Сиқырлы қылқалам иесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сиқырлы қылқалам иесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатында қазақтың атақты суретшісі Ә.Қастеевтің өмір жолы және еңбектері туралы мағлұматтар беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Тәрбие сағаты

Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Калкаева Р.К.

Күні:

14.04.2025ж

Сынып: 2 «Г»

Қатысушылар саны:32

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Сиқырлы қылқалам»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» (10 минут

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу, мағлұмат беру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Құндылықтарды дарыту

Ай құндылығы:Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Апта дәйек сөзі: Еңбек жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы Оқушыларды адал еңбекке баулу. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

лау

Ресурс

тар

Бастал

уы

Ұйымдастыру  кезеңі.  Амандасу. Балаларды түгендеу. Бір-біріне сәттілік.

          Қазақстанның сурет өнері тым жас, тарихы тым беріден басталады. Сөйте тұра ол жастың албырттығынан да кексенің байсалды даналығынан да құралақан емес.
Қазақ бейнелеу өнерін, әрине Ә.Қастеевсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Ол сонау 20-30 жылдары-ақ Қазақстандағы болашақ суретшілер Одағының негізін қалаушылардың бірі.Ә.Қастеев — адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуаныш, сүйенішін,ішкі ой арпалысын тереңнен түсіне білген және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл күйін шендестіре отырып, өз шығармалары арқылы соларды көпшілікке шебер жеткізе білген суретші.











Ортасы

Ә.Қастеев — қазақ мәдениетінің таным тарихы. Ол — рухани тарихтың құрамындағы өзінше жеке өзек секілді. Ол — өз дәуіріндегі өзіне ғана тән жолмен, өзіне ғана тән дара өнермен қазақ мәдениетін жаңа кезеңге көтерген хас шебер.Шебердің өнері ортақ болғанымен, сыры құпия. Қазақстан халық суретшісі Ә.Қастеев есімі — республика жұртшылығына кеңінен танымал және аса құрметті. Бейнелеу өнеріне ең алғаш назар аударған ұлттық өнер суретшісі.

Әбілхан Қастеев (1904—1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пенИ. Бродскийден сабақалды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Аманкелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес. Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гул ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. ]Танымал туындылары
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті.


Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» (10 минут

Қауіпсіздік қызметтерін шақыру ережелері

Педагог: қауіпсіздік менеджері қоңыраудың себебін тез түсініп алу үшін дұрыс хабарлап айту керек.

Жедел қызметке қоңырау шалған кезде диспетчерге нені хабарлау керек:

1. Мекенжайды хабарлау керек. Себебі байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.

2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және т.б.

3. Не жағдай болды: өрт шықты, газдың иісін сездіңіз, төбеден су кетті және т.б. Диспетчерге үйдің, пәтердің нөмірін және аты-жөніңді, телефон нөміріңді хабарлау керек.

МАҢЫЗДЫ! Төтенше қызметтерге жалған қоңырау шалуға, алдауға болмайды!

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111









Ақпараттар

мен танысады



































































































Презентация
















































Аяқталуы


Бүкіл жан-тәнімен әрқашан халықпен бірге болған ол оның ең таңдаулы қадір-қасиетін бойына сіңіріп, сол арқылы болмыс пен уақыт шындығын замандастары мен келер ұрпаққа баяндап берді. Халықпен осы етене жақындығының нәтижесінде оның өмірі мен өнері мәңгі жасарған күйі көз алдымызда тұра бермек.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2025
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі