“Сиқырлы орманның жаңа жылы”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Сиқырлы орманның жаңа жылы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада ортаңғы топтарға арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыйқырлы орманның жаңа жылы”

Ортасында үлкен шырша

Қар үлпектері, жарықшамдар

Шетте "Орман" декорациясы

Гномдар үңгірі (кішкентай үйшік)

Аққала тұрған алаңша

Көңілді музыка әуенімен балалар шыршаның айналасында шеңбер жасап тұрады.

Жүргізуші: – Қош келдіңдер, балалар! Бүгін біз Сыйқырлы орманға саяхат жасаймыз. Бұл орманда Жаңа жылды ерекше қарсы алады екен. Ал біз қуаныш, ән-жырымызбен сол орманға шаттық, қуаныш сыйлайық.

? Ән: «Жаңа жыл»

Әннен кейін балалар орындарына отырады

Жүргізуші: – Біздің әдемі шыршамыз оянып, жарқырау үшін билегісі келіп тұрған сияқты. Олай болса, біздің тобымыздың сұлу қыздары шыршаға арнап би билеп берсін.

Би: “Шырша биі(қыздар)

Шырша шамдары жарқырайды.

Жүргізуші:

Балалар, біздің сиқырлы орманға қар қалың жауыпты. Қәне, қарды жинайық!

Ойын:

Балаларға жеңіл шарлар/мақта қар тастары тасталады.

Музыка қосылғанда балалар қарды себеді

Музыка тоқтағанда: қарды себуді тоқтатып, бір шеңберге жиналады.

Қайталанады

Музыкамен Аққала шығады.

Аққала: – Достар, мен жолда келе жатып, сендердің ойнағандарыңды көріп қатты қуандым! Қанша жүгірсемде, жете алмадым, мен келсем сендер ойынды аяқтап қойыпсыңдар. Жүгіріп келе жатып, қарға құлап та қалдым, енді мен тоңып тұрмын, жылыну үшін не істесем болады екен? Сендер маған жылынуға көмектесесіңдерме?

Балалар: Иәә, көмектесеміз

Жүргізуші: Иә аққала, біздің балалар бүгін өте көңілді, мерекеге жақсылап дайындалып келді, саған міндетті түрде көмектесеміз! Сен би билеу білесіңбе?

Аққала: Мен билей алмаймын, бірақ тырысып көрейін.

Жүргізуші: Жарайсың Аққала, олай болса, сен көзіңді жұмып, 10 ға дейін асықпай санап тұр, біздің саған керемет тосын сыйымыз бар.

Аққала көзін жұмып тұрады, балалармен бірге санайды, сол кезде балалар ортаға билеуге шығады. Көзін ашқанда ортада өзінің кішкентай аққала достарын көреді, қуанып, бірге билейді.

Би: «Заманауи Аққалалар» (ұлдар)

Ойын: «Сиқырлы сыпырғыш» (Гномдармен бірге)

Гномдар сыпырғыш алып шығады.

Ереже: Музыка ойнағанда сыпырғышты қолдарынан қолдарға береді

Музыка тоқтағанда кімде сыпырғыш қалса —

сол кішкене би қимылын жасайды.

Жүргізуші: – Балалар, бізге бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты иә. Жаңа жылға әрдайым әдемі, мейірімді Ақшақар келеді емеспе? Кәне, барлығымыз дауыстап Ақшақарымызды шақырайық!

Барлығы: – Ақ-ша-қар! Ақ-ша-қар!

(Музыка ойнап тұрады. Алдымен Ақшақар шығып келеді.)

Ақшақар:
Ақ ұлпа қармен жамылған,
Қыс сәлемін алып мен,
Бүгін сізге шаттық боп,
Ертеңгілікке келдім мен!

(Сахнаның шетінде қоянның секірген даусы, қимылы.)

Қоян:
Тыпыр-тыпыр, секірем,
Орманнан мен жетілем.
Ақшақарды еріп келдім,
Балалармен көрісем!

(Қоян Ақшақардың қасына келеді.)

Ақшақар:
Қош келдің, ақ қояным,
Тәтті екен ғой тояным!
Балаларға сыйлық әкеп,
Қуантайық баяғың!

Қоян:
Сәлем, сәби достарым,
Көңіл толы нұр, жарық.
Мерекеде бірге ойнап,
Болайық шат, көңілді-ақ!

Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, Қош көрдік, балалар! Қандай керемет қарбалас! Қандай сұлу болып кеткенсіңдер бөбектерім! Жаңа жыл мерекесі құтты да берекелі болсын!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Ақшақар, Қош келдің Ақ қоян! Жаңа жыл мерекесін бізбен бірге тойлаңыздар. Бізідңі бүлдіршіндер қоянды өте жақсы көреді, соған арнайы өлең де жаттап алыпты, олай болса, қоянға арнап ән айтайық балалар!

Ән: «Ақ қоян»

Қоян: Қандай керемет ән, рахмет сендерге балақандар, көңілімді бір көтеріп тастадыңдарғой.

Ақшақар: Қандай өнерлісіңдер, балалар, Жаңа жылды қарсы алу үшін бізге ең керектісі кім?

Балалар: – Аяз атаааа!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, барлығымыз олай болса ортаға шеңбер болып Аяз атамызды шақырайық!

Балалар шеңберге тұрып, қолдарын жоғары көтеріп, бірге сиқыр жасайды.

Барлығы: Аяз ата келіңіз,

Мерекені көріңіз!

Ақшақар: Балалар, тыңдап көріңдерші… Бір қызық дыбыс естілгендей болды. Қараңдаршы, сыртта біреу жүрген сияқты!

(Есіктің сыртынан қоңырау сыңғыры: «сыңғыр-сыңғыр». Балалар таңданып тыңдайды.)

Қоян: Ақшақар, бұл кім болды екен?

Жүргізуші: Әлде… Аяз ата ма?

Ақшақар: Иә, мүмкін!Себебі біздің балалар сыйлықтар алу керек қой, біз Аяз атаны шақырдық қой. Онда бәріміз бірге тағы да шақырып көрейік!

Барлығы (хормен):
Аяз ата, келіңіз!
Бізге сыйлық беріңіз!

(Қоңырау тағы сыңғырлайды, есік ашылып, Аяз ата кіреді.)

Аяз ата:
Армысыңдар, балаларым!
Ақ көңілмен, шаттықпен
Келдім сыйлық арқалап,
Алыс, асу белдермен!

Балалар қуанып қол шапалақтайды.

Ақшақар:
Қош келдіңіз, Аяз ата! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Аяз ата:
Мен де асығып жеттім. Жарқын күлкілеріңді есту, Мен үшін ең үлкен сый!

Бала:
Аяз ата, біз сізге өлең айтып, би билеп береміз!

Аяз ата:
Ендеше, бастайық, балалар! Енді сендердің әндерің мен билеріңді көргім келеді. Мереке — өздеріңдікі!

Тақпақтар:

Балалар кезекпен тақпақ айтады.

? Ән: «Аяз ата»

Аяз ата:
– Өнерлерің қандай тамаша!

Қоян: Ақшақар, менің Аяз атамен ойын ойнағым келіп тұр, балалардың да ойнағысы келетін сияұты, қане ойнайықшы.

Ойын: Аяз атамен «Мергендер»

Аяз ата: - Балалар, мен сендерді сынап көрейін! Қыс мықты балаларды жақсы көреді. Кәне, қар лақтырып ойнаймыз ба?

Балалар:
— Иәәә!

Ойынның барысы

  1. Аяз ата алдыңғы жаққа тұрады.

  2. Балаларға кішкентай “қар” доптары таратылады.

  3. Аяз ата әзілдеп оңға-солға қашып жүреді.

Аяз ата: — Ал, енді көрейік… кім мені қармен дәл ата алады екен?

  1. Балалар қарды Аяз атаға лақтырады

  2. Аяз ата бір-екі рет “соғылады”, құлап қалғандай болып:

Аяз ата: -Ой, ой, қандай мергендерсіңдер! Нағыз қыс батырлары екенсіңдер!

  1. Соңында Аяз ата балаларға алғыс білдіреді:

Аяз ата: -Жарайсыңдар, балалар! Енді менімен бірге қар жинап алайық!

  1. Балалар бірге қарды жинайды

Қоңырау сыңғыры естіледі. Таныс емес дыбыстар, есік тақылдап, әуен естіледі, Сахнаға гномдар шығады.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, қонақтар, бізге сыйқырлы орманнан Гномдар келіп қалыпты, өнерлерін тамашалайық

?Би: Гномдар биі

Аяз ата: – Жаңа жыл құтты болсын, балалар! Қандай керемет өнер көрсеттіңдер. Енді мен сендерді сыйлықтарыммен қуантайын!

Сыйлық таратылады.

Аяз ата: Балалар, сендерге рахмет, көңілді мерекеге мені шақырғандарың үшін, енді біз ары қарай алыс сапарға жолға шығайық. Келесі жаңа жылға дейін аман-сау болыңдар бөбектерім, деп қощштасып шығып кетеді кейіпкерлер.

Барлығы бірге: – Жаңа жыл құтты болсын!































99 Бүлдіршін балабақшасы









Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара

Тақырыбы:

Сыйқырлы орманның жаңа жылы”

Ортаңғы «Достық» тобы





Музыка жетекшісі: Жусипбекова М.

Тәрбиеші:________________





Астана 2025 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі