400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сиқырлы жаңа жыл!" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сиқырлы жаңа жыл!»

1.Автор сөзі музыка әуенімен.

2.Алтын балық шығады.

3.Музыка әуенімен ортаға балалар шығады.

4. Балалардың орындауында «Аппақ аппақ жапалақтап» әні

5.Балалар орындарына отырады.

6. 1,2,3 Шырша шамын жағамыз.

7. Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

8. Балалардың тақпақтары.

9. Мыстан кемпір мен ескі жыл-Доңыз дауласып кіреді. Музыка әуенімен

10. Қыздар шығып «Шырша» биін билейді.

11. Айсұлтан мен Айару ортағаа шығып, «Жаңа жыл» әнін орындайды.

12. Тышқан мен Аққала келеді. Музыка әуенімен

13. Қыздардың орындауында «Микки маус» биі

14.Ұлдардың орындауында «Аққала» биі

15.Ақшақармен бірге Ойын ойнайды.

16.Ескі жылмен қоштасады.

17. Ұлдардың орындауында «Джентельмен» биі

18 . Балалар ортаға шығып, «Шырша» әнін орындайды.

19.ҒаЖАЙЫП СӘТ.

20. Аяз ата мен Ақшақар балалармен қоштасады.







«Сиқырлы жаңа жыл!»

Бөлменің іші мерекеге сай безендірілген.

Есікттің сыртынан дауыс шығады:

-Ерте ерте ертеде, бір патшалықта кемпір мен шал өмір сүріпті. Бір күні шал балық аулауға барса, қармағына балық түседі, ол балық жәй балық емес, Алтын балық екен. Алтын балық су патшалығының ханшайымы, адамдардың тілкеген тілектерін бір мезетте орындайды.

Алтын балық: Мен-барлығының арман тілегін орындаймын, енді өзімнің де бір тілегім бар, соны орындасам қайтеді. «Мен Жаңа жыл мерекесін Шағала тобының балаларымен қарсы алғым келеді»

(Ортаға музыка әуенімен балалар кіреді)

Алтын балық: Сәлеметсіңдер ме балалар, Жаңа жылдарың құтты болсын, жаңа жылда жаңа табыстарға жетейік. Мен-Алтын балықпын, сендердің барлық тілектеріңді орындай аламын, бірге жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз ба? Олай болса сендердің іштей тілектеріңді сезіп тұрмын, себебі біздің тілегіміз бір екен, барлығымыз шыршамызды айналып «Аппақ аппақ жапалақтап» әнін орындайық.

Алтын балық: Ал енді менің келесі тілегім- барлықтарың орындарыңа әдемі отырыңдар.

(Балалар орындарына отырады)

Алтын балық: Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой. Ендеше, 
Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!!!

(Шырша шамдары жанады)

Алтын балық: Жарайсыңдар балалар, көрдіңдер ме, мен тек қана сендердің тілектеріңді орындамай, осы мерекеде өзімнің де тілектерімді орындап жатырмын. Сендер мен менің келесі ортақ тілегіміз-ортаға Аяз ата мен Ақшақардың келсін, барлығымыз бірге-Аяз ата- Ақшақар.

(Ортаға Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар, жаңа жылдарың құтты болсын. Біз қайда түсіп кеттік, басқа мерекеде жүр едікқой?

Алтын балық: Сәлеметсіз бе Аяз ата, мен-Алтын балықпын, балалар мен өзімнің тілегімнің бірі-сізбен бірге жаңа жылды қарсы алу болатын, сол себепті мен сыйқыр жасап сізді шақырдым.

Аяз ата: Ааа, түсінікті,олай болса менің де тілегім-бүгін осы балалардың өнерін көру, орындай адасың ба, Алтын балық?

Алтын балық: Әрине, Аяз ата, олай болса сіздің тілегіңіз орындалсын- ортада балаларымыз жаңа жылға арналған тақпақтарымен:

Тақпақтар:

Василиса

Жаңа жыл.Жаңа жыл

Жаңа жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Асанали

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Айару

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам ақ болсын

Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Бізге Құтты жыл болсын!

Арлан

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Мерей

Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысыңІ

Оранды ақ көрпе

Асқар тау қарлы шық

Азат

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

К.Дильназ

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже, әке-ана

Құтты болсын жаңа жыл!

Досжан

Жаңа жылды қарсы алдық,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Нәби

Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.

У.Алихан

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата аралып.




Айзере

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп.


Мыстан кемпір мен ескі жыл-Доңыз дауласып кіреді

Мыстан кемпір: Бұл не деген мереке, немене барлықтарың әдемі болып алғансыңдар? Сендер неге мені үнемі мерекеге шақырмай өздерің ғана тойлайсыңдар? Сол үшін мен сердерге Жаңа жылды кіргізбеймін, ескі жыл-Доңызбен қаласыңдар, естідіңдер ме?

Доңыз: Жоқ, Мыстан кемпір, балалардың мерекесін бұзбаңыз, оданда олармен бірге мерке тойламаймыз ба? Солай ма, Алтын балық?

Алтын балық: Иә, Доңыз дұрыс айтасың, Мыстан кемпір байқа, егер жамандық жасасаң сені сиқырлап тастаймын.

Мыстан кемпір: Туууф, Алтын балық, қорқытпашы мені, онда менің бір тілегімді орындай аласың ба, көрейік, менің сыпыртқым әбден тозды, ұша алмайтын болдым, маған жаңа сыпыртқы тарту етші.

Алтын балық: Жақсы, Мыстан кемпір, сенің тілегің орындалсын, саған жап-жаңа сыпыртқы.

(Ортаға сыпыртқы әкелінеді)

Мыстан кемпір: Оййй. Рахмет Алтын балық, мен сенің сиқырыңа енді сендім, ризамын саған. Саған алғыс ретінде Жаңа жыл-Тышқан мен Аққаланы қамаудан босатып, ортаға шақырамын.

(Тышқан мен Аққала келеді)

Алтын балық: Аяз ата, балалардың тақпақтары сізге ұнады ма? Олай болса тағы бір тілегім- ортаға биші қыздар шығып «Шырша» биін билесін.

Алтын балық: Ал енді шыршамыздың сәні кірген сияқты, олай болса келесі тілегім-Айсұлтан мен Айару ордаға шығып, «Жаңа жыл» әнін орындасын.

Алтын балық: Қандай керемет, барлық достарымыз жиналғаны. Жаңа жыл тышқан жылына арнап қыздарымыз «Микки маус» биін билесін.

Аққала: Алтын балық. Менің де тілегімді орындашы, мен балалармен бірге би билегім келеді.

Алтын балық: Жақсы Аққала, сенің тілегіңді орындап, ортаға «Аққала» биімен биші жігіттерімізді шақырамын.

Ақшақар: Алтын балық, бәрінің тілегін орындап жатырсыңғой, менің де тілегімді орындашы, өтінемін. Мен балалармен бірге көңілді ойын ойнағым келеді.

(Ақшақармен ойын)

Алтын балық: Балалар, ескі жылды шығарып салатын уақыт та келіп қалған сияқты.

Доңыз: Балалар, ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Жаңа жыл-Тышқан жылына сендерді сеніп табыстаймын, 12 жылдан кейін көріскенше сау болыңдар, Жаңа жылдарыңмен!

Алтын балық: Жаңа жыл Тышқанға арнап биші жігіттеріміз «Джентльмен» биін билесін.

Алтын балық: Аяз ата-Ақшақар сіздерге балалардың өнері ұнады деп ойлаймын, барлығыңыздың тілектеріңізді орындауға тырыстым. Ендігі менің тілегім- барлығымыз щыршамызды айналып, «Шырша» әнін орындайық.

Алтын балық: Балалар сендерге арнаған таңы бір сиқырым бар- ол қандай деп ойлайсыңдар?

Иә, иә, дұрыс таптыңдар, менің сиқырлы қармағым бар, оны суға салсам ол балықтардан басқа да заттарды ұстай алады, сенесіңдер ме?

(Ғажайып сәт: Қармақпен сыйлықтар аулау)

Аяз ата: Керемет, Алтын балық, сендермен бірге мерекені тойлаған қатты ұнады. Ал біз қайтайық.

Ақшақар: Оййй, Аяз ата сіздің дорбаңыздағы сыйлықтарыңыз барғой, ұмытып кеттіңізба? Соны таратайық.

(Аяз атаның дорбасындағы сыйлықтарды таратады)

Аяз ата: Ал, немерелерім, сау болыңдар, келесі жаңа жылда аман-есен кездескенше!

(Аяз ата мен Ақшақармен қоштасу)

Алтын балық: Осымен менің сиқырлы патшалығымдағы «Сиқырлы Жаңа жыл» мерекесі өз соңына келіп жетті. Сау болыңыздар.


































«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы














«Шағала» ортаңғы тобының

«Сиқырлы Жаңа жыл!» тақырыбында

ертеңгілігі.









Муз.жетекшісі: Айт С

Хореография: Андабаева Г



Тәрбиешілері: Зейнолла Г.Ү

Укубасова И.Н


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
368
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі