400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Сиқырлы пішіндер»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі 3 жастағы ортаңғы топ балаларына арналған "Сиқырлы пішіндер" тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Білім беру дағдылары: Таным, шығармашылық, коммуникация.

Бөлімі: Математика

Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»

Мақсаты: Балаларға пішіндер туралы түсінік беру.

Пішіндерді бір-бірінен ажыратуды үйрету, салыстыру, жапыстыру арқылы шығармашылығын, түсіне қарай топтастыра білуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтауын, зейінін тұрақтандырып, тілін дамыту.

Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнектілігі: Түрлі -түсті фетрдан қиылған пішіндер,резиналар,түймелер.

Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Қанекей балалар шаттық шеңберін айтайық:

Қайырлы таң! көздерім ояныңдар,

Қайырлы таң! құлағым ояныңдар

Қайырлы таң! қолдарым ояныңдар

Қайырлы ! қонақтар

Қайырлы таң! достарым.

Залға пішіндер әлемінен үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер келеді.

Сәлеметсіңдерме балалар! Біз сендердің пішіндер туралы іс әрекеттеріңді естіп, сендердің білімдеріңді көрейік деп келдік.

Біздің сендерге арнаған көптеген тапсырмаларымыз бен ойындарымыз бар.

Тәрбиеші: Балалар ендеше пішіндердің тапсырмаларын орындайық. 
Ол үшін біз үш орталыққа бөлініп алайық.

  1. Орталыққа : Фетрамен пішіндермен гүл бейнесін шығару.

Shape1

  1. Орталықта: Резинамен пішіндер бейнесін шығару

Shape2

  1. Орталықта: Түйменің көмегімен пішіндерді түймелеу.

Shape3 Shape4

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Төртбұрышпен ойын: «Пішіндерді орналастыр»

Шарты:Пішіндер арқылы секіріп, пішіндерді дұрыс орналастыру.

Shape5

Үшбұрышпен ойын: «Бұл қай пішін?»

Шарты: Мата үстіндегі пішіндерді сипап-сезу арқылы қай пішін екенін айту. Тәрбиеші: Ал балалар тапсырмаларды орындап шаршаған шығарсыңдар сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті:

Бойыңды тік ұста

Емін еркін тыныста

Оң қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада

Сол қолың бос тұрмасын

Шеңбер жаса тынбастан

Шеңбердің тапсырмасы жұмбақ жасыру.



Қортынды:

-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет ұнадыма?

Қандай пішіндермен таныстық?
Біз ненің тапсырмаларын орындадық? 
Пішіндердің тапсырмаларын орындадық. 

Тәрбиеші: Тыңдап уақыт бөліп келгендеріңізге көп рақмет.

Сау болыңыздар.


Күтілетін нәтиже: 
Не білді: Марблс тастары арқылы шығармашылық, танымдық дағдылары дамыды.

Не алды: Балалар сұрақтарға жауап бере алды. 
Не істей алды: Балалар тапсырмаларды орындады.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.10.2023
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі