ ою өрнектерінің де қабысу, жанасу, беттесу сынды математикалық элементтері осы негізде барлыққа келгенін түсіну қиын емес. Ою – өрнектердің 40 – жуық түрін зерделеп, олардың қыр – сырларын танып білдім.

Сондай  өрнектерді ғылыми да нақ сезіммен сызылған өрнекпен салыстыра отырып зерделесек, екеуінің арасында жер мен көктей парық бар екенін оңай аңғарамыз. Сондықтан, математикалық танымы жоқ нобаймен сызылған өрнектердің қашанда сапасыз шығатыны табиғи құбылыс. Міне, осыдан біз өрнек пен математиканың қатынасының өте тереңде, өрнек пен математика сабақтасып жатқанын көре аламыз.





2.1 Сауалнама сұрақтары, нәтижесі



Тақырыбы: «Симметрия ғажайыптары»

  1. Симметрияның неше түрі бар?

  2. Барлық денелер симметриялы бола ма?

  3. Симметриялы және симметриялы емес денелерге мысалдар келтір?

  4. Кез келген денелердің симметрия өсі бола бере ме?

  5. Қандай да бір фигура салып, оған алдын ала белгіленген түзуге қатысты симметриялы фигура салыңдар?

  6. Қазақтың ұлттық ою – өрнектері де симметрияға қатысты ма?





Нәтижесі:

Сауалнаманың нәтижесінен келесі қорытындыға келдік. Сауалнамаға 6 және 9 сынып оқушылары қатысты. Барлығы 38 оқушы қатысты. Сауалнаманың нәтижесі бойынша келесі кестеден көруге болады. 1 сұраққа барлық 38 оқушы толық дұрыс жауап берді. 2 сұраққа «жоқ» деген жауапты барлық оқушылар жауап берді. 3 сұраққа оқушылар мысал келтіріп жауап берді симметриялы денелерге барлығы – 437 мысал келтірілсе, симметриялы денелерге – 218 мысал келтірді. 4 – ші сұраққа да барлық оқушылар толықтай дұрыс жауап берді. 5 сұраққа оқушылар 17 фиура салып, түзуге қатысты симметриялы фигурасын салды. 21 оқушының мысалдары қайталанып салынды. 6 сұраққа барлық оқушылар толық 100% з жауап бере алды, яғни олардың бірнеше түрлерін де мысал ретінде көрсете алды.

Қорытынды:

Мен бұл жобада ою-өрнектің математикалық, геометриялық нақтылықтарын, қазақ ою-өрнегінің математикалық элементтерін өлшемдестіріп, нақты математикалық, геометриялық дәлелдермен жүйелі көрсетуге күш салдым. Мен мұны төмендегі бірнеше жаққа жинақтадым.   Бірінші, қазақ ою-өрнектерін жинау, реттеу барысында шығу тегіне қарай ретке тұрғызылды әрі оның математикалық қағидалары ою-өрнектің қарапайымдылықтан күрделілікке қарай дамуы математикалық өлшеммен сыздым. Екіншіден, көнерген өрнектердің мазмұнын, ен таңбасын сақтау шарты астында, тың туынды өрнектерге қалай дамуы мен ондағы ғылымилық, математикалық өлшем бойынша бір-бірлеп көрсетілді әрі жаңа ою-өрнек туындысының ежелгі ою-өрнек туындысынан қалай дамығандығы жөнінде түсіндім. Үшіншіден, барлық ою-өрнектің бір-біріне ұқсамауы және ондағы парық математикалық жолмен ашалап түсіндірілді. Төртіншіден, қазақ ою-өрнектеріндегі қолданылып келе жатқан көне және жаңа үлгілерде бұрын байқалмаған тың өрнек үлгілерімен таныстып.

Ою-өрнек мәдениеті ғылымилықты өз бойына сіңірген мәдениет. Мен ою-өрнекті жинай, реттей жүріп мұндағы математикалық заңдылықты байқадым. Осындай шетсіз де шексіз ою-өрнек өрісі арқылы қазақ халқының ғылымға қаншалық жауапкершілікпен, қаншалық еңбеккерлікпен қарайтынын терең түсіндім. Егер дарынды жастарымыз ою-өрнек өрісі және ол қамтитын мазмұн жөнінде ішкерілей зерттеп, зерделеуге мойын бұрар болса, ою-өрнек өрісіндегі тағы да ашылмай жатқан ғылыми заңдылықтарды ашатындығына сенемін. Біз осындай орайлы сәтте мәдениетіміздің бір саласы болған ою-өрнек мәдениетіміздің өркениет сахнасында жарқырап тұруына тамшыдай болса да үлес қосуымыз керек.















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.

  2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.

  3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.

  4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.

  5. Болатбай Насылбекұлы «Өркениет өрісіндегі қазақ ою-өрнектері» мақаласы. http://www.inform.kz/kz/kazaktyn-oyu-orneginin-matematikalyk-gylymi-manin-ashu-kerek-bolatbay-nasylbekuly_a3035946



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1764
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі