Материалдар / Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Вариатив жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
3406
35 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Келісемін:

«Тоқсансай» жалпы орта Аудандық білім бөлімінің

мектебінің директоры: бастауыш сынып әдіскері:

-------------------------Ү С Алтыбай ---------------- Г Молжігіт

« 29 » тамыз 2016





Курстың атауы:



Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат

Авторлық бағдарлама



1- сынып



ОҚО, Ордабасы ауданы,

«Тоқсансай» жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Халжанова Асия















2016 - 2017 оқу жылы



ТҮСІНІК ХАТ 
 
«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат» курсы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі. 
«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат» курсинда қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады. 
Ұсынылып отырған жоспар 1- сынып бағдарламасына сәйкестендірілген.Әріп элементтерін үзбей жазуға алғашқы куннен бастап аса назар аударады .Жазуға үйрету көркем жазу жаттығуларын ырғақ бойынша жаздыру әдісін қолданған жөн . Жатқа жазу, көшіріп жазу, оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай - ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар.Курсті оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Қазіргі кезде еліміздегі білім беру саласының алдына 12- жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасына көтеру міндеті қойылып отыр. Осы тұрғыдан алғанда сауат ашу пәнін оқыту мемлекеттік білім стандартына сәйкес аптасына 6 сағатқа жоспарланған және аптасына 1сағат қосымша беріліп отыр.Бұл сауат ашу пәнің бастауыш сыныптарда тереңдете оқытуға мүмкіндік береді.

"Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат" курсының мақсаты:

Балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі көркем етіп жазуға жаттықтыру, жазу мен оқуды үйрету.
Сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы

(каллиграфия) қалыптасады.
"Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат" курсы мектеп курсына енбеген тақырыптар қамтылған . Әр бөлімде берілген тақырыптар арқылы оқушылар әріп элементтерін жазуға, шағын әңгімелер құрастыруға, жұмбақтарды шешуге, мақалдарды жалғастыруға, сөздердің ұйқасын табуға, суретпен жұмыс жүргізуге, тыйым сөздер жазуға машықтанады. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастыруда педагогикалық қоғамның тәрбиелік мәні зор.
Көркем жазу әдісі – тікелей жазу тарихымен байланысады. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай . Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру жұмыстарды оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. 


Міндеттері:
- сауатты, қатесіз жазу;
- әріптерді дұрыс бейнелеу;
- әріптерді бір – бірімен дұрыс жалғастырып жазу;
- ұқыптылық пен жылдамдықты үйрету;
- үлгі бойынша жазуды үйрету;
- өз бетінше жұмыс істеуді үйрету


Фонетика саласы бойынша : 
Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыс түрлерін білуі, айыра алуы, толық дыбыстық талдау жасай алуы; 
Буын, буын түрлеріне ажырата алуы, схемалық сызбамен көрсетіп , талдай алуы;
Лексика саласы бойынша : 
Сөз , сөздердің мағынасын, синоним, омоним, антоним, ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын аша алуы, ұғымдарының болуы;

Синтаксис саласы бойынша : 
Сөйлем, сөйлем түрлеріне ажырату;
Сауатты, көркем жаза білу : 
Естуі бойынша сауатты , көркем жаза білуі ; 
Грамматикалық тапсырмаларды орындай алуы;
Шығармашылық тапсырмаларды орындай алуы.

Курстың мазмұны

Қазақ тілі өзіндік дыбыс жүйесі қалыптасқан мейлінше анық та,ашық дыбысталатын дүние жүзіндегі дамыған ,бай тілдердің қатарына жатады.Ананың ақ сүтімен берілген туған тілдің дыбысы ,сәбидің өмірге өмірге келген алғашқы сәтінен басталып оның жан дуниесіне дариды.Сондықтан осы "Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат" курсында казақ тілінің дыбыстық жүйесі таныстырылады.Сөйлем туралы білімдері кеңейтіле түседі.

Хабарлы, лепті ,сұраулы сөйлемдер туралы түсінік береді. Сөз құрамы, сөздердің лексикалық, грамматикалық белгілеріне қарай белгілі бір топтарға бөлінетінін олардың қасиеттерімен өзгеру тәсілдерін меңгерту.Сөздердің негізгі мағыналарына қарай топтастырылуы , әр топтың өзіне тән сұрақтары анықтамалары , сұрақ қою арқылы сөз таптарына ажырата білуге үйретеді.

Аптасына 1-сағат 33-сағатты құрайды.Қазақ тіліндегі 42-әріптің жазу үлгісі үйретіледі. Күнделікті диктант алынады

«Сиқырлы әріптер әлеміне саяхат» курсының

жылдық жоспары

1 - сынып

Сабақтардың тақырыптары


Сағат саны

Мерзімі

I

Өзім туралы (4 сағат)



1

Сәлем саған мектебім

Суретпен жұмыс

1


2

Мен жақсы көретін жан-жануарлар.

«Ойлан тап»ойыны

1


3

Өз үйімді сипаттаймын

« Кім тапқыр»ойыны

1


4

Мен ұнататын ертегілер

«Кубизм» әдісі

1


II

Менің мектебім(5сағат)



1

А және Н дыбысы мен әрпі

«Веер» әдісі

1


2

Л және Р дыбысы мен әрпі

«Ұшты-ұшты»ойыны

1


3

О Т әрпінің жазылу емлесі

«Кім тапқыр»ойыны

1


4

Әріп диктанты

«Ыстық орындық» әдісі

1


5

У әріпінің жазылу емлесі

«Эстафета» ойыны

1


III

Менің отбасым және достарым(4 сағат)



1

Д,Ы әріпінің жазылу емлесі

«Күн мен түн» ойыны

1


2

М,Қ әріпінің жазылулу емлесі

«Допты бер ойыны»ойыны

1


3

Буын диктанты

«Мен тапқырмын» ойыны

1


4

Ұ ,І әріпінің жазылу емлесі

«Кім жылдам»ойыны

1


IV

Бізді қоршаған әлем (5 сағат)



1

Мен және табиғат «Жауапқа сұрақ» ойыны

1


2

Е ,К әріпінің жазылу емлесі

«Сандар сөйлейді» ойыны

1


3

Ү, И әріпінің жазылу емлесі

«Кездесу» ойыны

1


4

Й,Г әріпінің жазылу емлесі

«Сағат тілі» ойыны

1


5

Нәтиже сабақ

«Ақылдының алты қалпағы» әдісі

1


V

Cаяхат(5сағат)



1

Ң ,Ө әріпінің жазылу емлесі

«Ыстық орындық» әдісі

1


2

З, Ә әріпінің жазылу емлесі

«Допты тез бер» ойыны

1


3

Орманға саяхат

«Аралас тоқта жұптас» ойыны

1


4

Ж, П, Б әріпінің жазылу емлесі

«Бұл не сөз тауып көрші» ойыны

1


5

Х,һ әріпінің жазылу емлесі

«Күн шуағы» әдісі

1


VI

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті (4 сағат)



1

Я, Ф әріпінің жазылу емлесі

«Эстафета» ойыны

1


2

Ю, Я әріпінің жазылу емлесі

«Ұжымдық әнгіме» әдісі

1


3

В, Э әріпінің жазылу емлесі

«Кім бірінші болады» әдісі

1


4

Щ, Ц әріпінің жазылу емлесі

«Эстафета» ойыны

1


VII

Тағам және сусын(2 сағат)



1

Ас адамның арқауы

« Кім тапқыр» ойыны

1


2

Ұлттық тағамдар

«Ойлан тап» ойыны

1


VIII

Дені саудың-жаны сау(3 сағат)



1

Денсаулық –зор байлық «Кім күшті» ойыны

1


2

Спорт –денсаулық кепілі

«Эстафета» ойыны

1


3

Мен не үйрендім ?

«Ақылдының алты қалпағы» әдісі

1


ІХ

Қайталау (1 сағат)



33

Оқушылардың білім деңгейін анықтау.

(ауызша, билет бойынша емтихан алу)

1



Оқушының білім деңгейіне қойылатын талаптар


  1. әріпті дұрыс жазу ,дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

  2. әріптер элементтерін жазғанда ұзынды-қысқа қылмай ,тегіс, бірдей жазу;

  3. дыбыс және әріп, олардың емлесін;

  4. сөз және оның мағынасын;

  5. түбір сөз бен қосымшалы сөздің бір-бірінен айырмашылығын

  6. түбір мен қосымшаның жазылуын.

  1. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылармеңгеруі қажет:

  1. Оқушылардың сауаттылығы артады

  2. үлгі бойынша сызба құрастыруды;

  3. сөздерді сауатты және каллиграфиялық талапқа сай жазуды;

  4. сөз құрамына талдауды;

  5. Кісі аттары мен үй жануарларының және жер-су аттарын бас әріппен жазылуын меңгереді;

  6. Тазалыққа , ұқыптылыққа үйренеді;

  7. Жазу дәптерін дұрыс ұстап,көлбеу жазуға уйренеді;

  8. мәтінге ат қоюды және ондағы негізгі ойды табуды;


Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы түсінігі болуы және оны құрметтеуінен;

  2. өз Отанына деген мақтаныш сезімінен;

  3. өз ана тілін білуі және құрметтеуінен, өз халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

  4. өз елінің, туған өлкесінің табиғатын аялауға және қорғауға ұмтылуынан;

  5. үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілділігінен көрінеді.

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:

  1. бастауыш сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан;

  2. алынған ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;

3) шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандарты, 2016 жыл 
2. Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігі бекіткен бастауыш білім берудің бағдарламасы  2013
3. Қазақ тілі оқулықтары 1,2,3,4, сыныптар К  Ерешова
4. Мұғалімдерге арналған қазақ тілі пәніне әдістемелік құрал 
5. Қазақ тілі пәні бойынша МАБ – ға арналған тест жинағы 
Көкшетау «Келешек – 2030» 2009 ж 
6. Қазақ тілі . Дидактикалық материалдар. 1- сынып А. Т. Молдабекова
«Алматыкітап» 2009-2011 
7. Қазақ тілінен өзіндік жұмыс дәптері. 1- сынып. К. Ерешева.

Г. Жамалбекова
8. Көркем жазу дәптері №1,2,3 2014 ж «Атамұра» 
9. Ана тілінен жұмыс дәптері №1,2 2014 ж «Атамұра» 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!