Тақырыбы
: Сиқырлы
күз
Мақсаты: Күз
мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.
Мерекелік көңіл- күй орнату. Балаларды
ән салуға, би-билеуге, түрлі іс –әрекеттерге
тарту, бейімділіктерін арттыру.
Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына
ықпал ету, ата-аналармен
тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.Күз
кереметтері туралы даярлық балаларының
түсініктерін қалыптастыру, эстетикалық
талғамдарын ояту, сөйлеу тілдерін, қарым
- қатынас дағдыларын қалыптастыру,
топтық жұмыстарда ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі:
театралы
концерттік бағдарлама
Күзгі
жел дирижорлық жасайды.
Күзгі
жел: Көңілдірек,
көңілдірек! Айналып билеуді де білмейді!
Жақында ағам солтүстік жел өзінің қар
ұшқындарымен ұшып келеді, сол кезде
сендердің билерің түкке де жарамай
қалады! Күз ханшайымы бізді балға
шақырды, ешқайсың кешікпеңдер деді,
тезірек жапырақтарым, балға барлық
қонақтарды алып келіңдер.
Балалар
залға билеп шығады
Тәрбиеші:
-Құрметті
қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі №14
«Әсерлі» ересектер тобы мен №13 «Көрікті»
мектепалды даярлық тобы балаларының
қатысуымен өтетін берекелі де, ырысты
алтын күз мерекесіне арналған «Сиқырлы
күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
-
Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай
әдемі болып кеткен.
Қолымызға не
ұстап келдік?
-
Жапырақтар.
- Осы жапырақтардың түсі
қандай?
- Сары. Жапырақтар қай мезгілде
сары болады ?
-Күзде
.
-Күздің
ең жақсы қасиеті қандай ?
Қанеки
ортаға Айзере, Айсұлтан, Айлин,Ахмедиярды
шақырайық. Бізге күздің жақсы қасиеттерін
айтып берсін.
Айзере:
Береке
бақ дарыған,
Жомарт
көңіл, жарқын жүз,
Сары
алтынға малынған,
Жетті
міне, алтын күз!
Айсұлтан:
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы
күз, алтын күз.
Айлин:
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс
жинау салтымыз.
Жиып
- теріп болған соң,
Той
жасайды халқымыз.
Ахмедияр:
Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа
ырзамыз.
Ән:
«Күз келді»
(Әуенмен
билеп Күз ханшайымы кіреді)
Күз
ханшайымы (Айлин):
-
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар:
-Сәлеметсіз
бе!
Күз
ханшайымы (Айлин):
-
Мен – Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Сендерге алыс жерден келдім. Сендерге
қызықты ойындар ала келдім.Орындаймыз
ба?
Тәрбиеші:
-
Балалар біз күз ханшасын төрге
отырығызайық. Күз ханшайымы ең алдымен
сендердің өнерлеріңді тамашалағысы
келеді. Қане дайындаған
өнерлеріңді
ортаға салыңдар!
Томирис:
Ән
салыңдар күліңдер
Жайнап
гүлдей жүріңдер.
Күздің
тойын тойлайық
Би
билейік, ойнайық.
Көркем:
Қарашы,
күз келді, күз келді,
Сары
алтын жауыпты іздерді.
Айзере:
Жеміс мол теретін
Күз
дос екен бізбенен
Бәрін
тауып беретін
Жомарт
екен күз деген
Би:
«Күзге сәлем»
Тәрбиеші:
Балалар
күз ханшайымының тапсырмасын орындайық.
1-ші
тапсырмасы Жұмбақ.
Ағайынды бәрі,
Шықса
– жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар:
-Жапырақ
Тәрбиеші-Дұрыс
таптыңдар, жарайсыңдар! Балалар, бізге
Күз ханшайымы қызықты ойындар ала
келіпті. «Кім жылдам» деп аталатын ойын
ойнаймыз. Арқанды кереміз. 2 баладан
бөлінеміз, себетте тұрған саңырауқұлақтарды
арқанға ілу қажет. Іске сәт, балалар!
Тәрбиеші:
-
Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар
күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше
алады. Сіз жайланып отырып, балалардың
өнерін тамашалаңыз.
Амина:
Сап - сары ғып даланы,
Бояпты
ғой күз деген.
Құстар
қанат қағады,
Қоштасқандай
бізбенен.
Марғұлан:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт
шарлады аспанды,
Қыс
келеді жар салып
Күзгі
суық басталды.
Тәрбиеші:
Қанеки, балалар енді Күз ханшайымымен
бірге ойын ойнайық.
Ойын:
«Кім мықты»
Ойын
шарты:Мен
жерге жапырақтарды шашып тастаймын,
сосын музыка қосамын. Мен музыканы
сөндіргенде сендер бір-бір жапырақтың
үстіне тұрасыңдар, кім тұрмайды ойыннан
шығады яғни ұтылады.
Ойын:
Қай жемістің дәмі?
Ойын
шарты: Ортаға
тарелкеде кесілген жеміс түрлерін
әкелеміз. Көзді жұму арқылы, қай жемістің
дәмі екендігін табу қажет.
Тәрбиеші:
Сән
әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар,
«Күз
- 2020» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!
Күз
ханшайымы (Айлин):
-
Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім!
Міне,
менің сыйлығым бір себет Күз сыйы.
Сендерге
денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші:
-
Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі
сыйлығына рахмет .
Балалар
:
-Сау
бол, Күз ханшайымы.
Ән:
«Алтын күз»
Тәрбиеші:
-Күздің
кереметі, байлығы өте көп.Күзде біздің
дастарханымыз дәнді дақылдарға,
көкөністерге, жеміс-жидектерге толы
болады, бірақ осы байлыққа жету үшін
көп еңбек ету керек.
-Құрметті
қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Сиқырлы
күз» - атты ертеңгілігімізді аяқтай
отырып, күз берекелі, астықты болсын
демекпіз. Назарларыңызға рахмет, келесі
Алтын күзде жүздескенше!
Нұр-Сұлтан
қаласы әкімдігінің № 76 «Әдемі» балабақшасы
МКҚК
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТІЛДІ»
№
76 «Әдемі»
№
76 «Әдемі»
балабақшасының
әдіскері
балабақшасының меңгерушісі
___________А.Қ.
Абдуллаева
__________________М.К. Ахметова
«
_ _» _____________________2020 ж.
Алтын
күз мерекесіне арналған ертеңгіліктің
тақырыбы:
«Сиқырлы
күз»
№14
«Әсерлі» ересектер және
№13
«Көрікті» мектепалды даярлық топтарының
тәрбиешісі:
Касым Ш.Б
Музыка жетекшісі: Ануарбекова А.С.
Нұр-Сұлтан
– 2020 жыл