400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Сипаттау мәтіні" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мәтін туралы түсінік беру. оның үш түрі бар. Әңгімелеу мәтіні, пайымдау мәтіні, сипаттау мәтіні. соның ішінде сипаттау мәтініне тоқталып өтеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Сипаттау мәтіні
Сабақтың мақсаты :Мәтін туралы түсінік беру .Мәтіндегі негізгі ойды анықтау
1Білімділік :Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп ,білімдерін жүйелеп жинақтау .Сурет бойынша әңгіме құрай білуг жаттықтыру .
Тәрбиелік : Оқушыларды сауатты көркем жазуға баулу .Өз елінің жан –жануарларын қорғауға машықтандыру .
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау қабілеттерін ,сөйлеу мәнерін тілін дамыту ;Мәтін құрастыруға ,мазмұнына лайықты ат қоя білуге , байланыстырп сөйлеуге дағдыландыру .
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі :Жаңа
Сабақтың әдісі :ізденушілік ,танымдылық ,сұрақ –жауап, ұжымдық жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану күнделікті өмірмен байланыс .
Көрнекілігі :компьютер ,суреттер
Сабақтың барысы : 1 Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды сабаққа дайындау
2. Өткен сабақты қайталау
-Бүгін біз дыбыс үндестігін қайталап мәтінге байланысты тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысымыз .Білім сарайына қонаққа барамыз .
-Білім сарайына кіру үшін ,есікті ашу үшін бізге не керек ? -Кілт. -Балалар , дұрыс ,тағы не керек ? -Білім . -Білімді көрсету үшін ойын арқылы сұрақтарға жауап береміз .

Ойынның аты -«Сан қатары»
Сандар шашылып тұр.Сандарды дұрыстап қойсақ бүгінгі жаңа сабақтың аты шығады .Ал сан қатарын ретімен қояйық .Әр санның қатарында сұрақ бар .Сол сұраққа жауап беру керек .
1.М Қазақ тілінде неше әріп бар ?
2.Ә Дыбыстар неше топқа бөлінеді ?
3. Т Дауысты дыбыстардың түрлерін ата ?
4. І Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата ?
5. Н Нмен Ң дыбыстары дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады ?
Енді « Мәтін » сөзіне дыбыстық талдау жасайық .
М- дауыссыз, үнді
Ә- дауысты ,жіңішке
Т- дауыссыз ,қатаң
І- дауысты , жіңішке
Н- дауыссыз , үнді
5-әріп ,5-дыбыс ,2- буын мә-тін
-Білім сарайының есігі ашылды .Енді барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындауымыз керек .
3.Көркем жазу . Дәптерімізді ашамыз ,бүгінгі күн, ай жазып тақтадағы элементтерді әдемілеп жазып шығайық.
-Білім сарайында бөлмелер көп .Сол бөлмелерге кіру үшін тапсырмалар орындауымыз керек . 1-слайд 1- бөлмеде
-Қазір қандай ай?.Қандай мезгіл ? / Күз мезгіліне 2-3 сөйлем құрастыру ./ Күз.
Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады .Құстар жылы жаққа ұшып кетті .
-Әріптерден қатыстырып не жаздық ?/ Сөздер жаздық /
-Сөз арқылы не құрауға болады ?/ Сөйлем құрайды /
-Сөйлем арқылы мәтін құралады екен
.
2- слайд . 2-бөлме

- Тақырыбы болады .
- Жазбаша және ауызша

- Мәтін бірнеше сөзден құралады .
- ой жеткізу
- бір-бірімен мағынасы жағынан байланысып тұарды .
- Мәтін үш бөлімнен тұрады
Кіріспе негізгі қорытынды

Мәтіннің үш түрі болады
Әңгімелеу (не істеді?)
Сипаттау (қандай?)
Пайымдау (неліктен?)

4.Кітаппен жұмыс 3-бөлме .
1-жаттығу Бірінші ,екінші бағандағы сөздерді салыстырып оқы ./ауызша орындалады /
4- бөлме Ереже /3- слайд/
Мәтін мағына жағынан өз ара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Мәтінге ат қоюға болады .
5-бөлменің тапсырмасы. Дәптермен жұмыс/ 4-слайд /
2-жаттығу орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра /тақтаға орындалады ./
Мынау –менің бөлмем .Бөлмемнің ауасы таза . Оның терезелері үлкен .Оң жақта менің төсегім .Сол жақта үстел орындықтар қойылған .
6-бөлме Сергіту сәтті/ 5-слайд./
Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.
Тақырып: Көше тәртібі.
Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол.
Жол тәртібін білейік,
Аман – есен жүрейік!

5.Үйге тапсырма
3- жаттығу.
6.Сабақты қорыту
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін неше бөліктен тұрады?
Әр жол қалай жазылады?
Мәтін неше түрге бөлінеді?


7. Бағалау .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
6133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі