400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Синтаксис тарауын қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары



Тексерілді: ДОІЖО Сарыбаев Ә.

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис тарауын қайталау

Мектеп: "Қызылқұм" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалім: Абдиразахова Г.

Сыныбы: 7 "А"

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Синтаксисті қайталауға арналған жаттығуларды меңгеру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Синтаксис туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Синтаксистің зерттеу нысандарын меңгереді

Кейбір оқушылар

Синтаксистің зерттеу нысандарын ажыратып, талдай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Синтаксистік талдауды пайдалана отырып, сөйлем талдау (жазылым) Синтаксистен алған білімдері туралы түсінігін келесі оқушыға түсіндіреді (айтылым). Ережелерді, тапсырмаларды мұқият тыңдай алу (тыңдалым). Мәтін ішінен сөздердің байланысу түрлерін, тәсілдерін тауып оқиды(оқылым)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Синтаксис, сөздердің байланысу түрлері, синтаксистік қатнастар

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Сөз тіркесінде толық мағыналы екі сөзден тұрады,ал күрделі сөздер екі сөзден тұрса да, бір сұраққа жауап береді

Сөздердің байланысу түрлерін ережелері арқылы ажыратамыз

Сіз неліктен ....екенін айта аласыз ба?

Сөз тіркесі мен күрделі сөздің айырмашылығы?

Сөздердің байланысу түрлерін қалай ажыратамыз?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлем құрау. Жаттығуларды сауатты , қатесіз жазуға мән беру

Алдыңғы оқу: Пысықтауыштық қатнас

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқыту ресурстары

Басталуы:

10 минут

1.Ұйымдастыру. Сөздердің байланысу түрлеріне стикерге мысал жазу арқылы Қиысу, Матасу, Меңгеру, Қабысу деп төрт топқа біріктіру

2. Үй тапсырмасын пысықтау. «Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы мұғалім доптың көмегімен алғашқы сұрақты қояды. Ары қарай оқушылар өзара допты лақтыру арқылы сұрақ - жауап ұйымдастырады.


Стикер



Доп

Ортасы:

25 минут

3.Жаңа сабақ.

МИКС әдісін пайдалану. Ол үшін әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмалар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір - алмасу арқылы тапсырманы орындап түсінгендерін бір-біріне жеткізеді.

І топқа "Кластер", ІІ топқа "Фишбоун", ІІІ топқа "Кемпірқосақ", ІV топқа "Өрмекші" әдістері арқылы орындауды тапсырамын.

Топты, бірін - бірі бағалауға нұсқау беру. (Бағдаршам арқылы)


4. "Шахмат" әдісі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастыру.Бүгінгі сабақтан меңгергендерін шахмат тақтайшасына кезекпен жазып, толтырады.

Топты, бірін - бірі бағалауға нұсқау беру. (Смайликтер арқылы)

Оқулық

АКТ

А3



Бағдаршам



Аяқталуы:

10 минут

5.Деңгейлік тапсырма:
I деңгейге: Сөйлем мүшелеріне талдау. 
II деңгейге: Сөйлемнен сөздердің байланысу тәсілдерін табу. 
III деңгейге: Шығармашылық жұмыс. (Байланысу түрлеріне Сөйлем құрау) 
Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды. Екі үйдің іргесі көтеріліпті. Олардың қатарынан бес-алты адам тағы жер қазып жатыр. 
6. Бағалау парақшасы және критерийлер арқылы бағалау қорытындысын жасау

7. "Тазалық ойыны" әдісі арқылы кері байланыс беру

8. Үйге тапсырма: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» тақырыбында эссе жазу


Оқулық

Дәптер





Смайлик

Шабадан,еттартқыш,қоқыс суреттері

АКТ




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
580
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі