Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сиқырлы магнит"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сиқырлы магнит тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекеті

Күні: 28.04.2026

Дайындаған: Мұрат Айнара Асылбекқызы

Топ: Ересек

Тақырыбы: «Сиқырлы магнит»

Міндеті:

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту: заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, сенсорлық қабілеттерін (ауыр–жеңіл, қатты-жұмсақ), себеп-салдарлық байланыстарды бақылауға, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға үйрету. (математика негіздері)

Коммуникативтік дағдыларды дамыту: қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. (тіл дамыту )

Физикалық қасиеттерді қалыптастыру: Бір орында тұрып, қос аяқпен секіру дағдыларын дамыту. (дене шынықтыру)

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру: Балалармен эксперимент жасау барысында магнит қасиетін анықтауға, әртүрлі материалдан (металл, ағаш, пластик) жасалған заттардың ажыратып, олардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру. Қоршаған ортада қауіпсіздікті сақтау, мінез-құлық мәдениетін және айналасындағылармен әдепті қарым-қатынас жасауға баулу. (қоршаған әлеммен таныстыру)

Әдіс-тәсілдері: ойын әдісі (дидактикалық, қимылдық), тәжірибе әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету.

Қажетті ресурстар: АКТ, магнит, металл заттар (қасық, қағаз қыстырғыш ), табиғи материалдар (жапырақ, топырақ, су, мақта) құты ыдыс, жіп, қағаз стакан, киім ілгіш.

Кіріспе бөлімі

«Буратино» әуенмен тәрбиеші балаларды қарсы алады.

Буратино: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? (балалардың жауабы)

Буратино: Менің де көңіл-күйім тамаша! Балалар, сендер мені таныдыңдарма? (балалардың жауабы)

Буратино: Жарайсыңдар! Мен ертегі кейіпкері Буратиномын! Балалар мен сендерге өзіммен бірге ерекше кілтімді ала келдім!(кілт іздегендей кейіп танытады)

Ой! Менің кілтім жоққой! Буратино кілтін жоғалтып алғанын түсінеді

Балалар мен кілтімді жоғалтып алған секілдімін, маған кілтті іздеуге көмектесесіндер ме? (балалардың жауабы)

Буратино: Енді кілтті қалай тапсақ болады? (балалардың жауабы)
Буратино: А-а-а, менде карта бар ғой! Кәне, бәріміз бірге картаға қарап, менің жүріп өткен жолдарымды анықтап көрейік. Мүмкін, кілт сол жерлердің бірінде қалып қойған шығар!

Буратино: Қараңдаршы, картаға сенсек, мен ағаш үйінкісінің маңында болғам екем. Демек, біз сол Ағаш үйінкісіне баруымыз керек. Бірақ жолда әртүрлі кедергілер бар. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алайық.

Балалар, сендер қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер? (балалардың жауабы)

Буратино: Бейтаныс жерлерде абай болу – шұңқырлар, тайғақ жерлер немесе құлаған ағаштар болуы мүмкін

Бір-біріне көмектесу – қиын жерлерден өткенде достарыңа қол ұшын беріңдер.

Қауіпті заттарға жоламау – сынған бұтақтар,улы саңырауқұлақтарға, өткір және белгісіз заттарға.

Жарайсыңдар балалар! Олай болса саяхатымызды бастау үшін алдымен біріміздің артымызға біріміз тізіліп тұрайық. Дайынбыз ба? Ендеше сапарымызды бастайық!

Қараңдаршы, алдымызда бірнеше бөрене жатыр!

Қалай өтсек болады? (балалардың жауабы)

Буратина: Әрине, қос аяқпен секіріп өтеміз! Екі қолымызды белімізге қоямыз да, менің соңымнан қайталап секіреміз.

Балалар кедергілерден қос аяқпен секіріп өтеді.

Буратина: Мінекей, балалар біз ағаш үйіңкісінің маңына да келдік. Айналаға зер салып қарап, көріңдерші кілтті көріп тұрсындарма? (балалардың жауабы)

Буратина:Балалар кілтті қалай тез табуға болады? (балалардың жауабы)

Буратина: Балалар кілт неден жасалынған?

Дұрыс айтасыздар кілт метталдан жасалған. Ал металдан жасалынған затты қалай тез табуға болады? (балалардың жауабы)

Буратина: А-а-а, балалар мен таптым! Біз магниттің көмегімен кілтті тезірек тапсақ болады! (Буратино қалтасынан магнит іздеп табады)

Балалар, осы магнит неге кілтті бізге табуға көмектесетінін білгілерің келеме? (балалардың жауабы)

Буратина: Ендеше, бейне жазбаға назар аударып магниттің қандай ерекше қасиеттері бірге білейік.

Бейне жазба: «Сиқырлы магнит »

Буратина: Балалар, магниттің қандай ерекше қасиеті бар?

-Магнит барлық заттарды тартады ма?

-Магнит қандай заттарды тартады?

-Магнит қандай заттарды тартпайды?

Буратино: Өте тамаша! Балалар, магниттің көмегімен ағаш үйінкісінің арасынан кілтті іздеп көрейік.

Буратино балаларға магнитті береді. Бірлесіп кілт іздейді

Буратино: Балалар, қараңдаршы бұл жерде кілт барма екен? Ал, біздер қандай заттарды таптық?

-Дұрыс айтасыздар. Осы тапқан заттарды салыстырып көрейік не неден ауыр екенін анықтайық.

Тәжірибе: «Ауыр және жеңіл»

Міндеті: Әртүрлі материалдан (металл, ағаш, табиғи заттар) жасалған заттарды салыстыру арқылы олардың қасиетін (ауыр- жеңіл, қатты-жұмсақ) ажыратуға үйрету. Зерттеу әрекеті арқылы танымдық қызығушылықтарын дамыту. Заттарды топтастыру және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.

Жүру барысы: Балаларға әртүрлі материалдан (металл, ағаш, табиғи заттар) жасалған заттар ұсынылалды. Балалар заттарды қолына ұстап, олардың салмағын сезіну арқылы салыстырады. Тәрбиеші бағыттаушы сұрақтар қоя отырып, балаларға қай заттың ауыр, қай заттың жеңіл екенін анықтауға көмектеседі. Балалар заттарды «ауыр» және «жеңіл» топтарына бөліп, қорытынды жасайды.

Буратино: Балалар, ағаш үйіңкісінен кілтті әлі таба алмадық. Бірақ қараңдаршы, біздің алдымызда тағы бір ерекше әлем бар екен. Бұл цифрлық әлем!

Балалар цифрлы әлемнің пайдасы және зияныда бар екенің сіздер білесіздер ме?
Буратино: Балалар, цифрлы әлемде қандай сақтық шараларын ескеруіміз керек екенін еске түсірейік.

- Үлкендердің рұқсатынсыз телефон, планшетті қолдануға болама?

- Бейтаныс батырмаларды басуға болама?

- Көзді экранға тым жақындатуға болама?

- Ұзақ уақыт телефонға, планшетке қарау болама?

Буратино: Жарайсыңдар балалар! Ал, сендер цифрлы әлемнің пайдасы бар екенің білесіңдер ме? (балалардың жауабы)

Буратино: Телефон, планшет арқылы танымдық ойындар ойнап, білім алады. Әртүрлі түстерді, сандарды, әріптерді үйренеді. Қызықты мультфильмдер арқылы жаңа ақпарат алады. Ендеше, менің сендермен қызықты ойын ойнағым келіп тұр. Ойнауға дайынсыздар ма?

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы тартылыс»

Міндеті: Әртүрлі материалдан жасалған заттардың қайсысы магнитке тартылатынын, қандай заттардың тартылмайтынын ажырата білу, салыстыру және топтастыру дағдыларын қалыптастыру .

Ойын шарты: Экранда әртүрлі заттардың суреттері (қасық, құлып, қайшы, шеге, шелек, қуыршақ, доп, кітап, ағаш ойыншық) көрсетіледі.

Балалар кезекпен шығып, магнитке тартылатын заттарды бір бөлек, тартылмайтын заттарды екінші бөлек топқа орналастырады.

Буратино әр таңдаудан кейін балаларға сұрақтар қояды:
– Бұл зат неге магнитке тартылды?
– Бұл қандай материалдан жасалған?

Балалар жауап бере отырып, заттардың қасиеттерін анықтайды.

Буратино: Ендеше әрі қарай картадан қарап, менің жүріп өткен жолдарымды анықтап көрейік. Ой, достар! Мен кілтті топырақ үйіндісінің маңында жоғалтып алған шығармын. Ендеше, магнитті алып, сол жаққа барайық! Балалар, дайынсыңдар ма? (балалардың жауабы)
Буратино: Ендеше, топырақ үйіндісіне қарай жолға шығайық! Балалар, топырақтың астында жасырынған әртүрлі заттарды табады (металл, пластик, ағаш). Әр бала табылған заттардың қасиетін атайды.

Буратино: Балалар, біз магнитпен жақсылап іздедік. Бірақ, өкінішке орай, бұл жерден кілтті таба алмадық. Мүмкін, мен оны басқа жерде түсіріп алған шығармын. Бірақ біз тоқтамаймыз! Картаға қарасақ, келесі жер «Су жиегі».

Ендеше, сапарымызды жалғастырайық!

Буратино: Балалар, біздер су жиегіне келдік. Ой, балалар, судың түбінде бір нәрсе жылтырап жатыр! Бұл менің кілтім болуы мүмкін! Оны судан қалай алсақ болады? (балалардың жауабы)

Буратино: Балалар, судың түбіндегі кілтті суға қолды салмай қалай аламыз? (балалардың жауабы)

Тәжірибе: «Су түбіндегі кілтті алу»

Міндеті: Магниттің қасиеттерін тәжірибе арқылы бекіту. Логикалық ойлау және мәселені шешу дағдыларын дамыту. Қол моторикасын (қармақпен ұстап алу) жетілдіру. Бірлесіп әрекет етуге баулу.

Жүру барысы: Балалар магнитті жіпке байлайды. Оны суға (ыдысқа) түсіреді. Магнит арқылы кілтті тартып шығарады.

Буратино: Жарайсыңдар, балалар! Магнит кілтті тартып шығарды! Магнитке тіпті суда кедергі бола алмады. Балалар, сендер бүгін нағыз батыр болдыңдар! Сендердің көмектеріңмен өз кілтімді таптым. Сендер маған көмектестіңдер, бір-бірлеріңе жанашыр болдыңдар. Бірге жұмыс істеп, дұрыс шешім таптыңдар. Бұл — нағыз достық пен адамгершілік. Ендеше қанекей бірге көңілді ойнайық.

Қимылдық ойын: «Көңілді кілт»

Міндеті: Балалардың зейінін, шапшаңдығын дамыту. Музыка ырғағын сезіну қабілетін арттыру. Өз ойын еркін жеткізуге, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Буратино қолына кілтті береді. Музыка қосылған кезде балалар кілтті бір-біріне шеңбер бойымен береді. Музыка тоқтаған сәтте, кілт кімнің қолында қалса, сол бала ортаға шығып, бүгінгі іс-әрекет бойынша қысқаша айтып береді:

-Не ұнады?

-Не ерекше әсер етті?

-Не есте қалды?

Мадақтау: «Зерттеушілер куәлігі»

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12