400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

"Сиқырлы қоржын" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сиқырлы қоржын ертегісін түсіндіруі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы қоржын ертегілері, жаңылтпаштар,жұмбақтар, мақал-мәтелдер.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:

Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: ертегі, жаңылтпаш,жұмбақ,мақал-мәтелдермен таныстыру.

Ә) Дамытушылық:

Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу.

Б) Тәрбиелік:

Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,орыс тілі,дүниетану.

Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,сабақтың тақырыбы жазылған плакат,топ ұпайларының көрсеткіштері,телевизор макеті,тест жұмыстары жазылған плакат,магнитофон.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

А) сәлемдесу Ә) топтарға бөлу

2.Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету.

Сыныпты үш топқа бөлеміз:

Тұлпарлар.

Достар.

Батырлар.

Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады.

Сабақ ережесімен таныстыру.

1.Тыныштық сақтау 2.Ұжыммен жұмыс

3.Қол соғу 4.Ойын ашық айт

5.Ережені бұзбау.

Әрбәр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Әр топ өздері арасынан:

1.Топ басшысын

2.бақылаушысын дайындайды.

Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады.

1-бөлім.

«Білгенге маржан,білмегенге арзан».

Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин.

Тапсырмалар:

1.мақал-мәтел дегеніміз не?

2.жұмбақ деген не?

3.жаңылтпашты қалай түсінесің?

Талданып болған соң ойын: «түсін мені».

Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу.

Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды.

Бағалау.

2-бөлім.

«Халық айтса,қалт айтпайды».

Топ басшылары шығып,тапсырмалар алады.Ойлануға 1мин,түсіндіруге 2мин.

А) мақал-мәтелдерді мағынасына қарай ашып,түсіндіру.

1. «Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ».

2. «Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық».

3. «Екпей егін шықпас,үйренбей білім ұқпас».

Ә) әр топқа қима қағаз арқылы тапсырма беріледі,олар сол тақырып бойынша 5мақал айтулары керек.

1.Отан

2.Достық

3.Туған жер,ел.

Ойын «Түсін мені» (жалғасы).

3-бөлім

«Ойлан, тап» деп аталады.

А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады.

Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек.

1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу.

2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан.

3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін.

Ә) Шығармашылық жұмыс.

Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады.

4-бөлім.

«Кім жаңылыспайды» ?

Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек.

1. Дәу тау болады,тау дәу болады.

2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе?

3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді.

Тесттік жұмыс. Сабақ мақсатына жетті ме? Сендер айыра аласыңдар ма? Тексеріп көреміз.

1. Ақ тайлақ ақ па,қара тайлақ ақ па?

А) Жұмбақ

Ә) Мақал

Б) Жаңылтпаш

2.Тура мағынада айтылған ақыл сөз

А) Мақал

Ә) Мәтел

-Сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Мақсатқа жеттік пе?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
878
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі