Сиқырлы пішіндер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сиқырлы пішіндерді түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сиқырлы пішіндер

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Білім беру бөлімі:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Аралас сабақ: Айналамен таныстыру, тіл дамыту, құрастыру сабағы.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Құрал-жабдықтар: Ведиопроектор, үнтаспа.

Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.

Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп:

-Үлкенге де сіз,сіз.

Кішіге де сіз,сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз, біз.

 - Балалар, жылу шеңберіне тұрайық.
 
Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
- Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Қонақтарға шашайық.

(музыка әуенімен ведиопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді. Балалар бұрылып амандасады)

Ханшайым:

- Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар:

- Сәлеметсіз бе?

Ханшайым:

- Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.

Тәрбиеші:

- Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?

Балалар:

- Иә.

Тәрбиеші:

Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?

Балалар:

- Поезбен.

Тәрбиеші:

Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.

Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:

Қимылды ойын:

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
Тәрбиеші:
- Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.

- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.

- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

- Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Тәрбиеші:

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
 
Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?
І. Тәрбиеші:

- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.

Тәрбиеші:

 Балалар, Ханшайымның «Кеңістікті бағдарлау»деген тапсырмасы бар.

Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.

Тәрбиеші тексереді.

Тәрбиеші:

- Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көңілденіп біз енді,

Бой сергітіп алайық.

 «Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

Тәрбиеші:

Балалар, Ханшайымның мынадай тапсырмасы бар, «Ойыншықтардың үйін табу» деген.

Шарты: - Мына жерде биік және аласа үй бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкентай ойыншықтарды апарып қою керек.
Тәрбиеші: - Балалар, Ханшайымның тапсырмасына қарайықшы.

- Мынау не?

- Балық.

- Балық қайда жүзеді?

- Суда.

- Балықтардың көлеміне қарасақ бірдей ме?

- Жоқ.

Мынау қандай балық?

- Үлкен, кіші, мынау одан да кіші.

Тәрбиеші: - Балалар, Ханшайымға көмектесейік. (Түсіндіру)

- Балалар, мынау біздің аквариум болсын. Ал мынау балықтардың орны, мынау көзі. Алдымызда тұрған балықтарды алып, көлеміне қарай балықтардың орнын табамыз.

Д/о «Балықтардың орнын тап»

Шарты: Үлкен, орташа, кіші  балықтарды тауып, олардың көлеміне қарап, ілгектеу.

V. Тәрбиеші: Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.
Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?

Тәрбиеші: - Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін төртке топқа бөлінейік. (Балалар төрт топқа бөлінеді. Матадан тігілген пішіндерді алып, )
1-топ: Пішіндерден үй құрастырады.

- Үй қандай пішіндерден тұрады?.
- Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.

2-топ: Құрт

- Құрт қандай пішіндерден тұрады?

- Төрт дөңгелектен тұрады.

- Үлкен, орташа, кіші, одан да кіші, кішкентай дөңгелектен тұрады.

3-топ: Машина

- Машина қандай пішіндерден тұрады?
- Тік төртбұрыштан, шаршы, екі дөңгелектен тұрады.

Тағы не құрастыруға болады?

Музыкамен дыбыс шығарады. Балалар бұрылып, Ханшайымның алдына барады.

Ханшайым:
- Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.
Тәрбиеші:

- Жарайды, балалар, Ханшайыммен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:
- Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.

Сабағымыз осымен аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі