400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы математика еліне саяхат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге. Жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі:  ҚМҰҚ

Тақырыбы: Сиқырлы математика еліне саяхат.

Мақсаты: Сандарды санау,үлкен және кіші көлемдерді ажырату, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту,сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: бірлікке, татулыққа тәрбиелеу

Билингвальді компонент:Бір-один,екі-два, үш-три-,төрт-четыре,бес-пять.

Көрнекіліктері: Сандар, пішіндер, ойыншықтар,аудиожазба.

Әдіс - тәсілдер: жылулық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар.


Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Кіріспе бөлім

Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз ерекше болмақ. Себебі бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Алақанды ашайық,

Күннің жылуын салайық.

Жүрек жылуын салайық,

Жиналған жылы шуақты,

Бір-бірімізге сыйлайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.


Балалар шаттық шеңбер құрып үш тілде амандасады.

Сәлеметсіздер ме !

Здраствуйте !

Hello!




Негізгі бөлім

Балалар мен бүгін өте қуанып тұрмын себебі кеше бір ерекше шақыру хат алдым ол хатта былай жазулы «Мен сиқырлы математика елінің ханшайымымын» мен сендерден көмек сұраймын. Менің сандарым жоғалып қалды, соларды маған тауып бере аласындарма деп жазыпты. Балалар ханшайымға көмектесемізбе? Саяхатқа барғыларын келеме ?

- Онда қазір біз сиқырлы математика еліне саяхатқа аттанамыз.

- Саяхатқа жаяу емес, көңілді автобуспен аттанамыз.

Балалар қане енді тамаша музыка әуенімен жолға шығайық.

Тәрбиеші: балалар міне біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз

Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен.

Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

1-5 ке, дейін санау, кері санау.

Д/О:«Қанша болды,қанша қалды» д\ойынын ойнап жіберейік.

Ойынның шарты: Ойыншықтар стол үстінде тұрады, балалар қанша ойыншық бар екенін санайды,қандай ойыншық екенін атайды, содан балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып , қай ойыншықтың жоқ екенін неше ойыншық қалғанын айтады

2-ші аялдама «Геометриялық пішіндер» аялдамасы

Бұл аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

Геометриялық пішіндердің түрлерін және түстерін атау.

Сергіту сәті.Аудиожазба арқылы өткізу.

3-ші аялдама «Үйшік» аялдамасы

Бұл аялдама бізге мынадай тапсырма тапсырыпты:

Үйшіктің төбесін көлеміне,түсіне сай тауып жабыңдар.

-Балалар қарандаршы мында қорапша тұр, ішінде математика елінің ханшайымының сандары бар екен, мына сандарды балабақшамызға апарып ханшайымға пошта арқылы салып жіберемін.

Жақсы балалар тапсырмаларды жақсы орындадындар ал,енді балабақшамызға қайтып оралайық.


Балалар мұқият тыңдайды







-Иә. Барғымыз келеді


Тапсырманы орындайды.

1-5-ке дейін санайды.

Кері анайды







Тапсырманы орындайды





Дидактикалық ойынға балалар белсене қатысады.









Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, сопақша.


Сары, қызыл, көк, жасыл


Сергіту сәтін жасайды.



Тапсырманы орындайды.

Қорытынды бөлім

-Балалар бүгін қайда бардық?

-Саяхатта біз не істедік?

Рефлексия: Күншуақ. Балалар барлығын түсінсе күнді , жартылай түсінсе бұлтты таңдап тақтаға іледі.

«Сиқырлы математика» еліне саяхатқа бардық.

- тапсырмалар орындадық.

Өз өздерін бағалайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
852
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі