400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы дүниетанымдарын арттыру. Күз қоршаған ортаға әсерін таныту. Күз сыйын ұғындыра отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы













«Сиқырлы күз»


«Ботақан» тобы






Дайындаған:Сәуен Асылзат















«Сиқырлы күз»


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар,әріптестер, және осы бөбекжайдың кішкене бүлдіршіндері! «Сиқырлы күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?


Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.


Жүргізуші: Дұрыс балалар.

Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф... үрлейді)


Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, желмен бірге бізге не келе жатыр? (тыңдайды)

Әдемі әтеш

Таң атпай тұрыпты

Ойқастап жүріпті

Жан – жаққа қарапты

Айдарын тарапты, - бізге келе жатқан не екен?


Залға әтеш кіреді: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен сендерге қонаққа келдім.


Жүргізуші: Қош келдің! Біз Алтын күзді тойлап жатырмыз. Бізбен бірге тойла.


Әтеш: Рахмет! Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

- Иә, білеміз!


Әтеш: Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады ( балалар қолды қаттырақ, тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).


«Қандай жаңбыр» ойыны ойналады.

(Әтеш басқарады: «Жай жаңбыр» дегенде қолды жай соғады. «Қатты жаңбыр» дегенде қолды қаттырақ соғады.)

Әтеш: Тамаша, балалар!Ал, балалар, сендер өте өнерлі балаларға ұқсайсыңдар. Қане, кім тақпақ біледі, айтып беріңдерші.



Айсұлтан: Алақай, алақай,

Шатанып балақай.

Күз келді дән пісті,

Айтамыз алғысты.


Аружан:  Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан,алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап


Өміржан : Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер


Күншіғар: Күзім-ау ,күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау


Ән: «Көңілді сылдырмақтар» орындайтын хор

Балалар әнді қимылмен жасайды.


Жүргізуші: Сары әтеш, біз жаңбыр жауғанда саңырау құлақтардың үлкен болып өсетінін білеміз. Саңырауқұлақ болып би де билейміз. көргіңіз келе ме?


Әтеш: Әрине.

Би: «Саңырауқұлақтар»


Әтеш: Ой, балалар,қандай тамаша биледіңдер, сендермен уақыт өте көңілді өтті. Рахмет сендерге балалар! Мен енді достарыма кетейін. Сендердің қандай ақылды, көңілді екендеріңді айтайын. Сау болыңдар балалар.


Жүргізуші: Балалар, мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын. Кім екенін білгілерің келе ме?


Залға түлкі келеді:

Мен түлкімін күлкілі,

Кім білмейді түлкіні.

Алдамаймын ешкімді,

Алтынданған күз күні.

Жүргізуші: Қу түлкі, сіздің бізге келгеніңіз қандай жақсы болды! Біздің балалар сізге ән айтып бергісі келіп тұр.


Түлкі: сендер сондай кішкентайсыңдар, ән айта аласыңдар ма?

Балалар «Тамшылар» әнін айтып береді.


Түлкі: Ой, жарайсыңдар, кішкентайлар!


Жүргізуші: Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырам, тыңдаңдар:


Менің атым ұзынқұлақ

Ылғи түнде жортамын

Қалдырмаймын ізімді

Өте қатты қорқамын.

(қоян)


Залға қоян келеді:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерде болып жатқан қандай той? Қандай көңілдісіңдер?


Жүргізуші: Сұр қоян, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз.


Қоян: Мен сендерге ойын ойнауға сәбіз алып келдім. Кім көкөністер мен жемістерді ажыратып тез жинайды екен?


Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат?»


Қоян: Ой, рахмет, балалар!

Түлкі: Сұр қоян, осы сені неге желаяқ деп атайды?


Қоян: Соны да білмейсің бе? Мен өте тез жүгіремін ғой. Сондықтан мен желаяқ атандым.


Түлкі: Ой сұр қоян, мақтанба. Сен менен де тез жүгіре алам деп ойлайсың ба?


Қоян: Әрине, сен менімен жарыссаң жете алмай қаласың.

( Түлкі қоянды қуады, жете алмайды).

Түлкі: Сұр қоян, сен расында жеткізбейді екенсің.


Қоян: Балалар, сендер мен сияқты секіре аласыңдар ма? Олай болса менің қимылымды қайталаңдар. ( Балалар қоянмен бірге билейді)


Қоян: Рахмет, балалар!


Түлкі: Бүгін біздер ойнадық та

Ән салдық та, биледік

Қоштасатын кез де келді

Біздер енді кетейік.


Қоян: Сау болыңыздар, балалар!


Жүргізуші: Балалар, бүгін бізге әтеш те, қоян да, түлкі де келді. Ал сиқырлы күз болса әлі жоқ. Біздер «Күз» ән шумақтарын орындап, сиқырлы күзді ортаға шақырайық.


«Кел бізге Алтын күз» балалар өлең шумақтарын хормен айтады.

Алтын күз,

Алтын күз,

Келші менің далама.

Алтын күз,

Алтын күз,

Келші біздің бақшаға.

Залға күз кіреді:

Сәлем, өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Кел, күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық!

Сәлеметсіздер ме, балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені «Жомарт күз» , - деп те атайды.


Жүргізуші: Балалар, біздер күзге арнап өзіміздің тақпақтарымызды айтып берейік. Жомарт күздің бізге берер сыйлығы бар.

Алпамыс: Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.


Асылхан: Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз

.


Дара : Тұрған ол мен –қызанақ,

Күнге қарап ұялып

.


Айару: Мен маржандай шиемін

Үнатамын күн нұрын.


Анель: Арттай қызыл алмам бар

Мәз болады алғандар


Айым:Жапырақта тасалап

Өскен жері бақша-бақ

Күрең қызыл шіркін-ай

Менің атым құлпынай


Ахмат:Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық



Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз сізбен бірге «Жапырақтар» биін билегісі келіп тұр.

Күз: жақсы билесек билейік.


Хор: «Күз жомарт » орындайтындар «Балапан» тобы


Жүргізуші: Күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз.


Балалар: Рахмет саған алтын күз!


Жүргізуші: №18 « Ақкөгершін»бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Иниятова Әлия апайға сөз кезегін береміз.

Күз ханшайымы балаларға алмалар үйлестіреді.Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.


Жүргізуші: Құрметті көрермендер,осыменен «сиқырлы күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі