15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сипап сезу арқылы қабылдауды үйрену
Сабақ жоспары
Сыныбы: 4«А»сынып
Пәні: Мимика және пантомимиканы дамыту
Тақырыбы: Өзінің және басқа адамның бетін зерттеп тану.
Мақсаты: Басқа адамды зерттеу дағдыларының тактикасын білу. Айналадағы адамдардың бет-әлпеттері әртүрлі екенін ұғыну және оларды тек қана дауысынан емес, бет-әлпетінен тануға болатытын түсіну.
Білімділік: Басқа адамды зерттеу дағдыларының тактикасын білу, яғни сипап сезу арқылы, түйсіне отырып – тактильді сезіну. Айналадағы адамдардың бет-әлпеттері әртүрлі екенін ұғына отырып, әр түрлі адамдардың түрлерін зерттей отырып, тануды үйрену. Оларды тек қана дауысынан емес, бет-әлпетінен тануға болатынын түсіну
Дамытушылығы: Сипап сезу, түйсіну, көру арқылы оқушылардың қимылдары мен бұлшық етінің жетілуімен бірге, қолдың ұсақ және жалпы моторикасын дамыту, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін шыңдау. Танымдылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу. Уақытты тиімді пайдалануды үйрену.
Тәрбиелігі: Әдептілікке, ұқыптылыққа, достыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге баулу
Көрнекілік дидактикалық материалдар:суреттер.
Құрал-жабдығы: интерактивті тақта, компьтер, орамал, ақ алаша, сыйқырлы сандық,ойыншықтар, қуыршақ,әуен.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, ой алмасу, сөйлесу барысында еркін қарым-қатынаста болу
Іс-әрекет кезеңдері
|
Түзету пән мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық
Жаңа тақырып:
Негізгі бөлім:
Саусақ жаттығулары: |
Оқушылармен және қонақтарымызбен сәлемдесу. Көңіл-күйін сұрау және ерекше түрде бір-бірімен амандасу. Балалар бір-бірімен шеңбер құрып тұрып, әр қайсысы шеңбер ортасына бір адым шығып «Салеметсіздерме, менің атым .......... – деп айтып, қолына достық күнін ұстап тұрып, кезектесе бір-біріне достық тілегін айта отырып, күнді береді.осылайша балалар қатары біткенше тілек айтылады. Бүгін біз ерекше сабақ өтеміз, өйткені бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Уақытымызды тиімді пайдалана отырып, бір-біріміздің ойымызды, сөзімізді сыйлайық, бірі сөйлеген кезде біріміз тыңдап мән берейік. Сонда біздің достығымыз нығайып, сыйластығымыз арта түседі. Ал, енді сабағымызды бастайық.
Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз өзінің және басқа адамның бетін зерттеп тану. Кез-келген адамның өзіндік тартымды түрі, бейнесі болады. Әр адамның түрі әртүрлі түрлі бет пішінді бірі дөңгелек, бірі сопақ ал кейбірінің беті төртбұрышты. Көздері, мұрны, аузына келетін болсақ әр адамның бейнесі өздігінше сұлу. Бірі анасына, бірі әкесіне ұқсайды.Бірі атасы, бірі әжесіне ұқсайды. Біздің көзіміз көретін болғандықтан адамдарды екі көргеннен кейін-ақ жаттап аламыз, ал егер көрмеген жағдайда адамдарды даусы арқылы ғана емес бет-бейнесін сипап тактильді сезіну арқылы білуге болады. Тактилді өзара әрекеттесу кезінде, басқа адамның беті мен денесін,қуыршақтың денесін зерттеу барысында қол жұмысын бағыттауы. Қуыршақ арқылы өз дене бөліктерін салыстыру. Қай бөлік қай жерде тұратынын ұғыну. Сипап сезу арқылы зерттеу. Тактилді өзара әрекеттесу кезінде, басқа адамның беті мен денесін зерттеу барысында қол жұмысын бағыттауы. Тері арқылы сезінгенде "тактильді сезіну" және"құштарлықты" сезіну деп қарастырды. Адам тері арқылы, сипап сезу арқылы көп нәрсені ажырата алады. Мыс: қарама-қарсы тұрған адамның бетімен денесін көру арқылы өзімізбен салыстыру арқылы зерттейміз. Егер көре алмаған жағдайда сипап сезу арқылы біле аламыз. Даусы арқылы ажыратып біле аламыз сомен қатар тек қана дауыстан емес бет әлпетпенде адамдар әртүрлі болып келетінін оны бетті сипап сезу тактильді түрде білуге болады. Енді балалар мына қуыршақты адам бейнесімен салыстырайық. Қуыршақ жансыз әрі қатты осыған толықтай тоқалып өтейік. Көру арқылы қабылдап, қолдың жұмысын үйлестіру. Бала көру арқылы жасалатын жұмыстың көп пайызын игереді, ал көре алмайтын жағдайда оқушының саусақ моторикаларын дамыту ушін алдымен жаттығудан бастаймыз. Ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі − саусақ жаттығулары болып табылады.
Ойындар арқылы қол шапшандығы дамиды, өз қимылдарын басқаруы, белгілі іс-әрекетке зейіні тұрақтанады. Бұл жаттығулардың баланың шығармашылығын дамытуда да маңызды. Егер бала қандайда бір «саусақ жаттығуын» меңгерсе, ол міндетті түрде басқа да тақпақтар мен әңгімелерге саусақ жаттығуларын ойлап табуға тырысады. Б.қ. отырып қолымызды алға созып бас бармағымызбен басқа саусақтардың бастарын массаж жасау арқылы басып шығамыз, алақанымызды ашып жұму арқылы қолдарымызды демалтамыз. Қол және қолдың білезік, саусақтардың үйлесімді, жан-жақты дамуына, қолды әр түрлі қысу, созу, босаңсыту қимылдарын жасау қажет екенін естен шығармау қажет.
|
Балалар сабақты жаңа жақсы көңіл күймен бастауын қамтамасыз ету.
Балаларға сабақты түсіндіре отырып, әр оқушымен бөлек-бөлек ой бөлісіп, сөйлесу, ойын тыңдау толықтыру.
Балалардың қолдарын демалтып, жаттығу жасаймыз |
Көз жаттығулары:
|
Б.қ отырып, денемізді тік ұстаймыз. Көзімізді жұмайық, сұқ саусақты созайық, шаршап қалған жанарға, массаж жасап алайық. Көзімді жәймен жұмамын, жұмып қатты қысамын, көзімді ашып, жыпылық қағып, қабақты түйіп тұрайық.
|
Балалар жаттығу жасайды. |
Ойын:
Сергіту сәті:
|
Балалар енді ойын арқылы сабағымызды түсінікті болу үшін жалғастырайық . Дайынсыңдарма балалар? Онда, ойын шарты: шеңбер болып тұрамыз, ортаға бір бала шығады, сол баланың көзін байлап, қалған балалар шеңбер болып айналып тұра қалады. Ортадағы бала аты аталған оқушының бетін сипап сезу арқылы табу керек. Егер тапқан жағдайда сол бала ортағы шығып ойын жалғасады. Балалар тек адамның түрі ғана емес, даусы арқылада ажырата алатынымызды еске сала кетейін. Қазір түрлі атақты әншілердің даусын тыңдайық сендер таппайынша сол әуенге билеп тұрасыңдар. (әуен)
Енді ары қарай сергіту сәттеріне кезек берелік. Сыйқырлы сандық ойынына кезек келіп қалған екен. Мында ақ алаша жайынған бұнда біздің тақырыбымызға тікелей байланысты. Осы алашамен байлаулы көзіміз арқылы жүріп, сандықты ашып ішіндегі затты алып не екенін сипап сезу арқылы анықтау керек. Ал балалар бастайық.
|
Балаларға ойын арқылы сабақты жетік түсіндіру, сергіту.
.
Балалар ойынға түгел қатысады. Саусақ моторикалары жаттығады. |
|
Қорытынды бөлімі: Балалар сабақ көңілді өтті деп ойлаймын. Сабақ ұнадыма балалар? Сабақтан не түсіндіңдер |
Балалардан жауап алып, сыныптан саппен шығару. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген