Білім беру саласы: Таным. Қарапайым математикалық ұғымдар. Тақырыбы: «Сиқырлы математика ертегілер елінде».
Мақсаты: Ертегі арқылы математикалық білім дағдыларын шыңдау.Геометриялық пішіндер мен түстерді ажырату.Үлкен-кіші,аз және көп,ұзын-қысқа ұғымы,оюлардың жартысын тауып орналастыру,қол маторикасын дамыту,көмек көрсетуге,қамқорлыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, дидактикалық ойын,сергіту сәті.
Көрнекіліктер: Пішіндер,үлестірмелі материалдар,Шырша ағаштары,матадан тігілген сәбіздер.
Шаттық шеңбері: Амандасу.
Күн жылуын жинаймын.
Достарыма сыйлаймын
Күн жылуын аямасын,
Шуағымен саяласын
Достық деген байтеректі
Барлық бала саяласын.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар енді өзіміз жақсы көретін ертегілерді еске түсірейікші.
Балалар: Шалқан,Қызыл телпек,Мақта қыз,Үш аю,Үйшік.т.б
Тәрбиеші: Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді «Бауырсақ» ертегісі арқылы бастағымыз келіп тұр.Бауырсақ ең бірінші қандай кейіпкерге кездеседі.
Балалар: Қоянға кездеседі.
Тәрбиеші: Олай болса сол қоян міне мында отыр екен.
Қоян сен бауырсақты жемеші,біз бауырсақтың достарымыз.
Қоян: Онда менің шашылған сәбіздерімді жинап беріңдер.
Тәрбиеші: Жинап беремізбе балалар.
Балалар тез-тез жинап беріп қоянды риза қылғандықтан,қоян бауырсақты жемейді.Балалармен қоштасып қала береді.
Тәрбиеші: Балалар енді кімге кездеседі бауырсақ?
Балалар: Қасқырға кездеседі.
Балалар: Сәлеметсізбе Қасқыр, сен бауырсақты жемеші,біз оның достарымыз.
Қасқыр: Онда мына асықтарды түсіне және көлеміне қарай орналастрып бересіңдер.
Балалар: Жарайды.
Балалар асықтарды орналастырып береді.
Қасқыр: Рахмет балалар, жарайсыңдар.Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен енді Бауырсақты жемеймін,Сау болындар балалар.
Тәрбиеші: Балалар Бауырсақтың алдынан енді ким шығады?
Балалар: Аю шығады.
Балалар: Аю сен бауырсақты жемеші.
Аю: Менің көңіл-күйім жоқ.Онда сендер менің көңілімді көтеріп беріңдер.
Балалар: Әрине аю,саған музыкамен билеп береміз.
Сергіту жаттығуы.
Аю: Рахмет балалар көңіл күйім көтеріліп қуанып қалдым. Енді Бауырсақты жей алмайтын болдым,сау болыңдар балалар .
Тәрбиеші: Балалар Бауырсақтың алдынан енді кім шығады
Балалар: Түлкі шығады.
Мерей:
Қалың орман, ну орман
Түлкі деген қу болар
Бауырсақты жеп қойса
Оның арты шу болар.
Балалар: Түлкі Бауырсақты жемеші, біз оның достарымыз.
Түлкі: Менің дайындаған ойыыным бар.Онда маған мына пішіндерді атап,үстіндегі оюдың жартысын тауып бересіңдер.
Балалар: Жарайды, жасап береміз.
Түлкі: Ой қандай әдемі ,рахмет ақылды балалар,мен сендерден көп нарсе үйрендім.Өте ақылды екенсіңдер.Сіздердің ойындарыңыз маған ұнады.Сол үшін Бауырсақты жемеймін.
Түлкі балалармен қоштасып кетіп қалады.
Бауырсақ: Рахмет балалар,сіздердің арқаларыңызда аман қалдым. Нағыз адал достар екенсіңдер.
Маған көмектескендеріңіз үшін,мен сендерге риза болып сыйлық әкелдім.Ала қойыңдар.
Ал енді мен ата-әжемнің үйіне қайтайын. Сау болыңдар,балақайлар.
Балалар: Рахмет Бауырсақ,сау бол.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз Бауырсақты Қояннан,Қасқырдан,Аюдан,Түлкіден қалай құтқардық?Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма
Балалар: Я ұнады. Сәбіз жинадық,асықтарды орналастырдық,биледік, пішіндерді атап,оюдың жартысын таптық.
Тәрбиеші: Балалар сіздер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар,мағанда қатты ұнады.Жарайсыңдар.Өте ақылды балалар екенсіңдер.Бауырсаққа көмектестіңдер.Керемет көңіл -күймен оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.
Енді қонақтармен қоштасайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сиқырлы математика ертегілер елінде"
"Сиқырлы математика ертегілер елінде"
Білім беру саласы: Таным. Қарапайым математикалық ұғымдар. Тақырыбы: «Сиқырлы математика ертегілер елінде».
Мақсаты: Ертегі арқылы математикалық білім дағдыларын шыңдау.Геометриялық пішіндер мен түстерді ажырату.Үлкен-кіші,аз және көп,ұзын-қысқа ұғымы,оюлардың жартысын тауып орналастыру,қол маторикасын дамыту,көмек көрсетуге,қамқорлыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, дидактикалық ойын,сергіту сәті.
Көрнекіліктер: Пішіндер,үлестірмелі материалдар,Шырша ағаштары,матадан тігілген сәбіздер.
Шаттық шеңбері: Амандасу.
Күн жылуын жинаймын.
Достарыма сыйлаймын
Күн жылуын аямасын,
Шуағымен саяласын
Достық деген байтеректі
Барлық бала саяласын.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар енді өзіміз жақсы көретін ертегілерді еске түсірейікші.
Балалар: Шалқан,Қызыл телпек,Мақта қыз,Үш аю,Үйшік.т.б
Тәрбиеші: Олай болса балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді «Бауырсақ» ертегісі арқылы бастағымыз келіп тұр.Бауырсақ ең бірінші қандай кейіпкерге кездеседі.
Балалар: Қоянға кездеседі.
Тәрбиеші: Олай болса сол қоян міне мында отыр екен.
Қоян сен бауырсақты жемеші,біз бауырсақтың достарымыз.
Қоян: Онда менің шашылған сәбіздерімді жинап беріңдер.
Тәрбиеші: Жинап беремізбе балалар.
Балалар тез-тез жинап беріп қоянды риза қылғандықтан,қоян бауырсақты жемейді.Балалармен қоштасып қала береді.
Тәрбиеші: Балалар енді кімге кездеседі бауырсақ?
Балалар: Қасқырға кездеседі.
Балалар: Сәлеметсізбе Қасқыр, сен бауырсақты жемеші,біз оның достарымыз.
Қасқыр: Онда мына асықтарды түсіне және көлеміне қарай орналастрып бересіңдер.
Балалар: Жарайды.
Балалар асықтарды орналастырып береді.
Қасқыр: Рахмет балалар, жарайсыңдар.Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен енді Бауырсақты жемеймін,Сау болындар балалар.
Тәрбиеші: Балалар Бауырсақтың алдынан енді ким шығады?
Балалар: Аю шығады.
Балалар: Аю сен бауырсақты жемеші.
Аю: Менің көңіл-күйім жоқ.Онда сендер менің көңілімді көтеріп беріңдер.
Балалар: Әрине аю,саған музыкамен билеп береміз.
Сергіту жаттығуы.
Аю: Рахмет балалар көңіл күйім көтеріліп қуанып қалдым. Енді Бауырсақты жей алмайтын болдым,сау болыңдар балалар .
Тәрбиеші: Балалар Бауырсақтың алдынан енді кім шығады
Балалар: Түлкі шығады.
Мерей:
Қалың орман, ну орман
Түлкі деген қу болар
Бауырсақты жеп қойса
Оның арты шу болар.
Балалар: Түлкі Бауырсақты жемеші, біз оның достарымыз.
Түлкі: Менің дайындаған ойыыным бар.Онда маған мына пішіндерді атап,үстіндегі оюдың жартысын тауып бересіңдер.
Балалар: Жарайды, жасап береміз.
Түлкі: Ой қандай әдемі ,рахмет ақылды балалар,мен сендерден көп нарсе үйрендім.Өте ақылды екенсіңдер.Сіздердің ойындарыңыз маған ұнады.Сол үшін Бауырсақты жемеймін.
Түлкі балалармен қоштасып кетіп қалады.
Бауырсақ: Рахмет балалар,сіздердің арқаларыңызда аман қалдым. Нағыз адал достар екенсіңдер.
Маған көмектескендеріңіз үшін,мен сендерге риза болып сыйлық әкелдім.Ала қойыңдар.
Ал енді мен ата-әжемнің үйіне қайтайын. Сау болыңдар,балақайлар.
Балалар: Рахмет Бауырсақ,сау бол.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз Бауырсақты Қояннан,Қасқырдан,Аюдан,Түлкіден қалай құтқардық?Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма
Балалар: Я ұнады. Сәбіз жинадық,асықтарды орналастырдық,биледік, пішіндерді атап,оюдың жартысын таптық.
Тәрбиеші: Балалар сіздер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар,мағанда қатты ұнады.Жарайсыңдар.Өте ақылды балалар екенсіңдер.Бауырсаққа көмектестіңдер.Керемет көңіл -күймен оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.
Енді қонақтармен қоштасайық.
шағым қалдыра аласыз













