Материалдар / Сиқырлы пішіндер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сиқырлы пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы Таным.Шығармашылық оқу қызметтері бойынша математика негіздері саласын үйретудің әдіс-тәсілдері көрсетілген.Ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің білік пен дағдыларын қалыптатыру деңгейіне қажетті тиімді оқыту жолдарын табуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2021
246
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО Аягөз ауданы Тарлаулы ауылы "К.Кадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектеп"КММ шағын орталық тәрбиешісі

Сембаева Маржан Қайроллаевнаның 2021-2022оқу жылындағы ашық оқу қызметі


Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Білім беру бөлімі:  Математика негіздері
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»
Мақсаты: Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау: дөңгелек, төрбұрыш, ұшбұрыш. Пішіндерді салыстыра отырып, түр-түсін, көлемін анықтай білуге, үлгіге қарап пішіндерден заттарды құрастыруға дағдыландыру. Балалардың қол моторикасын, сыни ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Аралас сабақ: Айналамен таныстыру, тіл дамыту, құрастыру сабағы.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.

Сабақ барысы:

- Балалар, жылу шеңберіне тұрайық.
 
Жылулық шеңбері:
Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Қонақтарға шашайық.

(музыка әуенімен Күшік кіреді. Балалар бұрылып амандасады)

Күшік:

- Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар:

- Сәлеметсіз бе?

Күшік:

- Балалар мен сендерден көмек сұрап келдім.Менің үйшігім жоқ. Маған үйшік салуға көмектесесіндерме

Тәрбиеші:

- Балалар,күшікке көмектесейікпе?

Балалар:- Иә.

Тәрбиеші:Ол үшін бізге «Сиқырлы пішіндер» әлеміне бару керек

- барғыларың келе ме?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: «Сиқырлы пішіндер» әлеміне бармас бұрын бізге үйшік жасау үшін қандай пішіндер қажет екенін біліп алайық.

Балалар көз алдымызға елестетейікші үйшік қандай пішіндерден тұрады.Ауада саусақтарымызбен салып көрейікші. Төрбұрыш, ұшбұрыш және дөңгелек.

Балалар ауада салып көреді

Тәрбиеші:Енді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне аттанайық. Ол үшін көзімізді жұмып 3 ке дейін санайық.

Тәрбиеші: Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық.

- Ой, балалар қарандаршы алдымызда әртүрлі піндерден құралған жол жатыр.

Төртбұрыш пішінді жолмен жүреміз

Алдымыздан төртбұрыш шығады

Тәрбиеші: Бұл пішін ұйықтап жатыр екен оны ояту үшін оның қандай пішін екенін табу қажет

- қанекей қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды)

-Қандай пішін екен?

Төртбұрыштың түсі қандай?

Төртбұрыш оянады

Балалар қарандарышы төрбұрыш оянды

Сәлеметсінбе төртбұрыш бізге сенің көмегін керек

Төрбұрыш: әрине көмектесемін бірақта сендер менің тапсырмамды орындап берсендер.

Тапсырма: Мына пішіндерден машина құрап беріңдер

Балалар машина құрастырады


Төртбұрыш риза болып балаларға төртбұрыш береді.

Қоштасып кетеді

Келесі жолға келеміз

Тәрбиеші: Балалар ұйықтап жатқан пішінді оятып алмайық.Бұл қандай пішін екен.

Балалар: Бұл үшбұрыш

Тәрбиеші:- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?

Ұшбұрыш оянып кетеді.

Тәрбиеші: Ұшбұрыш біз сізді оятып жібердік пе? Кешіріңізші! бізге сіздің көмегіңіз керек. Бізге ұшбырыш пішіні керек еді.

Ұшбұрыш: Әрине көмектесемін бірақ маған да сендердің көмектерін керек.

Мына судағы балықтарымның бәрі басқа жақа кетіп қалды. Сендер маған мына ұшбұрыштардан балық құрап бересіндерме.

Балалар суда жүзіп жүрген балықтарды құрайды.

Тәрбиеші: Балалар санайықшы неше кішкетай балық, неше үлкен балық шықты.

Балалар: Үлкен балықтан біреу ал кішкентай балықтан көп

Ұшбұрыштан пішіндерді алып балалар қоштасып кетеді.

Дөңгелек жолмен жүреді

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы дөңгнлек көңілсіз отыр. Оны көңіл-күйін көтеру үшін не істеуіміз керек екен.

Күшік :мен білемін жаттығу жасайық. Сонда оның көңіл-күйі көтеріледі.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық
Қолдан шеңбер құрайық.
Дөңгелектей дөңгелеп
Шыр айналып тұрайық.
Қолды аспанға созайық
Түзу болып тұрайық,
Бір – біріне қосылып,
Үшбұрышты құрайық

.

Дөңгелектің көңіл күйі көтерілмейді.

Тәрбиеші:Дөң гелек сенің неге көңіл күйін жоқ

Дөңгелек: Менің мына кілемшелерімнің бәрі жыртылып қайтіп жамайтынын білмей отырмын.


Тәрбиеші:Дөңгелек біздің балалар саған көмектесе алады. Олар сенің кілемшеңді тез жамап береді. Көмектесеміз бе балалар?

Балалар: Ия

Түстеріне қарай жыртылған кілемшені жамау

Дөңгелек балаларға риза болады. Рахметін айтып дөңгелек пішіндерді беріп шығарып салады

Енді балалар тобымызға қайтайық көзімізді жұмып 3ке дейін санайық


Тәрбиеші: Балалар,  біз пішіндер әлемінен көп пішіндер алып келдік. Енді мына  пішіндердің көмегімен күшіктің үйшігін құрастыра аламыз ба?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Ең бірінші үйшіктің қабырғаларына қандай пішінді қоымыз

Балалар: Төрбұрыш

Тәрбиеші: Төбесіне не керек?

Балалар: Шатыры

Тәрбиеші:Тағы не жетпей тұр бұл үйшікке?

Балалар: Есік

Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар.

Міне үйшігіміз де дайын болды. Үйшіктің қасына шыршаны отырғызып қойайық. Оны үшбұрышты пішіндерден құрастырамыз.

Күшік:
- Балалар, маған үйшік жасап бергендеріңе рахмет. Менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Күшік көпіршіктерді үрлеп шығарады.

Тәрбиеші:- Жарайды, балалар, Күшікпен қоштасайық

III. Қорытынды

Рефлексиялық түзетушілік

Бүгінгі оқу қызметінде не істедік?

Балалар, біз қайда бардық?

Дөнгелекке не ұқсайды?

Ұшбұрышқа ше?

Шаршыға ше?

Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп рахмет!Бүгін барлығын жақсы

қатыстыңдар!

Бүгінгі оқу қызметі ұнаса бас бармағымызды жоғары көтерейік.


Ал маған ұнамады мен ештеңе түсінбедім десендер бас бармақтарынды төмен түсіріңдер.

Осымен оқу қызметі аяқталды,келген қонақтармызбен

қоштасамыз!

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді ажырата білуді.

Нені игереді: Заттардың қандай пішіннен құралатынын.

Нені біледі: Тапсырманы дұрыс түсініп орындауды.






































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!