Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы фигуралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшага арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Күні: 26.01.2021ж.

Білім беру саласы: « Таным», «Қатынас»

Бөлімі: Кіріктірілген оқу қызметі

Тақырыбы:«Сиқырлы фигуралар»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: Пішіндер суреттері, піл қорабы, түрлі пішіндер, үй макеті.

Ұйымдастырушылық – оятушылық.

Шаттық шеңбер.

Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы күн, қонақтар,

Қайырлы таң балалар.

(Балалар орындарына отырады.)

Кәне, балалар, маған айтыңдаршы бір жылда неше мезгіл бар?

(Төрт мезгіл бар)

Дұрыс айтасыңдар, төрт мезгіл бар. Кәне, атап шығайық.

(Балалардың жауабы тыңдалады)

Ал, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде қанша ай бар?

Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?

(Балалардың жауабы тыңдалады)


Ал, балалар, бүгінгі оқу қызметіміз өте қызықты болмақ. Себебі бүгінгі тақырыбымыз «Сиқырлы фигуралар» деп аталады. Сендер қандай пішіндерді білесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, Ұшбұрыш, төртбұрыш және шеңбер. Олай болса назарымызды экранға аударайық.

  • Үшбұрыштың неше бұрышы бар екен?

  • Үш бұрышы бар.

  • Төрт бұрыштың неше бұрышы бар?

  • Төрт бұрышы бар.

  • Ал, шеңбердің бұрышы бар ма?

  • Дұрыс айтасыңдар. Шеңберде бұрыш болмайды. Ол дөңгелек.


  • Балалар, қызықты ойын ойнағыларың келе ма? Олай болса ойынымызды бастайық.

Ойынның шарты: піл бейнесі бар қораптан пішіндерді алып, сипап сезу арқылы табу.

  • Пішіндер туралы ертегі тамашалағымыз келе ма? Ола болса мұқият назар салып тамашалайық.


Ертеде Күлегеш деген ханшайым болыпты. Ол үнемі күліп жүреді екен. Өз елінен іші пысып, геометриялық пішіндер елінің патшалығына баруды жөн көріпті. Пішіндер елі сиқырлы патшалық болатын. Онда геометриялық пішіндер өзара тілдесе алатын еді.ханшайым таулардан асып өтіп, ормандарды аралап ұзқ жол жүреді. Сандар патшалығынан өтіп, пішіндер патшалығына да жетіп келеді. Біраз уақыт бұрын бұл жерде қатты дауыл соғып, барлық геометриялық пішіндер жан-жаққа шашырап ұшып кетіпті. Күлегеш ханшайым жолда келе жатып үлкен төртбұрыш пен кіші төртбұрышты көреді. Олардан неге мұңайып отырғанын сұрайды. Үлкен төртбұрыш достарынан ажырап қалғанын айтады. Сонда Күлегеш ханшайым «мұңаймаңдар, мен сендердің достарыңды міндетті түрде табамын. Менімен бірге жүріңдер», - дейді. Патшалықты аралап келе жатса жылап отырған Үшбұрышты көреді. Ханшайым үшбұрыштың қасына келіп неге жылап отырғанын сұрайды. Сонда ол: Менімен ешкім дос болмайды, - дейді. Кішкентай төртбұрыш аяп кетіп, «Бізбен бірге жүр, сенімен дос боламыз», - дейді. Үшбұрыш қуана келіседі. Арықарай жолда келе жатып олда судың жағасында жатқан тіктөртбұрышты көреді. Ханшайым және пішіндер одан келіп мән-жайды сұрағанда ол күрсініп былай дейді: «Баяғыда бір үйдің әдемі есігі едім, дөңгелек пішінді тұтқа досым бар еді. Қатты желдің кесірінен тұтқа досым ұшып кетті. Ал, мен жалғыз қалдым». Пішіндер тіктөртбұрышқа дос болайық дейді. Ал, тіктөртбұрыш қуана келісіп, жол жүріп кетеді. Олар әдемі алаңқайдың жағасына келгенде кезде Күлегеш ханшайымбізге енді кім көмектеседі екен дейді.

  • Ал, балалар,Күлегеш ханшайымға көмектесеміз бе?

  • Алдымен, бойымызды Жазу үшін сергіту сәтін жасап жіберейік.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Оң қолыңды соз ала,

Қол ұшына қарада.

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тұрмасын.

(Тақтадан мультбейне арқылы сергіту сәті жасалады)


  • Бүгінгі оқу қызметіміз қызықты өту үшін үш топқа бөлінейік. Менің қолымда дөңгелек, үшбұрыштар және төртбұрыштар бар, келіңдер ала қойыңдар.

(Балалар пішіндерді аладыда, үш топқа бөлінеді)

  • Әр топта түрлі пішіндер бар. Сол пішіндерді тақтаға бұрау және қадау, бастыру арқылы Ханшайымға адемі үй құрастырып берейік.

1-ші топ: Үлкен төртбұрыш, кіші төртбұрыш және тіктөртбұрыш. (Үйдің қабырғасы, терезесі, есігі)

2-ші топ: Үлкен ұшбұрыш, кіші үш үшбұрыш. (Шатыры, шырша)

3-ші топ: Үлкен дөңгелек, кіші дөңгелек. (Күн, есік тұтқасы)

Жарайсыңдар балалар! Сендер барлық пішіндерді дұрыс орналастырып, әдемі пішіндер патшалығын құрастырдыңдар .


Қорытынды.

  • Балалар, біз бүгін қандай ертегі тыңдадық?

  • Қай ертегі кейіпкеріне көмектестік?

  • Бүгінгі ашық оқу қызметінен не үйрендік?

  • Сонымен бүгінгі «Сиқырлы фигуралар» атты ашық оқу қызметіміз аяқталды.


Әндетіп айту.

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Кездескенше күн жаксы,

Сау, саламат болайық!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
809
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12