400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Сиқырлы математика ертегілер әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі арқылы математикалық білім дағдыларын шыңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТОО «Gulnara Joldasbay» «Гүл» балабақшасы











Ашық оқу-іс әрекет

Тақырыбы: «Сиқырлы математика ертегілер әлемі»











Тәрбиеші: Мақсұтбаева А.А



























2024-2025 оқу жылы

Ашық сабақ тақырыбы: " Сиқырлы математика ертегілер әлемі"

Топ: «Сұңқар» Ересек тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Білім көздері: Қарапайым математикалық ұғымдар

Тақырыбы: Сиқырлы математика ертегілер әлемі.

Мақсаты: Ертегі арқылы математикалық білім дағдыларын шыңдау 1-5 дейінгі сандарды тура және кері санау. Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер мен түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастырып, пішіндерден неше түрлі бейнелер құрастыру. Топтасып тапсырманы орындау арқылы бір-бірімен тату дос болуға тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс, кейіпкерлер. Дидактикалық ойын.



Іс- әрекет кезеңдері: Шаттық шеңберімен сабағымызды бастап, «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау.

Тәрбиешінің іс- әрекеті: Балалардың математикалық дағдыларын шыңдау. Тура және кері санауды үйрету.

Балалардың іс- әрекеті: Берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындау, сандар туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Мотивациялық-Қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз жақсылық

Ашық болсын кең аспан

Берік болсын іргеміз

Бәріміз бір біргеміз





Енді әрқайсысымыз өз орнымызға отырайық.

Балалар біз өзіміз жақсы көріп тыңдайтын ертегілерімізді еске түсірейік.

Ерте, ерте, ертеде..........

Шалқан, Жетілақ, Қызыл телпек, Үйшік, Түлкі мен тырна, Мақтақыз бен мысық т.б. Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Бауырсақ» ертегісі арқылы бастағымыз келіп отыр. Балалар ертегіде Бауырсақ ең бірінші қандай кейіпкермен кездеседі?

Балалар: қасқыр.

Қасқыр: Сәлеметсіңдерме балалар мен сендерге қызықты тапсырмалар әкелдім, егер соны орындасаңдар мен бауырсақты жемеймін.





1-тапсырма:1-5 ке дейін тура және кері санау.

Тәрбиеші: Балалар біз қасқырға санап білетінімізді көрсетейікші. Қане кім 1ден 10ға дейін санап береді?

2-тапсырма: Сандарды сәйкестендір ойыны.





Қасқыр аралап балаларды мақтайды. Мен енді кетуім керек, тапсырманы дұрыс орындадыңдар, рахмет, сендер сияқты дос тапқаныма қуанамын. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар Қасқырдыңда тапсырмасын жақсы орындадыңдар, ол да сендерге риза болып кетті.

Тәрбиеші: Балалар енді менің тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?

Тапсырма: Тақтада көрсетілген ағашта тұрған алма және апельсиндерді рет ретімен себетке жинау, тура және кері санауға дағдыландыру.





Тәрбиеші: Біз Бауырсақ ертегісі желісі бойынша тапсырмаларды орындап, ойнадық.

-санадық, пішіндерді ажырата білдік, пішіндерден заттар құрастырдық, жаттығу жасадық, тақпақ айттық.

Рефлекссивті-Түзетушілік

-Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?

-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Ендеше ортаға шығайық

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: 1-5 ке дейінгі реттік сандарды ауызша санауды (тура, кері)

Көрсете білуі: 1-5 ке дейін санау, пішіндерді, түстерді танып, көрсете білуді игереді.

Меңгерген дағдылар мен іс-әрекеттер: Өз бетімен іс-әрекет жасай алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
150
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі