Сиқырлы математика

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың математикалық білім мен ұғымдар негізінде ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.1ден-10ға дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдыларын жетілдіру .Тура және кері санау дағдыларын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Сиқырлы математика елі»

Мақсаты: Балалардың математикалық білім мен ұғымдар негізінде ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.1ден-10ға дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдыларын жетілдіру .Тура және кері санау дағдыларын үйрету. Қосу және азайту амалдарын суретпен сәйкестендіруді білуге үйрету,есептер шығаруды жалғастыру.Геометриялық фигураларды ажырата білу .Ойлау қабілеттерін арттыру. Сандарды салыстыра білуге апта күндерімен уақытты кеңістікті бағдарлай білуін пысықтау. Алған білімдерін пысықтау .

Дамытушылығы: Балалардың 10 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, дамытушы ойындар арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып,салыстыру ақыл ойларын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа, шапшаңдыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Cұрақ-жауап, салыстыру,есептер,ойын, карточкалар арқылы тапсырмалар.

Көрнекі құралдар:10 ға дейінгі сандарға байланысты суреттер мен сандар.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Жылдың қай мезгілі?

2. Бүгін аптаның қай күні?

3. Ертең қай қай күн?

4. Сенбіден кейін қай күн?

5. Үшбұрышта неше бұрыш бар?

6. Екі қоянда неше құлақ бар?

7. Дөңгелекте неше бұрыш бар ?

Тәрбиеші: Ойын шарты: Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиешінің қолында доп. Ол өткен әріптерді айтады, балалар сол әріптерге сөз ойлап табады.


Жарайсыңдар балалар! Бүгін топқа келе жатсам,біздің топқа арнап жазған хат тауып алдым.Кімнен болды екен, оқып көремізбе?

Сәлеметсіңдерме балалар! Сіздерге сыйқырлы математикалық қалашықтан хат жазып отырмын.Зұлым мыстан кемпір біздің қалашығымызды сыйқырлап тастады.Сандар өз орнын таба алмай,пішіндер өз аттарын білмейтін болды. Апта күндеріде шатасып қалды.Сендер сондай ақылды балалар екендеріңді біліп сіздерден көмек сұраймыз!

Сәлемнен математика елінің тұрғындары!

-Балалар математика елінің тұрғындарына көмектесемізбе?

-Ол үшін бізге бірнеше тапсырмаларды орындау қажет.

1тапсырма: «Сәйкестендір?»

Мақсаты: Балалар суреттегі заттардың атауларын анықтап, оларды қандай геометриялық пішінге ұқсайтынын табуға үйрету. Балалардың қызығушылықтарын дамыта отырып.Сөздік қорын молайту.

2тапсырма: «Көршісін тап»

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын,сандарды салыстыра білуге үйрету.

3 пен 5 тің ортасында қай сан тұрады?

7 мен 8 дің ортасында қай сан тұрады?

1 мен 2 санының ортасында қай сан ?

3тапсырма «Тура және кері санау»

Мақсаты:Балаларды тура және кері санауға үйрету.

4тапсырма «Санамақ»

Мақсаты: Балаларды санауға, есте сақтауға,білімділікке тәрбиелеу.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Екі қолды қосқанда,

Тең болады он саусақ.

5тапсырма «Ойнада,ойлан», «Сөз жұмбақ»

1.Күн шуақта отырды үш күшік

Келді маңына тағы екі күшік.

Ал кәнекей санашы

Болды сонда неше күшік?

2.Бес қонжық орманға

Бара жатты қорбаңдап.

Бір қонжық шаршады.

Қанша қонжық кетті алда?

3.Ағаш басында екі торғай отыр еді.

Оларға тағы екі торғай ұшып келді.

Барлығы неше торғай болды?

Рефлексия

-Жарайсыңдар, балалар !.Біз барлық тапсырмаларды орындадық. Бүгін кімге көмектестік ?

Біз бүгін сандарды ретімен қойып тура,кері санадық. Салыстырдық.Жұмбақ шештік .

Аудио таспа

-Жарайсыңдар балалар бәріңде ақылды екенсіңдер.Барлық тапсырмаларды дұрыс орындап мыстан кемпірдің сыйқыры шешілді.Рахмет сіздерге.Менің сіздерге арналған сыйлығым бар,қабыл алыңыздар.

-Сау болыңыздар!

Баларларды мақтау,мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1- ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен,тура және кері санай білуді, сандар емлесін тануды;Игереді: 10 көлемінде сандық есептеу,салыстыру,санау,топта дағдыларын игеру;Меңгереді: Ауызша есептер шығаруды меңгереді.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2023
386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі