№42 «Айналайын» балабақшасы МКҚК
Меңгерушісі Шугаева.Н.Г
«Сиқырлы құм әлемі»
(Жұлдыз тобы)
Тәрбиешілер:Мухамбетова.А.С
Ақтөбе,2026 оқу жылы
Тақырыбы: «Сиқырлы құм әлемі»
Жас тобы: 3 жас
Мақсаты:
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту;
Қиялын, шығармашылығын жетілдіру;
Эмоциялық көңіл-күйін көтеру;
Құммен жұмыс жасау арқылы тыныштық пен сенімділік сезімін қалыптастыру.
Қажетті құралдар:
Құм салынған науалар;
Ойыншық жануарлар;
Қалыптар;
Кішкентай күрекшелер;
Тастар, қабыршақтар, ағаш бұтақтары.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші:
–
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:
–
Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші:
–
Бүгін біз сиқырлы құм әлеміне саяхат
жасаймыз. Құм бізге әртүрлі қызықты
ойындар ойнауға көмектеседі. Алдымен
бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық.
Шаттық шеңбері:
Күн күлімдеп
қарайды,
Бізге нұрын шашады.
Қуанышқа
бөленіп,
Сабағымыз басталды.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Құммен танысу
Тәрбиеші:
–
Балалар, құмды қолымызбен ұстап көрейікші.
Құм қандай?
Балалардың
жауаптары:
–
Жұмсақ, жылы, сусымалы.
Балалар құмды алақандарымен сипап, саусақтарымен жүргізеді.
2. «Із қалдыр» ойыны
Тәрбиеші:
–
Құм бетіне алақанымыздың ізін түсірейік.
Енді саусақтарымызбен жол салайық.
Балалар әртүрлі іздер мен сызықтар салады.
3. «Жасырынған достарды тап»
Тәрбиеші құмның ішіне ұсақ ойыншықтарды жасырады.
Тәрбиеші:
–
Құмның ішінде кішкентай достарымыз
жасырынған екен. Тауып көрейік!
Балалар ойыншықтарды іздеп тауып, атайды.
4. «Ертегі әлемін құрайық»
Тәрбиеші:
–
Енді бәріміз бірге құмның үстіне
өзіміздің ертегі әлемімізді жасайық.
Балалар құмнан төбешіктер жасап, ойыншық жануарларды орналастырады, жолдар мен көлдер бейнелейді.
Тәрбиеші сұрақтары:
–
Бұл кім?
– Ол қайда тұрады?
– Қайда
бара жатыр?
Балалар өз жұмыстарын әңгімелейді.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Рефлексия:
Тәрбиеші:
–
Балалар, бүгінгі саяхат сендерге ұнады
ма?
– Құммен қандай ойын ойнадық?
–
Қай тапсырма көбірек ұнады?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мадақтау:
–
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін құммен өте
жақсы жұмыс жасадыңдар. Сендер нағыз
зерттеушілер болдыңдар!
Қоштасу:
Құммен ойнап
қуанып,
Көңіліміз жайланды.
Кездескенше,
балалар,
Сау болыңдар бәрің де!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сиқырлы құм әлемі»
№42 «Айналайын» балабақшасы МКҚК
Меңгерушісі Шугаева.Н.Г
«Сиқырлы құм әлемі»
(Жұлдыз тобы)
Тәрбиешілер:Мухамбетова.А.С
Ақтөбе,2026 оқу жылы
Тақырыбы: «Сиқырлы құм әлемі»
Жас тобы: 3 жас
Мақсаты:
Балалардың ұсақ моторикасын дамыту;
Қиялын, шығармашылығын жетілдіру;
Эмоциялық көңіл-күйін көтеру;
Құммен жұмыс жасау арқылы тыныштық пен сенімділік сезімін қалыптастыру.
Қажетті құралдар:
Құм салынған науалар;
Ойыншық жануарлар;
Қалыптар;
Кішкентай күрекшелер;
Тастар, қабыршақтар, ағаш бұтақтары.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші:
–
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:
–
Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші:
–
Бүгін біз сиқырлы құм әлеміне саяхат
жасаймыз. Құм бізге әртүрлі қызықты
ойындар ойнауға көмектеседі. Алдымен
бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық.
Шаттық шеңбері:
Күн күлімдеп
қарайды,
Бізге нұрын шашады.
Қуанышқа
бөленіп,
Сабағымыз басталды.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Құммен танысу
Тәрбиеші:
–
Балалар, құмды қолымызбен ұстап көрейікші.
Құм қандай?
Балалардың
жауаптары:
–
Жұмсақ, жылы, сусымалы.
Балалар құмды алақандарымен сипап, саусақтарымен жүргізеді.
2. «Із қалдыр» ойыны
Тәрбиеші:
–
Құм бетіне алақанымыздың ізін түсірейік.
Енді саусақтарымызбен жол салайық.
Балалар әртүрлі іздер мен сызықтар салады.
3. «Жасырынған достарды тап»
Тәрбиеші құмның ішіне ұсақ ойыншықтарды жасырады.
Тәрбиеші:
–
Құмның ішінде кішкентай достарымыз
жасырынған екен. Тауып көрейік!
Балалар ойыншықтарды іздеп тауып, атайды.
4. «Ертегі әлемін құрайық»
Тәрбиеші:
–
Енді бәріміз бірге құмның үстіне
өзіміздің ертегі әлемімізді жасайық.
Балалар құмнан төбешіктер жасап, ойыншық жануарларды орналастырады, жолдар мен көлдер бейнелейді.
Тәрбиеші сұрақтары:
–
Бұл кім?
– Ол қайда тұрады?
– Қайда
бара жатыр?
Балалар өз жұмыстарын әңгімелейді.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Рефлексия:
Тәрбиеші:
–
Балалар, бүгінгі саяхат сендерге ұнады
ма?
– Құммен қандай ойын ойнадық?
–
Қай тапсырма көбірек ұнады?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мадақтау:
–
Жарайсыңдар, балалар! Бүгін құммен өте
жақсы жұмыс жасадыңдар. Сендер нағыз
зерттеушілер болдыңдар!
Қоштасу:
Құммен ойнап
қуанып,
Көңіліміз жайланды.
Кездескенше,
балалар,
Сау болыңдар бәрің де!
шағым қалдыра аласыз


