Білім беру
саласы: Шығармашылық.
Коммуникация.
Кіріктірілген оқу
қызметі: Сурет салу, тіл дамыту,
музыка.
Тақырыбы:
«Сиқырлы
күз»
Мақсаты:
1.Балалардың күз туралы білімдерін
толықтыру.Күзгі ағаштың бейнесін дәстүрден тыс әдісімен салуды
үйрету.
2.Қиялдарын,эстетикалық тәрбиелерін
дамыту.
3.Эмоциялық сезімдерін қалыптастыра отырып,
табиғатқа деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Слайд,үлгі сурет,күзгі ағаштың
суреті,жапырақтар,мақталы таяқша,салфетка,акварель
бояуы.
Ұйымдастыру кезеңі: Жылулық
шеңбері
Ауадан қуат
алайық,
Алақанға
салайық
Жерден нәр
алайық
Алақанға
салайық
Күннен шуақ
алайық
Алақанға
салайық
Күн шуағын балаларға
сыйлайық!
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Қазір жылдың күз мезгілі.Күз мезгілінде күн
суытады,айналадағы шөптер қурап,сарғайып , жапырақтар жерге
түседі,жауын жауады.Құстар жылы жаққа ұшып
кетеді.
Билингвальды
компонент:
Күз-осень-autumn.
Тиін мұңайып
кіреді.(жылап)
-Тиін ,тиін саған не
болды?
-Сиқырлы күз менің ағашымды сиқырлап
тастады.
-Не үшін сиқырлы күз сенің ағашыңды сиқырлап
тастады?
-Бұзық болғаным үшін ,ағашыма ұқыпты
қарамадым. Енді өз ағашымды таба алмай
қалдым(жылайды).
-Жылама,Тиін, біз саған
көмектесеміз.
-Балалар, тиін ағаштан –ағашқа секіріп жүретін
жануар.Күзде өзіне жаңғақтар,саңырауқұлақтар жинап алады,қысқа
дайындалады.Ағаштардың адамдарға пайдасы көп балалар. «Бір тал
кессең – он тал ек» деген мақалды жаттап алайық.Балалар ағаштардың
пайдасы туралы ойларын айтып
өтеді.
-Тиін сен бізге өз ағашыңа ұқыпты қараймын деп
уәде
бер.
-Иә,иә мен уәде беремін,енді олай жасамаймын,
ағашыма ұқыпты
қараймын.
-Жарайды, тиін, ендеше біз балалармен бірге
сиқырлы күздің ағаштарының суретін салып берейік.Сонда сиқырлы күз
мейірленіп, саған сенің ағашыңды қайтарып
береді.
-Енді, балалар,мына тақтаға қарайықшы.Ағаштар
ерекше тәсілдермен орындалған.Ағаштың нелері
болады?
-Ағаштың қатты бөлігі діңі,бұтақтары,
жапырақтары болады.Ағаштың діңін губкамен қоңыр түске
малып,бастырып орындаймыз.Бұтақтарын мақталы таяқшамен қоңыр түспен
орындаймыз.Жапырақтарын қызғылт-сары түстерді араластыра отырып
табиғи жапыраққа бояу жағып,оны бастыра отырып
орындаймыз.
Балалар сазды әуенмен жұмысқа
кіріседі.Балаларды үш топқа бөліп жұмысты
орындату.
Музыкалық сергіту
сәті.
«Күз Жомарт» әнін қимыл-қозғалыспен
орындау.
-Ал енді,балалар, жұмыс орнымызға отырып,
жұмысты жалғастырайық.Әр топ жұмысын аяқтап болған соң өз жұмыс
орындарын
реттейді.
Ойын «Ұқсас жапырақты
тап».
Шарты:
тақтада ілінген бірдей жапырақты тауып ағашқа
ілу.
-Балалар, бүгін біз қандай жұмыс
жасадық?
- Біз тиінге көмектестік, ағаштың суретін
губкамен,таяқшамен,жапырақпен салуды
үйрендік.
Тиін: -Балалар,сендерге көп рахмет,менің
ағашымды тауып алуыма көмектестіңдер.Ағаштардай жайнап өсіп, өне
беріңдер!Сау
болыңдар!
-Балалар,жарайсыңдар! Сендер бір үлкен іс
істедіңдер.Тиінге көмектестіңдер.Жүректерің мейірімге толы
болсын!Ерекше ықыласпен қатысқан балаларды
мақтап,мадақтау.