400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

«Сиқырлы киіз үй»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды киіз үй құрлысымен таныстыру. Баланың сөздік қорын молайту арқылы, салт – дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шебер сынып

«Сиқырлы киіз үй»


Ұйымдастырылған іс - әрекет: сөйлеуді дамыту,математика негіздері,дене шынықтыру,сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты:

Балаларды киіз үй құрлысымен таныстыру.
2. Баланың сөздік қорын молайту арқылы, салт – дәстүр туралы ұғымдарын қалыптастыру
3. Балалардың бойына ата – мұра құндылықтарын қастерлеуге салт – дәстүрді біліп – үйренуге тәрбиелеу.

Міндеттері:Ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Балалардың шығармашылық , зерттеу іс-әрекетін,коммуникативтік , танымдық және зияткерлік, әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамыту.



Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасайық..


Шаттық шеңбер орындалады.


Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

Тәрбиеші: Балалар біз ненің ішінде тұрмыз?
Балалар киіз үйдің ішінде тұрмыз деп жауап береді.
Балалар киіз үйдің құрал – жабдықтарын, құрлысын кім біледі ,атай алады.
(балалар иә, жоқ деп жауап береді)

-Балалар, ендеше киіз үй туралы жайлауда тұратын әжемізден неге сұрамасқа балалар?

-Балалар, біз бүгін Зере әжеміздің жайлауына киіз үйіне қонаққа барамыз. (балаларды жартылай құрылған киіз үйге апару)

-Балалар әжеміздің үйіне бару үшін сиқырлы әуенге билеп барамыз.

-Амансыңдар ма, балаларым!

-Қош келдіңдер!

-Әже сізге қонаққа келген себебіміз, киіз үй жайлы білгіміз келіп еді.

Слайд көрсету

Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы.

Біздің қазақ халқы ертеде қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүрген. Көшіп қонуға ыңғайлы болсын деп осындай киіз үйлер дайындаған. Бұл киіз үй қыста жылы, жазда салқын болған. Киіз үй негізінен ағаштан жасалып, киізбен жабылған. Сондықтан киіз үй деп аталған.

Қане айтып көріңдерші – киіз үй.



Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады.

Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып көрінер.

Тәрбиеші киіз үйдің құрал – жабдықтарымен таныстырып, қазақ халқының салт – дәстүрін байланыстыра отырып киіз үй туралы мол мағлұмат береді.

Балалардың жауабы: Киіз үй құрлысын атап береді.
- Кереге, шаңырақ ,уық,
босаға, сықырлауық,
табалдырық, маңдайша.
Киіз үй жабдықтарын атап береді.
- Іргелік, туырлық, үзік, түндік, ши, есік. Рисунок 4



Сергіту сәті:

Рисунок 5 Кел балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық..

Тәрбиеші: Балалардан киіз үй туралы кім жұмбақтар біледі?

1 – бала:

Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз. (Кереге, Шаңырақ)

2 – бала:

Рисунок 6 Тұмсығын тесіп.
Жүннен бұйда есіп
Қазыққа байлады. (Уық )

3 – бала:

Рисунок 7 Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй )

4 – бала:

Жетпіс екі найзасы.
Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ)

Балалар шығармашылық жұмыстарды орталықтарда орындайды.





Рисунок 15

Тәрбиеші:

-Балалар біз бүгінгі не білдік, не үйрендік?

-Ненің құрлысымен таныстық?
- Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын білдіңдер?
- Киіз үйдің құрылысы қалай аталады екен?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
185
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі