400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Сиқырлы бояулар мектебі»

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға балауыз түрлі-түсті қарындаштар және балауыз шамын қолданып сурет салғызуға және әр түрлі тәсілдер арқылы акварель бояуларымен суретті бояуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:«Сиқырлы бояулар мектебі» 

Мақсаты: балаларға балауыз түрлі-түсті қарындаштар және балауыз шамын қолданып сурет салғызуға және әр түрлі тәсілдер арқылы акварель бояуларымен суретті бояуға үйрету. Балалардың түстерді дұрыс ажыратуын, түстерді дұрыс қабылдауын дамыту. Балаларды эстетикалық әсемдікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты қадірлеуге тәрбиелеу.

Иновациялық технология: (Триз және компьютер технологиясын қолдану арқылы)

Көрнекіліктер: «жылы» және «суық» түстер; шарлар; 4 жыл мезгілінің макеттері; сурет салатын плакаттар; түрлі-түсті бояулар; балауыз қарындаштар; балауыз шамы; сыйлыққа берілетін зефир

Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай жыл мезгілін білесіңдер?- Қазір қандай жыл мезгілі?- Енді мен сендерге жұмбақтар жасырамын, ал сендер шешіп көріңіздер.

1. Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)

2.Бұлтты айдап желдеткен,

 Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын,

 Қай мезгіл деп ойлайсын? (көктем)

3.Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Көбелек қуып ойнайтын

,Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)

4. Шөп сарғайып,Өңі тайып,

Дала сұры қашады

Ойнай алмай, бой жаза алмай

Денең мұздап тоңады

.Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (күзде)

(жұмбақтардың шешуін тапқан соң, макеттердің үстінде ілініп тұрған шарлардан жыл мезгілдеріне сай жауын-шашындар төгіледі. Балалар жауын-шашынның астына тұрып, өздеріңе сәйкестендіріп массаж жасайды.)-Жарайсыңдар, балалар! Ал сендер әр жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін білесіңдер ме? Олай болса келесі жұмбақтарды шешіп көріңіздер (жұмбақтардың шешуін макетен табу).

Суға батпайды,Отқа жанбайды. (мұз)

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң;

Төріңдемін үйіңнің. (шырша)(осы сәтте жылап қоян кіреді)

Қоян:.Саламатсың ба, қоян. Сен неге жылап келе жатырсың? Менің үйім жоқ, жалғыз менің емес қыстап қалатын құстардың да қонатын жерлері жоқ. Адамдар орманның ішін ластаған соң, орманымыз жоғалып кетті. Енді барар жеріміз болмаған соң, осы сиқырлы бояулар мектебіне келдік. Балалар сендер біздерге көмектесесіңдер ме? Қараңыздаршы, мына құстарды сендер танисыңдар ма? (компьютер арқылы құстарды көрсетіп ататқызу).Балалар, қоянға көмектесеміз бе? Онда алдымен серігіп алайық.

(сергіту сәті «Ұзынқұлақ сұр қоян»)

Практикалық жұмысБалалар қоянға сиқырлы орман салып берейік. Алдымен «суық және жылы» ойынын ойнайық . Алдарыңда жатқан түстердің суықтарын қар түйіршігінің қасына, ал жылысын күннің айналасына жинайық. Жарайсыңдар, балалар! Енді қазір қыс мезгілі болған соң сиқырлы орманды суық түстермен саламыз. Алдымен ақ қағаз бетіндегі ағаштарды майлы суық түсті қарындаштармен бастырып шығайық. Енді оның үстінен майшаммен бастырып, содан соң акварель суық бояуларымен суын мол қылып, бояуын аз қылып бояйық. Жарайсыңдар, балалар!Қоян, қарашы қандай әдемі орман шықты!Рахмет, балалар, енді менің және менің достарымның мекендейтін жері бар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
446
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі