жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сиқырлы кілт
«№ 13 «Кораблик» балабақшасы
Ортаңғы топ
Дайындаған: Кушикбаева Индира
Теміртау қаласы
Дети встает парами и заходит под музыку и встают полукругом.
1 ребёнок Саша Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әлем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
2 ребёнок Анна Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа жалда- жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
3 ребёнок Индира Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу шашып біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
4 ребёнок(Нуркен)Шана, шаңға сыйла,
Конькиіңді байла.
Думандатып ойна,
Қыс қызығын тойла.
5 ребёнок (Макар ) Аппақ, аппақ, қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ.
Қырау- қырау тал аппақ
Айналаның бәрі аппақ.
6 ребёнок (Нурислам) Қар жауғанда,
Топ бала.
Сақтық келіп,
Аққала.
Исполняется песня: «Келді бізге жаңа жыл»
1.тәрбиеші: Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы,
Қызық- қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешіде,
Аңдар келіп бір шешімге.
Достаспақшы ниетпен,
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар,
Жаңа жылға арналған.
Ертегіні көріңдер,
(Выходит Заяц)
Қоян(Арайлым): Ау, жарандар, ал қараңдар,
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды,
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан,
Келіп Аяз атамыз.
Жылды тойлап,
Билеп- ойнап.
Көп қызыққа батамыз!
( Выходит Медведь)
Қоян: Амансыз ба, аю паң?
Аю (Ибрахим) Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым
Ұйқымды ашып сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін
Жылды қарсы алайық
Би билеп ән салайық
Қоян: Жаңа жылдың тойында
Жан сыйлайық ойынға (Кружатся)
(Выходит Лиса)
Түлкі (Сания) Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю қоян: Аман ба тулкі кел мұнда
Түлкі (Сания) Достарым жыл келкді,
Сыйлығын ол береді .
Түлкі (Аянат ) Жұмбақ шешкіш тулкінің,
Өнерін жұрт көреді.
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан,
Жүрген жерің кулкілі ән! (Кружатся)
(Выходит Ёжик)
Кірпі (Сайд): Салем достар аман ба
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық
Қоян келші биге басайық (Кружатся)
(Выходит Белка)
Тиін( Диана ): Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар- ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар,
Бәріңізге бір сәлем.
Бәрі (Все): Салем, тиін!
Жақсы- ақ биі ! (Кружатся)
(Выходит Волк)
Қасқыр (Тимофей) : Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын!
Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық.
Бәрі (Все): Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Исполняется «Танец зверят»
(Дети садятся)
2.тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Балалар сендерге жұмбақ жасырамыз.
Соны шешесіңдер ме ?
Балалар: Иә
2.тәрбиеші: 1. Қыста ғана болады
Ұстасақ қолың тоңады (Қар)
2. Ақсақалды шал жылына,
Бірақ рет келіп кетеді.
Қызы мен ұлына,
Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)
1.тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық
Ол орманда жүріп адасып кеткен болар
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата!- деп айғайлап шақырады.
(Выбегает Баба- Яга)
Мыстан: Пай-пай мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін- ай!
Үйге алып кетсем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп,
шыршаны түбімен жұлып алғысы келеді)
2.тәрбиеші: Мыстан кемпір біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
(Мыстан сөзді тыңдамай былай дейді)
Мыстан: Туу! (Маңдайдағы терін сүртіп тұрып)
Мына шыршаның тамыры терең отырғызылғанын- ай, жұлынбайды ғой.
Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда:
Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей- ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
(Баба Яга уходит и теряет палочку)
1.тәрбиеші: Балалар, кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой.
Мүмкін адасып кеткен болар.
Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!
(вставайте ребята в хоровод)
Исполняется песня : «Маленькой ёлочке» (Каз и русс)
2.тәрбиеші: Давайте ребята позовем Аяз ату
Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!
(Звучит музыка входят Дед Мороз и Снегурочка)
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі.
Шыршада әсем безендірілген екен.
Бәрі де тым сулуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
(Снегурочка плачет)
Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып
алдым!
(Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып)
Аяз ата: Қазір мен- ақ өзімнің таяғыммен жағамын
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып
тастайсыз.
1.тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны
көрмедіңіздер ме?
2.тәрбиеші: Жана мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан
жылтыраған бір затын түсіріп қалды, сол емес пе екен?
Кәне, аңдар, іздеп көріндерші,сол затты мүмкін тауып берерсіңдер (поможете найти волшебную палочку)
(Лиса находит палочку)
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным
1.тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.
Аяз Ата: Бір, екі, үш! Жарқыра шыршамыз!
(Зажигается елка)
Исполняется песня : «Аяз ата»
Аяз Ата: Қайда менің аққалаларым?! Келіңдер, билеңдер!
Исполняется танец «Снеговиков» (Рус)
Аяз Ата: Снежки скорее разбирайте и в друг-друга их брасайте
Игра со снежками
Аяз Ата: А типер давайте саберем снежки в карзину
Снежинки пушинки летите комне
Танцуйте, кружитесь как будто восне
Исполняется танец «Снежинок»
2.тәрбиеші: Аяз- Ата, отырып демалыңыз,
Балалардың өнерін көріңіз
1 Амира: Ал, балалар тұрмайық,
Би-билейік, ойнайық.
Аяз ата қуансың,
Дөңгеленіп, зырлайық.
2 Айниса: Көрдіңбе Аяз атаны?
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
3 Әліби: Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты боршаны.
Той- маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
4 Амир: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз Ата оралып.
5. Ульяна : Дед Мороз принёс нам ёлку,
Огоньки на ней зажег.
И блестят на ней иголки.
А на веточках- снежок.
6.Даниил: Новый год, Новый год,
С вами я встречаю.
С новым годом всех вас,
Я и поздравляю.
Аяз Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар!
Аталарыңда бір қуантып, тастадыңдар.
1.тәрбиеші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде!
Ақшақар сандықтың кілті қайда?
2.тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар.
1.тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген- ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Вбегает Баба Яга)
Мыстан: А-а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бір күш она артқа қарай итереді)
Аяз Ата : Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,
балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын.
« Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Замораживает)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен.
Аяз Ата: Бересің ба сандықтаң кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз ата; А-а, онда осылай тұра бер. Мен кетті.
Мыстан: Жоқ, Аяз Ата! Шартым бар, балалар.
Маған тақпақ айтып берсін.
1.Алихан Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер
2. Софья. Дед Мороз танцует с нами.
И снегурочка поёт.
Это встреча с чудесами,
Это праздник Новый год
3.Ерасыл Дала нұр, қала нұр
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жур.
Исполняют песню: «Хорошо что каждый год»
(Дед мороз размораживает бабу ягу)
Мыстан; Жарайсыңдар, балалар, тақпақты жақсы айтады екенсіңдер.
(Баба Яга отдаёт ключик , уходит)
Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден
шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.
Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
(Открывается сундук. Раздача подарков)
Аяз Ата: Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым?
Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.
Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін
тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей
беріңдер. Аспандарың ашық болсын!
2.тәрбиеші: Аяз ата кетпей біздің балармен фотосуретке түсіңіз!



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген