Материалдар / Сиқырлы компас жаңа жылдық сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сиқырлы компас жаңа жылдық сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Малефисентаның сиқырлы компасты қайтаруы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
91
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалар музыка залына бимен кіріп, билеп болған соң үш қатар болып тұрып қалады.

1-й ребёнок: Қарашы досым! Ертегідей сияқты...керемет! Мына жерде не болайын деп жатыр екен?

2-й: Мүмкін бүгін карнавал болатын шығар....ғажайып сиқырлардың куәсі боламыз!

3-й: Мен түсінген сияқтымын.Барлық бала карнавалды костюмдер киген! Алақай, демек, Жаңа жыл карнавалы басталады!

Жүргізуші: Өткен жылым болды ерекше жарқын жыл.

Өте шықты қас қағымда тағы жыл.

Соңғы парақ күнтізбеден жыртылды

«Жаңа жыл» деп қуаныштан жыр тұнды.

Жаңа жыл сиқырлы мереке

Айқай шу, толы ғой күлкіге.

Бұл әсер елітіп бізді де

Киіндік карнавалдық костюмге.

Жүргізуші: Саламатыздар ма балалар! Дұрыс айтасындар,біздер жаңа жыл меркесін тойлауға жиналып жатырмыз! Бүгін бәрімізді ғажап сиқырлар күтуде және олар орындалсын деп тілейміз!

Хоровод: «Жаңа жыл» (балалар отырады)

Жүргізуші: Балалар, айналаға қараңдаршы, біз бір сиқырлы сарайға тап болыппыз –шырағдан, майшам, күйме тұр. Ендеше, жаңа жылдық ертегіге сиқырлы сарайдың есігі ашық!

Жүргізуші: Балалар, қараңыздаршы! Бұл сиқырлы сарайдағы фея ғой.

Фея: Салематсыздар ма, балалар? Мен осы кездесуді ұзақ күттім.

Өйткені : Жаңа жылдық бүгін бал.

Ең әдемі,

Ең маңызды бал!

Бір жыл бойы күттіріп,

Сағындырып келетін бал. (Балаларға бұрылып)

Фея: Мерекеге бәрі дайын ба?

Балалар: Иә.

Фея: Көйлек, костюм тігулі ма?

Балалар: Иә.

Фея: Аналарың ба көмектескен?

Балалар: Иә.

Фея: Әсемдеп шығарып салды ма?

Балалар: Иә.

Фея: Балалар білесіздер ме? Мен билегенді өте ұнатамын.Ал сіздер ше?

Балалар: Иә

Фея : Ендеше блалар неге тұрмыз? Осындай ерекше жаңа жылдық карнавалды бимен жалғастырайық.

Жүргізуші: Керемет!

Керемет! Балымыз ашық!

Жайнайды маңай, көңілде шаттық!

Маэстро! Қанеки, қос музыканы!

Бәріміз бірге,биді бастайық

Би: (балалар отырады)

Фея: Рахмет балалар! Маған қатты ұнады.

Жүргізуші: Фея, сіз балалардың өнерін көрдіңіз, енді балалар сіздің сиқырыңызды көргісі келеді.

Фея: Ой, балалар мен ұмытып кетіппін ғой, мынадай керемет мерекеге сиқырлы компас алып келдім.Бұл компасты баңыттай отырып біз кез-келген ертегі кейіпкерлерін карнавалдық кешімізге шақыра аламыз.


Жүргізуші:О,қандай керемет! Балалар айтыңдаршы біз жаңа жылдық мерекеде ең бірінші кімді күтеміз?

 Балалар: Аяз атаны!

Жүргізуші: Әрине Аяз атаны. Өйткені ол жер бетіндегі барлық балалардың ең жақын досы.

Фея: Жарайды , сонымен балалардың ең жақын досы Аяз ата болып тұр. Ендеше, оны осы карнавалға шақыруымыз керек. Мен түсіндім. Шынымды айтсам, сиқырлы сөздерді ұмытып қалыппын. Бірақ мен есіме түсіріп көрейін. (Фея компастын тілін қолмен бұрап, айналдырып сиқырлы сөздерін айтады)

Компасым менің көрсетші .

Қонақтар қайдан келмекші?

Оңға бұрыл,

Солға бұрыл,

Тез бұрыл, жәй бұрыл,

Балалардың ең жақын досын.

Жылдамырақ бізге келтір.

Фея:Компастың тілі батысты көрсетіп тұр. Аяз ата сол жақта тұрады ма?

Балалар: Жоқ. ( музыка ойналып, күймеден Қарша қыз шығады)

Жүргізуші: Мінеки тосын сый! Бқл Қарша қыз ғой.

Қарша қыз: Сәлеметсіздер ме?О қандай әдемі балалар, қандай әдемі костюмдер? Балалар қандай мереке тойлап жатсыздар ?

Балалар : Жаңа жыл

Қарша қыз: Керемет, бізде Финляндияда жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

Ал біздегі жаңа жыл мерекесінің басты қонағы Санта Клаус.

Жүргізуші: Қарша қыз ал біздің мерекеде басты қонақ Аяз ата мен және оның немере қызы Ақшақар.

Қарша қыз: Керемет әрбір елдің жаңа жылы өзінше ерекше екен. (Қарша қыз мұңаяды)

Фея : Қарша қыз мұңайма қазір менің сиқырлы компасыммен Санта Клааусты шақыруға көмектесемін.

Жүргізуші: табылған ақыл Фея балалар мерекемізге Санта Клаусты қонақа шақырамыз ба?

Балалар: Иә

(Фея компастын тілін қолмен бұрап, айналдырып сиқырлы сөздерін айтады)

Фея:Компасым менің көрсетші .

Қонақтар қайдан келмекші?

Оңға бұрыл,

Солға бұрыл,

Тез бұрыл, жәй бұрыл,

Балалардың мерекесіне

Санта Клаусты келтір.

Жүргізуші: О қандай керемет

Бұл санта клаустар ғой! Және де біреу емес, үшеу! Сіздер қайдан келдіңіздер?

Бәрі: Голливудтан келдік!

1-санта: Хэллоу, балалар!

2-санта: Мэри кристмас!

3-санта: Happy New Year!

: В Америке и в Англии мы веселим детей!

: И к европейским детям в гости мы приходим!

3й Санта: Нас Санта-Клаусом зовут

И мы сегодня вас хотим

Бірге: Поздравить с Новым годом!

Би:

Жүргізуші: Рахмет, Санталар, көңілді билерің мен жаңа жылдық тілектеріңе!Біздің жаңа жылдық карнавалдың қонағы болыңыздар,

Енді мерекені әнмен жалғастырайық. Өйткені казір Аяз ата келеді ғой:

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Фея, қаншама кереметтер бар жер бетінде, тағы да компасыңмен сиқырлап көрші, мүмкін осы жолы дұрыс болып шығар, өйткені біз әлі Аяз атаны күтіп отырмыз ғой. Солай ғой балалар?

Фея: Әрине осы жолы бәрін дұрыс жасауға тырысамын. Менің есімде ғой, балалардың ең жақсы көретін досы- ол ?

Балалар: Аяз ата!

Фея: Компасым менің көрсетші.

Қонақтар қайдан келмекші.

Оңға бұрыл.

Солға бұрыл.

Тез-тез бұрыл, жәй бұрыл.

Балалардың ең жақын досын

Жылдамырақ бізге келтір.

Фея: Компастың тілі оңтүстікті көрсетіп тұр. Аяз ата оңтүстікте тұра ма?

Балалар: Жоқ.

(музыка ойналып, күймеден Лунтик шығады.) Қош келдіңіз Лунтик

Лунтик: Мен қайдамын? Бұл қай жер? Мен ештеңе түсінер емеспін.

Жүргізуші: Лунтик біздер Құлагер балабақшасының -------------- тобымыз

Біздер жаңа жыл мерекесін тойлауға келдік.

Лунтик : Жаңа жыл бұл қандай мереке біздің ғаламашарда мұндай мереке тойланбайды.

Жүргізуші: Лунтик сіз біздің мерекеде қалыңыз.Біздің балалар сізге әсем әндерімен көңілді билерін тарту етіп бәріміз бірге жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.

Балалар : Иә

Жүргізуші: Жаңа жылымызды әрмен қарай балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Балалар тақпақтары

Фея: Қандай өнерлісіңдер балалар! (ОЙЛАНЫП ҚАЛАДЫ

Жүргізуші: Фея сіз не туралы ойлап тұрсыз?

Фея: Менің ойлап тұрғаным біз жыл сайын нағыз суық шырша ағашының қасында қарсы аламыз. Ал пальма және жүзім аңаштары өсіп тұратын ыстық жақта жаңа жылды қалай қарсы алады екен соны елестетіп тұрмын.

Жүргізуші: Фея менде сізге бір сиқыр көрсете аламын. Сізді біздің топтың биші қыздарымен үнді еліне саяхаттауға шақырамын

Би: «Үнді биі»

Жүргізуші: Рахмет құрметті қонақтар, бізбен бірге жаңа жылдық карнавалда Аяз атаны бірге карсы алайық.

Фея :(қолындағы компасқа қарап, өз-өзімен сөйлейді. Бұзылып қалған сияқты, тілі қалай болса солай айнала береді.

Оңға бұрыл,

Солға бұрыл.

Тез-тез бұрыл, жәй бұрыл!

Ой, ештене шықпады, өте тез айналып жатыр. (қаhарлы музыка ойналып, свет өшіп , күймеден Малефисента шығады.

Малефисента: Мен ханшасымын қара түннің.

Түнек пен қараңғылық әкелемін.

Тас қараңғы қылып кеттім ну орманды.

Оңай болмас енді аязға табу жолды.

Бәрі де өшті мына менің арқамда

Қараңғылық жағар менің жаныма.

Немене, қолдарыңнан ештене келмеді ме? Мен әдейі сындырдым компасты. Ал ана ақымақ қыз Фея тіпті менің сынық компас бергенімді сезген де жоқ. Енді Аяз аталарың келмейді, мына карнавалға. Енді ол өзінің немересі Ақшақармен жүреді солай адасып. (ха-ха-ха)

Фея: Ой, не істедім мен? Байқаусызда Малефисентаны шақырып қойыппын ғой.

Жүргізуші: Балалар енді не істесек екен?

Малефисента жолдың бәрін қараңғылап тастапты. Эльза мүмкін бірдеңе ойластырарсың?

Фея: Мен Малефисентаның неге соншама қатыгез болып кеткенін білемін. Ол ұйықтап жатқанда оның қанаттарын қиып кеткен. Сондықтан ол бүкіл әлемге өш болып жүр. Біздер бір әрекет жасауымыз керек. Оған көмектесуіміз керек.

Малефисента: Сендердің қолдарыңнан ештеңе де келмейді, босқа жұмыстанбай- ақ қойыңдар.

Жүргізуші: Сен бізді олай қорқыта алмайсың.

Малефисента: Қорқытамын. Сендерге қарлы боран соқтырамын, у-у-у-(үрлейді) Қолдарыңды үсіремін.

Жүргізуші: Бізге тіпті де салқын емес, бұндайда біз қол шапалақтаймыз.

Малефисента : Онда мен сендерді қатты ыстықпен шарпимын.

Жүргізуші: Біз оны да пысқырмаймыз, Ыссығы біз түшкіреміз.(түшкіреді)

Малефисента: Онда менен жамандық күтіңдер.

Жүргізуші: Бізге ол да қорқынышты емес, біз оған қарқылдап күлеміз. (күледі)

Малефисента: Ах! Сендер қандайсыңдар? Қане-қане мені жеңіп көріңдер!

Жүргізуші: Малефисента, болды, сен жеңілдің, біз жеңдік. (балаларға бұрылып,)

Балалар мен сендерге --------биін билеуді ұсынамын. Мүмкін Малефисентаның қанаттарын қайтаруға сол көмектесер.

«------------ биі» (бидің соңында балалар қара қанат алып шығып, Малефисентаға кигізеді. Свет жанады)

Малефисента:Рахмет, сендерге балалар! Сендер менің қанатымды тауып бердіңдер. Сол үшін мен сендерге компастарыңды қайтадан сиқырлап беремін. Алыңыз: (Феяға береді) Ал маған қайту керек. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Сау болыңыз!

Фея: Енді бізге Жаңа жылдық карнавалға Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға еш кедергі болмайтын сияқты.

Ал, компасым: «Оңға бұрыл, солға бұрыл.

Оңтүстіктен солтүстікке бұрыл.

Аяз атамен Ақшақарды бізге келтір! (Музыка ойнап, күймеден Аяз атамен Ақшақар түседі)

Жүргізуші: Салематсыңдар ма Аяз ата, Ақшақар?

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым? Біздер жолдан адасып кеттік. Орманмен де, даламен де, батпақпен де, бұталардың арасымен де жүрдік. Сіздің балабақшаға әкелетін жолды әрең таптық. Не болғанын өзіміз де білмедік. Ақшақар екеумізді біреу сиқырлап тастағандай.

Жүргізуші: Енді жаңа жыл бізді айналып өте қоймас. Қанеки, орнымыздан тұрайық. Үлкен шеңбер құрайық. Әнмен, бимен жаңа жылды көңілді қарсы алайық.

Ақшақар: Аяз ата, шыршаның шамдары жанбай тұр ғой.

Аяз ата: Міне бұл бейберекетсіздік!

Мынадай сиқырлы сөздерді айтайықшы: Күлімдейміз-1

Бұрыламыз-2

Ал, жарқыра шыршамыз! (жанады)

Ән: « Шырша шамы жарқыра»

Аяз ата: Ал енді Ойын ойнаймыз.

Ойын

Аяз ата: Ой, қандай ыссы болып кетті. Әлде жолдан шаршадым ба?

Жүргізуші: Отырыңыз, Аяз ата. Біздің балалардың сізге арналған өлеңдерін қабыл.(Балалардың тақпақтары)

Аяз ата: Ой, жарайсыңдар менің азаматтарым! Өнерлерің маған қатты ұнады.

Ақшақар: Иә, Аяз ата, қандай ғажап балалар ! Олардың әндері де бар екен, мерекеге әзірлеген.

Ән: «Аяз ата сакалы»

Аяз ата: Жоқ-жоқ, сендер жәй бала емессіңдер! Сендер алтынсыңдар! Көп рахмет! (балалар отырады)

Аяз ата: Ой, мен қартайдым ба, әлде шынымен тышқанның шиқылдаған дауысы естіле ме? Музыкамен залға тышқан кіреді


Тышқан: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Доңыз жылымен қоштасып,
Менде келдім ортаға

Ал, балалар,биылғы менің жылымда
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болып өсіңдер


Жүргізуші: Келеді әне жаңа жылым «тышқан жылы»

Қарсы алайық жаңа жылды тік тұрып,

«Төрлет жылым, қош келіпсің»,- дей тұрып.Жаңа жылымызға әнімізді арнайық.

Ән «»

Аяз ата: Карнавал деген қандай керемет!. Ән айттық, биледік, енді сыйлық таратын мезгіл де келіп жетті. Ақшақар немерем сыйлықтар қайда, көрінбей ме?

Ақшақар: Аяз ата сенде сиқырлы таяқ бар ғой.

Аяз ата: Иә, әрине. Ал сиқырлы таяғым!

Көрсет сиқыр барлығын.

Тарататын кез келді

Балалардың сыйлығын.

1;2;3; Сыйлықты алып Аққала,

Мүдірмей тез жет, бақшаға! (залға музыкамен сыйлықтар тиеген шанамен Аққала кіреді, балаларға сыйлықтар таратылады.)

Аяз ата: Мінеки, жаңа жылдық мерекеміз осындай қуанышты сәтте өз мәресіне жетті. Көп қуаныш тілей отырып, балаларға еш қам жемей, үлкен болып өсулеріңізді тілеймін.

Ақшақар: Ал, біз Аяз ата екеуміз.

Бір жылдан кейін келеміз!

Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Мінеки, көптен күтіп сағынған мерекеміз де аяқтала келді. Жаңа жыл сіздерге тек сәттілік пен қуаныш сыйласын! Сау болыңыздар, құрметті қонақтар, балалар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!