Сиқырлы пішіндер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Сиқырлы математика еліне саяхат».

Түселбай Майра, Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің жедел басқару құқығындағы «Еркемай» бөбекжайының педагог-модераторы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы



Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Білім беру бөлімі:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер..

Сабақ барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Амандасу-Үлкенге де сіз,сіз.

Кішіге де сіз,сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз, біз.

 

- Балалар, жылу шеңберіне тұрайық.
 

Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
- Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Қонақтарға шашайық

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілі

  • Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?

Әр бала ойын айтады


  • Балалар, бүгін біз “Сиқырлы пішіндермен” танысамыз.


Сиқырлы пішіндерге қандай пішін - дер жатады екен?
- Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша жатады екен.
- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық.
Төртбұрыштың түсі қандай?
- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық.
Үшбұрыштың түсі қандай екен?
- Жақсы, менің қолымдағы қандай пішін екен?
- Менің қолымда ұстап тұрған пішін дөңгелек екен. Пішіннің түсі қандай?
- Иә, оның түсі көк екен.

Топқа музыка әуенімен адасып кеткен Сиқырлы пішіндер әлемінің ханшайымы келеді.

Ханшайым: Бұл қай жер? Мен қайда келдім? Сіздер кімсіздер?

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе! Сіз кімсіз? Бұл Еркемай балабақшасы, Ақшағала тобы.

Ханшайым: Мен сиқырлы пішіндер әлемінің ханшайымымын. Мен пішіндерімді іздеп жүріп адасып кетіппін. Мұнда не болып жатыр?

Тәрбиеші: ендеше, келіңіз, біз балалармен бірге сізге сиқырлы пішіндер әлеміне оралуға көмектесейік. Себебі, біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміз пішіндер жайында болмақ. Көмектесемізбе балалар?

-Ия!

Ханшайым:Ендеше балалар менің сендерге алып келген тапсырмаларым бар.Егер тапсырмаларды орындасаңдар мен өз әлеміме орала аламын.

Балаларға тапсырма беру
:

1-тапсырма:

Пішіндер туралы жұмбақтар.

Атына сай балалар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Ол пішінді кім табар?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.
(Балалар көрсетеді түсін айтады)
- Үшбұрыш неге ұқсайды екен?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар келесі жұмбақты жасырайын.



2-тапсырма. «Пішіндердің орнын табу».


Балалар пішіндерді көлеміне қарай ажыратып, орындарына орналастырады.



3-тапсырма. «Геоконта әдісі арқылы пішіндер құрастыру»



Ханшайыммен әуенді сергіту сәті

Тәрбиеші:

- Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көңілденіп біз енді,

Бой сергітіп алайық.



4-тапсырма. «Дәнді дақылдардан пішіндер көрсету»

- Жарайсыңдар, балалар! Бойымызды сергітіп алған болсақ, орнымызға отырып берілген дәнді дақылдардан мен айтқан пішінді жасап көрсетейік.


Балалар тәрбиеші айтқан пішіндерді алдарындағы ыдыста көрсетеді.


- Ендеше бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін Ханшайыммен бірге бір ойын ойнайық.

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын табу.


Балаларға және ханшайымға пішіндері бар таяқша таратылады. Тәрбиеші кез келген заттардың суретін көрсетіп, олардың қандай пішінге ұқсайтынын сұрайды. Балалар қай пішінге ұқсатса сол пішіні бар таяқшаны көтеріп көрсетеді.


Ханшайым:
- Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендердің пішіндер туралы көп білетіндеріңді біліп қуанып қалдым. Көмектескендеріңе көп рахмет.Енді мен өз әлеміме орала аламын.Сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші:

- Жарайды, балалар, Ханшайыммен қоштасып, шығарып салайық.

Қорытындылау:

Балаларды мақтап мадақтау..



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2024
267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі