«Сиқырлы қоржын»
сайысы
Мақсаты:
-
Ойын арқылы
баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп
нақтылай түсу, қоршаған ортаны танып білудегі қарапайым
қажеттіліктерін қанағаттандыру, сауат ашу және қарапайым
математикалық түсініктері бойынша алған білімдерін
бекіту;
-
Балалардың ойлау қабілеттерін
арттырып, сөздік қорларын байыту, алған білімдерін бекітіп, есте
сақтау қабілеттерін дамыту;
-
Балаларды белсенділікке, жылдамдыққа, еңбекке
тәрбиелеу.
Керекті
құралдар: экран,
проектр
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Бүгін «Тіл
–тірегіміз, соғып тұрған жүегіміз» апталығының соңғы күні. Осыған
орай ересектер «Айгөлек» тобында «Сиқырлы қоржын» интеллектуалдық
сайысы өткелі отыр. Сайыс 5 кезеңнен
тұрады.
1-кезең «Білімді мыңды
жығар» (сұрақ-жауап
сайысы)
2-кезең «Ойы жүйріктің
–тілі жүйрік» (Мақал –мәтел, жаңылтпаш,
санамақтар сайысы)
3-кезең «Ұшқыр
ой» (жұмбақ
жасыру)
4-кезең «Үй
тапсырмасы» (жұмбақтар
шешу)
5-кезең «Ертегілер
әлемі» (кейіпкерлерін суреттеу арқылы
ертегіні табу)
Сайысымызға екі топ «Алғырлар»
және «Тапқырлар» қатынасады. Әрбір кезеңде топтарға тапсырмалар
беріліп, дұрыс жауап үшін қоржынға асық салынады. Әр топ өз
қоржынына осы кезеңдерден өтіп, асық жинайды. Қай топ көп асық
жинаса, сол топ алға шығады.
Барысы:
Шаттық
шеңбері:
Мейірімді
жүрекпен,
Ақ пейілді
тілекпен
Амандасып
алайық
Бір жадырап
қалайық!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі
сайысымыздың барлық тапсырмасы мына қоржынның
ішінде.
I
кезең «Білімді мыңды
жығар» Мұнда әр түрлі сұрақтар
берілген. Екі топ кезекпен сұрақтарға жауап беріп, қоржындарына
асық жинайды.
Сұрақтар:
-
Сөздерді буынға бөл.
-
Сюжетті сурет бойынша әңгіме
құрастыр.
-
4 санының көршілерін
ата
-
5 санының көршілерін ата
-
Ең қысқа құйрықты аң?
-
Ең ұзын мойынды жануар?
ІІ кезең «Ойы жүйріктің
–тілі жүйрік» (Мақал –мәтел, жаңылтпаш,
санамақтар)
Ескендір
Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
Эсма
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
Інжу
Досы жоқпен
–сырлас,
Досы көппен
–сыйлас.
Балжан
Мал
өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл
–көсір.
Ілияс
Байлық байлық емес, бірлік
байлық.
Аялы
Отансыз адам –ормансыз
бұлбұл.
Анель
Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті
емес,
Өзге тілде ойлау қауіпті.
Камила
Өз тілің –бірлік
үшін,
Өзге тілің ––тірлік
үшін.
Арай
Біреу көрікті кісі,
Біреу бөрікті кісі.
Көрікті кісі
–зорықты,
Бөрікті кісі
–қорықты.
Жандос
Екі
киіз,
Алты мүйіз,
Сегіз балта,
Тоғыз қалта,
Отыз малта,
Жаңылма, бала,
Түгендеп сана.
Тимур
Бір
үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық, екеуміз,
Бас
бармағым –атам,
Балан
үйрек –әжем,
Ортан
терек –папам,
Шылдыр
шүмек–анам,
Кішкентай бөбек
––мен.
Мадияр
Кел
санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап,
Бас
бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы.
Ортан терек атасы.
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақын.
ІІІ кезең «Ұшқыр
ой»
Керек санды
тересің,
Елге сәлем
бересің. (Телефон)
Төрт аяғы болса
да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.
(Стол)
Тәбетін ашсаң,
Тамағы лас, шаң.
(Шаңсорғыш)
Қарап тұрсаң
өзіне,
Сурет түсер
көзіңе.
Ол суретің
ұқсайды
Дәл қазіргі
кезіңе.
(Айна)
Аязға толы
жәшігім,
Ішінен тамақ тасыдым.
(Тоңазытқыш)
Екі басты
айдаһар,
Бәрін қырып
жояды.
Екі аяқпен жер
тіреп,
Қағазды жеп
қояды.
(Қайшы)
Қызып кетсе табаны,
Бар жалғыз-ақ алаңы,
Бар жалғыз-ақ шатағы:
Іздей бастар
матаны. (Үтік)
Аяғы жоқ
жүрмейді.
Темір тықсаң
сөйлейді.
Рұқсатсыз ол
үйге
Ешбір адам
кірмейді. (Құлып)
4-кезең «Үй
тапсырмасы» (жұмбақ
жасыру)
5-кезең «Ертегілер
әлемі» (кейіпкерлерін суреттеу арқылы
ертегіні табу)
-
Тышқан арыстанның тордан шығуына
көмектесті
-
Әжесі, немере қызы және сұр қасқыр
бар.
-
Екеуі бір-бірін қонаққа шақырды. Бірі табаққа,
бірі құмыраға ас құйды.
-
Сазан балықты жылан екен деп
ойлады
-
Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік
немересінен...
-
Барлық орман аңдары тату-тәтті бір үйде
тұрды
Жарайсыңдар, балалар! Барлық
кезеңнен сүрінбей өттіңдер. Енді екі топ асықтарын санап, қай топ
жеңімпаз екенін анықтайық.
-Балалар, бізде бүгін достық
жеңіске жетті. Ал мен сендерге мына алтын асықтарды сыйға
тартамын.