400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы қолшатыр

Материал туралы қысқаша түсінік
ән-күй жетекшілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сиқырлы қолшатыр ортаңғы топ



Музыканың сүйемелдеуімен залға қолдарына жапырақтар ұстаған балалар кіреді.

Жүргізуші:

Амансың ба, алтын күн,

Амансың ба, жер ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Астық пісіп, орақ түсіп.

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде!

Балалар күз туралы өлең оқиды.

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады бідерді.



Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.



Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Ән. «Күз бояуы»

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, күзгі орман неткен әдемі! Ару Күз бізге қаншама жарқын түс сыйлады!

Қолына жапырақ ұстаған бала шығады.

Біз-жапырақпыз, жапырақпыз,

Бұтақтарда отырамыз,

Біз жапырақпыз, жапырақпыз,

Жел соқса, бірден ұшамыз!

Би. «Күз жапырақтары»

Жүргізуші: Балалар, ал енді күз жапырақтарымен ойын ойнайық!

Ойын. «Өз үйшігіңді тап» (жапырақтармен)

3орындыққа 3үлкен картон жапырақты қояды: жасыл, сарғылт, сары; балалардың қолында осындай түсті екі жапырақтан. Балаларға түсі бойынша өз жапырағын «үйшігін» тауып, жапырақтардың жанына тұруды ұсынады.

1-бөлім. «Марш» ойнайды-балалар өздерінің жапырақтарының жанында адымдайды.

2-бөлім. «Полька» ойнайды-жан-жаққа еркін жүгіреді; музыка аяқталғанда-өз жапырақтарының жанына «үйшік» салады. Кімнің командасы жылдам?

Жүргізуші: Бүгінгі күзгі мереке қандай ғажап! (көңілді музыка ойналады). Ой, естідіңдер ме, музыка ойнап тұр, мүмкін, бізге біреу қонаққа асығып келе жатқан шығар! Балалар, көңіліміз көтерілуі үшін алақандарыңды шапалақтаңдар!

Музыканың сүйемелдеуімен қолына түрлі-түсті үлкен қолшатыр ұстаған сайқымазақ шығады.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен әлемдегі ең көңілді сайқымазақпын, мені бәрі жақсы көреді! Ал менің есімім Бим! Сонымен, танысайық, мен-Биммін-мені бәрі жақсы көреді! Ал сендерде қандай мереке?

Балалар Күз мерекесін қарсы алып жатырмыз деп жауап береді.

Сайқымазақ: Алақай! Мен мерекені сондай жақсы көремін! Яғни, ең түрлі-түсті мереке басталған сияқты!

Жүргізуші: Иә, Бим! Біздің мерекеміз басталып та кетті және біз сені қонақта көргенімізге өте қуаныштымыз!

Сайқымазақ: Ал мен сендерге жайдан-жай келмедім, тосынсый алып келдім! Қараңдаршы, менің қолымдағы қолшатырым қандай әдемі. Ол жай қолшатыр емес, сиқырлы қолшатыр, себебі ол кез келген тілекті орындайды! Тек қолшатырды айналдырып, сиқырлы сөздерді айту керек: «Қолшатырым, қолшатырым, айналшы, арман-тілегімді орындашы!»

Жүргізуші: Керемет! Сайқымазақ Бим, ал сенің қолшатырың кез келген тілекті орындай ма?

Сайқымазақ: Кез келгенін! Ал армандаңдар!

Жүргізуші: Күз туралы өлең тыңдағымыз келеді.

Сайқымазақ (қолшатырды айналдырады).

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Өлеңсіз мерекеміз қалай өтпек?

Кім өлең жолдарын оқып береді?

Балалар күз туралы өлең оқиды.

Жүргізуші: Сайқымазақ Бим, ал біздің балаларымыз жұмбақ шешкенді қатты ұнатады.

Сайқымазақ (қолшатырын айналдырып)

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Жұмбақтарсыз мерекеміз қалай өтпек?

Жұмбақтарды кім шешеді?



Бір аяғы, қалқиған қалпағы бар,

Ағаш түбінде тұрағы бар.

Ол не балалар? (саңырауқұлақ)



Бұл саңырауқұлақты жемеңдер!

Ол не екен, ойланып көріңдер? (шыбынжұт)



Сырылдатады шәйнегін,

Ұнатпаса да жұрт, мейлі.

Тереземіздің әйнегін жуады,

Бірақ сүртпейді. (жаңбыр)



Күрке ғой көрсең алыстан,

Астында адам қорғалар.

Ұстасаң бір тал қамыстан,

Төбеден суы сорғалар. (қолшатыр)

«Жаңбыр шуылы» фонограммасы ойналады.

Жүргізуші: Ой, балалар, естідіңдер ме, жаңбыр жауып тұрған секілді... Енді қайттік? Су болып қалатын болдық қой....

Сайқымазақ: Біздің сиқырлы қолшатырымыз бар.

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Көргіміз келеді осы жерден,

Қолшатырды көптеген!

Қолына балалардың қолшатырын ұстаған қыз шығады.

Жау-жау жаңбыр, жауа берші,

Менің әсем қалама!

Ал біз қолшатырды алып,

Би билейміз тамаша!

Би. «Қолшатыр»

Сайқымазақ:

Неткен әсем билерің,

Алғым келеді үйреніп.

Ал балалар ойнайықшы,

Рет-ретімізбен тұрайықшы.

Балалар: Иә!

Сайқымазақ: Ал бізге ойында сиқырлы қолшатырымыз көмектесе ме?

Ойын. «Қолшатыр»

Ойын «Орындыққа кім бірінші отырады» қағидаты бойынша өткізіледі, кішкентай орындықтарды қолшатырдың айналасына қояды.

Жүргізуші: Сүйкімді сайқымазақ, сен осы жерде ән айтатындай ете аласың ба?

Сайқымазақ: Оп-оңай!

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Кемпірқосақ жеті түсті,

Музыкадағы нота да жеті,

Біз кішкене ән айтып,

Көңілді көтерейік

Ән. «Жаңбыр»

Жүргізуші: Рахмет, саған, сайқымазақ Бим, сен біздің көңілімізді көтеріп, қуантып тастадың... Ал сен бізге тосынсый жасай аласың ба?

Сайқымазақ: Тосынсый? Қызық екен, ол неткен тосынсый өзі? Ойланып көрейін...(ойланады) А! Таптым! Балалар, ал сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?

Балалар: Иә!

Сайқымазақ (қолшатырды айналдырып)

Қолшатырым, сен айналшы,

Армандарды орындашы!

Ертегіні көргіміз келеді!

Қойылым. «Гномиктің үйінде қонақта»

«Орман дыбыстары» фонограммасы ойнайды; орман декорациялары шығады: томарша, шыршалар. «Гномик» әнінің(музыкасы О.Юдахина Г.Новицкая сүйемелдеуімен Гомик шығады.

Гномик:

Ерте тұрып, орманға келдім-

Бәрі қайда кеткенін білмедім.

Ойнамайды, ән салмайды,

Мені қонаққа шақырмайды.

Не болып қалды? Неліктен?

Ештеңені түсіне алмаймын...

Қоянның музыкасы ойнайды; қолына сәбіз ұстаған Қоян шығады.

Қоян: Сәлем, Гномик!

Гномик: Сәлем, Қоян! Қалың қалай! Қайдан келе жатырсың?

Қоян:

Гномик, күз келді ғой,

Жұмыс деген толып жатыр, ой,

Тонымызды жылылап,

Қысқа азық жинау керек қой.

Сәбізден ауыз тие ғой,

Ренжімей, үйіңе қайта ғой!

(қашып кетеді)

Жүргізуші:

Кірпіні ортаға шақырып,

Бәрін біліп алайық:

Не істеп жүр, қайда жүр,

Бізге жылдам келсінші.

Қолына алма толтырылған себет ұстаған Кірпі шығады.

Кірпі: Сәлем, Гномик!

Гномик: Сәлем, Кірпі!

Кірпі:

Өнім жинапсың, құттықтаймын,

Тәтті нанымды алып келдім.

Қабыл алыңдар, балалар,

Ауыз тиіңдер, ұялмаңдар!

Гномик: Рахмет, саған, Кірпі! (кірпі себетті беріп кетіп қалады)

Жүргізуші:

Қорбаңбайды шақырайық,

Ұшқалақты мазасыз.

Балабақшаға алдырайық,

Қарсы алсын балаларымыз.

Музыкамен Қонжық кіреді, қолында-шоколад салынған бөшке.

Гном:

Сәлем, Мишка, қорықпа,

Өте қойшы алдыға.

Бөшкеңде не бар? Бал ма?

Қалың қалай, жақсы ма?

Қонжық:

Бал жоқ, қайғырма,

Шоколадтан берейін.

Риза болыңдар сыйыма,

Ал мен үйіме қайтамын!

(Кетіп қалады)

Гном: Тәттілердің бәрі сендерге! Сау болыңдар, кеттім, қыста келіп кетемін.

Сайқымазақ: Балалар, қараңдаршы, сендерге орман аңдарының қандай ғажап сыйлықтар әкелгенін.

Балаларға алма және шоколад үлестіреді. Сайқымазақ қоштасып, шығып кетеді.

Жүргізуші:

Берекелі бақ-дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгеше жыл айналып.

Балалар көңілді музыкамен залдан шығып кетеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі