400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сиқырлы аяз" жас суретшілер сайысы. Дәстүрден тыс сурет салудың әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Сейдахметова Эльмира Нағашбекқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «№4 Шұғыла санаторлық бөбекжай-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі.

Тақырыбы: «Сиқырлы аяз» жас суретшілер сайысы (Дәстүрден тыс сурет салудың әдіс-тәсілдері)

Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.


Құрал - жабдықтар:фломастер, желім, субояқ, қылқалам,сулық.


Сайыстың барысы:
Құрметті балалар, қонақтар! Бүгінгі Ересек «Балдырған» тобы балаларының қатысуымен өтетін «Сиқырлы аяз» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Суретші балаларды шақырамыз.


1.Жұмабек Алина

2. Сабыров Жасұлан

3. Мұратбек Айзере


Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1. Әдіскер Көбенова Г
2. Тәрбиеші Абсадықова Қ

Бүгінгі сайыс 3 кезеңнен тұрады.

1. «Қыс кереметі» Бір басылымды сурет (монотипия) әдісі
2. «Шебер-фломастер» қысқы киімдерді түрлі-түсті боумен бояу
3. « Көңілді аққала» Монотопия әдісі

І-бөлім: «Қыс кереметі»
Балалар өз бетінше қыс мезгілінің бейнесін рамка бетіне салады.

Бір басылымды сурет

Бір басылымды сурет (монотипия) – бұл әйнекте бейнеленіп, соңынан қағазға көшірілетін сурет.

Әдіс:

  • әйнек кесіндісіне субояқ жағу;

  • қылқаламмен бояу жағып сурет салу (бояу қою және ашық түсті болғаны жөн);

  • Бояуды кеппей тұрып, ақ қағазды беттестіріп қойып, қолмен сипау;

  • Қағазды көтеру.

ІІ-бөлім: «Шебер - фломастер»
Фломастерлермен қыстық киімдер суреттерін анық бояп шығады.




ІІІ-бөлім:. « Көңілді аққала» Монотопия әдісі


Суреттің симметриялы бейнесі.

Альбом парағын көз мөлшермен екіге бөлу.

Бір бөлігіне бояу жағу.

Содан соң қағазды бүктеу.

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, - деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.


Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі сайысқа бәріңіз де ат салысып қатыстыңдар.

Марапаттау рәсімі. (музыка әуенімен сайыс аяқталады)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі