Сиқырлы қобдиша

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы қобдиша

Материал туралы қысқаша түсінік
Сиқырлы қобдиша интеллектуалдық ойыны. 5 сыныптарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сиқырлы қобдиша»

Мақсаты: Оқушылар ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа,алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептей білуге дағдыланады. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады, ынтымақтастыққа, жұмыс істеуге дағдыланады.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, презентация, kahoot, plickers, padlet бағдарламалары

Сабақтың жоспары:

1. Таныстыру.

2. «Бәйге» kahoot бағдарламасында.

3. Математикалық хоккей.

4. «Тез ойлан да, тап!».

Сергіту сәті.

5. Минитест. Plickers бағдарламасы

6. Біліктілік сайысы

7.«Жүйрік болсаң, озып көр!»

8. Топ басшылар сайысы.

Рефлексия.

Қорытынды.


Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Сиқырлы қобдиша» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шеберлікті, білімді сараптауға

Шақырдық біз сіздерді.


Сайыстың жүру барысы:

І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады, топқа ат қояды)

ІІ тур «Бәйге». (Әр топ Kahoot бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды)


1. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

2. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

3. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (шаршы)

4. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

5. Үстел беті төртбұрышты, оның 1 бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

6. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

7. Өздеріңіз оқып отырған «Математика» кітабының авторы? ()

8. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

9. 4 қойдың неше аяғы бар?(16)

10. Ең үлкен 2 таңбалы сан? (99)

11. Жарты түзу. (сәуле)

12. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

13. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)

14. Егер тырна 1 аяғымен тұрса, 3 кг болады, ал 2 аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3)

15. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

16. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

17. Миллионда неше нөл бар? (6)

18. Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)


ІІІ тур. Математикалық хоккей. (1ұпай) Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

(43*19-26928 : 33)+(16112 : 53 — 304) Ж: 1

43*19=817

26928/33=816

817-816=1

16112/53=304

304-304=0

1+0=1

IV тур. «Тез ойлан да, тап?» сайысы -(1ұпай) Әр топқа жұмбақ есеп беріледі, жауабын білмеген жағдайда келесі топ жауап береді.

1. 2бала көзін басты

5бала тұра қашты

Үшеуі сайға тығылды

2-уі ойға тығылды

Қанша бала тығылмақ

Ойнайды екен, жылдам тап? (12)


2.Биік терек алда тұр

Басында көп алма тұр

Бұтақ сайын 5 алма

5бұтақта неше алма

Қане ойлап бағайық

Шешімін тез табайық. (25)


3.Аулада 5 үйрек, қорада 3үйрек.

1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды, қалғаны неше үйрек? (6)


4. 11түйе,5 жылқы,2 сиыр, 2 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бол күлкі.(25)


V тур. Сергіту сәті. Өлең қойылады.

Аяқпенен топ – топ – топ

Ақылменен лок – лок – лок

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда!

Қолымызды бір сілтеп

Басымызды шайқайық

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда!

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда


VI минитест. Plickers бағдарламасы

1. 2100100 саны

А. миллион В. Триллион С. Гугол

2. Осы суреттен жоқ фигураны табу.



Shape3 Shape2 Shape1 Shape4 А. шеңбер В. тіктөртбұрыш С. үшбұрыш Д. ромб Е. бәрі бар





3. Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?

А. 2000т В. 3070т С. 1540 т

4. «Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?

А. теңдік В. әдемілік С. музыка

5. Ең кіші жай сан

А. 0 В. 1 С. 2

VІ тур. Біліктілік сайысы –(1 ұпай) (Санға байланысты мақал- мәтелдер жалғасын тап) Бірінші болып тапқан оқушы стикер арқылы жауап береді.

1. Жеті жұрттың тілін біл,...(7 түрлі білім біл)

2.Білекті 1-ді жығар,...(Білімді 1000-ды жығар)

3. 2 жақсы қас болмақ,...(2 жаман дос болмақ)

4.100 сомың болғанша,...(100 досың болсын)

5.30 тістен шыққан сөз,..(30 елге тарайды)

6. 1 кісі қазған бұлақтан,... (1000 кісі су ішеді)

7. 30 күн оразаның,... (1 күн айты бар)

8. 1 жылы сөз,... (көп күнге азық)

9. Жерді 2 рет жыртқан,... (өнімді 2 есе алады)

10. 1 күндік жолға шықсаң,...(3 күндік азық ал)


VІІІ тур.«Жүйрік болсаң, озып көр!»

Әр топтан бір оқушы шығып, суреттегіні шешіп, тобына бірінші болып есеп алып береді.

1. трұбышрөт (төртбұрыш)

2. рвадкат (квадрат)

3. шұбршүы (үшбұрыш)

4. еңшбре (шеңбер )

5. тур-на-ал (натурал)

6. шекбөл  (бөлшек)

7. Мет-диа-тр       (диаметр)

8. Аки-тем-фира (арифметика)

9. Нал-ди-аго (диагонал)

10. есәлу (сәуле)


VІІ тур. Топ басшылар сайысы

Топ басшылары шығып, мына сүреттегі мәреге жетіп артындағы есепке қол жеткізеді.





Қорытынды.

  • Ұпайларды есептеу

Рефлексия. Padlet тақтасы

1. Сіздерге сабақ ұнады ма? (Иә, жоқ. Не үшін?)

2. Өз біліміңізге көңіліңіз толды ма?

(Иә, жоқ. Не үшін?)

3. Тобыныздың ойынына көңіліңіз толды ма?

(Иә, жоқ. Не үшін?)

4. Сіздің тілектеріңіз.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2023
633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі